Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларға педагогтың баланың денсаулығына деген әртүрлі деңгейде – ақпараттық, психологиялық, биоэнергетикалық деңгейде ықпал етудің барлық аспектілері кіреді. Заманауи жағдайда адам дамуы оның денсаулық жүйесін құрусыз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді:
Мектепке дейінгі ұйым типіне;
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына;
Педагогтар жұмыс істейтін бағдарламаларға;
Мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;
Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне;
Балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.
Достарыңызбен бөлісу: |