Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы



бет62/102
Дата25.01.2017
өлшемі29,91 Mb.
#7639
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102

20.

Баспа құралдары:









Химия бойынша оқу плакаттары мен кестелерінің комплекті

Демонстрациялық кестелер 8-11 сыныптар аралығындағы химия курсының барлық тарауларын қамтиды. Комплектте плакаттар мен кестелер саны 173-тен кем емес. Өлшемдері: кемінде 700х1000 mm, толық түрлі-түсті баспа, қағаздың тығыздығы кемінде 300g/m2. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін - қазақ тілінде, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін - орыс тілінде. Жалпы білім беру мектептерінің химия курсына арналған плакаттар мен кестелерге нұсқаулық берілген.
Плакаттар мен кестелердің тақырыбы мен саны:
- «Жалпы химия» - 26 плакат;
- «Бейорганикалық химия» - 85 плакат;
- «Органикалық химия» - 62 плакат.

ж-тама

1



Химия бойынша қабырғаға ілетін анықтамалық-нұсқаулық кестелер комплекті

Стационарлық кестелер химия кабинетінде тұрақты пайдалануға арналған, ламинатталған, негізі — қатты материал, қабырғаға ілетін арнайы бекіткіші бар пластик рамамен жиектелген:
Толық түрлі-түсті баспа: 1. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі, өлшемдері, кемінде 1600х1200mm; 2. Металдар кернеуінің электрохимиялық қатары, өлшемдері, кемінде 3000х500mm; 3. Тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігі, өлшемдері, кемінде 1400х1000mm; 4. Химия сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы.
Толық түрлі-түсті баспа. Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін — қазақ тілінде, орыс тілінде оқытатын мектептер үшін - орыс тілінде.

ж-тама

1



Химия бойынша зертханалық жұмыстар мен практикумға арналған жұмыс дәптері

Жұмыс дәптерлеріне 8-11 сыныптар аралығын қамтитын 87 зертханалық жұмыстар мен практикумдар кіреді, А4 форматты, толық түрлі-түсті баспа. Параллель екі сыныптың отыз оқушысының әрқайсысына бір дәптерден беріледі. Дәптерлер оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін - қазақ тілінде, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін - орыс тілінде беріледі.

дана

240



Жалпы және арнайы мақсатта пайдаланылатын химиялық ыдыстар жиынтығынан жасалатын химия бойынша демонстрациялық тәжірибелерге арналған қондырғыларды монтаждау бойынша әдістемелік нұсқаулық

Иллюстрациялық әдістемелік нұсқаулықта азот қышқылының синтезіне арналған, сутектің оттекте жануын демонстрациялауға арналған, металл натрийдің сумен әрекеттесуі, вакууммен сүзуге арналған қондырғыларды монтаждау сипаттамалары және басқа да 15-ке жуық тәжірибелер сипатталған. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін - қазақ тілінде, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін - орыс тілінде беріледі.

дана

1



Химик ғалымдардың портреттері

А3 форматтағы портреттер, шыны астындағы ағаш рамаға салынған. Портреттерде ғалымдардың аты-жөндері мен өмір сүрген жылдары көрсетіледі. (8 дана)

ж-тама

1

21.

Экранды- дыбыстық құралдар









Мультимедиалық құралдар комплекті

Комплектке 8-11 сыныптарға арналған химияның толық мультимедиалық және интерактивтік курсы кіреді. Комплектте кемінде 2 диск болады.

ж-тама

1



«Химия курсы бойынша зертханалық жұмыстар мен практикумдар» оқытушыға арналған электронды құрал

Құралға 8-11 сыныптар аралығындағы химия бойынша қазақ және орыс тілдерінде кемінде 94 зертханалық жұмыстар пен практикумдардың сипаттамалары кіреді. Тақырыптары жұмыс дәптерлерінде сипатталған зертханалық жұмыстар мен практикумдарға сәйкес келеді.

дана

1



Жалпы білім беретін мектептердің химия кабинетіне арналған демонстрациялық және оқу-зертханалық құрал-жабдықтарының электронды каталогы және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық

Химия кабинетіне арналған демонстрациялық және оқу-зертханалық жабдықтардың техникалық сипаттамасы бар иллюстрациялық каталог болып табылады. Оларды қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық бар (CD).

дана

1

22.

Мамандандырылған зертханалық жиһаз комплекті:









Қабырғаға ілетін аудиториялық тақта

Габариттік өлшемдері: кемінде 1712х1012 mm. Тақтаның конструкциясы көп қабатты, жұмыс беті болатпен қапталған. Жасыл түсті күңгірт қаптамасы тақтадағы бормен жазылған кескінді анық көруге, сондай-ақ тақтадағы жазуларды қиындықсыз өшіруге мүмкіндік береді. Қаптама бетінің болат негізі тақтаның бетіне магниттердің көмегімен көрнекі оқу құралдарын бекітіп ілуге мүмкіндік береді. Тақтаның бүйір жақтары алюминий немесе болат профильмен қапталған, контуры бойынша полиэтилен бұрыштықтармен тұйықталған. Тақтаның болаттан жасалған профилі ақ түсті берік полимер бояумен боялған.
Ортаңғы элементтің төменгі жағын бойлай борға және бор ұнтақтарының түсуіне арналған бүйірі пластмасса қақпақшалармен жабылған астауша бекітілген. Тақтаның астаушасы алюминий немесе болат профильден жасалған. Болат профильден жасалған астаушасы ақ түсті полимер бояумен боялған.

дана

1



Химия кабинетіне арналған демонстрациялық үстел

Габариттік өлшемдері: кемінде 1200х750х900 mm.
Үстіңгі тақтайы қалыңдығы 0,6 mm-ден кем емес химиялық әсерлер мен ыстыққа төзімді пластикалық жабыны бар, 22 mm-ден кем емес МДФ-дан жасалған. Үстіңгі тақтайының жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Тірек бөліктері мен сөрелері қалыңдығы кемінде 16 mm болатын ЛДСП-дан жасалған. Үстіңгі тақтайдың астында екі сөресі, коммуникацияға арналған есігі бар бір жақты тумба орналасқан. Үстелдің бүйір тірегіне 220V және 42 V арналған розеткалар орнатылған. Үстелдің шетіне раковина мен кран орнатылған. Үстелдің түсі ақ немесе сұр.
Комплектте: кран-1 дана, D150 зертханалық раковина-1 дана, канализациялық тұрмыстық сифон-1 дана.

дана

1



Компьютерге арналған жанама құрылғысы бар оқытушы үстелі

Габариттік өлшемдері: кемінде 1200х750х760 mm. Үстіңгі тақтайының қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған, 3 жағынан биіктігі кемінде 140 mm борты бар. Тірек бөліктері мен сөрелерінің қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған. Үстіңгі тақтайдың астында пернетақтаға арналған тартпалы сөре, сол жағында есікті тумба және екі сөре, оң жағында жүйелі блокқа арналған жәшік орналасқан. Үстіңгі тақтайының үстінде өлшемі кемінде 1200х200 mm болатын ЛДСП-дан жасалған сөре орнатылған. Үстіңгі тақтайда диаметрі 60 mm-лік коммуникациялық саңылау бар, ол компьютер кабельдеріне арналған, қақпақшасы бар. Үстіңгі тақтайының жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған.Үстелдің түсі ақ немесе сұр.

дана

1



Оқытушы үстеліне арналған тұғыр

Тұғырдың габариттік өлшемдері: кемінде 5000Ч2750Ч170 mm.
Тұғырдың қаңқасы қалыңдығы кемінде 16 mm ДСП-дан жасалған, тұғыр ламинатпен жабылады, бүйір шеттері металл профильмен қапталады.

дана

1



Көлденең және тігінен орналасқан қораптары бар химия кабинетіне арналған зертханалық оқушы үстелі

Габариттік өлшемдері: кемінде 1226х616х760 mm. Үстіңгі тақтайы қалыңдығы 0,6 mm-ден кем емес химиялық әсерлер мен ыстыққа төзімді пластикалық жабыны бар, 22 mm-ден кем емес МДФ-дан жасалған. Үстіңгі тақтайдың үстіндегі шағын борт көк түсті ЛДСП-дан жасалған, биіктігі - 60 mm. Борттың шеттері сопақша болып келген, периметрі бойынша ақ түсті ПВХ-дан жасалған жартылай дөңгелек жиекке ие. Үстіңгі тақтайдың астындағы ілмектер металл қаңқаға бекітілген. Үстелдің металл қаңқасы екі жанама тіректен тұрады, тіректер орнықтылықты күшейту үшін өзара жоғарғы арқалықпен және жалпақ панельмен байланысқан. Бүйір тірегі қалыңдығы кемінде 1,2 mm болатын имек болат профильден жасалған, тікбұрышты пішінге ие, полимерлік көк бояумен боялған. Бүйір тірегінің сырт жағынан ақ немесе сұр бояумен сырланған сәндік болат құрылғы орнатылған. Тіректің бүйір және төменгі көлденең бөліктері бүкіл периметр бойлап өзара имек күйде дәнекерлеп байланыстырылған. Саңылаулары пластмасса тығындармен жабылады. Төменгі тірек ұштары төрт жерінен бұрама шегелердің (5х50) көмегімен еденге бекіту үшін саңылауы бар пластмассалық өкшеліктермен жабылады. Алдыңғы панелі жалпақ болаттан жасалған, имек пішінді. Металл қаңқа мен алдыңғы панель полимерлік жабынға ие, түсі аралас - ақ немесе көкшіл сұр. Көлденең орналасқан қораптың габариттік өлшемдері 720х240х250 mm-ден кем емес. Тігінінен орналасқан қораптың габариттік өлшемдері 446х240х732 mm-ден кем емес. Қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ. Қораптардың түстері ақ немесе сұр. Тік қорап үстіңгі тақтайдың астына, көлденең қорап оқушылар орындарының аралығына еденге орналастырылған. Төменгі және жоғарғы бөліктің сол жақ бүйір тірегінде электр сымдарын жүргізуге арналған саңылау болады. Бүйір тірегінің жоғарғы ішкі бөліміне розетка бекітуге арналған ЛДСП-дан жасалған жұқа тақтайша орнатылады. Оқушының жұмыс орны 42 V қауіпсіз кернеумен қамтамасыз етіледі. Комплектте кран - 1 дана, D150mm зертханалық раковина - 1 дана, канализация сифоны - 1 дана. Кран мен зертханалық раковина үстіңгі тақтайдың ортасына монтаждалған.

дана

15



Оқытушы креслосы

Кресло 5 дөңгелекті, биіктігі бойынша реттеледі, қаптамасы-гобелен, түсі-қара.

дана

1



Оқушы орындықтары

Габариттік өлшемдері: кемінде 380х390х460 mm. Қаңқасы полимерлік жабынға ие, өлшемі 25x25 mm, қалыңдығы 1,2 mm шаршы түтіктен жасалған дәнекерленген конструкция болып табылады. Көк түсті полимер бояумен сырланған. Отырғышы мен арқалығы анатомиялық пішінде, қалыңдығы 8 mm-ден кем емес иіп жапсырылған фанерден жасалған, бетіне түссіз лак жағылған. Отырғыштары мен арқалықтар металл қаңқаға өз бетінше бекітілетін тойтарма шегелер арқылы орнықтырылады. Қаңқа негізінің ұштары өкшелік тығынмен бекітіледі, ал арқалық тірегінің ұштары пластмассадан жасалған төртбұрышты тығынмен жабылған.

дана

30



Көпфункциялық шкаф

Көпфункциялық шкаф үш шкафтан құралған. Әр шкафтың габариттік өлшемдері: кемінде 900х430х2200 mm. Жабық, жартылай әйнектелген шкаф – 2 дана. Тірек бөліктері, сөрелері ЛДСП-дан жасалған, қалыңдығы кемінде 16 mm, артқы қабырғасы қалыңдығы кемінде 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясы үш сөремен жабдықталған, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Әйнектелген қос жармалы есігінің жақтауы сұр түсті МДФ профильден жасалған. Төменгі секциясы қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП-дан жасалған екі сөре және жақтауы сұр түсті МДФ-профильден жасалған қос жармалы есікпен жабдықталған. Төменгі есіктеріне құлыптар мен екі тұтқа орнатылған.
Жоғарғы және төменгі секциялары аралығында ашық орны бар, жартылай әйнектелген жабық шкаф – 1 дана. Тірек бөліктері ЛДСП-дан жасалған, қалыңдығы кемінде 16 mm. Артқы қабырғасы қалыңдығы 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясы үш сөремен жабдықталған, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Әйнектелген қос жармалы есігінің жақтауы сұр түсті МДФ профильден жасалған. Төменгі секциясы қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП-дан жасалған екі сөре және жақтауы сұр түсті МДФ-профильден жасалған қос жармалы есікпен жабдықталған. Төменгі есіктеріне құлыптар мен екі тұтқа орнатылған.
Әйнектелген жоғарғы және төменгі тұтас есіктерінің аралығында биіктігі 300 mm ашық бөлік бар. Топсалары штампталған болаттан жасалған

дана

1



Демонстрациялық сорғыш шкаф

Габариттік өлшемдері кемінде: 1000х750х2000 mm. Тірек бөлігі дәнекерленген төрт тіректен тұрады. Шкафтың барлық бөлшектері сол тіректерге құрастырылады. Шкаф екі секциялы болып табылады. Жоғарғы секциясының әйнектері сұр түсті МДФ-дан жасалған жақтаумен жиектелген. Есігі бар фасад бөлігі тігінен ашылады және кнопкалы орнықтырғыштардың көмегімен үш түрлі қалыпта бекітіле береді. Төбесі қалыңдығы 16 mm ақ түсті ЛДСП-дан жасалған, тартпа желдеткішке ие. Үстіңгі тақтайы қалыңдығы 0,6 mm-ден кем емес химиялық әсерлер мен ыстыққа төзімді пластикалық жабыны бар, 22 mm-ден кем емес МДФ-дан жасалған. Үстелдің үстіңгі тақтайының жиегі қалыңдығы 2 mm ПВХ-дан жасалған. Үстіңгі тақтайдың шетіне раковина мен кран монтаждалған. Шкафтың төменгі секциясы екі есікті болып келеді, екі бөлікке бөлінген. Бір бөлігі екі сөремен жабдықталған, ал екінші бөлігінде сөрелер жоқ, инженерлік коммуникацияға арналған. Шкафтың металл бөлігінің жабыны көк түсті полимер.
Комплектте кран (1 дана), зертханалық раковина (1 дана), канализациялық тұрмыстық сифон (1 дана), электрлік сорғыш желдеткіш (1 дана) бар.

дана

1



Химиялық реактивтерді сақтауға арналған металл шкаф

Габариттік өлшемдері кемінде: 800х470х1780 mm. Шкаф қалыңдығы 1,2 mm болаттан жасалған. Шкафтың типі – иілген жеке бөлшектерден дәнекерленіп жасалған құрылым. Шкаф төрт ажырамалы сөрелері бар екі бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім есікпен бөлінген, құлыппен жабылады. Шкафтың жоғарғы бөлігі диаметрі 100 mm желдеткіш келтек құбырмен, ал есіктің төменгі бөлігі желдеткіш пердешелермен (жалюзи) жабдықталған. Шкафтың қаптамасы полимерлі, түсі – ашық сұр.

дана

1



Монтаждық материалдар комплекті

Жабдықтаушы монтаждау кезінде сапалы, қауіпсіз материалдарды пайдалануға және кабинетті дайын күйінде тапсыруға міндетті.

ж-тама

1


Химия кабинетінің лаборант бөлмесі





Құрал-жабдықтар тізімі

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Химиялық үстел

дана

1

2.

Аналитикалық таразыға арналған үстел

дана

1

3.

Аналитикалық таразы

дана

1

4.

Муфель пеші

дана

1

5.

Муфель пешінің астына қоюға арналған үстел

дана

1

6.

Кептіргіш шкаф

дана

1

7.

Тоңазытқыш шкаф

дана

1

8.

Лаборант бөлмесіне арналған шкаф-сөре

дана

5

9.

Оқытушы мен көмекшіге арналған үстел

дана

1

10.

Орындықтар

дана

2

11.

Химиялық реактивтерді сақтауға арналған металл шкаф

дана

1

12.

Сорғыш шкаф

дана

1

13.

Құрал-жабдыққа арналған үстел-арба

дана

2

Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет