Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет2/8
Дата26.08.2017
өлшемі1,97 Mb.
#28416
1   2   3   4   5   6   7   8
Мазмұны


  1. КІРІСПЕ ................................................................................................... 5

  2. Әр жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған

    1. бағдарламалар мазмұны ................................................................................... 6

  3. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы............................................ 8

  4. 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы................................................... 16

  5. 5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы................................................ 27

Пайдаланыған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Қосымшалар



Тәрбие – ұлы іс: онымен адам тағдыры шешіледі.

В.Белинский

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,

онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес,

оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өзінің жұмысын күнделігіне жазып отыруы керек, оған бақылаудағы кейбір байқағандарын, тәрбиеленушілердің қырын танытатын жағдайларды, олармен әңгімесін, оқушысының алға басуын жазып, әр түрлі жастағы балалардың бәрінің басына кездесетін дағдарысын немесе бетбұрыс жағдайларына талдау жасап, жазып отыруға тиіс.
А.С.Макаренко
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуы тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырқына көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді.

Әл-Фараби

КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі  баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Бұл әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартына негізделген.
Әр жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған

бағдарламалар мазмұны
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру мақсатында «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары бекітілген.

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші салалары мен өзінің мақсатты бағыттары бар.

Білім беру салаларының мазмұны:

- денсаулық сақтау;

- коммуникативті-тілдік;

- танымдық;

- шығармашылық;

- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.


«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;

- балалардың өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


«Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Қатынас» білім беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, пассивті және белсенді сөздік қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Шығармашылық» білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- желімсіз жапсыру

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


«Әлеуметтік орта» білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп күрделендіру тізбесінен тұрады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды себеп түрінде қарастырылады.

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

«Алғашқы қадам» бағдарламасы ерте жастағы балаларды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің жалпы дидактикалық принциптеріне сәйкес құрылған. Бағдарламаның міндеті - әр баланың құзыреттілігін дамытуды ұйымдастыру, баланың нақты жас кезеңіне және жақын аралық даму аймағына тән жетекші біліктерін қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.

Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады.


«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: Бала денсаулығын нығайту, оның ағзасының қызметі мен жүйесін дамыту.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- дене шынықтыру;

- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру - дербес қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Міндеттері:

1. Жүру және басқа да негізгі қимыл түрлерін (еңбектеу, өрмелеу, допты лақтыру, жүгіру және жоғары секіру және т.б.) жетілдіру, тепе-теңдікті дамыту, дұрыс дене бітімін қалыптастыру.

2. Май табанды болдырмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру және қимыл үйлесімділігін дамыту, басқа балалармен кейбір қимылдарды бірге орындауға үйрету.
Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: балалардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру, олардың сергек күйін қолдау және шаршаудың алдын алу, қарапайым өзіне-өзі қызмет ету мен ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:

1. Балалардың қозғалыс белсенділігін ынталандыруға, қозғалыстың негізгі түрлерін дамытуға мүмкіндік туғызу, қимыл-қозғалыс тәжірибелерін жинақтауға жағдайлар жасау.

2. Балалардың бойында тазалық пен ұқыптылыққа деген қажеттіліктерін қалыптастыру. Алдын ала меңгерген мәдени-гигиеналық дағдыларды бекіту және жаңа біліктерді қалыптастыру.

 Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- доппен ойнай алуы;

- еңістен жоғары көтеріліп, төмен түсуі;

- сатымен төбешікке көтеріліп, төмен түсуі;

- арба мен ойыншық машиналарды сүйреуі;

- ірі жұмсақ ойыншықтарды көтеру, отырғызу, жатқызуды;

- орындыққа өзі отырып, тұруды;

- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру), тамақтан соң алғыс айтуды;

- өзінің қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жууды;

- үлкендердің көмегімен беті-қолдарын сүртуді;

- бас киімін, шалбарды, түймесі ағытылған жейдесін, бәтеңкесін шешуді;

- белгіленген тәртіппен киімдерін дұрыс бүктеп жинауды;

- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкелерін киюді;

- түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білуі;

- ескертуден соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып қайтадан орнына салуы;

- өзінің орамалы мен заттарын сақтайтын орынды білуі;

- өзінің үстел басындағы орны мен киім ілетін шкафын білуі;

- түбекке отыру қажеттілігі туралы уақытында хабарлауды білуі тиіс.
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуді дамыту, қоршаған ортамен байланыс құралы ретінде тілдік реакциялардың барлық түрлерін, белсенді сөйлеуді қалыптастыру

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

  

Тіл дамыту



Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуін, баланың бастамашылық және жауап бере білу тілін дамыту.

Міндеттері

1. Тілдік еліктеу қабілеттілігін және сөйлеу тілін дамыту. Бала тілін дамытуда барлық режимдік және тұрмыстық жағдайларды қолдану.

2. Сөздік қорды толықтыруға, тілдің грамматикалық жақтарын және дауыс сазы мен дыбыстауды жетілдіруге мүмкіндіктер туғызу.

Мазмұны:

Алғашқы жарты жылдықтың маңызды міндеті ересектердің тілін түсінуді дамыту болып табылады. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады.

 

Көркем әдебиет

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балаларға шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың тыңдауға, түсіне білуге үйрету.

2. Халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді қалыптастыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- адамдар мен жануарлардың қылықтары суреттелген, балаларға түсінікті табиғат құбылыстары бейнеленген кішігірім тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды түрде тыңдауды;

- мазмұны қарапайым, қысқа әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді түсінуді;

- халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді;

- мәтінді қайталап оқығанда сөздерді айта алуды;

- өздеріне таныс күлдіргі өлеңдердің мәтініне сәйкес ойын әрекеттерін орындауды;

- шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды, өз пікірін білдіруді, оқиғаға қатысуға ынта білдіруді;

- кітаптағы суреттерді қарауды білуі тиіс.

  

Қоршаған ортамен таныстыру



Мақсаты: қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту негізінде балалардың тілдік қатынас дағдыларын мақсатты түрде дамыту.

Міндеттері:

1. Жақын адамдарды, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтар мен жануарларды білдіретін сөздермен сөздік қорларын молайту.

2. Ересектердің бүкіл топқа, жеке балаға айтылған сөздеріне назар аударуды, түсіне білуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Заттар мен құбылыстардағы ең маңыздыны анықтауға, бақылауға, оларды атап, араларындағы қарым-қатынастарды құруға үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- балалар пассив сөздік қорындағы сөздерді айтуды (қоршаған ортадағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстары мен қызметтері, т.б.);

- адамдардың кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау және т.б.) дұрыс атауды;

- кейбір үй жануарларын (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапан және т.б.) суреттер мен ойыншықтардан танып, аттарын атауды;

- жануарлар мен адамдардың оларға қарым-қатынасын бейнелейтін көріністерді түсінуі;

- жануарлардың айтарлықтай ерекшеліктері мен белгілерін анықтауы және оларды атауды;

- табиғат құбылыстарын атауды білуі тиіс.

 


«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: қоршаған ортадағы заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, баланың танымдық қызығушылығы мен сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- сенсорика;

- құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

 

Қоршаған ортамен таныстыру



Мақсаты: Балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

Міндеттері:

1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

2. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.
Мазмұны:

Өзі және айналасындағы адамдар туралы түсініктері

Балаға жақын ортадағы заттармен таныстыру

Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру
Сенсорика

Мақсаты: баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік-манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

Міндеттері:

1. Баланың талабы мен әуестігін, түрлі заттармен әрекет ету ниеттерін мадақтау.

2. Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.

3. Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту.


Құрастыру

Мақсаты: Қарапайым құрастыру жасауға бейімдеу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету.

2. Балаларға сюжетті ойыншықтармен ойнауға арналған құрылымдарды қолдануға үйрету, меңгерген құрастыру дағдыларын дербес ойындарда қолдану.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- екі текше мен пластинадан орындық, қақпа; тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ құрастыруды;

- орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде аражабындар жасауды;

- сюжетті ойыншықтармен ойынға арналған құрылыстарды пайдалануды;

- сюжетті ойыншықтармен ойындар үшін жиһаздар жасауды;

- құрылымы және қолданылуымен ерекшеленетін екі түрлі заттарды бір мезгілде құрастыруды білуі тиіс.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамының бастауы мен сезімдік-эмоционалдық ортасын қалыптастыру, бейнелеу өнері мен музыкаға қызығушылығын тәрбиелеу.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу мен мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Сурет салу және мүсіндеу

Мақсаты: баланы қолжетімді бейнелеу құралдарына бейімдеу, олардың эксперимент жасау ниеттерін қолдау.

Міндеттері:

1. Түрлі бейнелеу материалдарымен сурет салуға мүмкіндік жасау, олардың қасиеттерімен таныстыру.

2. Сурет салу мен мүсіндеуге қызығушылығын ынталандыру

Мазмұны:

Балалардың назарын сурет салу үдерісіне аудару, ересектердің сурет салу үдерісін бақылауға, қағаздағы қарындаш немесе бояудың бедерін байқауға, ересектерге еліктеуге мүмкіндік беру.

Бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакциясын тудыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қағаз бетіндегі қарындаш немесе бояудың бедерін байқай білуі, ересектерге еліктеуді;

- бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакцияларын білдіруді;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниетті;

- қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді;

- сазбалшықпен тәжірибе жасауды;

- сазбалшықты алақанына салуды, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;

- жалпақ дөңгелек пішіндер мүсіндеуді білуі тиіс.

Музыка

Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.

Міндеттері:

1. Есту қабілеттерін шоғырландыруды, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдауға, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білуді дамыту.

2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым қимылдар жасай білуді дамыту.

3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық атқаратын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.


Мазмұны:

Ересектердің айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл қимылдармен көңілді сипат беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету.

Педагогтің артынан топпен жүру іскерліктерін қалыптастыру; үлкендердің көрсетуімен би қимылдарын орындау.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- әндердің әуені мен сөзін тыңдауы, оларды тануды;

- музыкалық аспаптарды дыбысталуы арқылы ажыратуды;

- ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;

- музыка әуенімен жүре білуді, жүгіре білуді;

- тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;

- заттармен қарапайым қимылдарды орындауды;

- ойындарға белсенді араласуды;

- 1-2 таныс билерді дербес орындауды білуі тиіс.

 

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



Мақсаты: Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын, құрбыларымен және ересектермен жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, құрбыларына, ересек адамдарға, барлық тіршілік иелеріне жанашырлық пен қайырымдылықты тәрбиелеу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалар әрекетінің әр түрінде жүзеге асады:



Міндеттері:

1 .Ересектермен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету, ересектердің жағымды әсеріне жағымды эмоциялармен жауап беру.

2. Әлеуметтік ортадағы қарапайым мінез-құлық мәдениетінің ережелері мен нормаларын тәрбиелеу.

3. Балаларды жеке әрекет түрлерінен құрбыларымен қатар ойнауға, қысқа мерзімді қимылдарға көшуге үйрету.



Мазмұны:

Адамгершілік нормалар туралы түсініктері

Мінез-құлық мәдениетінің дағдылары

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- ненің жақсы, ненің жаман екендігі жайлы түсініктерінің болуы;

- болмайды, рұқсат, қажет сөздерін түсініп, олардың мағыналарына сәйкес іс-әрекет жасауды;

- жайымен сөйлесуді, үлкендерді мұқият тыңдауды, тапсырмаларды орындауды;

- амандасуды, қоштасуды, үлкендердің сәлеміне жауап бере білуді, алғыс айтуды;

- барлық тіршілік иелеріне ұқыптылықпен қарауды, табиғат бұрышын мекендеушілерге қамқорлығын білдіруді;

- құрбыларымен қысқа мерзімді қарым-қатынасқа түсуді, құрбысына қызығушылық білдіруді, қолындағы тәттісімен, ойыншықтарымен бөлісуге талпына білуді;

- бір-біріне кедергі жасамай ойнауды;

- ересектерді тыңдап, тапсырмаларын орындауға ниет білдіруді;

- өзінің атын (бір жарым жастан кейін), айнадан, суреттен өзін тани білуі тиіс.

  

ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ



Мақсаты. Балалардың танымдық және қозғалыс белсенділіктерін дидактикалық, сюжетті, қимылды және құрылыс ойындары арқылы дамыту. Ойын барысында салмақты, сергек мінез-құлықтары мен балалардың эмоционалдық жай-күйлерін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Балаларды қимылды ойындарға ынталандыру, ойын көмегімен қимылдарды дамыту (жүру, жүгіру, өрмелеу т.б.).

2. Балаларды бір-біріне кедергі жасамай, ойыншықтарды бөлісіп, сюжеттік, дидактикалық ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен, сумен, қармен ойнауға үйрету.

3. Сюжеттік (бейнелі) ойыншықтармен іс-әрекеттерді заттармен әрекет жасаудан ажыратуға қол жеткізу.



Мазмұны:

Тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып, көрсету және оларды қолданылуына сәйкес (шыныаяқпен қуыршаққа шәй беру, кереуетіне ұйықтауға жатқызу және т.б.) атауға үйрету.

Оқу жылының соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде бала:

- тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып, көрсетуді;

- оларды қолданылуына сәйкес атап, пайдалануды;

- тәрбиешінің көмегімен меңгерген әрекеттерді бір ойыншықтан екінші ойыншыққа ауыстыруды;

- бір-бірімен қарым-қатынас барысында өмірлік-қисынды біртінділікті ойын жағдайында жүргізуді;

- нақты заттардың үлгілерін ойында қолдануды;

- ойыншықтармен бір-бірімен бөлісіп, ауыстыруды;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде таныс болған дидактикалық ойыншықтармен ойнауды;

- ойыншықтарды өлшемін, түсін салыстыру, ойында қолданылатын кейбір заттар мен құрылыс материалдарының пішіндерін дұрыс атауды;

- қармен, құммен ойнауда қалақшаны, күрекшені дұрыс қолдануды;

- қимылды ойындарға белсене араласуды білуі тиіс.

 

 



МЕРКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР 

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастыру ұсынылады.

Ертеңгілік барысында қуыршақ театрының көрінісі, таныс ойындар мен билер орындалады. Балаларда мерекелік көңіл-күй құру.

Жыл бойы ауық-ауық ойын-сауықтар өткізу. Оның барысында бұрамалы ойыншықтарды, қуыршақтар театрын қолдана отырып, балалар жазушыларының шығармалары бойынша шағын көріністер көрсету.

Қозғалмалы және қызықты ойыншықтарға, олардың қозғалыстары мен тәрбиешінің әрекеттерін бақылауға деген ниетті, қызықты ойын жағдайларын балалардың эмоционалды елеуін тудыру.

Балаларды шағын көріністерді көруге, ойын-сауықтарға қатысуға, жүргізушінің тапсырмаларын қарапайым қимыл түрінде орындап (қоянды қуып жету, атпен шабу, т.б.), жауап бере білуге үйрету.



3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты, толыққанды дамуына, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауына бағытталған.

«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:

1. Оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы.

2. Тәрбиелеу мен оқыту мақсатгарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы.

3. Дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы.

4. Стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.

5. Балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық қатынас ұстанымы.

6. Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.


3-5 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.

3-5 жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік жатады.

Бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.).

3-5 жастағы балалардың құзыреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруімен анықталады.

Өзінің түрлі көңіл күйі мен сезімін (қуаныш, реніш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетеді.

3-5 жастағы балалардың маңызды ерекшелігі («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды. Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.с.с.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет