Байланысты: қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
ҚМҰҚ сабағы тек қана көрнекілікке құрылады. Сондықтан да демонстрационный және таратпалы материалдар жақсы көркем безенірілуі керек. Эстетикалық талаптарға сай болу керек.
Оқытуда – тартымдылықтың үлкен маңызы бар. Әдемі көрнекілікпен балалар қызығып отырып жасайды. Неғұрлым ашық, айқын болған сайын соғұрлым балалар эмоциясы тередей түседі және логикалық ойындары толыға түседі. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қызықты өтеді және балалар сәтті қабылдау арқылы білімдері дамытады.
Әр балаға керекті құралдар жеткілікті және артығымен тұру керек.
Құралдар әр сабақта әр түрлі болу керек. Құралдар балаларға түсінікті болу керек. ( қоян- қоян сияқты болу керек, сәбіз -сәбіз сияқты).
Құралдарды бір- біріне ұқсастырып алуы керек. (тиын – жаңғақ, қоян – сәбіз, гүл – көбелек сияқты) көрнекі құралдардың және таратылмалы құралдарды үлгісін көрсету. Сонымен көрнекі құралдар мен үлестірмелі құралдардың дұрыс таңдалуы қажет.
Педагог өзі математикалық сөзді дұрыс меңгеру керек. ( нақты сөз, іріктеу түсініктемелерін жеткізу) грамматикалық тұрғыда тіл – нақы толығымен түсініп, сауатты жеткізу. (Математика сөздігін бағдарламадан алуға болады. ) Математика пәні көп сөзді қажет етпейтін сабақ.
Тәрбиешінің тілдік үлгісі – негізгі әдісі Тәрбиеші балалар мен мәнерлі тілде сөйлеу. Тәрбиешінің сөзін балалар қайталайды. Педагогтың тілі нақты болуы керек. Қысқа және нұсқа. Сонымен қатар сабақ тез және қызықты өтеді.Тәрбиеші балаларды әрекет жасауға үйретеді. Үйретер алдында іс – әрекетті түсіндіреді. Балалар нені қалай жасағанын айту керек