2. Пәнді оқып-меңгеру барысында студенттің қызметіні тізбесі
Пәнді оқып-меңгеру барысында студент силлабусты және осы кешенді басшылыққа алуы тиіс.
Курсты оқып-меңгеру қызметі оқу қызметінің төмендегі құрамдас бөліктерімен айқындалады.
1. Оқу бағдарламасын мұқият оқып шығу (оқып-үйрену сұрақтарын толық мазмұда көру үшін көмектеседі).
2. Пән бойынша оқу-әдістемелік шығарылымдармен танысу: 1) «Пәнді оқып-меңгеру үшін әдістемелік нұсқаулар»; 2) «Студенттің өзіндік жұмысын орындау үшін әдістемелік нұсқаулар».
Студенттің өзіндік жұмысын тапсыру кестесі де пәнді оқып-меңгерудің маңызды бөлігі болып табылады. Онда студентерге берілетін бақылау жұмыстарының мазмұны мен оларды орындауға нұсқаулықтар және тапсыру мерзімі көрсетілген.
3. Курсты меңгерудің ең маңызды бөлігі дәрістік сабақтарға қатысу (міндетті) және қысқаша конспектілеу болып табылады. Пәнді терең меңгеру үшін конспектіні басшылыққа ала отырып, пән бойынша қосымша әдебиеттер мен энциклопедиялар мен жұмыс жасау орынды болып табылады.
4. Зертханалық жұмыстарға үздіксіз дайындық және сабақтағы белсенділік, төмендегі қызметтерді қамтиды:
– дәрістік сабақтардың материалдарын қайталау;
–сабақтардың жоспарымен, қосымша әдебиеттер тізімімен, сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулықтармен танысу;
–әр түрлі оқу құралдарындағы тақырып бойынша ғылыми мәліметтермен танысу;
–алғашқы дерек көздерін және ұсынылған қосымша әдебиеттерді оқу, аудармалар мен энциклопедияларды қолдану;
–тақырып бойынша жаңа терминдердің мағыналарын аудармалар мен энциклопедиялардан табу;
–тапсыриаларды орындау үшін қысқаша конспектілеу, баяндама тезисін даярлау, қажеттілігіне қарай (реферет жазу және қорғау), негізгі сұрақтарға жауап берудің жоспарын даярлау; сүлбілер мен кестелер даярлау;
– Семинар сабақтарына және бақылау жұмыстарын даярлау барысында туындаған қиын сұрақтарды айқындау үшін кеңес-сабақтарға қатысу.
5. Қорытынды сұрақтар мен қорытынды бақылауға дайындалу.
6.Дәрістік сабақтарда қамтылмаған тақырыптар бойынша өз бетінше меңгеру, қысқаша конспектілер даярлау.
6. Пәннің толық мазмұнын қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |