«Тап және сипатта»әдісі көмегінде ауызекі және көркем сөйлеу стилінің ерекшелігі мен ұқсастығын салыстыра отырып,сипаттайды.Дескрипторды мұғалімде болады, тапсырманы толық орындағанды «!» белгісімен белгілеймін,талпынғандарды «?!» белгісімен белгілеймін.
Мұғалім қолдауымен жүреді.Саралау баланы тану жолы болғандықтан сабақ барысында оқу мақсатына қай білім алушы қай дәрежеде жетіп отырғанын бақлай отырып,жайлау жұмыс жасап отырғандарды тапсырманы түрлендіре отырып ілгерілетемін.
|
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінде оқушы білімін бағалау,қосымша ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыс түрі.
Мен сабағымда төмендегіше қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым:
Мадақтау
оқушыларға жарайсың,өте жақсы,тамаша сынды сөздермен бағалаймын.Бұл оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап,сенімділігін арттырады.
Бағдаршам әдісі оқушылардың өздерінің қаншалықты
Түсінгендерін көрсетудің жылдам тәсілі.Оқушыларға қызыл,жасыл,сары түсті кортчкалар беріледі.
Толықтай түсінсе, сенімді болса жасыл түс.
Түсінуге жақындаса,аздап жақындаса сары түс.
Түсінбесе,жартылай сенімді болса қызыл түсті таңдайды.
Кері байланы
Жұлдызша арқылы бағалаймын.Жұлдыздар түрлі түсте болады.Тапсырма орындаған
оқушылардың дәптерлеріне қоямын.
Смайликпен бағалаймын.Жақсы орындаған оқушыға күлімдеген смайлик беремін.Қателіктері болған оқушыға орташа көңілді смайлик беремін,көп қателескен оқушыға көңілсіз смайлик тапсырманы орындау үстіндегі білім алушыға беремін.Нәтижесінде білім алушылардың қызығушылығ артады.
Кері байланыс-белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну,игеру,онымен келісіп,келіспейтіндігін көрсететінбелгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір,баға беру,жауапты реакция.
Кері байланыс:
Екі жұлдыз,бір тілек әдісімен екі тілек,бір ұсыныс білдіремін.(Ауызша)
|