Мектепке дейінгі мекеменің әдістемелік жұмысына басшылық


Әдіскердің жұмысын жаңарту жолдарының



бет3/3
Дата22.10.2019
өлшемі162,5 Kb.
#50504
1   2   3
Байланысты:
Әдіскерге көмек


Әдіскердің жұмысын жаңарту жолдарының

инновациялық бағыттары:


  • Тәжірибеде қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізу;

  • Бұрынғы қолданыстағы іс – тәжірибені шығармашылық іс әрекетпен жаңарту;

  • Жинақталған іс – тәжірибені инновация негізінде енгізуді жетілдіру;

  • Білім берудің жаңартылған мазмұнын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

  • Әдістемелік құралдар дайындап оны оқу үдерісінде тәжірибеге енгізу;

  • Тәрбиешілердің тәжірибелік іс - әрекеттеріндегі кәсіптік мәселелерді шешу жолында әдістемелік көмек беру.



1 – блок – аналитикалық талдау:


  • әдістемелік – жұмыстың қортындысын талдау – бұл өткен кезеңнің әдістемелік іс - әрекетін жасау анализі, оған мәселелерді табу, тәрбиешілердің білім алу қажеттіліктерді зерттеу, мәселе туындау себептерін табу, бағыттарды анықтау әрекеттері жатады.

  • Оқу тәрбие жұмысын талдау – бұл тәрбие – оқыту жұмыстың сапасын реттеу, муниципалдық деңгейдегі мектепке дейінгі балалардың тұлғалық даму аспекттерді анықтау болып табылады.

  • Оқу – тәрбие жұмысының қазіргі кезеңдегі қорытындысына талдау жасау – оқыту – тәрбие беру үрдісін ұйымдастыруына кедергі болатын , қиындық туғызатын мәселелерді детальды зерттеу.



  1. блок –жоспарлы – диагностикалық

Әдістемелік жұмысты жоспарлауға басшылық:



    • Ғылымилығы (жоспардың нақтылығы мен шынайлығы)

    • Оптималды (нақты есепке алу мүмкіндігі)

    • Мақсатқа бағытталған (жоспардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бағыттары)

    • Перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылысы)

    • Мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігін есепке алу;




  1. блок – ұйымдастыру және үйлестіру:

Тәрбиешілердің мамандақ деңгейін жоғарлатуына бағытталған әр – түрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау. Жұмыстың түрлері жұмыс мазмұнына, мамандық мүмкіншіліктеріне, білім беру қажеттеліктеріне және қажеттіліктеріне және тәрбиешілердің қызығушылықтарына сәйкес таңдаулы тиіс.

«Тәрбиешілердің кәсіптік шеберліктерінің өсуі және бағалау

жоспары» келесі бөлімдерден тұрады:

-Өзін - өзі бағалау сауалнамасы

-Топтағы ұйымдастыру стилі

- Кәсіптік өсу жоспары

- Аттетация бойынша есеп


Өз-ара қарым қатынас түрлері:


  • Өз-ара қарым қатынас локальдық деңгейінде өзгеруі (өзара қарым – қатынас жеке қызметкерлермен өтеді)

  • Өзара қарым – қатынастың модульдік деңгейінде өзгеруі ( өзара қарым – қатынас шығармашылық топ қызметкерлерімен өтеді)

  • Өзара қарым – қатынастың жүйелік деңгейінде өзгеруі (өзара қарым – қатынас балабақша ұжым арасында өтеді)

Инновациялық іс – тәжірибе шығармашылық шеберхана, мастер – класс, әдістемелік көрмелер, шығармашылық есеп беру, ашық көріністер, презентациялар арқылы жүзеге асырылады.


  1. блок – бақылау – диагностикалық:

Жасалған жұмысты оқы

түсіну, өткізілген шараларға талдау жасап, әрекеттерді түзету.


Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жүйесінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлуетін арттыруға бағытталған болуы керек. Ата-аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.
Ата-аналармен қарым – қатынас түрлері.

  • Ай сайын өткізілетін ата-аналар жиналыстары

  • Ата- аналар комитетінің жиналыстары

  • Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар

  • Белгіленген үлгі бойынша есеп беру

  • Ата-аналар портфолиосымен жұмыс ( жылжымалы папка)

  • Жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару.






Оқу – тәрбие жұмысына отбасы мүшелерінің қатысуы

Ертеңгіліктерге қатысу

Белсенділік орталықтар іс -әрекетіне қатысу

Ер азаматтарды шақыру

( атасын, әкесін, ағасын)



Спорттық мерекелермен ойын сауықтарға қатысу

Айырылмас достар (әке шелерінің арасындағы достық)

Ашық ойын алаңды құрастыруға бейімдеу

Топты безендіруге қатыстыру

Баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиелердің төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір – қасиет, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. адамгершілік қасиеттер жататыны, олардың өмірдегі мәң маңызы сараланады. Сонымен бірге отбасында жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше. Обасы балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады.



Оларға мына мәселелер жатады:


  1. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы

  2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әлауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

  3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі,демалыс және оның нысаналары,кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы,отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.

  4. Отбасының ішкі қатынастары: отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.

  5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.

  6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с

Қорыта келе, отбасы тәрбиесі-қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны бес білім саласына сәйкес келеді.

Педагог жұмысының айқын компоненттерінің бірі – балаларды полигамия және мәдениеттің алуан түрлілігіне құрметпен қарау, педагогтар мен ата-аналардың арасындағы әріптестік өзара қатынасты тереңдетуге үйрету болып табылады. Ата-аналар мен отбасы тұтас алғанда, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі кәсіби көмек алу, қабілеттерін дамыту жөнінде ақпараттар алу қажеттілігін бастан кешіреді. Жаңа стандарт ынтымақтастықты орнатудың маңыздылығын атап өте отырып, отбасының әлеуметтік институт ретінде ұрпақтардың сабақтастығын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді: үлкендерге сый-құрметпен қарау, дәстүр мен салттар, мінез-құлық мәдениетін сақтау, өз халқының тарихына, Отанына деген махаббаты. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың басты мақсаты - әрбір баланың отбасымен өзара әлеуетін дамыту және қабілеттерін ашу, бірінші кезекте - өз балаларының басты мұғалімдері және қорғаушылары болып табылатын ата-аналарымен қатынасы. Педагогикалық процестің талаптары білім саласының мазмұны негізінде жүзеге асырылады және қауымдастықтың көмегіне мұқтаж болады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты белгілі талаптарды көрсетеді:

- педагогтар үшін – олардың кәсіби құзыреттілігі және бала құқығы жөнінде Конвенцияның сақталуы;

- мектепке дейінгі ұйым үшін – Мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету;

- отбасы үшін – баланы дамытудың негіздеріне жауапкершілік, педагогтармен бірлесе отырып оның оқытуы мен тәрбиесіне қатысуы. Құжаттың мазмұнына талдау жасай отырып, жаңа ҚР МСТ 1.001-2009 мыналарды қамтамасыз етеді деп айтуға болады:

- мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда жеке қабілеттерін, өмірлік маңызы бар әлеуметтік дағдылар, достықжылы шырай, дербестік, креативтілік, жауапкершілік, ашықтық, коммуникативтікті дамыту;

- педагогтардың кәсібилігі  мен  құзыреттілігі, олардың отбасылар  мен қауымдастықтармен өзара ынтымақтастыққа ұмтылысы;

- ата-аналар, отбасылардың балаларды оқыту және тәрбиелеу жөнінде хабардар болуы, ата-аналардың білім процесіне қатысуы және педагогтармен әріптестігі. Қоғамға ақылды, өсіп жетілген, достық қалыптағы, дербес, эмоционалдық, шығармашылық және жауапты бітірушілер-мектепке дейінгі оқушылар қажет.Жаңа стандарттың балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасына, сондай-ақ инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, олардың білімінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалын айта кету орынды. Балаларды төмен жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің стандарты Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың тиіс-тілігіне қарамастан барлық ұйымдардың қолдануына арналған; оқу орындары, педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институттары, ғылыми-зерттеу институттары, білім саласындағы атқарушы органдар. Оны, сондай-ақ білім қызметін лицензиялау барысында және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында аттестаттау өткізу барысында мемлекеттік басқармалардың органдары пайдаланады.



Қолданылған әдебиет:

  1. ҚР Білім туралы заңы . Астана ,2007 ж.

  2. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

Астана, 2009

  1. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР 11.07.1997ж. №151-1 Заңы

  2. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», 11.10.2004ж.,№1459

  3. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, Астана, 2010

  4. «Балбөбек» бағдарламасы, Алматы, 1996ж

  5. «Алғашқы қадам» бағдарламасы, Астана, 2009

  6. «Зерек бала» бағдарламасы, Астана, 2009

  7. «Біз мектепке барамыз», Астана, 2009

  8. Доронова Т.Н., Арзанбаева Б.О., «Мектепке дейінгі балаларды балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы» , Алматы, «Просвещение-Казахстан», 2007ж






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет