Мақсаты: Ежелгі елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болу және даму тарихымен таныстыру Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы қоғам өмірінің бір жағын зерттейтін қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет пен құқытың жалпы тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым бір уақытта тарихи және заңдық болып келеді. Егер ғылым ретінде тарих қоғамның біртұтас пайда болуы, дамуы мен қызмет атқару процесін зерттесе, ал мемлекет пен құқық тарихы мемлекет пен құқыты олардың тек пайда болған кезінен бастап қарастырады.
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.
Бұл пәнді оқып-үйрену үшін келесі әдістер қолданылады :
тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;
салыстырмалы –тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді :
жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;
статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену жоғары дәрежелі маманданған заңгерді дайындауға маңызы зор. Ең алдымен мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену студенттердің мемлекеттік –құқықтық құбылыстарға тарихи ықпал сезімін тәрбиелейді, студенттерді жалпы қоғамдық өмірді және мемлекет пен құқықты танудың ғылыми әдістері білімімен қаруландырады.
Мемлекет пен құқықтың кез келген құбылысы тек оның даму тенденциясы мен келешегін ұғыну кілті табылғанда, бұл құбылыс қалай пайда болды, қалыптасудың қандай сатыларынан өтті және қандай бағытта қозғалуда, дамуда екендігі айқындалғанда ғана дұрыс ұғынықты болады.
Оқулық негізінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Мұнда жеке елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарын хронологиялық сипатта, 4 негізгі кезеңдер шеңберінде : ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі замандағы тарихы мазмұндалған.
Вавилон
Мемлекет және құқық туралы ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығысжөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көріністабады.
Мифология— ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы.Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерініңтіршілігі мен қызметіне қажетті түрдепайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдардыалғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралыайтылады.
ХаммурапибіріншіВавилонәулетінің алтыншы патшасы(б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос озенаралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлденуі мен дәуірлеу кезеңі. Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған Хаммурапи заңы еркінадамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертугежатпайтыннормаретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесінжәне жеке меншікті кызғыштай қорғайды.
Ежелгі парсылардың дүниетанымтуралыкөзқарастары зороастризмде көрініс тапты және дамытылды.Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормузданыңжердегі билігі болып саналады.Мемлекетбилеушісі —монарх—жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздықпенжамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтікжәне діни көзқарастар түрінде қалыптасты.Брахманизмидеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екімыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі."Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардыңтөртварнаға (кастаға)бөлінетіндігі және брахмандар — Пуруши құдайдыңаузынан,кшатрийлер— құдайдың қолынан, вайшийлер —құдайдың санынан, шудралар— құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады.Манузаңдарының 96-бабында "Тірі жәндіктердіңішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардыңішіндеадам, ал адамдардың ішінде брахмандар" депайтылады.
«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерініңтең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағыәділетсіздігіненкөрінеді.
Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саясиойындағы ықпалды ағымдардың бірідаосизмілімінің негізінсалушы болып б.э.д.VIғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысыЛао-цзы саналады.Даосизмілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғиәділдікті жақтайды.Даоілімі бойынша барлық адам тең. Өздәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б.Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді.Оның айтуынша ақылды билеуші өзініңқоластындағыларға"дао"жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдайжасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана
Ежелгі Қытай.
Қытайдағысаяси және философиялық ілім тарихындаконфуцизм ілімі маңыздырольатқарады. Оның негізін қалағанб.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылыКонфуцийболды.Дәстүрлі көзқарастарға сүйенгенКонфуциймемлекеттің патриархалды — патерналистік концепциясын дамытты. Оныңайтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырғанКонфуцийаристократиялық билікконцепциясын, яғниақ-сүйектер тобының билігін жақтады.Конфуцийбилеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгіадамдақайырымды болады. Биліктіңосыережесін жақтағанКонфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды» деген нақылсөз қалған. Ішкі жәнесыртқы соғыстарға қарсы болғанКонфуций Кьггайжеріненалыстүратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.
Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлықжағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері(ли),ата-аналар менүлкендерге құрмет (сяо),адамдықкасиет (жэнь),адамдарқамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б.жатады.
Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңесбереді.Конфуций бойынша"ақылдыбилеуші ауыр жазаменадамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, еңалдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.
Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д.IVғасырларда жарық көрген.Легизмілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалағанол Шаноблысының билеушісі болды.Шан Ян заңдар мен қаталжазағасүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалғаие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғанаелде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгіәдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдарарасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімдіКІМжеңетіндігі" туралы принципке негізделгентаптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша,"халық,өз өкіметінен күштірек болса,мемлекетәлсіз, ал өкімет өзхалқынан күштірекболса, армиякүшті, өрі қуатты болады".
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқарастаболуоларды жазалау және күштеу шараларыарқылы қалағантәртіпкекөндіруге болады деген тұжырымғасәйкес келеді. Студенттердің өзін өзі бақылау сұрақтары: 1)МҚТ пәні түсінігі?
2)МҚТ пәнінің әдістемелерін атаңыз?
3)МҚТ пәнінің кезеңдерін атаңыз?
4)Ежелгі Вавилондағы мемлекет пен құқық туралы ойлардың пайда болу ерекшеліктері;
5) Хаммурапи заңдарының ерекшеліктері;
6) Ману заңы және оның саяси құқықтық ерекшеліктері
7)Қытайдағысаяси және философиялық ілім тарихындаконфуцизм ролі Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Батыр К. «Всеобщая история государства и права». М., 1996г.
2.Черниловский З. «Всеобщая история государства и права». М., 1999г.
3.«Всеобщая история государства и права». Алматы, 2001г.
4.«Лекционный курс по истории государства и права зарубежных стран». М., 2005г.
5.Мұхтарова А.К. «Шет елдердің мемлекеті және құқығы тарихы»,
Алматы ., 2005ж.
Дәріс №2
Тақырыбы: Ежелгі Греция және Рим мемлекеті және құқығы
Мақсаты: Ежелгі Греция және Рим мемлекетінің және құқығының пайда болу, даму тарихымен таныстыру
Ежелгігрекполистерде саяси-құкықтықкөзқарастыңпайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады.Epлiккезең-(б.з.д.IX—VIғғ) ежелгігрекмемлекетінің пайдаболуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқарастарационализм (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан")байқалады –және "мемлекет пенқұқық проблемаларына философиялықтұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит)қалыптасады. Екінші кезең— (б.з.д.VжәнеIVғасырдың бірінші жартысы) ежелгігрек философиясы мен саяси-құкықтық ойларыныңгүлденгенкезеңі(Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель жәнет.б.)Үшінші кезең —(б.з.д. IVғасырдың екінші жартысымсн IIғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетініңқұлдырауы,грекполистерінің алғашқыдаМакедония,кейінненРимбилігіне көшуі(Эпикур,стоиктер.Полибийжәнс т.б.) Б.з.д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.Гомердің"Илиада" және "Одиссея"поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д.VI Iғ.) гректердін әскери және қоғамдық өміріненкөптеген құнды мәліметтер береді.
Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті менолардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы"Жетіданышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әріжалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон,Клеобул және Хилон енген.Олар полистік өмірдеәділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардыңкейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерініңсаяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант,Солон, Хилон сияқты грекойшылдарының пікірінше, ізгіліктіполистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оныңайрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннанқорқатындайзаңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлгілімемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасыныңавторыспартандықХилонның "Заңға табын" деген шақыруы Дельфадағы Аполлон храмына ойылып жазылды."Жеті ғүламаның" қатарына қосылғанСолон (б.з.д.638—559жж) тарихта атақтыреформатор,мемлекеттік кайраткер жәнеЗАҢшығарушы ретінде қалған.Архонт болыпсайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандаршығарды. Оның реформаларын экономикалык және саясидепбөлугеболады. Заң шығарушы ретіндеСолонселолық және қалалык демостық және оған қосылған евпатридтердің мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүктісілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаскесіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойыншақарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығынкепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.
Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптердіфилософиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеяларұсынды. Олардемократиянысынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады. Гректің ұлы ойшылыДемокрит б.з.д. IVғасырдыңбірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адамқауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретіндеқарастыруға талпынды.Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокритсонымен бірге аристократияның пайдалы жақтарыбарекендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардыңел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғаттыдаүздіктер менсаналылардың басқаратыны мәлім, сондықтандажоғары ақылмен адамгершілік касиеттерібарадамдардың билігі дұрыс болыптабылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдайнәтижегежетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.
Платон— антикалық заманның ғана емес, бүкілфилософия,саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі.Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбіридея жекезаттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалыпкетпейді, жаңадан пайда болмайды.
Платонидеалды мемлекеттуралыеңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісінеараласпауынанкөреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың біртоптанекінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды.Платон идеалды мемлекет құрутуралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өзжобасын қиындықпен болса дажүзеге асатынына сенеді.Идеалдымемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмірсүре алмайды.
Платонадамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымныңбестүрінің сәйкес келетіндігі туралы(аристократия, тимократия,олигархия, демократияжәнетирания)айтады.
"Заң" деген шығармасындаПлатонмемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншіктүріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарайбарлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пенбайлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.
Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің(б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.
Аристотельтұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельдесаясат ғылымретіндеэтикаментығызбайланысты.Оның көзқарасы, бойынша саясаттығылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамығанұғымыболып табылады. Этикасаясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді.Аристотельәділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.
Мемлекет формасын Аристотельмемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жердемемлекетформасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғанатоп,көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрысформаларытуралы даайтылады. Дұрыс формадағы билеушілеркөпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілертекқана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді.Аристотельпікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формағатирания, олигархия және демократия жатады.Мемлекеттің ең дұрысформасыретіндеАристотельполитияны айтады. Политияда жалпыныңмүддесі үшін көпшілік билік құрады.
Адамдардың табиғи жәнетарихиқауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен,осыдан келіп тобырға басшылық жасаудың қажеттілігін түсінуінен деп ұғындырады. Алғашқы кезде өзінің күшімен жәнебатылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өзколдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды.Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандықпен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақбасқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерініңкөсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады.Демократия охлократияға айналады.Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең нашар түрі ретінде көрінедіжәне басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе,Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсытұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудыңаралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті бөлу теориясында одан әрі дамытылды.
Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер,нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер)мен кедейлер,оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағыөткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамыпотырды.
Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмірмен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейінпрогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастарГитЛукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көріністапты және одан әрі дамытылды. Оныңбұл шығармасындаадамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуытуралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрдеөлеңмен баяндалады.
Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып,Лукреций"бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдардыда батылсынға алады.Римқоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күреспенбилікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылартуралы теріс пікірде болды.
Бұл кездегі ресмихристиан доктринасымен христиандықтыңсаяси идеологиясының көрнекті қайраткеріАврелий Августиншешімінде схоластикақағидаларыдакөрініс тапты.
Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттікқайраткері және ойшылыМаркТуллийЦицерон б.з.д. 106 жылытуып,б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзатмәдениетінеорасан зор мұра қалдырған ұлыфилософ жәнесаясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекетпен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелероныңосы тақырыпқа арнайы жазған мемлекеттуралы"Құдайлардың табиғатытуралы","Міндеттіліктуралы","Жамандықпенжақсылықтың шегітуралы" және"Заңдартуралы"еңбектеріндекең қамтылған.
Цицерон мемлекеткехалықеңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.
Мемлекеттінпайда болу себебі Цицеронадамдардың әлсіздігіменқорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясынқұптағанЦицерон солкездегі мемлекеттіңпайда болуының келісімдіксипаты туралыкең дамыған түсінігінжоққа шығарды.Ол мемлекет пенжеке меншіктіңбайланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралыережені мақұлдайды.Билеушылер санына қарайЦицеронмемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін(монархия), оптиматтарды(аристократия)және халық билігін(демократия) атапкөрсетеді.
Табиғат құқықтары,Цицеронбойынша,жазбазандардыңқайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайдаболған.. Заңның көмегі менкүшітуралыЦицерон"COТ—сөилейтін заң, ал заң — әлсізсот"деген анықтама береді, яғниәділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".
Ежелгі Грециадан бастау алғанстоицизмримдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты.Римстоиктерініңтеориялықкөзқарастары ежелгі грек стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды.Римстоицизмнің бастыөкілдері Луций Анней Сенека/3 -65жж/, Эпиктет /50—140жж/және Марк Аврелий Антонин болды.
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді. Осы заңға сүйенген олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.
Римзаңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес,бүкіл әлемдік µркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.
Римзаңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелердішешуге көмектесті: 1)rеsponderе— жеке адамдардың құқықмәселелері жөніндегі сұрақтарына жауапберу,2)cavere —келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3)agere—сотісіне көмектесу.
Азаматтық құқық жинақталғанЮстиниан кодификациясы"Корпусюрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияғаең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институцияларықұқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізінқұрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің жәнеМарцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.
Римқұқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык жәнебасқадамемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқықсаласында римзаңгерлері меншік, отбасы,өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясындаболды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иеленужәне пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюғадақұқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Римзаңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдыңодан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.