Тестілік тапсырмалармен жұмыс жасауда түсініктемелер
Қорытынды бақылау және аралық бақылау тест және ауызша формада жүргізіледі.
Тестілеу дәстүрлі бақылаудың маңызды қогсымшасы болып табылады.
Тест – бұл тапсырмалардың стандартталған түрі. Тестілеу арқылы студенттердің оларды орындау деңгейіне байланысты, олардың білімі, меңгеуі және қолдана алу деңгейі бағаланады.
Студент есеп, бақылау жұмысы. аралық бақылау және қорытынды бақылауда тест тапсыруы қажет.
Пән бойынша тест тестілік (бақылау) сұрақтарынан және оларға берілген жауаптардан тұрады. Жалпы білімділік деңгейін бағалау үшін, тестілік тапсырмалардың әр түрлі формалары қолданылады:
1) жабық формадағы тестілер, мұнда берілген жауаптардың тізбесінен дұрысын таңдау, олар бірнешеу болуы да мүмкін. Егер 3 жауаптың 1 –уі дұрыс емес болса, онда студенттің жауабы есепке алынбайды.
2) сәйкестікке тапсырмалар, олар 2-3 жиын элементтерінің арасындағы сәйкестікті табуға келтірілетін тапсырмалардан тұрады.
Берілетін тапсырмалар әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды қамтиды.
– бірінші деңгей – есте сақтау;
– екінші деңгей – түсіну;
– үшінші деңгей – меңгеру;
– төртінші деңгей – қолдану.
Аралық бақылаулар, бағдарламада бекітілген, оқып-меңгерген теориялық және тәжірибелік сұрақтар бойынша жүргізіледі. 1-2 аралық бақылаулардың сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |