Екіншіден,дәріс тезистерімен, негізгі және қосымша берілген әдебиеттер тізбесімен танысу қажет. Сонымен қатар, мерзімдік басылымдар мен интернет-ресурстарды пайдалану қажет. Қосымша оқу әдебиеттері жөнінде кешеннің 5-тарауы және силлабуста оқу материалдар тізбесінде берілген.
Үшіншіден, барлық өз бетімен оқыған материалдардың мазмұнын қысқаша конспектілеу қажет. Бұл барлық материалды толық көшіру деген сөз емес, керісінше, өзіне таныс емес терминдерге түсініктеме алып, дәрістік кешенде қаралмай қалған материалдар (оқу әдебиетіменнің аты мен беті көрсетілген) бойынша материалдар жинақтау. Студентке жеңіл болу үшін ондай тақырыптар тізбесі СӨЖ кестесінде тізбемен берілген. Қысқаша конспектіленген материалдар бір түсінік айналасындағы әр трлі көзқарастар туралы талдаулар жүргізуге, қорғау басысында өз көзқарасын қорғап шығуы үшін маңызды болып табылады.