«мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



бет3/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,48 Mb.
#33480
1   2   3   4   5   6   7   8

Жергілікті басқару

Жергілікті басқару жүйесіндегі негізгі өзгеріс графтықтың ескі соты мен жиналысының рөлі бірден түсіп, олардың функциясы жаңа лауазымды тұлғалар мен разъездік судьяларға көшті.



Сот жүйесі.

    1. Корольдік орындық соты- қылмыстық істерді және қауіпсіздікті сақтау істерін қарастырды.

    2. Жалпы дау соты – корона құқықтары мен мүдделеріне байланысты емес азаматтық істерді қарады.

    3. Қазыналық сот – қаржымен байланысты істерді қарады.

    4. Лорд-канцлер соты – алдындағы үшеуіне қарағанда «әділеттікпен» істерді шешті.

    5. Ассиздер соты – разъездік судья басшылығындағы істерді қарады.

    6. Алқа билер соты (Суд присяжных) – үлкен және кіші жюрийлерден тұрды, үлкен – айыптаушы, кіші – істі қарап, вердикт шығарды.

Абсолюттік монархия

1. Жаңа дворяндық – джентри

2. Қалалықтар

3.Шаруалар: копигольдер – ескі шаруалардың ұрпақтары және фригольдер – жердің ерікті меншік иесі болып бөлінеді.



Мемлекеттік құрылыс

Англияда абсолюттік монархия феодализм ыдырап, капиталистік өндіріс қатынастары пайда болғандақалыптасты. Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі сол, ол толық аяқталмады, яғни күшті король билігімен қатар парламент те әрекет етіп тұрды.

Мемлекеттік билік пен басқарудың ең жоғарғы органы – король - өзіне бағынышты органдармен көмегімен заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін жүзеге асырды. Жасырын кеңес – мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды: лорд-канцлер, лорд қазынашы, жеке мөрді сақтаушы лорд, лорд-адмирал. Парламент – сословиелік өкілеттік органы.

Жергілікті басқару

Графтықтар сақталды, бірақ ең төменгі территориялық бірлік – приход болды.



Сот жүйесі

Вестминстерлік соттармен бірге төтенше соттар (Звездная палата) пайда болды.



Құқығының негізгі белгілері:

Англиядағы құқықтың негізгі қайнар көздері:

1. әдет – ғұрыптар

2. нормативиік актілер (мысалы, 1017 ж. Кунт заңдары)



3. разъездік соттың «жалпы құқықтары»

4. даудың, айтыс – тартыстың жинағы деп аталатын сот мәжілісі барысында толтырылатын хаттамалар

Сөйтіп, маңызды сот ісінің «жылнамаларда» басылатын болды. Сөйтіп, жалпы құқықтың негізгі принципі қалыптасты: «дау – дамайлар жинағында» жазылған жоғары тұрған соттың шешімі ұқсас істерде немесе төмен тұрған соттарда міндетті түрде қаралуы тиіс. Сөйтіп, сот президенті пайда болды.

Ұқсас шешім болмаған жағдайда – құқықтың жалпы принциптері немесе соттың еркін қаралуы


    • «әділеттік құқығы» - тұлға өз мүддесінің «жалпы құқық» соттарынын қорғалуын таппағанда, ол өз ісін «ар - ұятына қарай» шешуін өтініп, корольден «қайыр» сұраған.

    • статуттар – орталық биліктің заң шығарушы актілері, яғни король мен парламент қабылдаған актілер.

Англосаксондық құқық жүйесіне тән белгілер: сот процестіне негізделген «жалпы құқық» және «әділеттік құқығының» пайда болуы;

«Жалпы құқық» жерді феодалдық ұстаумен байланысты ғана мәселелерді қарастырды. «әділеттік құқығы» негізінде копигольдер және лордтар арасындағы азаматтық істерді ғана қарастырды.

XII – XII ғ.ғ. ағылшын құқығында бұрын – соңды болмаған – сенімгерлік меншік институты пайда болды. Оның мәні мынада: бір тұлға екінші тұлғаға басқаның мүддесі үшін өз мүлкін сеніп тапсырады, береді.

Міндеттеменің негізгі қайнар көзі шарт және құқық бұзушылықтар болды. Англосаксондық құқық шартының барлық түрлерін білді.

Некеге отыру, оны бұзу және ерлі – зайыптылардың қатынастары жөніндегі мәселелер канондық құқық құзіретінде. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік қатынас «жалпы құқықпен» реттелді.

Барлық қылмыстар 3 топқа бөлінді : тризна-сатқындық (дарға асу жолымен өлім жазасына кесілді); фелония –ауыр қылмыстар (өлім жазасына кесілді) ;

мисдиминор - терісқылықтар (мүлкі тәркіленген).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері

2.Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары

3.Орта ғасырлық Англиядағы әкімшілік-территориялық бөлініс

4.Англиялық феодалдық құқықтың қайнар көздері

Әдебиеттер тізімі:

1.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

2.Пакровский И. История римского пава.М., 1998.

3.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

4.Салическая правда. М., 1950.

5.Хрестоматия по истории Древнего Рима / Под.ред. С.Л.Утчен-ко-М., 1962. 6.Рутенбург В.Н. Титаны возрождения. СПБ Наука. 1991

7. Айрантов А.Г., Юдин А.И. Западноевропейский и русский утопический социализм нового времени. М., 1991 г

Дәріс№6

Тақырыбы: АҚШ- тағы Конституция, 1787 жыл. 1789 – 1812 жылдардағы Франция мемлекеті

Жоспар:

а)Солтүстік америкалық колониялық Англия

б) АҚШ Конституциясы, 1787 ж

в) Ұлы француз буржуазиялық революциясы

г) Наполеон Бонапарт және Конституция
Мақсаты :АҚШ тағы конституция ерекшеліктерімен таныстыру, Ұлы француз буржуазиялық революциясы туралы толық мәліметтер беру.

Солт. Американың Атлант жағалауындағы 1 ші ағылшын колониясы 17ғ басында құрылған еді. 17-18ғ тағы 12 колония пайда болды. Олар солт Американың жағалауларының ортаңғы бөлігін бойлай орналысты. Түккілікті тұрғындар үндістерді жойып, олардың орнына Африкадан құлдар әкелді.

Оң. және солт колониялардын экономикасы әртүрлі болды: оң колониялар плантаторлық ауыл шаруашылықты болды, оған қол көп еңбегі көп қажет болды; солт колониялар – мануфактуралық-өнеркәсіптік, яғни капиталистік қатынасы жақсы дамыды. 18 ғ 70ж таман колония тұрағы 3,5 млн адамға жетті, оған қоса 500мың құлдар бар.

Колонияларда басқаруда сол сияқты әртүрлі болды. Жеке иеліктер болды (мериленд, пенсельвания), және губернатор басқарған «корольдік колониалар» да болды. Колониялықтар өздерін ағылшын тәжісінің (корона) ерікті азаматы деп есептеді, оларға метрополия құқығы тарады: бостандықтың ұлы хартиясы, құқықтар тұр. Билль, «жалпы құқық», «әділеттік құқығы».

Алайда колонияны метрополияның шикізаты ретінде пайдалану және оны тонау саясаты келіспеушіліктерге әкеліп, ашық үкіметке қарсы бой көтерулерді туғызды.

Тәуелсіздік үшін соғыс.

Тәуелзіздік үшін соғысты «баспасөз комитеті, қауіпсіздік, бақылау комитеті» туғызды. 1774ж Филадельфия қаласында 1ші континенталды конгресс өтті, құрамында 55 делегат болды. Ол метрополияның кедендік және салық саясатына қарсылық білдірген құқықтар декларациясын бекітті. Бір мезгілде корольға петиция жасалды, онда колонистер метрополия жағынан қысым келтіруді тоқтатуды сұрады, оған жауап ретінде ағылшын үкіметі оларға қарсы әскери әрекетке көшті. 1775ж мамырда Екінші Континенталды конгресс жиналды. Ол Англия мен соғыс жағдайын айқындап Американдық әскер құру туралы шешім шығарды. Оның басты жетекшісі Джордж Вашингтон болды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика – штат деп жарияланды.

Американдықтарды ағылшын құқығының нормаларына сүйене отырып қорғаудың пайдасы жоқ екендігін көрген, күрестің көрнекті идеологтары Д.Адамс, Т.Джеферсон, А.Гамильтон кәдімгі құқық идеяларына жүгінді. Бұл идеялар адам құқығы тумысынан берілген және олар алнбайды, мемлекет оны бұзуға емес, қорғауға міндетті делінген.

Бұл идеялар 1776ж 4 шілдеде қайтадан шақырылған континенталды конгресстегі «Тәуелсіздік демократиясын» негізін құрады. Бұл құнаты метрополидан түпкілікті түрде бөлінгендігі туралы айтылды, себебі, метрополия колониялардың құқықтарын бұзды және тәуелсіз АҚШ-ң құрылуы туралы айтылды. Кәдімгі – құқықтың теория негізінде бүкіл территорияда ұлттың ұлттық егемендігі қағидасы жарияланды. Халыққа революцияға құқық берілді. Алайды, демократиялық Декларация құлдық пен үндістер туралы ештеңе айтылмады.

1781ж штат өкілдерінің Конгресімен «Конфедерайия баптары» атты құжат бекітілді. Штаттар АҚШ деп аталатын «мәңгілік одақ» - Конфедерайияға кірді. Штаттар өз ішкі істерінде тәуелсіз болып қала берді. 6 ай мерзімінен аспауы тиіс Конгрес сессиялары арасындағы кезінде оноың кейбір өкіметтіктерін орындау штаттар Комитетіне берілді. Осылайша бірегей мемлекеттің емес, мемлекеттер одағының қалыптастырылуы қарастырылды.

1783ж АҚШ-ың толық тәуелсіздігін мойындаған бейбіт келісімге қол қойылды.

Соғыстан кейін штаттардағы билікті плантаторлар, буржуазия мен көпестер алды. Соғысты басынан кешірген қатардағы Американдықтар өткен соғыстың барлық көпшілікті көрді. Елде тауқулар басталды. Ең ірі қарулы көтеріліс отставкадағы капитан Д.Шейстің басқаруымен болды. Тасқулар басып тасталды, бірақ биліктегілер конфедерацияда мықты бірлестік құру қажет деп тапты.

1787 ж Филоделфияда конституциялық конвент жиналды, оған 12 штат 55 дилегат жіберді. Конституцмяны дайындауда Д.Вашингтон, ДМедисон, ЭРандальф, ДУилсон және т/б сияқты көрнекті зангерлер мен қайраткерлер қатысты. 4 айлық жұмыс нәтижесінде Конституйия дайындалды. Бұл құжаттың негізін қалаған, алғашқы бастамалардың бірі билікті заң шығарушы, атқарушы сот билігіне бақылу болды.

Заң шығару бөлімі 2 палата: Сенат пен өкілдер палатасынан тұратын Конгреске тапсырылды. 2 палатамен қабылданған заң жобасы президент қол қойғаннан кейін 10 күн ішінде заң күшке ие болды. Егер президент заң жобасын қабылдамай тастаса, конгрес оны дауыстың 2/3 мен бекітті, Президент мемлекет, үкімет басшысы болды және қарулы күштердің бас қолбасшысы болды.

3ші билік АҚШ-ң жалпы федералдық Жоғарғы сотымен ұсынылды. Аса маңызды істер бойынша сот алқалары тағайындалды. Конституция с/н бірге мемлекет билікті құрудың Ережелерін қарастырды. өкілдер палатасының депутаттары штаттар бойынша сайланды, сенат әрбір штат-ң з.ш. жиналысынан 2 сенатордан, Президент –сайлаудың 2 деңгейлік жүйесі бойынша сайланды. Жоғарғы сот мүшелері сенат келісімен президентпен тағайындалды. Өкілдер палатасы 2 жылға, сенат 6 жылға сайланды, және сенаттың 1/3 бөлігі әрбір 2ж. сайын қайта сайланды. Президент 4 жылға, жоғарғы сот судъясы - өмір бойынша сайланды.

Конституция федеративтік құрылым енгізді. Жалпы федералдық органдар мен орган штаттардың өкілеттіктері ажыратылды. Федерацияға: соғыс және бейбітшілік, сыртқы қатынастар, монета чеканкасы, мөлшер мен салмақ жүйесі, әскер мен армияны басқару сұрақтарымен айналысу құқығы берілді. Федералды құқықтың штаттар құқығынан басымдығы болды.

1791ж «Құқықтар туралы Билль» қабылданды, ал АҚШ конституциясына алғашқы 10 түзету енгізілді. Түзетулер саяси сұрақтарда демократиялық сипатқа ие болды.

Үндістердегі жаңа жерлерді басып алу, европалық колонияларды сатып алу штаттардың санын көбейтті. Жаңа штаттарды құру тәртібі 1787ж ордонанспен реттелді. Конгресс штат территориясын оның заң шығарушы жиналысымен бірге автономды деп жариялады. Губернаторды елдің президенті сенат келісімімен сайлады.

Саяи партиялар.

Саяси партиялардың құрылуына бастама жасаған А.Гамильтон, Т.Джеферсон басқарған саяси топтар болды. (18ғ 80 жылдары) Гамильтон жақтастары – «құқық туралы Бильсіз» конституцияны қолдады. Джефферсон жақтастары болып табылатын ұсақ кәсіпкерлер мен фермерлер, керісінше «құқық туралы Билльді» қолдады. Жеңіс «Билльдің» жақтастары жағында болды. 1828ж АҚШ-ң демократиялық партиясы, 1854ж АҚШ-ң респуликалық партиясы құрылды. 2 партия да құрамы жағынан әр текті болды, бірақ 1ші оңтүстіктерге, ал 2шісі – солтүстік штаттарға тартылды.

Республикалық партияда 2 ағым пайда болды: оң (ірі буржуазия) және либералды-демократиялық (фермерлер, ұсақ буржуазия).

Сайлаушылар даусы үшін париялар күресі сайлау жүйесін демократияландыру процессіне жағдай жасады. Штаттардың көпшілігі жалпыға бірдей ер адамдарға сайлау құқығын енгізді.

Азаматтық соғыс.

19ғ ортасына таман өнеркәсіптің солтүстік пен құлиеленушілік оңтүстік арасында өткір қайшылықтар пайда болды. 1860ж АҚШ президенті болып республикалық партияның либералдық-демократиялық қанатының өкілі – А.Линкольн сайланды. Бұған жауап ретінде оңтүстік штаттар бөлініп, оңтүстік штаттардың жеке Конфедерациясын құруды шешті. 1861ж соғыс басталды.

1862ж мамырда Линкольн әрбір ниет білдірген адамға батыста фермерлік етуге 160 акр жер участігіне құқық беру туралы заң – «Ганстед-акт»-қа қол қойды. (1акр-1017кв/м). 1862ж құлдықты ликвидациялау туралы Прокламация жариянды.

1863ж 1 қаңтарынан бастап негрлер ерікті деп жарияланды.

1865ж ақпанында Конгресс АҚШ Конституциясына округке 13 түзету қабылдады, ол бойынша бүкіл елде құлдық жойылды. 1865ж көктемде оңтүстіктегілердің әскері қиратылды.

1865ж 14 сәуірде А.Линкольн оңтүстіктер жіберген жалдамалы кісі өлтірүшімен өлтірілді. 1867ж Конгресс қабылдаған жоспар бойынша оңтүстік 5 әскери бөлінді. әскери әкімшілік үшін басқарушы Конституцияға енгізілген 14(1868ж) және 15(1870ж) түзету болды. 1 АҚШ азаматтарының заң алдындағы теңдігін жариялады,2ші – ер адамдардың барлығына, оның түсіне байланыссыз сайлау құқығын беру.

1872ж оңтүстіктегі әскери әкімшілік таратыла бастады, ал 1872ж оңтүстік штаттардан федералдық жауынгерлер шығарыла бастады. Бұл расисттердің қолын байлады. 1881ж Тенниси штатында Джим Кроудың заңы деген атпен белгілі нормативті акт қабылданды. Ол ақдар мен қараларға бөлінген вагондарды белгіледі. Осындай актілерді жоғарғы сот Конституцияға сәйкес деп таныды. Ал ақтар мен қара түстілер тең бірақ бөлек құқықтар береді деді.

18ғ Франция буржуазиялық революциясының өндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы өткір қайшылықтар болды. Феодализм елдің объективті тарихи дамуын тежеді. Жаңа формация: өндірушілер, банкирлер, көпестер.

1788ж терең экономикалық дағдаррыс.

Король Бас штаттардың шақырылуы туралы жариялады. Бас штаттардың ашылуы 1789ж 5 мамырда болды. Қаралған мәселелер:



  • депутат өкілеттіктерін тексеру тәсілдері туралы;

  • біріккен және жеке отырыстар туралы ,

  • Бос штаттардың міндетері туралы,

  • 3ші сословие\ буржуазия құқықтары туралы (буржузия).

Буржуазия сайлауды бірігіп өткізуді және шешімдерді дауыстардың көптігіне қарай қабылдауды талап етті. Үкімет даус берудің мұндай тәртібін қолдаудан бас тартты. 1789ж 14 шілдеде халық Бастилияның қамау-түрмесі – король абсолютизмінің символы алынды. Бұл күн Француз халқының ұлттық мерекесі деп есептеледі.

Провинцияларда ескі органдардың орнына өзін-өзі басқару органдарын құра бастады. Олар – муниципалиттер. Ұлтық гвардия – революцияның қарулы күштері құрыла бастады. Ұлттық гвардия басына маркиз Лафайетті қойды.

1789ж 26 тамызда Құрылтай жиналыс 1ші конституциялық акт – «адам мен азамат құқығы декларациясын» қабылдады

Декларация салтанатты түрде адамдардың заң алдындағы теңдгін, ұлттық егемедігін, биліктің бөліну принципіт және т.б. жария етті.

Декларацияда жеке тұлға құқығының және заңдылық принципінің маңызды кепілдері бекітілген: қылмыс болмаса – жаза да жоқ, кінәсіздік презумпциясы (егер сотпен дәлелденбесе, ешкім кінәлі емес деп саналды), жазаның қылмысқа сәйкестігі.

Декларацияда жалпыға бірдей теңдік бекітілді, алайда 1789ж желтоқсанда бірнеше ай өткен соң, құрылтай жиналысының шешімімен сайлаушыларға мүліктік және басқа даценздерді енгізу туралы декрет қабылданды. Барлық азаматтар «белсенділір» және «белсенді местер» деп бөлінді. Белсенді азаматтар болып саналу үшін: 1) француз болу керек; 2) 25жасқа толу керек; 3) 1 кантонда 1 жылдай уақыт тқрақты тұру керек; 4) 3 күндік жалақы мөлшерінде салық төлеуі керек; 5) қызмет көрсетуші (прислуга) жағдайында болмауы тиіс. «Белсенді емес» азаматтар сайлауға қатыспады.

1790ж басында бірқатар маңызды декреттер күшіне енді. Шіркеулік меншік мемлекет қарамағына өтті. АХА жазу құқығы алынды. АХА жазу мемлекетпен бақыланды.

Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді, Франция 83 департаментке бөлінді, олардың әрқайсысына дистриктер, кантондар, коммуналар кірді. Салық жүйесі бірігіп, дворяндық титул және чиндер жойылды.

1791ж 21 қзанда халықтық көтерілістерді басу үшін қарулы күштерді қолдануға рұқсат туралы декрет қабылдады. 1791ж 14 шілдеде қақтығыстар мен көтерілістердің өткізілуіне тиым салған Ле Шопалье заңы күшіне енді

Конституциялық монархия

1791 ж. 13 қыркүйекте Құрылтай жиналыс конституциялық монархияны ресми заңдастыру үшін конституцияны бекітті. Конституцияға сәйкес заң шығарушы орган деп 2 жылға сайланған бір палаталық ұлттық жиналыс танылды. Атқарушы билік оның алдында жауапты король және министрлерге берілді. Сот билігі сайланған судьяларға берілді. Кассациялық және Жоғарғы соттар бекітілді.

1791 ж. 3 негізгі топтар анықталды:

фельяндар: конституциялық-монархиялық буржуазия мен либералдық дворяндық мүддесін қорғады.

жирондистер: провинцияларды сауда-өнеркәіптік буржуазияны қорғады.

якобиндіктер: ұсақ, жартылай орта буржуазияны, қолөнершілерді, крестяндықты қорғады.

1789-1791 ж. Елдің саяси өмірінде фельяндар басым болды.

Жирандық респубиканы жариялау.

1792 ж. Революциялық монархия еуропаның ірі монархияларының антифранцуздық әскері коалициясының нысанасында болды. Оның мақсаты революциялық Францияны әскери талқандау. Контрреволюция корольмен келісімге кіріп, елді соғысқа итермеледі. Халық якобиндықтарға үміт артты. 1792 ж. 10 тамызда Парижде халықтық көтеріліс болып, король сарайы алынып, Людовик ХVI тұтқындалды. Билік біраз уақытқа Париж Коммунасның қолында қалды. Ұлттық конвент шақыру туралы декрет шығарылды.

1792 ж. 17 тамыздағы Декрет бойынша контрреволюционерлер үстінен Төтенше ылмыстық трибунал бекітілді.

Қыркүйекте Конвнтке сайлау аяқталды. 783 депутат сайланды, олардың 200 жирондисты, 100 якобиндықтар, қалған депутаттар «болоты» деп аталды.

21 қыркүйекте Ұлттық Конвент монархияның жойылғанын жария-етті. 1792 ж. 25 қыркүйекте Конвент Декретімен Франция республика болып жарияланды. Бірақ, революцияның басты мәселесі – ауылдардағы феодалдық қатынастарды түпкілікті және толық жою шешусіз қалды.

21 қаңтарда Людовик ХVI өлтірілді.

1793 ж. 2 маусымда париждіктер мен ұлтық гвардияшылар Париждық Коммунаның басқаруымен Жирндиндық Үкіметті құлатты.

10 маусымдағы декретпен салалардағы феодалдық тәртіптер жойылды. 17 маусымдағы декрет бойынша барлық феолалдық құқықтар жойылды. 1793 ж. 24 маусымда өзінің мазмұны жағынан «адам мен азаматтардың құқығы Декларациясынан» тұратын Конституция қабылданды. Якобиндық диктатура басқарудың демократиялық режимін бекітті. Ол 21 жасқа жеткен барлық француздарға сайлау құқығын берді. Мемлекеттік басқару функциялары 24 адамнан тұратын Атқарушы кеңеске жүктелді, ол қабылданған заңдар мен декреттер шегінде әрект етуі тиіс болды.

Заң шығарып, талқылау құқығы бар мемлекеттік биліктің жоғарғы органы – Конвент; Елді қорғау және басқару бойынша ерекше өкілеттіктерге ие қоғамдық құтқару Комитеті сияқты органдар болды. Бұл комитеттің басқаруы мен бақылауында барлық министрліктер мен ведомствалар болды. Қоғамың құтқару Комитеті армияны қайта ұйымдастырып, 1793 ж. 23 тамыздағы Декрет бойынша жалпыға ортақ әскери міндеттілікті енгізді.

Істерді Комитетте қарағанан кейін ревоюциялық трибунағаға берді. Қоғамдық қауіпсіздік Комитеттің қарамағында полиция мен түрме болды.

1793 ж. 29 қыркүйекте «Жалпыға ортақ максимум туралы» декрет бекітілді, барлық негізгі тауарларға қатаң баға және еңбек ақының максималды мөлшерін енгізді. Якобиндықтар революциялық күштен карательный күшке айналды. 1794 ж. 10 маусымдағы Декрет «халық жауы» ұғымын енгізді. Халық жауы көбінде революция жаулары емес, М. Робеспьердің жеке жаулары мен оның саясатымен келіспейтін адамдар болды.

Директория (Термидоримдік Республика)

Термидориандық конвент 1795 ж. Конституцияны дайындады.

1795 ж. Конституцияға сәйкес жоғарғы заң шығарушы жиналыс болып 2 палата: жоғарғы – ақсақалдар кеңесі, төменгі – 5 жүздіктер Кеңесінен тұратын заң шығарушы корпус жарияланды. Төменгі палата заң жобаларын жасады, оны жоғарғы палаты бекіте және қайтара алды.

Заң шығарушы корпусқа сайлау 2 деңгейлі болды. Дауыс берушілер Заң шығарушы корпустың және жоғарғы сот органдарының мүшелерін сайлады.

Атқарушы биліктін құрамында 5 мүшесі бар Директория қалды.

Басқарушылар жаңа революция мен келе жатқан былықтан құтқаратын әскери диктатура енгізді. Генерал Н. Бонапарт үлкен қолдауды Италия мен Еуропадан тапты.

1799 ж. әскердің көмегімен Бонапарт Заң шығарушы корпусты қуып, Директорияны жойды.

1799 ж. Конституция жаңа режимді заңды түрде бекітті. Үкімет 3 консулдан тұрды. Барлық билік 1-ші консулдың қолында болды. 2-ші және 3-ші консулдар кеңесші дауысқа ие болды.

Заң шығарушы билік органдары ретінде мемлекеттік кеңес, Трибунат, Заң шығарушы корпус және Корғаушы сенат бекітілді. 1-ші консул заң жобасын ұсынды, мемлекеттік кеңес оларға редакторлық етті, Трибунат талқылды, Заң шығарушы корпус қабылдады, қорғаушы сенат бекітті.

1802 ж. Бонапарт өмірлік консул болып жарияланды. Оған мұрагер тағайындау құқығы берілді. Сосын ол француздардың императоры болып жарияланды.

1814 ж. әскер одақтық армияның қысымынан құлады.(ағылшын, орыс, австрия және пруссия)

Легитимді монархия.

17 Король Людовик толық революцияға дейінгі түрде абсолютизмді орнатуға болмайтындығын түсініп, конституциялық басқаруға келісті. 1814 ж. Ол хартиямен рәсімделді. Елде легитимді конституциялық монархия пайда болды(легитимдіктің мағынасы, Бурбондардың «заңдық» династиясы қайтадан басқарды дегенді білдірді). Корольға атқарушы билік толық берілді. Заң шығару облысында ол жарлық шығару құқығын иеленді. Сонымен қатар оған пэр титулын иелену құқығы берілді, ол өмірлік және мұрагерлік болды.

Сайлау цензін енгізу нәтижесінде 31 млн. Тұрғынның 50 мыңы ғана сайлауға қатыса алды, ол 15 мыңы ғана сайлануға құқығы болды.

Легитимді монархия негізінен Наполеон тусында пайда болған әскери – бюрократтық және сот апаратын сақтады.

1830 ж. Маусымында Карл X корольдің үкіметі 1814 ж. Хартиямен бекітілген конституциялық режимді жоюды шешті. 4 ордонанс қабылданды: депутаттар палатасын тарату; төменгі палата депутаттарының санын 2-ге қысқарту; баспасөздің толықтырушы прессасын енгізу; жиналыс пен манифестацияға тиым салу туралы. Карл Х қашты, легитимді монархия құлады.

Король деп ірі буржуазиядан шыққан Луи-Филипті жариялады.

1830 ж. Хартия жаңа редимнің конс/сы болды. Парламент ролі біраз кеңейді, заң шығарушы билік король мен 2 палатаға да берілді.

1848 ж. Ақпанда Луи-Филипп тақтан түсті. Уақытша үкімет құрылды және гвардия жасақталды. 1848 ж. Көктемде Құрылтай жиналысқа сайлау болды. Жиналыстың көп бөлігін ірі буржуазия, жер иеленушіліер, генералдар, жоғарғы духовенство құрады. Еңбекшілердің жағдайын жақсартатын барлық актілер доғарылды.

1848 ж. 22 маусымда жұмысшылар көтеріліске шықты.

1848 ж. Жаңадан енгізілген Конституция бойынша басқарудың республикалық формасы мен, биліктін бөлінуі жарияланды. Жоғарғы заң шығарушы орган болып Ұлттық жиналыс бекітілді. Атқарушы биліктің басшысы – Президент болды.

Заңдардың қолданылуын бақылаушы Кеңесші орган Мемлекеттік Кеңес болды. Оның құрамын 6 ж. Мерзімге Ұлттық жиналыс тағайындады.

ІІ - Империя

1ші сайланған президент Луи-Наполеон болды (Н. Бонапарттың жиені). 4 жылдық мерзімді азсынған және қайтадан сайлануға тиым салумен келіспеген Луи-Наполеон 1851 ж. Желтоқсанда Ұлттық жиналысты қуып, 1848 ж. Конституцияны жойды.

1852 ж. Конституция Луи-Наполеон төңкерісін заңдастырды. Жаңа конституцияға сәйкес бүкіл билік президентке тапсырылды. Заң шығарушы билікті Мемлекеттік кеңес, заң шығарушы корпус және Сенат жүзеге асырды. Ол мемлекеттік Кеңес пен Сенат мүшелерін тағайындады. Президент 10 жылға сайланды.

1852 ж. Қарашада арнайы заңмен Империя орнады, Луи-Наполеон француздар императоры – Наполеон III болды. Елде әскери-полицейлік диктатура белгіленді.

1871 ж. Жаңа биліктің басқарушы органы Ұлттық гвардияның Орталық комитеті болды. Өкілді жоғарғы орган – Париж Коммунасының Кеңесі болды. Ол өз құрамында әр-түрлі сұрақтар бойынша 10 комиссиядан тұрды.

Әділ сот ісімен әділет комиссиясы айналысты.

1871 ж. 19 сәуірде Коммуна Француз халқына Декларацияны жариялады: Декларация елді Коммуналарға бөлуді ұсынды, яғни республикалық режимді өзгертпестен. Орталық үкімет Коммуналардан шыққан депутаттар жиналысы ретінде қызмет етуі тиіс болды.

1875 ж. елдің конституциясын құраған 3 заң қабылданды. 1) Мемлекеттік билікті ұйымдастыру туралы конституциялық заң; 2) Сенатты ұйымдастыру туралы заң; 3) Мемлекеттік билік қатынастары туралы заң.

Президент сенат пен депутаттар палатасының абсолютті көпшілік дауысымен 7 жылға сайланды. Заң шығарушы билік сенат және депутаттар палатасымен жүзеге асырылды.

Бүтіндей басқарудың республикалық режимі жарияланды. Бұл Францияның саяси өміріндегі 2 ағымның күресімен түсіндірілді: монархиялық және республикалық.

1877 ж. 3 монархиялық топтар республикаға қарсы астыртын сөз байласып бірікті. (Мак-Магон) Президент Мак-Магон мемлекеттік төңкеріліс жасауға тырысты, бірақ республикандықтардың күшті қарсылығын кезіктіріп, отставкаға кетті.

2ші рет министр Буланже шара қолданды, бірақ париждіктердің көтерілісінен қауіптеніп, ол ашық әскери қақтығысқа шыға алмады.

1884 ж. Демократиялық қозғалыстың жандануы жағдайында 1875 ж. Конституцияға маңызды түзетулер енгізілді. Келесі кезеңдер қарастырылды:

1) депутаттар палатасы мен Сенат мемлекеттік биліктің негізгі звеносына айналды;

2) президент билігінің келуі байқалды;

3) үкімет парламент бақылуында болды;

1879-1880 ж. Республикандықтар Париж Коммунасының ұлттық гимні етіп «Марсельезаны» тануды, ал 14 шілдені Францияның ұлттық мерекесі деп тануға қол жеткізді. Республика негізінен бұрынғы әкімшілік-аумақтық бөліністі сақтады. Кейбір министрліктердің департаменттерге және кантондарда өз бөлімшелері болды. Департамент басында префект, округ басында – суперфект тұрды. Жергілікті органдарға департаменттің бас кеңесі, аймақтық кеңес, Коммуналардағы (муниципалитет) қалалық және селоық өзін-өзі басқару органдары өкілдік етті.

Коммуна басшысы сайланған мэр болды. Бұл органдар салық, жергілікті басқару сұрақтарымен айналысты. Префектіні ішкі істер министірінің ұсынуымен президент тағайындады, суперфектіні – ішкі істер министірі тағайындады. Бұл тұлғалар округтер мен департаменттерде орталық билікті иеленді.

Француз колониалдық империясы.

Көлемі бойынша 2ші колониалдық империя салыстырмалы қысқа мерзімде пайда болды : 1880-1918 ж. Оған: Батыс Африка - Сенегал, Гвинел, Судан, Мавритания, Нигер; Экваторлық африка – Конго, Чад, Габон, Жоғарғы Вольта; Солт. Африка – Тунис, Алжир, Марокко; Аралдар – Таити, Мадагаскар, Маркиздік, Гвиана; Солт. Америка – Канадалық Квебек; Индо-Қытай – Вьетнам, Камбоджа, Лаос кірді.

Француздық колониялардың негізгі массасы 4 генерал-губернаторлыққа бөлінді: Француздық Бат. Африка, Француздық Экваториялық Африка; Мадагаскар, Индо-Қытай. Индо-Қытайды басқаруға қолайлы болу үшін : Кохинхин (оң. Вьетнам), Аннам (ор. Вьетнам), Камбоджа, Лаосқа бөлінді. Камбоджа мен Аннамада номиналды басқаруға жергілікті династиялар жіберілді. Алжирда территория 3 департаментке бөлінді. Азаматтық басқару префекттерде болды, әскери-дивизионды генералдарда болды. Тунисте жергілікті монархты, Мароккода – султанды сақтады, бірақ олардың билігі номиналды болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет