Оқушылар орындай алады:Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеу стильдік ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы таниды,тыныс белгілерін сауатты қолдана біледі. Оқылым-жазылым дамиды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шоқат-шоқиып тұрған төбешік,қырат.
Құмыс-денені тік ұстамай,бүкшею,бүкірею,иілу.
Бейпіл-дөрекі.
Шүбәшіл-күмәнданғыш,күдіктенгіш.
Диолог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Тыныс белгі, леп белгі,сөйлем соңы,дыбыс кідірісі
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Ғылым және технология дегенімізде байланыс бар ма?
2. Өзіңіз қай салада зерттеу жүргізіп жаңалық ашқыңыз келеді?
3.Ғылым қоғамдық өндірістің жетекшісі бола ала ма?
Менің ойлауымша............... деп ойлаймын.
Пәнаралық байланыс:
Ғылым мен технология жетістігі – жан-жақты білім мен ізденісті,шығармашылықты талап еткендіктен әдебиет,физика пәндерімен байланыстырдым.
Алдыңғы оқу:
«Бір сөйлеммен түйінде» әдісі арқылы тыныс белгілерінен сұрақтар қойылады,жауаптарын бір сөйлеммен түйіндейді.Нәтижесінде алдынғы біліммен байланыстырамын.