Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет5/8
Дата26.08.2017
өлшемі1,97 Mb.
#28416
1   2   3   4   5   6   7   8

Қызметі: тәрбиеші

Білімі: жоғары

Санаты:екінші

Еңбек өтілі: 8 жыл
Сулейменова А.С.

Қызметі: тәрбиеші

Білімі: жоғары


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:«Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Балабақша бөлмелеріне саяхат»

Мақсаты:Бақшадағыбөлме атауларымен таныстыру;

білімділік: Балаларға балабақша бөлмелері жайында білім беру;

дамытушылық:Тіл мәдениетін жетілдіру;

тәрбиелік:Балабақшаға сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс: асхана,кір жуатын бөлме,ән-күй залы(дұрыс айту)

Билингвальды компонент:балабақша бөлмелері-кабинеты детского сада,асхана-кухня.

Көрнекіліктер:балабақша бөлмелерінің көрнекті суреттері

Әдіс-тәсілі:шаттық шеңбер,ғажайып сәт,саяхат ұйымдастыру,сұрақ-жауап


Әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялы

қозғаушы

Шаттық шеңбері «Қайырлы таң»

Қайырлы таң,Алтын күн!

Қайырлы таң,Көк Аспан!

Қайырлы таң,Жер ана!

Қайырлы таң,достарым!

Топқа орманнан қонжық келді.Қонжықты балабақша бөлмелерімен таныстырайық.



Балалар шаттық шеңбер бойында бір-бірімен

амандасады.

Балалар қонжықпен амандасады.

Балабақша бөлмелерімен таныстырғылары келетінін

айтады.


Ұйымдастыру кезеңдері

-Бірінші қабатта асхана бар,асханада тамақ пісіріледі,мейірбике бөлмесі бар,онда мейір бике жұмыс атқарады,мейірбике балалар денсаулығын тексереді,кір жуатын бөлме бар,

онда сендердің төсек-орындарың,орамалдарың

жуылады.

Екінші қабатта ән-күй залы бар, ән-күй залында

балалар өлең айтып би билейді.

Билингвальды компонент:балабақша

бөлмелері-кабинеты детского сада, асхана-кухня,ән-күй бөлмесі-музыкальный зал.



Сергіту сәті: «Ағаштар»

Жел соғады бетіме,

Ағаштарды желпуде.

Жел тына қалған кезде,

Ағаштар биік-биік болып

көрінеді.



Сөздік жұмыс:асхана,

кір жуатын бөлме,ән-күй бөлмесі



Балалар қонжықпен бірге

жүріп балабақша бөлмелерін

аралайды,әр бөлменің не үшін қажет екендігін қонжыққа түсіндіреді.
Қос тілде қайталайды,жаттайды.
Балалар сергіту сәтін орындайды.

Жаңа сөздермен танысады,

сөздерді дұрыс,анық айтып

жаттығады.



Рефлексивті-қорытындылау

Балалар қонжық бізбен бірге қайда саяхат жасады?
Балабақшада қандай бөлмелермен таныстық?
Балаларды мақтау

Балабақша бөлмелеріне саяхат

жасады.
Ән күй залы бар,

кір жуатын бөлме бар,асхана бар




Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу: Балабақша бөлмелерін атайды;

Қалыптасқан әдет: Балабақша бөлмелерінің маңызы жайында түсініктері бар;

Орындай алады:Балалар балабақша бөлмелеріне саяхатқа шыға алады,қонжыққа қайырымдылық жасай алады.
* * *

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім беру бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Балабақшам- өз үйім

Мақсаты:Балабақша жайында түсінік беру;

білімділік:Балабақша туралы әңгімелей білуге үйрету;

дамытушылық:Сөздік қорларын молайту;

тәрбиелік:Балабақшаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: кең,таза, жарық,әсем,екі қабатты(фонетикалық жаттығу)

Билингвальды компоненет:балабақша-детский сад,әсем-красивый.

Көрнекіліктер:балабақша бейнеленген сурет

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,ғажайыпсәт,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,мадақтау



Әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялы

қозғаушы

Жылулық шеңбері:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шаттығын.

Тілейміз сізге ақ таңын,

Қуанышын шаттығын.

Тәрбиеші топқа қуыршақтар келгенін хабарлайды.Олар

балабақшамен танысқысы келеді екен.


Балалар шеңбер бойында:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шаттығын.

Тілейміз сізге ақ таңын,

Қуанышын шаттығын.

Балалар қуыршақтармен амандасады.

Балалар қуана келіседі.


Іздену- ұйымдастыру кезеңдері

Тәрбиеші балалармен әңгіме жүргізеді:

Балабақша сендердің екінші үйлерің.Мұнда сендер ойнайсыңдар,өлең айтасыңдар,би билейсіңдер,

білім аласыңдар.

Тәрбиеші балабақша бейнеленген суретті көрсетеді,әңгімелейді.

-Мынау не? Мынау кім?

-Біздің балабақша қандай?

-Неше қабатты екен?

Билингвальды

компонент:балабақша-детский сад, әсем-красивый.

Сергіту сәті:

Біз балалар бағында,

Тұрамыз өте көңілді.

Көп болсақ та достықпен,

Өткіземіз өмірді.
Сөздік жұмыс:кең,таза,

жарық, әсем.



Балалар суретте көріп отырғандарын әңгімелейді.

-Мынау балабақша.

-Мынау тәрбиеші.

-Екі қабатты.Балабақша

әсем.

Балалар қос тілде айтып жаттығады.



Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындап сергіп алады.
Ең-ең-балабақша кең.

Ық-ық-ық бөлме жарық

Бат-бат қос қабат

Балалар қос тілде қайталап жаттайды.



Рефлексивті-қорытындылау

Балалар тобымызға кімдер келді?

-Олар немен танысқылары келді?

Қуыршақтар сендерге алғыс айтуда.Енді олар

біздің балабақша жайында білетін болады.

Балаларды мақтап,мадақтау.


Тобымызға қуыршақтар келді.

Олар балабақшамен танысқылары келді.


Балалар қуыршақтарды

балабақшамен таныстырғандарына

қуанады.



Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу: Балалар балабақша жайында біледі;

Қалыптасқан әдет: Балалар балабақша маңызы жайында түсініктері бар;

Істей біледі:Суретке қарап шағын әңгіме құрай алады,сұрақтарға жауап бере алады.

* * *

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы:Біздің топ

Мақсаты: Балабақша жайында білімдерін кеңейту;

білімділік: Балаларға топтары жайында түсінік беру;

дамытушылық: Сөздік қорларын молайту;

тәрбиелік: Ұжымдық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент:ойын бөлмесі-игравой зал,ұйықтайтын бөлме – спальная комната

Сөздік жұмыс: дауыссыз дыбыстардың (м,л,б,н) дұрыс айтылуын қадағалау

Әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру, сұрақ жауап

Көрнекілігі:топқа саяхат


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсің бе,менің беттерім,

Сәлеметсің бе,менің қолдарым

Сәлеметсің бе, менің аяқтарым

-Балалар күшік пен мысық

сендердің топтарыңды көргілері келеді екен. Қонақтарды тобымызбен таныстырайық.



Беттерін сипайды,

қолдарын сипайды,

аятарымен топылда

-тады.


Балалар күшік пен мысықпен амандасады.

Топтарын таныстырғылары

келетіндерін айтады.


Іздену ұйымдас

-тырушылық

-Мынау ойнайтын бөлме,онда ойын бұрышында сендер ойнайсыңдар. Мында сендер білім аласыңдар,сурет саласыңдар,ермексазбен жұмыс жасайсыңдар.

Ал мынау беті-қолымызды жуатын бөлме.

Мынау ұйықтайтын бөлме,онда біз сергіп алу үшін демалу үшін ұйықтаймыз.

Тобымыз әдемі,әр заттың өз орны бар.



Билингвальды компонент: ойын бөлмесі-игровай зал,ұйықтайтын бөлме-спальная

Сергіту сәті: «Қарлығаш»

Қане қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Сөздік жұмыс: мынау ойын бөлмесі,ұйықтайтын бөлме (м,л,б,н) дұрыс дыбысталуын қадағалау.


Балалар қонақтарға топтарын

таныстырғылары келетінін айтады.

Балаларкүшікпен,мысықпен топтарын аралайды.

Мына жерде біз ойнаймыз.

-Мұнда тәтті ұйқыға кетеміз,әрқайсымыздың өз төсегіміз бар.

-Мұнда серуеннен келген соң, ас ішер алдында беті қолымызды жуынамыз.

Балалар қос тіле қайталап,

жаттайды.

Балалар сергіту сәтін орындап,сергіп алады.

Балалар топпен айтып жаттығады.




Рефлексивті

қорытындылау.

-Балалар бізге нелер

қонаққа келді?

Қуыршақты біз немен таныстырдық?

Тобымыздағы бөлме

өсімдігі қалай аталады?

Балаларды мақтау,мадақтау.



-Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді.

Балалар қуанады.




Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болуы:

Балалар бөлме өсімдігін атайды, оны күте біледі;



Қалыптасқан әдет:

Бөлме өсімдігінің пайдасы жайында түсініктері бар;



Істей біледі:

Қойылған сұрақтарға жауап береді.



* * *

Білім беру салалары:Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы:«Біздің топтың ойыншықтары»

Мақсаты:Балалардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту;

білімділік: Ойыншықтар туралы түсінік беру, олармен таныстыру.;

дамытушылық:Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту;

тәрбиелік:Тату ойнауға ,ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс: Дауысты дыбыстарды дұрыс дыбыстау(а, о, ұ)

Билингвальды компонент:ойыншықтар -игрушки;

Қолданылатын көрнекілік:топ ойыншықтары


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, келген қонақтармен сәлемдеседі.

-Балалар, шаттық шеңберге тұрайық.

-Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

-Қайырлы таң достар!

-Балалар, бүгін ойыншықтар туралы әңгімелейміз.

-Ой, балалар қараңдаршы бізге қонаққа қуыршақ келіпті

Қуыршақ топтың ойыншықтарымен танысқысы келеді екен .



Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

-Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

-Қайырлы таң достар!

Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады амандасады.


Іздену ұйымдастырушылық

Ендеше қуыршақты ертіп ойын бұрышына барайық. Ойын бұрышында қаншама көп ойыншықтар.



Билингвалды компонент

ойыншықтар -игрушки



Д/О:»Не өзгерді»

Тәрбиеші үстел үстіне үш төрт ойыншықты қойып, балалардың көздерін жұмуларын сұрайды да,ойыншықтардың орнын ауыстырады немесе бір ойыншықты алып тастайды.


Сергіту сәті:»Доп»

Добым, добым домалап,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің ,

Тарелкені сындырдың.

Д/О: «Достарымызға ас береміз» Тәрбиеші балаларға қуыршаққа ас беретінін айтады.

-Балалар қуыршақпен бірге ойын бұрышына барады, ондағы ойыншықтарды қуыршаққа таныстырады.

-Балалар екі тілде қайталайды.

Балалар қайталап үш төрт рет ойнайды.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

-Балалар қуыршақтарды күту үшін үстелдің үстіне ыдыс, қасық ,печенье, конфеттерді майлықтарды қояды.





Рефлексивті қортындылау

-Балалар, тобымызға кім қонаққа келді?


Біз немен таныстырдық?

-Қонақтарды қалай күттік?


Балаларды мадақтау, мақтау.

-Тобымызға қуыршақ келді


-Біз оларды ойын бұрышындағы ойыншықтармен таныстырдық, оларға үстел жасап ас бердік.




Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болуы:Балалар топтағы сүйікті ойыншықтарды атай біледі;

Қалыптасқан әдет:Ойыншықтар жайында түсініктері бар;

Істей біледі: Ойыншықтар жайында тәрбиешінің көмегімен ауызекі әңгіме құрастыраалады.
* * *

Білім беру салалары:«Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы:Қуыршаққа ас әзірлеу

Мақсаты:Балаларға ыдыстар жайында түсініктерін кеңейту;

білімділік:Балаларға ыдыстарды ажырата білуге үйрету.

дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.

тәрбиелік:Қайырымдылық көрсете білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:үлкен, кіші дөңгелек

Билингвалды компонент:: қасық-ложка,тәрелке-тарелка,шанышқы-вилка

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету,ойын,сұрақ-жауап.

Кұрал-жабдықтар: : ыдыстар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация қозғаушы

Шаттық шеңбері: «Қайырлы таң»

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шыққай күн бүгін.

-Балалар,бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айжан келеді.


Балалар шаттық шеңбер бойында жылулықтарымен бөлісіп, атқан күнмен амандасады.

Балалар қуыршақтың келетіні естіп қуанады.



Іздену- ұйымдастырушылық



Айманға түскі асқа арнап үстел жасаймыз.Кім көмек-

тескісі келеді?



Д\О: «Ас әзірлейміз»

Үстелдің үстіне түскі асқа қажетті ыдыстар-

-ды қоямыз.Ыдыс аттауын атаймыз.

Және ол ыдыс не үшін

қажет екенін айтасыңдар

Билингвальды компонент:қасық-

ложка, тәрелке-тарелка,шанышқы-

вилка,майлық-салфетка
Сергіту сәті: «Қыз бала»

Қандай жақсы қыз бала

Бүрме көйлек кигені.

Жилеткесі оюлы,

Тақиясы қоюлы.
Сөздік жұмыс:қасық,

тәрелке, крөжке,шаныш

-қы,майлық


Балалар қуыршаққа

арнап үстел жасайтын

-дарын айтады.

Данара үстелдің

үстіне тәрелке қояды

да оны атайды.

Еркежан крөжкені

алып оны атайды да

үстелдің үстіне қояды,

осылайша барлығы

ыдыс аттарын айтып

үстелге қояды.

Қос тілде қайталап

жаттайды.

Сергіту сәтін орындап

сергіп алады.

Балалар ыдыс атауларын анық,дұрыс

хормен,топпен айтады



Рефлексивті-қорытындылау

Балалар топқа кім келді?

Айман қуыршаққа арнап біз түскі асты жеу үшін үстелге нелерді қойдық?


Қуыршақ Айман сендерге алғысын айтып жатыр.
Балаларды мақтап,

мадақтау.



Топқа қуыршақ Айман келді.
Түскі ас беру үшін біз

Үстелге ыдыстарды қойдық.




Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу: Түскі ас жайында,ыдыстар жайында біледі;

Қалыптасқан әдет: Балалардың асқа аранған ыдыстар жайында және

олардың маңызы жайында түсініктері бар;



Істей біледі: Қонақты күте біледі, дастархан әзірлей алады.
* * *

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қуыршақты серуенге киіндіру

Мақсаты:Балаларға киімдер жайында білімдерін кеңейту;

білімділік:Балаларға қуыршақты жыл мезгіліне сай дұрыс киіндіруді үйрету;

дамытушылық:Сөздік қорларын молайту;

тәрбиелік:Ұқыптылыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қыс,серуен

Билингвальды компонент: қыстық киім-зимняя одежда,серуен-прогулка

Қолданатын көрнекіліктер:Қуыршақ, қуыршаққа арналған киімдер

Әрекет кезеңдері


Тәрбиеші әрекеті


Балалардың әрекеті



Мотивациялық қозғаушы.

Балалар шаттық шеңберге тұрайық:

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз

-Қайырлы таң,достар!

Балалар бізге қуыршақ келді.

Қуыршаққа көмек керек.

Балалар шаттық шеңбер бойында бір-бірімен амандасады.

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз

-Қайырлы таң,достар

Балалар қуыршақпен амандасады.



Іздену-ұйымдасты

рушылық

Ол серуенге далаға шығайын десе киімдерін ретімен киіне алмайды екен.Жыл мезгілі қандай?

Ендеше қуыршаққа көмектесейік.



Д\О: «Серуенге қажетті киімдерді тап»

Тәрбиеші қуыршақ киімдерін рет-ретімен көрсетеді.

Бірінші қуыршаққа шалбарын,одан кейін жемпірін кигіземіз.

-Данара келесі сен не кигізесің?

-Аяла сен қуыршаққа не кигізесің?

-Мұратбек сен ше?



Билингвалды компонент:

Қыстық киім-зимняя одежда,серуен-прогулка



Сергіту сәті:

Аппақ болып будақтап,

Түтін тікке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Биік самғап ұшады.

Сөздік жұмыс:киім,серуен


Балалар қуыршаққа көмек

көрсеткілері келетіндерін айтады.
Жыл мезгілінің қыс екенін ай

тады.


- Балалар мұқият қарап отырады.

-Мен аяқ киімін киіндіремін.

-Мен пәлтесін кигіземін
-Мен бас киімін киіндіремін

және қолғабын кигіземін.


Балалар қос тілде қайталайды,жаттайды.
Балалар сергіту сәтін орындап сергіп алады.

Сөздерді дұрыс әрі анық айтып жаттығады.




Рефлексивті

қортындылау

Балалар біз қуыршаққа қандай жыл мезгілінің киімдерін кигіздік?

Бірінші қандай соңынан қандай киімдер кию керек екен?


Балаларды мадақтау,мақтау.


Қыс мезгілінің киімдерін кигіздік.
Бірінші шалбар,соңынан жемпір,пәлте,бас киім

қолғапты киіндірдік.






Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу:

Балалар киімдер жайында біледі;



Қалыптасқан әдет: Қуыршақты жыл мезгіліне сай киіндіру жайында түсініктері бар;

Істей біледі: Қуыршаққа қажетті киімдерді атай алады,қуыршақты киіндіре алады.

* * *

Білім беру салалары:«Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы:«Қысқы серуен» суретті сипаттау

Мақсаты:Жыл мезгілі қыс жайында түсінік беру.

білімділік: Балаларды қыс мезгілін сипаттауға дағдыландыру;

дамытушылық:сөйлеу мәдениетін,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік:Табиғатты аялауға,әдептілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:қар, қыс

Билингвальды компонент:қар-снег, қыс-зима,шана-санки

Қолданылатын көрнекіліктер:тақырыпқа сай мазмұнды сурет.


Әрекет кез-рі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік біз.

Топқа қонаққа қоян келеді.


Балалар шаттық шеңбер бойында сәлемдеседі.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік біз.

Қоянмен амандасады.


Іздену

ұйымдастырушы

-лық


Қоян қыс мезгілі жайында көп білгісі келеді екен.

-Ендеше қуыршақ біздің балалармен бірге мына суретке қара.

-Суретте қыз бала қолында не бар?

Ол кімді шанасымен сүйретіп барады?

-Қыс мезгілінде жерді аппақ болып не жауып жатыр?

Билингвалды компонент:

Қар-снег,

Қыс-зима, қар-снег,шана-санки

Сергіту сәті: «Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен.

Ытқып-ытқып жүгірді.
Сөздік жұмыс: қар,қыс


Балалар қоянмен орталарына алып отырады.

Қыз бала қолында шана бар.

-Ол шанамен бауырын ойнатып жүр.

Жерде қарлар жатыр,қарлар аппақ.

Балалар екі тілде қайталап

жаттайды.
Балалар сергіту сәтін орындап сергіп алады.

Дұрыс,анық айтып хормен қайталайды.




Рефлексивті-

қорытындылау.

-Балалар ,бүгін бізге не келді?
-Суреттен кімдерді көрдік?

Суретте қандай мезгіл бейнеленген?

Балаларды мақтап,мадақтау.

-Қоян келді.


Қыз баланы,және оның бауырын.

Балалар риза болады.





Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу: Қыс мезгілі жайында біледі;

Қ алыптасқан әдет:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайды;

Істей біледі: Суретке қарап шағын әңгіме құрай алады.
* * *

Білім беру салалары:«Қатынас»



Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы:«Менің отбасым» суретпен жұмыс.

Мақсаты:Балаларға отбасы туралы түсінік беру;

білімділік:Балаларға отбасы мүшелерін атай білуге үйрету;

дамытушылық:Сөздік қорларын молайту,тілдерін дамыту;

тәрбиелік:Отбасы мүшелерін құрметтей білуге,үйдегі жұмыстарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:ата,әже, әке, ана, апай, аға,бауыр,іні (сөздерін анық айту)

Билингвальды компонент: отбасы-семья,ана-мама,әке-отец.

Қолданылатын көрнекіліктер:тақырыпқа сай сурет, карточкалар,ыдыстар

Әдіс тәсілдері:ғажайып сәт,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын,бағалау.


Әрекет кез-рі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті




Жылулық шеңбері:«Сәлемдесу»

Сәлеметсің бе менің алақандарым.

Сәлеметсің бе менің аяқтарым.

Сәлеметсің бе менің беттерім.

Сәлеметсің бе менің мұрным.

-Сәлеметсіңдер ме,қонақтар.

Топқа ауылдан әжей келеді.

Балалармен амандасады.



Балалар алақандарымен шапалақтайды.

Аяқтарын топылдатады.

Беттерін сипайды,

Мұрындарын қысады,

Қонақтармен амандасады.

Әжейдің келгеніне қуанады,

амандасады.


Іздену ұйымдас

тырушылық


Мен ауылдан сендерге

арнайы келдім.Сендердің отбасында

кімдермен бірге тұратындарыңды

білгім келеді.»-Қане балалар бірінші біз әжені балабақшамызбен таныс

тырайық.-Балабақшамыз қалай аталады?Тобымыз қалай аталады?

Таңертең пошташы тобымызға конверт әкелді.Ішінде сурет бар.



Д\О: «Отбасы мүшелерін орналастыру»

Суреттерді алып ондағы отбасы мүшелерін атайды.Тиісті орындарға орналастырады.

-Қане кім отбасы жайында тақпақ біледі.

Билингвальды компонент: отбасы-семья,әке-отец,ана-мама

Сергіту сәті: «Шалқан»

Ата шалқан егіпті,

Шалқан үп-үлкен болып өсіпті.

Ары-бері тартып еді,тартылмады

Алақай тартып жұлып алдық.

Д\О: «Анамызға көмек»

Ас ішкеге үстелдің үстіне тиісті

ыдыстарды қоюлары керек.

Сөздік жұмыс:ата,әже,апай,аға,

бауыр,іні



-Балалар балабақша атауы «Ажар» екендігін айтады.

Топтарының аты «Балапан»

екендерін айтады.


Суретте көріп отырғандарын айтады.

Балалар үстелде жатқан суреттерді алып,ондағы отбасы мүшелерін атайды.

(бір-екі бала тақпақ айтады)
Қос тілде айтады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы тәрбиешімен бірге жасайды.Әже,күшік,мысық,

тышқанның жүрісін көрсетеді

Балалар үстелдің үстіне асқа керекті ыдыстарды тәрелке,крөжке,қасық,шанышқы,

нан салғышты,майлықтарды

қояды.
Сөздерді анық,дұрыс айтып жаттығады.


Рефлексивті-қорытындылау

Балалар бізге қонаққа ауылдан кім келді?

Әжей не жайында білгісі келеді?

Біз әжейге не жайында айтып бердік?

Аналарымызға үйде қалай көмек көрсетеді екенбіз?

Тәрбиеші балаларды мақтап,марапаттайды


Ауылдан әжей келді.

Әжей біздің отбасымыз туралы білгісі келді.

Үйде кімдермен бірге тұратындарымызды айтып бердік



Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу:

Балалар отбасы мүшелерін атайды;


Қалыптасқан әдет: Отбасы мүшелері жайында түсініктері бар,олардың отбасында

атқаратын қызметтері жайында түсініктері бар;



Істей біледі: Отбасы мүшелеріне көмек көрсете алады,ойын шарты бойынша суреттерін тиісті ұяшықтарғаорналастырады.




* * *

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Тазалықты сүйеміз

Мақсаты:Тазалық туралы ұғым беру

білімділік:Тазалық,саулық туралы түсініктерін кеңейту:

дамытушылық:Тазалықтың пайдасын ұғындыру:

тәрбиелік: Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: айна,тарақ,орамал, су (анық,дұрыс айту)

Билингвальды компонент:тазалық-чистота,сабын-мыло,тарақ-расческа

Көрнекіліктер:карточкалар

Әдіс тәсілдері:түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Психологиялық сәт!

Амандасу. Армысың,асыл

күн, шашқан нұр сәулесін.

Армысың,жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Мінеки,қолым,дос!

Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін

табыңдар.


Балалар шеңберге тұрады.Қолдарын жоғары созады,төмен

түсіреді,бірін-бірі

құшақтайды,алақан-

-дарымен жылу береді.

Балалар жұмбақ жауабын шешеді.


Іздену-

ұйымдастыру

шылық

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

-Дәмі де жоқ,түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

-Дұрыс айтасыңдар,ол су

екен.

-Әр уақытта таза, ұқыпты



жүретін баланың достары

нелер?


Д\О: «Бұл не?»

Балалар үстел үстінде жатқан суреттерді алып ол жайында әңгімейді.



Билингвальды компонент: тазалық-чистота, сабын-мыло,

тарақ-расческа



Сергіту сәті:

Балық болып жүземін,

Шынығамын суда мен.

Бетімді жуамын,

Тісімді тазалаймын,

Шашымды тараймын

Тап-таза боламын

Сөздік жұмыс:

айна,тарақ,орамал, су

Балалар кім тазалық жайында тақпақ біледі?


Жұмбақ жауабы :

-Ол су.
Балалар үстел үстінде жатқан сурет жайында әңгімелеп олардың тазалық сақтаудағы

пайдасын айтады.

(айна,тарақ,орамал,су)

Қос тілде айтып жаттығады.

Сергіту сәтін орындап

сергіп алады

Сөздерді дұрыс дыбыстап,

хормен қайталайды.
Балалар тазалық жайында білетін тақпақтарын

айтады.


Рефлексивті-

қорытындылау


Балалар таза жүретін

баланың достары не?


Балаларды мадақтау.

.

Таза жүретін баланың достары сабын,су,тарақ.


Балалар риза болады


Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу: Тазалыққа арналған заттарды атайды,тақпақтар айтады;

Қалыптасқан әдет: Тазалыққа арналған заттар жайында түсініктері

бар,оларды қолдана алады;



Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере алады.


II кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің

технологиялық карталары

Құрастырғандар:



Кудайбергенова Г.С.



Каталог: uploads -> doc -> 0ff6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ff6 -> Жас жеткіншектерге ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық дәстүрлерін дәріптеп, қазақ би –өнерінің шеберлігін,денсаулыққа пайдасын білуге дағдыландыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет