Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері Балаларды оқыту және дамыту


Нәрсені екі, төрт тең бөліктерге бөлу әдістерін бекіту



бет8/8
Дата26.03.2020
өлшемі224,36 Kb.
#60838
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қарапайым математикалы ұғымдарды қалыптастыру.docx (1)


Нәрсені екі, төрт тең бөліктерге бөлу әдістерін бекіту.Ересек балалар тобында олар квадратты, тік төртбұрышты, дөңгелектiң, алманы және басқа заттарды екі және төрт тең бөліктерге бөлген болатын. Олар бөліктің бүтіннен кіші екенін, бөліктер қалай аталатынын біледі. (жартысы немесе екіден бірі, ширегі немесе төрттен бір бөлігі), затты бөліктері (екі жартысы, төрт ширегі) бірдей болатындай етіп дәл бөлу керек. Даярлық топта сол ересектер тобындағы әдістер пайдаланылады. Оларға қосымша бірте бірте бірнеше әдіс беріледі. Мысалы, клеткалы қағазға балалар 10 клеткаға тең кесінді сызады, оларға осы кесінділерді қақ бөлу ұсынылады. «Бірақ осыны қалай істеуге болады?»- деп сұрайды педaгог. Біреулер кесіндіні өлшеуішпен өлшеп,өлшегенді дәл екіге бөлу керек дейді. Екіншілері көзмөлшерімен кесінді ортасын көрсетуге болады деп есептейді (бірақ көзмөлшерінен қателессе, қалай тексеруге болады?). үшіншілері бір жағынан екінші жағына қарай және екінші жағынан кері қарай тең болатындай санау керек дейді. Төртіншілері 5 пен 5 10 болатынын білеміз, ендеше 5 клеткадан санап алу керек те, ортасын белгілеу керек дейді. Тәрбиеші балалардың жауабын мақұлдап, тәсілдердің бәрі де дұрыс деп құптайды. «Осылардың бәрінен де ыңғайлырағы қайсы? Егер кесінді клеткалы қағазда орналасса, жартысын қалай оңай табуға болады?» - «Клеткаларды санап алып, оларды қақ бөлу керек», - деп балалар жауап береді. «Ал егер, мысалы, сегіз клетка болса, қалай бөлесіңдер?» - «Сызықтың екі шетінен (ұшынан) тең болатындай етіп, бір клеткадан бір бірлеп санап алып отырса: төрт және төрт болады». «Ал баған түріндеорналасқан кесіндіні осылай бөлуге бола ма?» деп сұрайды да тәрбиеші, алты клеткадан тұратын, бірақ вертикаль кесінді сызуды ұсынады. Балалар сызады да, кесіндінің ұштарынан бірбірлеп клеткалар санап алып, оның ортасын белгілейді. «Ортасынан екі жаққа қарай үш клеткадан». «Бұл клеткаларды қалай атауға болады? Кім ойлап табады?» «Шартты белгілеулермен», дейді балалар.

Осындай жұмыстардың кесінді графаланбаған қағазға сызылған жағдайдабасқа да варианты мүмкін. Бәрбиеші балалардың бәріне шамасы 10 см-дей шартты өлшеуішті беріп, оның бойымен әр түрлі қалыпта кесінділер қатарын сызуды ұсынады: горизонталь вертикаль, көлбеу қалыптарда сызып, ал сонан кейін олардың ортасын табады. «Мұнда клеткалар жоқ», дейді балалар. «Ал, сендер осы өлшеуіштің көмегімен қалай қақ бөлу керектігін ойлап көріңдер». Балалар өлшеуішті екі бүктеп өлшейді де, кесіндінің екі ортасын белгілейді. Жасалған іс әрекеттерді сөзбен пысықтау үшінтәрбиеші кім не істегенін айтып беруін ұсынады. Онан кейін ол осындай тағы екі кесінді сызғызады: біреуін вертикаль, екіншісін горизонталь қалыпта сызғызып, оларды төрт бөлікке бөлгізеді. Балалар шартты өлшеуішті қақ ортасынан екіге бүктеп қою керектігін өздері ойлап табады. Тәрбиеші олардың сызған кесінділерінің қандай бөліктерге бөлінгенін айтуды ұсынады, бұл бөліктер қалай аталатынын және олардың әрбір кесіндіде қанша екенін айтып беруін ұсынады. Біреуі екіге бөлінген, ал екіншісі төрт бөлікке бөлінген, ұзындығы бірдей жолақтар, олар өз ара салыстырылады да қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін түсіндіріледі. Балалар заттарды тең бөліктерге бөліп қана қоймай, бөлік бүтіннен кіші болатынын, ол бір ғана бүтіннің бөліктері, ал бүгін неғұрлым көп бөлікке бөлінсе, соғұрлым кіші болатынын біледі. Ілгеріде мектепте бөлшек санды түсіну үшін көрнекі негіз жасалып, балалар осылайша жаңа функционалдық байланыстарды түсінеді. Тәрбиеші балалардың білімін практикалық іс әрекеттерде де қатыстырып отырады. Мысалы, аспазшыға винегрет жасауға көмектесе отырып, балалар сәбізді, картопты, пиязды екі бөлікке, төрт бөлікке бөледі т. с. с. Кейбір қорытындылар жасайық. Дайындық курсын қоса алғанда, барлық топтарда, тәрбиеші балаларды санау әрекетіне үйретеді: педагог жиын, сан жөнінде, натурал қатары түріндегі сандар системасы жөнінде, сандар арасындағы өзара кері қатынастар жөнінде бастапқы элементар ұғымдарын қалыптастырады; балаларды санау системасының негіздерін элементар түрде түсінуге , заттардың топтарын санауға келтіреді; педагог балаларды бүтін және оның бөлшектерімен іс жүзінде таныстырады, яғни келешекте бүтін санды түсінуін қадағалайды. Нақтылы жиындармен (заттармен, дыбыстармен, қимыл қозғалыстармен) әрқашан істес болатын санау іс әрекетіне балаларды үйрету мектепке дейінгі оқытудың басты міндеті болып табылады. Санау іс әрекеті негізінен мектепке есептеу іс әрекетін сандармен және математикалық басқа категориялармен байланысты келешекте оқытудың негізі болып табылады. Санау іс әрекеттің дамуы және оның процесінде кейбір ұғымдардың қалыптасуы балалардың ақыл ой әрекетін қалыптастырумен, математикаға деген ынтасын оятуда және математикалық білім алуға деген эмоциялық қатынасының дұрыс болуымен тығыз байланысты. Санау іс әрекетін оқыту методикасының міндеті балалардың ойын, тапқырлығын ұштау, зейін қойып жұмыс істей білуге үйрету болып табылады. Жиындармен әр түрлі операциялар жасауды және санау іс- әрекетін, сондай- ақ сол кезде қалыптасатын ұғымдарды балалардың игеріп алуы оларды іс –әрекеттің жаңа түріне –есептеу іс –әрекетіне келтіруге мүмкіндік береді, бұл негізінен мектепте оқытылады. Алайда бұл іс – әрекет элементтерімен балаларды даярлық тобында – ақ таныстырған жөн; бұл болса балалардың мектепке арифметикалық материалды игеруге дайындығын тексеру болып табылады. Осы екі іс – әрекеттің арасындағы негізгі өзгешелік неде? Санау іс әрекетінде (нәрселер, дыбыстар, қимыл қозғалыстар жиыны болсын) әрқашан нақтылы жиындар қатысады. Бұл жиындар элементтерін ұстауға, көруге болады, әр түрлі анализаторлармен қабылданылады. Нақтылы санау іс әрекеті негізінде балаларда дербес (абстрактілі) ұғымдардың сан, натурал қатар, сандар арасындағы қатынастар (сандық және реттік) т.с.с. бүтін бір жүйеге қалыптаса бастайды. Есептеу іс әрекеті біршама дербес, өйткені мұнда сандар қатысады, ал сан болса, абстрактілі ұғым. Есептеу іс әрекеті абстрактілі болып табылатын, жиындарға қолданылған тиісті операциялардың жинақталуы болып табылатын, әртүрлі арифметикалық амалдарға негізделген. Есептеу әрекетін игеріп алған кезде оқушының ойы нақтылы жиыннан барған сайын көбірек алыстап, абстрактілі ұғымдарымен, формулаларымен, схемамен т.с.с. операциялар жасауға дейін жетеді. Санау іс әрекеті неғұрлым жете меңгерілген болса, бірінен екіншісіне осындай ауысу соғұрлым табысты жүзеге асады. Санау процесінде есептеу іс әрекетіне ауысу онсыз мүмкін болмайтын ұғымдар қалыптасып, жинақталып жетілдіріледі. Міне, сондықтан да осы ауысудың балалар бақшасында басталуының маңызы бар: ол қорытынды жасауға мүмкіндік береді дерлік–балаларды дайындауда жұмыстың бәрі атқарылды ма, мектеп жасына дейінгі дайындық кезінде жіберілген елеулі кемшіліктерді ашуға, оларды жоюға тырысу керек, ал балаларды мектепке өткізгенде қай баланың біліміндегі ауытқуларды мұғалімге көрсетіп беру керек, сонда мұғалім де дер кезінде оларға назар аударатын болады.

Балаларды санауға үйретуге қажетті көмекші құралдар және оларды пайдалану

Санауға арналған көмекші құралдар ішінде ұсақ ойыншықтар: целлулоид, резеңке, ағаш папье-маше т.б. ойыншықтар болғаны жөн(кеселер, балықтар, қораздар, жалаушалар, үйрек балапандары, саңырауқұлақтар, сақиналар, ұсақ кубиктер, саналатын шыбықтар т.б.).

Саз балшықтан жасалған және он-оннан, бес-бестен сымға немесе жіпке тізілген түсті шариктер дайындап алуға болады.

Санауға арналған демонстрациялық және үлестірмелі материал.«Сан баспалдағы»- бес жолдағы бар карточка немесе он жолағы бар карточка, оларға бірінші бестік немесе бірінші мен екінші бестік көлеміндегі «сан баспалдағы» түрінде дқңгелекшелер тізіліп қойлады. Оған саны өспелі түрде екі беті бар дөңгелекшелер беріледі.

Мақсат: сандардың натурал қатарының көрнекі бейнесін беру, балаларға реттік және мөлшерлік санның арасындағы байланысты түсіндіру(оныншы жолақта-оң дөңгелекше, жетінші жолақта-жеті дөңгелекше т.с.с. ).

Тапсырма екі түрлі болуы мүмкін:

а) дөңгелекшелердің саны арта беретін етіп тізу;

б) дөңгелекшелерді саны кеми беретін етіп тізу.

Көмекші құрал бес жасқа қараған балаларға (бес көлемінде санау).

Карточкалар саны топтағы балалар санына сәйкес болуы тиіс.

Көмекші құралдарда он заттан(әрбіреуінде) бар: көйлектері бірдей қуршақтар, өлшемдері бірдей шыршалар, қаздар мен балапан қаздар, көйлектері әр түрлі және әр түсті орамал байлаған қуыршақтар, ұш түсті дөңгелектер , сорты бір және үлкендіктері бірдей саңрауқұлақтар, алманң түсі контурлары, алмұттың түсі контурлары, көжектердің контурлыкескіндері, түсті доптардың контурлы кескіндері, түсті пирамидалардың контурлы кескіндері. Осы көмекші (контурлы және түсті) құралдар алаларға демонстрациялып көрсетіледі және орнықты болуы тиіс.Осы мақсатпен кескіннің теріс жағына таған бекітіледі немесе ол балшықтан жасалады. Балалар тәрбиешінің үстелінде жұмыс жасайды: заттарды санайды, жиындарды, олардың элементтерінің арасндағы сәйкестікті тағайындайдай отырып, салыстырады(қаздар- балапан үйректері, шыршалар- мухоморлар т.б.), матрешкалар реттік санау үшін, санның бірліктерден құралатындығын игеру үшін пайдаланылады.

Карточкалар- әр балаға бес-бестен. Олардың әрқайсысы бірден беске дейін саңырауқұлақтардың суреті бір қатарға салынған, ал оларға сәйкес ойыншық саңырауқұлақтар немесе балалардың балшықтан жасаған саңырауқұлақтары беріледі. Бала, суретте неше саңырауқұлақтарды болса, ойыншық саңырауқұлақтарды сонша свйлап алып, олардың бейнелерінің үстіне қоюы керек.

25 баладан құралған топқа 125 карточка мен 200 саңырауқұлақ, дөңгелекшелер және әр түсті басқа фигуралар болуы тиіс.

Бұл көмекші құрал үш және төрт жастағы балалар тобына арналған .Оның мақсаты: әрбір суретті көре және оған бнттестіріп салынатын затты онымен сәйкестей білуге үйрету, яғни беттестіріп салу әдісін игеруге көмектесу.

Төрт жасқа қараған балалармен бұл көмекші құралды санауға жаттықтыру және қорытынды жасай білуге үйрету үшін қолдануға болады. Формаларының әр түрлі болуы мен әр түсті болуы заттың белгілерінен бірте-бірте абстракциялануына және оның санын ғана басшылыққа алуына балаға көмектеседі.(«Менің карточкамда бес жасыл дөғгелекше бар еді, мен олардың үстіне бес қызыл квадрат қойдым.Дөңгелекшелер мен квадраттар бірдей бес-бестен»).

Екі жолағы бар карточкалар-әр балаға бес-бестен.Карточканың әрбір жоғарғы жолағына бірдей беске дейін ұсақ заттардың суреті салынған. Төменгі жолаққа тізу үшін ең алдымен балаларға карточкада суреті салынған сондай 10ойыншық, сонан кейін басқа ойыншықтар беріледі.

25бала бар топқа 125 карточка мен екі-үш түрлі ұсақ заттардың қайсысынан 250зат керек.

Көмекші құрал төрт жасқа қараған балаларға (заттардың санын есептейді), ал бес жасқа қараған балалар тобына – заттарды санау мен жиындардың элементтері арасындағы сәйкестікті тағайындау үшін ұсынылады.

Екі жолағы бар карточкалар- әр балаға бес-бестен. Әр карточканың жолақтарының әрбіреуіне бірден беске дейін дөңгелекшелердің суреті салынады.Оларға қоса: диаметрім сондай, бірақ басқа түсті дөңгелекшелер (әр балаға он-оннан) немесе үлкендігі дөңгелекшелердің үлкендігіндей , түймелер немесе үлкен дөңгелекшелер беріледі.

25 бала бар топқа 125карточка керек.Басқа түсті дөңгелекшелер, үлкендігі сондай түймелер, басқа түсті ірі түймелер, жаыл түсті үшбұрыштар, көк түсті квадраттар т.б. 200-ден болуы керек.

Мақсат:түймелердің, геометриялық фигуралардың түсі мен үлкендігін ескермей, санын байқай білуге балаларды жаттықтыру. Көмекші құрал төрт жасқа және бес жасқа қараған балаларға арналады.

Карточкаларды, дөңгелекшелер бірде жоғарғы, бірде төменгі жолақта болатында йетіп, баланың алдына жайып қояды.

Әр түрлі нәрселердің ілінетін контурлы кескіні.Не бары топқа 300зат, мысалы, қоян,доп, саңырауқұлақ, пирамидалар,үйрек балапандары т.б. ойыншықтар керек.

Материалдың алуан түрлілігі оны сабақтарда түрлендіріп отыруға және балаларды қызықтыруға мүмкіндік береді.

Заттары үш түрлі болып келген бір қатарға салынған пар пар суреттер;әр карточкада бір заттан бес затқа дейін сурет салынған.Бір пар заттардың формасы мен үлкендігі әр түрлі, ал саны бірдей:

Ұзын сәбізбен қысқа сәбіз.

Ұсақ қызанақ пен ірі қызанақ.

Үйеңкі жапырағы мен қайың жапырағы.

Мақсаты: өлшемдері мен сортына байланыссыз, саны бірдей екенін байқай білуге үйрету.

Заттарды санына қарай топтау.« Мұнда барлық заттан бір-бірден, мұнда екі-екіден,үш-үштен, төрт-төрттен, бес-бестен».

Балаларға берілетін тапсырмалар: «Мына карточкада қанша болса, онда да сонша болатын екінші карточканы тап». «Немесе:. «екінші пары, сен қайдасың?»- деп тәрбиеші карточканы көрсетеді.Қолдарында сонша заты бар бала тәрбиешінің үстелінің жанына жүгіріп барады да онымен қатарласып тұра қалады.

Топпен түгелдей сабақ жүргізу үшін тоғыз көмекші құрал болуы тиіс.

Бұл көмекші құрал балалардың өздігінен ойнаған кездерінде де пайдаланылады. Карточкалар балаларға үлестіріләп беріледі.Балалар көршісінің карточкасын суырып алып, оған пар карточканы бірге тастайды. Мұндай ойында бір карточканың пары болмай қалуы тиіс.Сол артық карточканы кімнің қолында қалса , сол ұтылған болып еептелінеді.



Ойынның екінші варианты.Карточкалар ойынға қатысһан он балаға ,мысалы, әрбіреуіне үш-үштен, үлестіріліп беріледі.Біріншісі, өз карточксын үстелге лақтырған кезде, былай дейді: «Менің үш үйеңкі жапырағым бар, тағы кімде үшеу?» Үш заты бар карточкаларды барлық балалар үстелге тастайды. Ал көңіл қоймаған бала карточкаларды қолында ұстап қала береді.Бір санды екі рет қайталауға болмайды.

Төрт ұясы бар лото: ол ұяларға алма, алмұрт, шие, қара өрік салынған жеті картадан құрастырылған кішкене қақпақ карточкаларда сол жеміс-жидектер, саны арта беретіндей ретпен, кескінделеген.

Бірінші карта: бір алма, екі алмұрт, үш қара өрік , төрт шие.

дөңгелекшелердің үлкенедігіндей, түймелер (әр балаға он-оннан) немесе үлкен дөңгелекшелер беріледі.

25 бала бар топқа 125 карточка керек . Басқа түсті дөңгелекшелер, үлкендігі сондай түймелер, басқа түсті ірі түймелер, жасыл түсті ірі түймелер , жасыл түсті үш бұрыштар, көк түсті квадраттар т.б 200-ден болуы тиіс.

Мақсат: түймелердің, геометриялық фигуралардың түсі мен үлкендігін ескермей, санын байқай білуге балаларды жаттықтыру. Көмекші құрал төрт жасқа және бес жасқа қараған балаларға арналған.

Карточкаларды, дөңгелекшелер бірде жоғары, бірде төменгі жолақта болатындай етіп, баланың алдына жайып қояды (142-бетті қараңыз).

Әр түрлі нәрселердің ілінетінт контурлы кескіні. Не бары топқа 300 зат, мысалы, қоян, доп, саңырауқұлақ, пирамидалар, үйрек балапандары т.б. ойыншықтар керек (түсті 1- суретке қараңыз)

Материалдың алуан түрлілігі оның сабақтарда түрлендіріп отыруға және балаларды қызықтыруға мүмкіндік береді.

Заттарды үш түрлі болып келген бір қатарға салынған пар-пар суреттер; әр каточкада бір заттан бес затқа дейін сурет салынған. Бір пар заттардың формасымен үлкендігі әр түрлі, ал саны бірдей (түсті 2-суретті қараңыз)

Ұзын сәбізбен қысқа сәбіз.

Ұсақ памидор мен ірі памидор.

Үйеңкі жапырағы мен қайың жапырағы.

Мақсаты: өлшемдері мен сортына байланыссыз, саны бірдей екенін байқай білуге үйрету.

Заттарды санына қарай топтау (түсті 2-суретке қараңыз). «Мұндай барлық заттар бір-бірден, мұнда екі-екіден, үш-үштен, төрт-төрттен, бес-бестен».

Балаларға берілетін тапсырмалар: «мына карточкада қанша болса, онда да сонша болатын карточканы тап». «Немесе:. «Екінші пары, сен қайдасың?»- деп тәрбиеші карточканы көрсетеді. Қолдарында сонша заты бар тәрбиешінің үстелінің жанына жүгіріп барады да онымен қатарласып тұра қалады. Көмекші құрал бес жасқа қараған балаға арналады.

Топпен түгелдей сабақ жүргізу үшін тоғыз көмекші құрал болуы тиіс.

Бұл көмекші құрал балалрдың өздігінен ойнаған кездерінде де пайдаланады. Карточкалар балалрға үлестіріліп беріледі. Балалар көршісінің карточкасын суырып алып , оған пар карточканы бірге тастайды. Мұндай ойында бір карточканың пары болмай қалуы тиіс (бірақ балалар оны білмеуі керек ). Сол артық карточка кімнің қолында қалса, сол ұтылған болып есептеледі.

Ойыннын екінші варианты. Карточкалар ойынға он балаға, мысалы, әр біреуіне үш-үштен, үлестіріп беріледі. Біріншісі, өз карточкасын үстелге лақтырған кезде, былай дейді: «Менің үш үйеңкі жапырағым бар, тағы кімде үшеу?» үш заты бар карточкаларды қолында ұстап қала береді. Бір санды екі рет қайталауға болмайды (түсті 2-суретті қараңыз).

Төрт ұясы бар лото , ол ұялар алма, алмұрт, шие, қара өрік салынған жеті картадан құрастырылған кішкене қақпақ карточкаларда (28 дана) сол жеміс жидектер, саны арта беретіндей ретпен, кескінделген (түсті 3-суретті қараңыз).

Бірінші карта: бір алма, екі алмұрт, үш қара өрік, төрт шие.

Екінші карта: екі алма, үш, алмұрт, төрт қара өрік, бес шие.

Үшінші карта: үш алма, төрт алмұрт, бес қара өрік, алты шие.

Төртінші карта: төрт алма, бес алмұрт, алты қара өрік, жеті шие т.с.с.

Латоның мақсаты: а) кез келген саннан бастап санауға балаларды төселдіру; б) заттар түрліше орналасқанда олардың саны бірдейлерін байқай білуге төсілдіру; в) егер бірден оңға дейінгі заттарды алып, қайсы топта саны қандай зат жоқ екенін таба білуге төсілдіру (барлық карточкалардың ішінде сегіз және тоғыз алмасы бар карточка жоқ, бір, екі қара өрігі бар карточкалар жоқ т.б.).

Ойын ересек балалар тобы мен даярлық топқа арналған. Топта ойынның екі – үш комплексі болғаны дұрыс.

«Ыдыс-аяқ» лотосы. Онда төрт ұясы бар әр ұяда тәрелкенің шаңышқының, қасықтың, кесенің суреті салынған он картадан құралады. Бір картада заттардың барлық төрт түрінен бір-бірден, екіншісінде – екі-екіден, үшіншісінде – үш-үштен т.с.с. болады.

Сондай-ақ сол заттардың лотодағыдан басқаша орналасқан суреті салынған 40 карточка-қақпақ бар.

Ойынның мақсаты: санауға бір санмен көрсетілетін, әр топтағы заттарда, олар түрліше орналасқанда сол заттардың бірдей санын көре білуге жаттықтыру.

Ойынды ересек балалар тобы мен даярлық топта, ал алғашқы бес карта көлемінде – естиярлар тобында да пайдалануға болады.

Топта екі-үш комплект болғаны жөн.

Әр түрлі заттары бар карточкалар (карточкада бірден беске дейін заты бар). Бес санның әрқайсысына арналған заты бар алты түрлі карточкк\алар болуы тиіс, мысалы: төрт үйеңкі жапырағы, төрт барабан, төрт шар, төрт қоңыз, төрт шалғам, төрт шие, бес көбелек, бес барабан, бес шар, бес дөңгелекше, бес шалғам, бес шие т.б.

Мақсат: а) заттарды санауға және заттарды саны жөнінен алған белгісі бойынша топтауға жаттықтыру; б) алғашқы бестік сандарының ішінен заттардың берілген түрлерінен саны қанша болатын заттар қалып қалғанын таба білу. Мәселен екі шалғамның, төрт шалғамның және бес шалғамның немесе екі қоңыздың, үш қоңыздың және бес қоңыздың суреті салынған карточкала беріледі. Балалр заттар саны арта беретін ретпен карточкаларды жайып қояды да пайдалануға болады: «Заттар саны осындай болатын карточкаларынызды көтеріндер»,-дейді тәрбиеші ал балалар карточкаларды көтереді.

Үшінші вариант. Бес үстелге бірден беске дейін заттары бар карточкалар жайылады. Содан кейін қорытынды жасалады: «Мына үстелдегі барлық карточкаларда бір-бір зат бар: бір балапан, бір әтеш, бір қияр, бір шелек, бір қоян бір саңырау құлақ (152- беттегі Х тарауды,176-Беттегі ХI тарауды қараңыз).

Төртінші вариант. Әр балаға бір карточка беріледі. Ол карточкасында сонша заты бар баламен пар болып тұруы тиіс. Балалар музыка ойнаған немесе қол соғылған кезде бөлме ішінде жүгіріп жүреді де сигнал берілгенде пар-папрымен тұра қалуы керек.

Ойынды қайталағанда тетелес сандармен, мысалы: төрт қоңыз бен бес көбелек, бір үйрекпен екі балапан т.с.с заттардан құралған жиындар кескінделген карточкалар бар балалар пар құрай алады.

Көмекші құрал естиярлар тобына, ересек балалар тобы мен даярлық тоб балаларына арналады. Ал ересек балалар тобында карточкадағы заттар санын 10-ға дейін арттыруға болады. 25 бала бар топта карточкалардың 2 комплектісі болуы тиіс.

Үш ұясы бар карточкалар (үш дана). Әр карточканың ұяларының бірінде сол жақта үш, төрт немесе бес қызыл дөңгелекшелері бар санды фигура кескінделген.

Карточкаларға басқа үш түсті дөңгелекшелер (әр түстен 15 дөңгелекшеден) берілген.

Тапсырма: карточкадағы суреті салынған қызыл дөңгелекшелерді санап, оларға сары түсті дөңгелекшелерді беттестіріп салу керек. Көк түсті дөңгелекшелерден де сонша санап алып карточканың ортаңғы ұясына жайып салу керек, көгілдір түсті дөңгелекшелерден де сонша санап алып, карточканың үшінші ұясына әркім өз еркінше жайып салуы тиіс. Сонан соң дөңгелекшелердің орнын ауыстырып, суреті бірінші ұяда салынған дөңгелекшелерге беттестіріп салып тексеру керек, қызыл, көк және көгілдір дөңгелекшелер дұрыс алынған ба, соны анықтап алған жөн.

Сабақтың мақсаты: заттардың саны олардың формасы мен орналасуын байланысты болмайтынына балалардың көзін жеткізу.

Көмекші құрал естиярлар тобының балаларына арналған. Топта 9-10 комплект болғаны жөн.

Үш ұясы бар карточкалар (төрт дана) . Әр карточканың бірінші ұясына бестен екіге дейін әр түрлі заттардың суреті салынған. Оларға қосымша сол заттардың суреті, саны кемей беретіндей етіп , салынған жеке карточкалар беріледі.

Бес көбелекке : төрт көбелек пен уш көбелек.

Төрт балыққа: үш балық, екі балық т.б.

Мақсат: заттар санының біреуі кеми беретіндей карточкаларды таба білуге үйрету.

Көмекші құрал естиярлар отобына арналады. 25 бала бар топқа бұл құралдардың 10 комплектісі болғаны жөн (түсті 5-суретті қараңыз).

Үш ұясы бар карточкалар (сезгіз дана). Әр карточканың бірінші ұясына сол жақта оннан үшке дейін әр түрлі заттардың суреттері салынған. Оларға қосымша сол заттар кеми беретіндей етіп кескінделген жеке карточкалар беріледі.

Он жаңғаққа : тоғыз жаңғақ пен сегіз жаңғағы бар карточкалар.

Жеті шалғамға: алты шалғам мен бес шалғамы бар карточка.

Мақсат: а)заттар саны біреуі кем болатын карточкаларды табуға жаттықтыру; б) карточкадағы заттарды сипаттау мен оның санын анықтауға жаттықтыру.

Тапсырмалар:

А) бос ұяларға сол заттары бар, бірақ заттар санының біреуі кеми беретін карточкалар салынады;

Б) бос ұяларға басқа заттары бар, бірақ саны кеми беретін карточкалар салынады, мысалы:тоғыз шалғам, сегіз жанғақ, жеті шалғам немесе бес сәбіз, төрт қияр , үш сәбәз;

В) заттары бар карточкаларды заттар саны арта беретін ретпен жайып, заттар анын анықтайды (түсті 5-суретті қараңыз).

Барлық тапсырмалар сандарды кез-келген саннан бастап тұру және кері ретпен атауға жаттықтыруға бағытталған.

Көмекші құрал ересек балалар тобы мен даярлық топ балаларына арналған. Бір топта 7-10 комплект болуы тиіс.

Ұялары бар карточкалар (сегіз дана ). Карточкалардың әрбіреуіне


Математика сабақтары үшін және балалардың өздігінен ойнауы мен сабақтары үшін көрнекі материал
Топтағы көрнекі материал екі түрлі болуы тиіс: бүкіл топқа көрсетуге арналған ірі және балалардың үстел басында жұмыс жасауы үшін арналған ұсақ демонстрациялық материал.

Демонстрациялау үшін қалталы полотно өлшемдері 60х30см, екі жолағы бар,оларға түрлі кескіндер тізіп қойылады.

Әр бала үшін өлшемдері 21х8 см (кішкентайлар тобы мен естиярлар тобында) және 30х10 см (ересек балалар тобы мен даярлық топта) екі жолағы бар екі карточка болуы керек.

Кішкентайлар тобында екі түрлі карточкалар болуы керек:

а) жолақтардың біріне түрлі геометриялық фигуралар (квадраттар, дөңгелекшелер, үшбұрыштар, бесбұрыштар т.б.), бір қатарға (бір түзуге) орналастырылған және жиынтықтағы әр карточкаға салынатын фигуралар саны түрліше болады (екі, үш, төрт, бес квадрат, дөңгелекше т.б.). Сол карточканың бос жолағына (төменгі және жоғарғы) балалар ұсақ заттарды сәйкестеп тізеді.

б) Тәрбиешінің нұсқауы бойынша, бір не бірнеше заттарды тізу үшін бос екі жолағы бар карточкалар.

Естиярлар тобы мен ересек балалар тобына арналған карточкаларда жиын элементтері түрліше орналасуы мүмкін: бір қатарға (бір түзуге) геометриялық фигуралар түрінде, ретсіз, яғни симметриялы емес түрде. Мәселен, екі карточканың бірінде дөңгелекшелер бір - біріне жақын орналасқан, ал екіншісінде саны сонша дөңгелекшелер бір-біріне алшақ орналасқан. Екі карточканың өлшемдері бірдей.

Карточкаларда сондай-ақ өлшемдері әр түрлі, бірақ саны бірдей фигуралар немесе саны көп ұсақ фигуралардың суреті болуы мүмкін. Карточкалардыңосы алуан түрлерімен жұмыс жасап, балалар санның фигуралардың өлшемдері мен олардың орналасуына тәуелсіз екендігі жөніндегі қорытындыға келеді.

Жиындар әр түрлі анализаторлар (көру, сезу, есту, кимыл-қозғалыс) арқылы қабылдау үшін дидиактикалық көмекші құралдар:түйме, кішкене кубиктер түрінде ұсақ заттар, оларды бала санап шығады немесе картонға тағылған санын бала сипалап анаықтайтын түймелерді алдын ала дайындап алу керек.

Жиынның қуаттылығын есту арқылы анықтау ушін музыкалық дыбыстарды немесе шуларды: музыка үшбұрышын, шылдырмақты, барабанды соққанда, рояль аккордтарын, мандолин (гитара)шығаратын дыбыстарды т. с. с. ағашты, әйнекті, қабырғаны тықылдатқанда, судың тамшыларының тамғандағы дыбысы, сағат үні, көкектің дауысы тағы басқа шулар.

Қимыл-қозғалыс анализаторының санау іс-әрекеті мен жиын туралы түсінікті қалыптастыруда атқаратын ролі аз емес.

Балалар қимыл-қозғалысты санайды және аталған саны немесе қандай да бір берілген үлгісі бойынша оларды өздері қайталауына болады, мысалы, өздеріне көрсетілген карточкада неше дөңгелекшенің суреті салынған болса, сонша рет секіреді немесе, үстелді сонша рет тақылдатады, қолын шапалақтайды, секіреді, санының аталуына лайықтап сонша адым жасайды, допты лақтырады, оны еденге, қабырғаға соғады, берілген санға сәйкес шығырдан сонша өтеді және тағы басқалар. Қимыл-қозғалыс актілерінің алуан түрлілігі және сонымен бірге оның қайталайтындығы санау іс-әрекеті мен жиын туралы жалпы түсінігін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Жиын әрқашан дайын түрде беріле бермейді: кейде балалардың өздері оны ішкі жиындардан құрастырады немесе берілген жиыннан оның ішкі жиындарын бөліп алады және олардың элементтерінің санын тағайындайды. Мәселен, дөңгелекшелер жиыны жасыл қызыл және көк дөңгелекшелерден құралған. Демек, бұл жиын әрқайсысының «өз түсі» бар үш жиыннан құралған.

Ересек балалар тобы мен даярлық топта балаларды цифрлармен таныстыру үшін ірі және ұсақ цифрлар жиынтықтары, сондай-ақ мынадай шартты таңбалары бар карточчкалар болуы керек: +, -,=, үлкен, кіші. Цифрлар цифрларға арналған өлшемдері 46х36 см болатын кассада сақталады. Цифрлармен таныстыру үшін панно қажет.

Балаларды формамен, тік төртбұрыштар, квадраттар, ромбылар, трапециялар, тең бүйірлі, тең қабырғалы, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар, бесбұрыш және алтыбұрыштар, дөңгелектер, овалдармен шектелген фигуралар, көлемді денелі: куб, шар, цилиндр, конус, білеуше (тік бұрышты параллелепипед). Жазық және көлемді геомертиялық фигуралардың өлшемдері түрліше болуы қажет. Сондай-ақ, формаларын геометриялық фигуралармен салыстыру үшін ұсақ ойыншықтар жиынтықтары да керек.

Шамаларды оқып үйрену үшін ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы әр түрлі заттарды (ленталар, картон, ағаш жолақтары), ойыншықтар жиынтықтары, матрешкалар, бөшкелер, конустар, (пирамидкалар), қораптар, кеселер т.б.

Кеңістік қатынастарды оқып үйрену үшін әр түрлі дидиактикалық ойындарды өткізген кезде де пайдаланылатын көмекші құралдардың арнайы жиындықтарын дайындау керек, мысалы: «Қуыршақ қайда жасырынып тұр»?: шкафтың астына ма, шкафтың артына ма, шкафтың үстіне ме, екі орындықтың арасына ма т. с. с.

Геометриялық фигураларды тізіп (жайып) орналастырып кою үшін фланелеграф пайдаланға дұрыс: бір бөлек картонды немесе фланель кесіндісін бір түсті фланельмен қаптайды, қиып алынған геометриялық фигуралардың теріс жағына фланель жапсырылады, фигурны беттестіріп салғанда фланельдің түктері ұйысып, карточканы ұстап қалады.



Уақытпен таныстыру үшін топта қабырға сағаты: құм сағат, секундомер, сағаттың макеті; констуктор сағат, календарь болғаны дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет