«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын қолдануға байланысты ұсыныстар



бет108/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

3. Оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын қолдануға байланысты ұсыныстар

ЖММС талаптарына сәйкес курс материалдарын сапалы оқып-үйрену және меңгеру Оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) көмегімен жүзеге асырылады. ОӘК –оқыту мен бақылаудың құралы болып табылатын, нормативтік және оқу-әдістемелік құжаттың жүйесі.

ОӘК пәннің оқу материалдарын сапалы меңгеру мақсатында келесі мазмұнда даярланды:


  1. Типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компоненттен болса) немесе жоғары оқу орны бекіткен оқу бағдарламасы (егер пән таңдау компонентіне болса).

2. Пән бойынша оқытушының жұмыс бағдарламасы

3. Білім алушыларға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы – SYLLABUS

4. Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі

5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы

6.Дәрістік кешені (дәріс тезистері, көрнекілік және тарату материалдары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)

7. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары

8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар

11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі

12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар

Пәнді оқып-меңгеру барысында студент осы кешенді басшылыққа алуы тиіс.

Дәрістер–мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына толық жауап беретін, нақты тақырыптар бойынша қысқаша ғылыми ақпараттар кешені.

Дәрістік кешен студентке пән бойынша негізгі мағлұматтарды ғылыми негізде оқып-үйренуге, теориялық сұрақтардың негізгі идеяларын қалыптастыр,\ған ғалымдар туралы мағлұматтар алады.

ЖОО студенттерден дәрістер бойынша сұрақ-жауап алу әдістемесі қалыптаспаған, алайда дәрісті оқу студенттің тәжірибелік сабақтарда ілгерілеуіне септігін тигізеді.

«Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар» 8-тарау курсты оқып-меңгеру барысында туындаған қиындықтарға байланысты сұрақтарға жауап береді.

«Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулардан» студент өзіндік жұмыстың орындалуы бойынша үлгілермен таныса алады. Силлабуста студенттің өзіндік жұмыстар тізбесі мен тапсыру мерзімі көрсетілген. Өзіндік жұмыстар бақылау жұмысы және реферат түрінде қабылданады. Реферат теориялық оқу материалдарын қосымша оқып меңгеру тақырыптары бойынша жазылады.

Бақылау жұмысын орындау үлгілері және тапсырмалар кешеннің 9-тарауында берілген.



«Оқу әдебиеттерімен жұмыс жасауға ұсыныстар»

Курсты меңгеру алдында студент оқу бағдарламасымен қатар, ұсынылған оқу әдебиет көздерімен жұмыс жасайды. Себебі, студенттің әдебиетпен өз бетінше оқу материалын оқып үйренуі оның ғылыми дүние танымын кеңейтеді. Қандай да бір түсініктің айналасында көптеген қосымша ой пайымдаулар жасауына көмек алады. Әрине теориялық материалдар бойынша ізденіс жүргізу үшін кешендегі дәрістер мазмұнын толықтара жұмыс жасау маңызды. Ол дәрістік кешен, 6-тарауда берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет