«мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен


Өзін –өзі бақылау сұрақтары



бет4/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,48 Mb.
#33480
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін –өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жаңа замандағы Францияның саяси-экономикалық өмірі

  2. Жирандық респубиканы жариялау

  3. Директория (Термидоримдік Республика)

  4. Легитимді монархия.

  5. ІІ Империя

  6. Француз колониалдық империясы.


Әдебиеттер тізімі:

1.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

2.Пакровский И. История римского пава.М., 1998.

3.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

4.Салическая правда. М., 1950.

5.Хрестоматия по истории Древнего Рима / Под.ред. С.Л.Утчен-ко-М., 1962. 6.Рутенбург В.Н. Титаны возрождения. СПБ Наука. 1991

7. Айрантов А.Г., Юдин А.И. Западноевропейский и русский утопический социализм нового времени. М., 1991 г
Дәріс№7

Тақырыбы: Герман феодалдық мемлекеті

Жоспар:

а) Мемлекеттік құрылысы

б)Германиядағы сословиелік өкілетті монархияның ерекшеліктері

в) Германиядағы абсолютизмнің ерекшеліктері

в) Германиядағы феодалдық құқық
Мақсаты: Герман феодалдық мемлекетінің мемлекеттік құрылысы мен құқықтық ерекшеліктерімен таныстыру.

«Герман ұлтының қасиетті римдік империясы» 1804 ж. Н. Бонапартпен қиратылды. Наполенонның шабуылынан кейін 1814 ж. Париж трактымен Герман адағы қурылды. 34 мемлекетің ішінде – корольдік, княждік, герцогтік және біраз еркін қалалар. Барлық бул мемлекеттер император мен императорлық сеймнің қол астына қарайды деп есептелді, бірақ, тәжірибеде тасық тәуелсіздіқті иеленеді.

Германдық одақтың басқарушы органы – одақтың сейім барлық германдық окілеттік мемлекеттерден турды.

Одакқа кітел мемлекеттердің әр қайсыны егемендегі болды және әр түрлі басқарылды: бір мемлекеттерде самодержавия қанды, басқарларында земдік собраниялар қурылды. Барлық шемде әлеум/к қурамы бірдей б/ы. Дворяндық князға және императорға тәуелді бағды. Қалалық турғындар окілді қалалық мекелелерді, бюргерлерді және қаюнершілерді басқарушы патрициондық отбасыларынан турды. Крестьяндардың көп бойгі крепостнойлар болды.

Пруссия мен Австрия барлық герман мемлекеттерінің ішіндегі ең консервативті б/ы. Консерватизмнің идеологиялық базасы бул кезде құқықтың тарихи мектебі болды (Гуго, Савиньи, Пухт), ал құқық кодификациясына да, жалпы либералдық заң шығаруға да қарсы болды.

Германиядағы жалпы саяси жағдай үшін наполеондың соғыстар ізсіз откен жоқ: Наполеон Кодексінің ықпалы реформалардан корінді. Осылай 1808-1810 реформа Пруссиядағы мем/к басқаруды реттеді. Ескі баскарусыз «коллегиялардың» орнын 5 министрлік онды (әскері істер, шетелдік, қаржылық, ішкі, юстиция). Қала/да муниципалдық кеңестер қурылды. Крепостнайлық құқық доғарылды, бірақ шаруы жерді палещиктің пайдасына бергенген кейін ғана босталды.

Шарнхорст реформасымен жалпыға ортақ әскери қулшылық енгізілді.

1848 жылғы Революция

Германиядағы революцияға 1814 ж/ғы Француз революциясы түрткі болды. 1848 ж.наурызында Берлинде әскери бас көтеру болды. Уақытты ұты үшін корольдер мен князьдер франкфурт-на-майна да бүкіл германдың
Қурылтай жиналысты шақыруға келісім берді. Ол жинаныс федералдық Конституцияны дайындады. Демократиялық конституцияның жобасы әрекет етпеді, ал 1849 ж маусымында делегаттарды үкімет Вюртемберге қуды.

1850 ж дайындалғын конституция феодалықтың консттіліктеріне жауап берді. 2 палаталық заң шығарушы роган қурылды. Томенгі палаты таңдаумы болды, жоғарғы палата король жарлығымен тағайындалды. Парламенттің заң шығару билін корольдің абсолютті вето қуқығымен паралелді болды. Үкімет министрлері ландатқа тәуелді болмады, яғни сенімсіздік вотумы ағарта қауіп тондірмеді.

Пруссия канцлері Отто Бисмарк әскерте бюджеттің 51 млн талерінен 22 сін жумасады. Алайды Пруссия 1886 ж. Австриямен хоғыста жеңгелмен кейін, оған кешірім берілді. Соғыс нәтижесінде Пруссияға бірқатар солтүстік-германдық мемлекеттер қосылды, олардың ішінде Ганновера, Гессен-Кастелл, Ниссаң, Франкфурт – на – Майне бар. Шлезвиг және Гальштейн 1864 ж. Даниямен соғыстан кейін Пруссияға берілді. 1866 ж. Германдық одақ орнына солтүстік-герман одағы қурылда. 1867 ж. жаңа мемлекет жаңа конституция қабылдады. Оған сәйкес Одақты басқару Прусс корайне (прензидентке), қанцлерге, 2 палатаға берілді. Төленгі палата жалпыға бірдей сайлау қуқығы негізінде сайланды.

Адақкқа ониүстік – герман мемлекеттері кірмеді: Бавария, Саксония, Вюртемберг. Олардың күштеп біртігуне Франция кедері болды, оған мықты, бірлікті Герман мемлекетінің қурылуы пайданы б/мады.

1870 ж. Пруссия Францияны соғысқа.

Франция қиратылды, ол Пруссия оңт-герман мемлекеттерін озіне қосып алды. Осылайна, Европоның орталығында жаңа мем-т Герман империясы п.б.


1871 жылғы Герман Конституциясы

Жаңа конституцияға сәйкес, империя қурамына 22 монархия және бірнеше еркін қалалар енді. Империя басшысы прусстік король болды. Империя территориясының жартысынаң астам басігі Пруссия үлесіне кірді және турғындардың 60%-ті. Король мем-т басшысы болды және қарулы критердің басты басқарушысы болды, ол үкімет басшысы – иперия канцлерің тағайылдады.

Парламенттің жоғарғы палатасы Одықтық кеңес (бундесрат) д.аталды. Төменгі палата (рейхстаг) 3 жылға сайланды. Рейхстагтың фактілік билін бундесрат окілеттілігінен айтарлықтай кем болды. Рейхстагтың үкімет үстінен бақылау жасауға тырысушылығына бундесрат жол бермеді.

1871 ж. Конституцияның 20 бабы ер адамдардың сайлау қуқығын елгізуді декрет арқылы белгіледі, бірақ қупия сайлау орнына ашық дауыс беру енгізілді.

Томенгі палатаның тартылуп бундесраттың қарапайым қаумысымен лирикін болды, және бул жей кездесті.

Жалпы 1871 ж. Конс/я өзінің әлеуш/к-саяси мазмуны бойынша феодалдық-юнкершік жериелеушілер мен жедел дашыпкеле жатқан прусс-германдық капитал арасындағы компромисс көрінісі болды.

Германияның дамуы.

19ғ. 2ші жартысынан бастап Германияда өнеркәсіптік өндірісті жоғарлатуға талпыныс байқалды. 1882ж біріккен германияда 9,5 мың, 1895ж – 18 мыңдай, 1907ж – 30 мыңнан аса кәсіпорындар пайда болды. Жұмысшы топтың саны 6дан 11мың адамға дейін көбейді. Жұмысшы топтың жедел өсуі оны ұйымдастырушы органы әлеуметтік-демократиялық партия болып табылатын саяси күш ретінде көрсетті. 1875ж Гот қаласындағы съезде Гот бағдарламасында айтылғандай социал-демократтар демократиялық парламент үшін күресуді, ал парламенттің өзінде – жұмысшы топтың жағдайын жақсартатын заңдар үшін күресуді мақсат етті. Социял-демократтардың ықпалын күшейтуге Биссмарк үкіметінің жауабы социал-демократтарға қарсы заңды рейхстаг арқылы өткізу болды. Алайда, 1890ж заң доғарылып, Биссмарк отставкаға кетті.

Отаршылдық қатынаспен ерекшеленген Германия әлемді қайта жасауға тырысты. Франция мен Ұлыбританияның шиеленісті қатынастары бірінші әләмдік соғысқа әкелді. Соғысқа седеп болған 1914 ж Сараево қаласында Австро Венгр тағынын мұрагері Эрцгерцог Фердинанттың өлімі болды. Бірақ соғыста Германия женіліп империя құлады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Германиядағы заң шыңарушы орган қалай аталды?

  2. 1871 ж. Герман Конституциясы бойынша басқару органдары

  3. Германиядағы абсолютизмнің ерекшеліктері

  4. Германиядағы феодалдық құқықтың ерекшеліктері

  5. Әдебиеттер тізімі:

  6. 1.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

  7. 2.Пакровский И. История римского пава.М., 1998.

  8. 3.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

  9. 4.Салическая правда. М., 1950.

  10. 5.Хрестоматия по истории Древнего Рима / Под.ред. С.Л.Утчен-ко-М., 1962. 6.Рутенбург В.Н. Титаны возрождения. СПБ Наука. 1991

  11. 7. Айрантов А.Г., Юдин А.И. Западноевропейский и русский утопический социализм нового времени. М., 1991 г



Дәріс №8

Тақырыбы: Социалистік мемлекет және құқық

Жоспар:

а) 1917 - жылғы қазан революциясы

б) КССР- дың конституциялық құрылысы

в) Социализм- әлемдік жүйе


Мақсаты: социалистік мемлекеттердігі мемлекет және құқықтың даму ерекщеліктерімен таныстыру, КССР дің конституциялық құрылысының ерекшеліктеріне тоқталу.

1930ж. ортасында бұрынғы КСРО –да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі кезең аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мәдени революцияның шешуші жеңістерімен байланыстырылды. Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын өзгертуге негіз болды. 1936ж. 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Қазақстанға Одақтық республика мәртебесі берілді. Осылай ҚАКСР ҚКСР айналды. Бұл қазақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз еткен мәнді құқықтық акті және саты болды. Осыған байланысты 1937ж. бүкіл қазақстандық кеңестердің төтенше Хсъезі ҚКСР Конституциясын бекітті.

Ол 11 тараудан 125 баптан тұрды. І тарауда: ҚКСР жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Социалистік шаруашылықтың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратындығы анықталды. ІІ тарауда “Мемлекеттік құрылыс” бекітілді. 13 бапта экономика, саясат, отан қорғау, өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отыратындығы көрсетілді. Осыған сүйеніп ҚазКСРО КСРО конституциясының 40 бабында көрсетілген құқықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғарғы өкімет органдары мен мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп берді. КСР заңдары міндетті түрде орындалуға жатты. Қазақстанның азаматы КСРО азаматы болып есептелді. Ш тарау мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР –да өкімет билігінің жоғарғы органы –ҚазКСР –ның жоғарғы кеңесі болды. Заң шығарушы орган –Жоғарғы Кеңес болды. Атқарушы және бұйырушы жоғарғы органы ҚазКСР-ының Халық Комиссарлар Кеңесі болды. Бұл орган респібликаның үкіметі болып табылды. УІІ тарау сот және прокуратураға арналды. Негізгі заң мемлекеттің ел таңбасын, туын және астанасын белгіледі. 1937ж. Конституция 40 ж. қызмет етті. Елдің экономикасы, мәдениеті мен саяси – құқықтық дамуына зор әсер етті. Бірақ тотаритарлық қоғамда оның адам құқықтарына қатысты нормалары аяқ асты етіліп, миллиондаған адамдар қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы мемлекет пен құқыққа үлкен ықпал жасады. Мемлекеттік құрылыс, оның қызметі, құқықтық қатынастар соғыстың талабына сай қайта қаралды. Бәрі де майданға, жеңіске қызмет етті.1941ж. 30 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының, БК(б)П ОК-нің және Халкомкеңесінің шешімімен төтенше орган Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылып, мемлекеттегі барлық билік түгелдей оның қолына берілді. Қазақстанда және басқа да республикаларда МҚК-нің тұрақты өкілі қызмет етті. Соғыс жағдайында орталықтанған директивалық басқару алдыңғы қатарға шығып, өкілді органдардың қызметі шегерілді. Жаңа мемлекеттік органдар құрылды. 1941ж. ұлттық құрамалар жөнінде республикалық комиссия, халкомкеңес жанында еңбекке жарамды адамдарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына мобилизациялау туралы бөлім, эвакуацияланғандарды орналастыру бөлімі т.б. органдар құрылды. Соғыс барысында әскери қызметкерлердің отбасын орналастыру және қамтамасыз ету басқармасы қызмет етті. 1944ж. Кокшетау және талдықорған облыстары құрылды. Азаматтық құқық социалистік меншікті нығайтуға бағытталды. Мүлікті ұрлау, жоғалту, малды нашар қарағаны үшін жоғарғы жауапкершілік ендірілді. Кәсіпорындардың жоспарды орындауына, келісімдерді дер кезінде жүзеге асыруына ерекше көңіл бөлінді. Еңбек заңдарына өзгерістер енгізіліп, өкімет органдарына 16 мен 55 жасқа дейінгі азаматтарды міндетті еңбекке тартуға құқық берілді. Колхоздарда 12 жастан асқан жасөспірімдер еңбекке тартылды. Себепсіз еңбеккүн толтырмағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуға дейін шаралар қолданды. Әскери оқудан бас тартқан азаматтар да жазаға тартылды. Қылмыстық істер одақтық заңдар бойынша қаралды. Әскери сот органдарының рөлі артты. 1942ж. әскери трибунал туралы ереже бекітілді. Қазақстанда соғыс жағдайы енгілімегендіктен мұндай жағдай әскерилендірілген мекемелерде қолданылды.



  1. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару

  2. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер

  3. Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы

Соғыстан кейінгі мемлекеттік құрылыс пен басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946ж. 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-інің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комисариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Жаңадан өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Олардың өкілеттіліктері артты. 1946ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. 50 жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, өнеркәсіп, құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау, басшылық ету құқықтары артты. 1956жылғы КОКП ХХ съезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс болды. Сталиннің жеке басына табыну , социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50 жылдары жазықсыз атылған, қамалған азаматтардың бір тобы қайта ақталды. Одақтас республикалардың құқықтары артып, егемендігі біршама кеңейді. ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, ауыл шаруашылығына қатысты құқықтары кеңейді. Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың өкілдері кірген экономикалық комиссия құрылды. 1958ж. ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды. 60 жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н.С. Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И. Брежневтің келуімен байланысты. 1977ж. республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің атқару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелене түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды.

1924ж. Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жерлері қайтарылды. Осы жылы қарақалпақ автономиялы облысы да қазақстанның құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСРінің құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша қазақстанның шекарасы тек оның Жоғарғы Кеңесінің келісімімен ғана өзгертілетін болды. 1955ж. 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданының жалпы көлемі 7049га РКФСР Астрахан облысының Владимир ауданына берілді. 1956ж. КСР –на Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы колхоздарының Бостандық ауданындағы жайылым көлемдерін қоспағанда) берілді. Голодностеп (Мырзашөл) каналының сол жағалауындағы 75 мың га жер ҚазКСР үкіметінің 1936-37жж. Өзбек КСР-не уақытша берілген 329 мың га жерлер Өзбек КСР-не берілді. Осылай барлығы 5 млн. Га астам жерлер Өзбек КСР-не берілді. 1971ж. майда Өзбек КСР-нің Сырдария облысының Жетісай , Киров және Мақтаарал аудандары сол кездегі шекарасымен Шымкент облысына қайта қосылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның территориясында осындай өзгерістер болды. Бұл өзгерістерді тәртіп бойынша алдымен ҚазқКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдап, онан соң КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекітіп отырды. Сонда бұл өзгерістер құқықтық жағынан Қазақстанның өз еркімен бергені болып саналады. Дегенмен мұндай “өз еркімен” жасалған өзгерістердің негізінде Мәскеудегі орталық билік органдарының қысымы жатқаны белгілі.

Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70 жж. Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды. 1959ж. қылмыстық және қылмыстық- процессуалдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды. 1971ж. ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу, оларға еңбекпен түзеу әдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты. 1963ж. республиканың азаматтық және азаматтық –процессуалдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталды. Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура және нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуда көпшілік бұқараның роліне көңіл бөлінді. Осы тұрғыдағы жұмыстарды жандандыруда жолдастық соттардың, жергілікті кеңестердің жанындағы бақылау комиссияларының, жасөспірімдер жөніндегі комиссиялардың, жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі қоғамдық тәрбиелеушілердің маскүнемдікке қарсы комиссиялардың ролі артты. Жоғарғы Кеңес 1983ж. тұрғын үй кодексін қабылдады. Оның қабылдануы тұрғындардың үй-жай алу құқығын тереңдетті. 1976ж. ҚазКСР-нің жер қойнауы туралы кодексі қабылданды. Кодексте жер байлығы, тау-кенг өндірісі, оларды тиімді пайдаланудағы мемлекет, кәсіпорын мен мекемелердің міндеттері белгіленді. Жер қойнауының байлығы түгелдей мемлекет меншігі болды. Осыларға қарамастан социалистік құқықтың өзі компартияның заңдастырылған еркі болды. Мұның бәрі де халық бұқарасының іштей наразылығын тудырды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.

  2. ҚазКСР-інің автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы

  3. 1950-1990 жылдардағы КСРО-дағы мемлекеттік-құқықтық даму



Әдебиеттер тізімі:

1.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

2.Пакровский И. История римского пава.М., 1998.

3.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных. Древность и Средние века./Составитель В.А.Томсинов. М., 2000г.

4.Салическая правда. М., 1950.

5.Хрестоматия по истории Древнего Рима / Под.ред. С.Л.Утчен-ко-М., 1962. 6.Рутенбург В.Н. Титаны возрождения. СПБ Наука. 1991

7. Айрантов А.Г., Юдин А.И. Западноевропейский и русский утопический социализм нового времени. М., 1991 г
Дәріс №9

Тақырыбы:Қазақстан аумағындағы мелекет және құқықтың пайда болу және даму тарихы

Жоспар:


  1. Сақ тайпасы

  2. Үйсін және қаңлы

3.Ғұндар мемлекеті

Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.



  1. Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.

  2. Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке - ру ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер үстемдік құра бастады.

  3. Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты.

  4. Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.

  5. Адамдар игеруші өндірістен біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Артық өнімнің пайда болды.

  6. Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Руды рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы - халық жиналысында сайланған ақсақалдар басқарды.

  7. Патриархалдық отбасы - ер адамның - әке билігінің үстем етуі.

  8. Рулық қоғамда қатынастар моральдық, адамгершілік нормалармен, әдет-ғұрыптар және дәстүрлермен реттелді.

  9. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі - әскери демократия кезең. Әскери демократияға тән ерекшеліктер: рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстардың болуы, қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алды; әскери көсемдердің ролі артады. әскери көсемдер әлі де халық жиналысына тәуелді болды. Бірақ, меншіктің пайда болуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан соғыстар жағдайында әскери демократия рулық қоғамның шеңберінен шығып, әскери көсемдер жеке билігін орната бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды мемлекет ауыстырды.

  10. Б.э.д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға бірікті. Тайпалық одақ - алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы - әскери басшы, ол соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.

  11. Б.э.д. ІV- ІІІғғ. сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі – жазу пайда болған.

  12. Көшпелі өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.

  13. Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі – ғұндардың мемлекеті.

  14. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.э.д. ІVғ. Қытай жазбаларынан кездеседі..

  15. Б.э.д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында мемлекет мейілінше күшейді.

  16. Б.э.д. 59ж. ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қоластына кіруге мәжбүр болды. Сволтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, одан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар соы өңірде алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.

  17. Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық билік жымдасқан үлгісі болды.

  18. Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.

  19. Ғұндар көшпелі өркениетке енгізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғұрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып негізін салды.

  20. 3) Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.

  21. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы аралығынан б.э.д. ІІғ. шамамен 160ж.көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.

  22. Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер жиі болып тұрған.

  23. Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.

  24. Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Б.Э.Д. ІІІ-ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.

  25. Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны яғбу, жабғу деп атаған. Ханның билігі азаматтық істерге де, әскерге де жүрген. Қаңлы мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.

  26. Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғандығы айтылады. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. Заңда өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады, одан соңғылары өлім жазасына үкім етіледі, ұрлық істегендердің қолы кесіледі делінген

  27. Қаңлылар Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым құрып, мәдениет пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет