Әдебиеттер:
С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б
Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с.
http://rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_100/#ps
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология,
педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.
.
И.С.Кон: Тұлға – нақты бір индивидті іс-әрекет субъектісі деп білдіреді, және қандай да бір әлеуметтік қасиеттердің, қарым-қатынастың еңбек арқылы дамыған қасиеті ретінде көрінеді.
Немов – тұлға кто? (қасиеттер жиыны) ма, әлде что (индивид) ма?
А.Н.Леонтьев: Тұлға индивидтің қарым-қатынас кезінде иеленген ерекше қасиеттері.
А.Орлов: Тұлға – субъектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі, әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардан біртұтас қасиеттерді жинақтайды.
Егер тұлға анықтамаларын жинақтап, саралайтын болсақ, онда ол индивидтің ортаға байланысты жетілген барлық қасиетттерінің жиынтығы.
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид.
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиына. Алайда, әрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді.
Психология ғылымы жеке адамды зерттеуде, көмек көрсетуде белгілі бір методологияға сүйенеді. Себебі, психология көпмәнді ғылым болғандықтан әр ғалым өзінің ғылыми позициясына байланысты тұлға құрылымына түсінік береді.
Тұлға құрылымы биологиялық және әлеуметтік қатынастар арқылы қарастылырады, сондықтан психологияда тұлғаның эндопсихологиялық және экзопсихологиялық құрылымдардан жинақталған деген идея пайда болған. Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі (ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық – адамның қатынастар жүйесі, әлеуметтік фактор (мотивация, сезім, білімі, қызығу т.б.).
Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты құрайды.
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді:
Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.
Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.
Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.
Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.
Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның психофизиологиялық негізі ретінде темпераментті тіркейді.
Айзенк бойынша тұлға мінез, темперамент, интеллект, адамның дене бітімінен құралған.
Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын – 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды біріктірген мотивациялы мінез-құлық.
Петровский тұлғаның 3 құүрылым көмпонентін көрсетеді:
интроиндивидті компонент – темперамент, мінез, қабілет.
интероиндивид - өзара қатынас, өзара әрекеттестік нәтижесіндегі сапа, қасиеттер.
метоиндивидті – субъектінің басқа индивид бойында жалғасуы (персонализация).
Божович – бағыт-бағдара арқылы тұлға тұтас.
№16 Жеке тұлғаның бағыттылығы
Достарыңызбен бөлісу: |