бағдарламалар мазмұны
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру мақсатында «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары бекітілген.
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші салалары мен өзінің мақсатты бағыттары бар.
Білім беру салаларының мазмұны:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативті-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.
«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;
- балалардың өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сенсорика;
- құрастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |