ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ
Студенттің аты-жөні_______________
Тобы_____________________________
Билет №___25______________________
Уақыты__________________________
1- И.Ф.Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің неше түрін көрсетеді?
И.Ф.Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің 4түрін атап көрсетеді.Олар ғылыми білім ,дүниеге көзқарас,сенім,адам мұраты.
Білім- ғылыми шындықтар жүйесі.Ол-объективтік дүниені бейнелейтін адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі.Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді,түсінеді,ұғады. Ғылыми білім тұлға дамуының және оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі.Міне,осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына,сеніміне айналады.
Көзқарас жеке адамның табиғи құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы,ой тұжырымы.Ол-адамның шындық ретінде қабылдаған идеяларынан,білімдерінен,теорияларынан,тұжырымдамалары және жорамалдарынан, құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасынан , көзқарасынан тұрады.Баланың өзі сенетін білімдері,ұғымдары,практикадан шығарған теориялық тұжырымдары,ұсыныстары.Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп,өзінің мінез құлқын,жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады , кез келген жерде өзінің көзқарасымен бөлісе алады .
Сенім- көзқарастың жоғары сапалы жағдайы , қасиеті .Сенім деп тұлғаның ішкі позициясына айналған білімдерді айтуға болады.Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктіігн анықтайды,мінез-құлқын сипаттайды,тұлғаның рухани әлемін анықтайды.Олар адамды қоғам өмірі талаптарына,қажеттіліктеріне сәйкес іс-әрекет жасауына бағыттайды.
Адам мұраты- жете түсінудің жоғары кемелі,адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары,өмірлік ұмтылысы.
2-Конфликтінің туындау себептері (М. М. Рыбакова бойынша)?
Конфликтінің туындау себептері (М. М. Рыбакова бойынша) 3 түрге бөлінген . Олар іс-әрекет конфликтілері, қарым-қатынас конфликтілері , әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды. Оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады. Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.
Қарым-қатынас конфликтілері – педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созылады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады.
Әрекет конфликтілері мұғалімнің конфликтіні шешуде туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден қарағанда оның алдын-алу жеңіл. Мұғалім даулы мәселе туындау барысында өзінің позициясын анықтап алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда дауды шешу жеңіл өтеді.
3- Бірклеткалы қарапайымдар жалпы сипатама бер. Біржасушалы жәндіктерге жалпы сипаттама және олардың табиғаттағы маңызы
Бірклеткалы ағзалар денесі аты айтып тұрғандай бір ғана клеткадан тұрады. Бірклеткалы ағзалардың 28000-дай түрі біріктіреді. Бірклеткалыларға тірі ағзаларға қоректену, зат алмасу, зәр шығару, тітіркену, сыртқы ортаға жауап қайыру, қозғалу, өсу, көбею және өлу қасиеттері тән.Клетканың басты оргоноиды-ядро. Клетка іші цитоплазма сұйықтығына толы жєне оның сыртын мембрана қоршап жатыр. Цитополазмада әртүрлі органеллалар, қаңқа және жиырылу қызметін атқаратын элементтер және әртүрлі қосындылар болады.
Бірклеткалылар ядросы көпклеткалылар ядросы сияқты хроматиннен, ядро шырынынан, ядрошықтан, ядро қабықшасынан тұрады. Көпшілік бірклеткалылар бір ядролы, бірақ кейде көпядролылары да кездеседі.
Бірклеткалылардың қозғалу мүшелеріне жалған аяқтар, талшықтар, кірпікшелер жатады. Жалған аяқтар ағзаның қозғалыс уақытында ғана пайда болып, қозғалыс тоқтағанда жалған аяқ та жойылып отырады. Жалған аяқтар-қарапайым жануар денесінің уақытша плазмалық өсіндісі. Оның тұрақты пішіні болмайды. Зәр шығару мүшесінің қызметін жиырылғыш вакуолі атқарады. Ол клеткадағы зәр қышқылдарын шығарып қана қоймай, өзінің жиырылуы арқылы клеткадағы артық су мөлшерін де сыртқа шығарып отырады. Сол арқылы ағзаның осмостық қысымы да реттеледі.
Студенттің қолы_______
Достарыңызбен бөлісу: |