Тіл дамыту
Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуін, баланың бастамашылық және жауап бере білу тілін дамыту.
Міндеттері
1. Тілдік еліктеу қабілеттілігін және сөйлеу тілін дамыту. Бала тілін дамытуда барлық режимдік және тұрмыстық жағдайларды қолдану.
2. Сөздік қорды толықтыруға, тілдің грамматикалық жақтарын және дауыс сазы мен дыбыстауды жетілдіруге мүмкіндіктер туғызу.
Мазмұны:
Алғашқы жарты жылдықтың маңызды міндеті ересектердің тілін түсінуді дамыту болып табылады. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады.
Көркем әдебиет
Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балаларға шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың тыңдауға, түсіне білуге үйрету.
2. Халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді қалыптастыру.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- адамдар мен жануарлардың қылықтары суреттелген, балаларға түсінікті табиғат құбылыстары бейнеленген кішігірім тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды түрде тыңдауды;
- мазмұны қарапайым, қысқа әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді түсінуді;
- халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді;
- мәтінді қайталап оқығанда сөздерді айта алуды;
- өздеріне таныс күлдіргі өлеңдердің мәтініне сәйкес ойын әрекеттерін орындауды;
- шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды, өз пікірін білдіруді, оқиғаға қатысуға ынта білдіруді;
- кітаптағы суреттерді қарауды білуі тиіс.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту негізінде балалардың тілдік қатынас дағдыларын мақсатты түрде дамыту.
Міндеттері:
1. Жақын адамдарды, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтар мен жануарларды білдіретін сөздермен сөздік қорларын молайту.
2. Ересектердің бүкіл топқа, жеке балаға айтылған сөздеріне назар аударуды, түсіне білуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Заттар мен құбылыстардағы ең маңыздыны анықтауға, бақылауға, оларды атап, араларындағы қарым-қатынастарды құруға үйрету.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- балалар пассив сөздік қорындағы сөздерді айтуды (қоршаған ортадағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстары мен қызметтері, т.б.);
- адамдардың кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау және т.б.) дұрыс атауды;
- кейбір үй жануарларын (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапан және т.б.) суреттер мен ойыншықтардан танып, аттарын атауды;
- жануарлар мен адамдардың оларға қарым-қатынасын бейнелейтін көріністерді түсінуі;
- жануарлардың айтарлықтай ерекшеліктері мен белгілерін анықтауы және оларды атауды;
- табиғат құбылыстарын атауды білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |