Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет20/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы тек қана үш деңгейде бірге жүре алады:

- мемлекеттік;

- қоғамдық;

- жеке.


Мемлекеттік деңгейде бұл үдеріс:

- конституциялық құжаттарды дайындауды қажет етеді және конституциялық басқару үшін күрес жүргізеді;

- қоғамның барлық саласында заңның жоғарылығын талап етеді, мемлекет алдында құқықтың басымдығын бекітеді, мемлекет пен оның органдарының байланысын көрсетеді;

- кез-келген саяси қызметтің негізгі құқықтарының байланыстылығының болмауын шегереді;

- заңнаманы сақтау жөніндегі бақылау және қадағалау нысандарының тиімділігі, тәртіп үшін қажетті заңдардың сәйкестігі, ол үшін заңдар мен заңға бағынышты актілер арасындағы қатынасты келістіру қажет, яғни заң үшін;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың құзыретін, қызметін бөлу билікті бөлу, мемлекеттің және азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіреді.



Қоғамдық деңгейде құқықтық мемлекет жалпы қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуын болжайды, оның жаңа өркениетті, техникалық және ғылыми негізінің дамуын болжайды. Мемлекет немесе құқық заңдардың орындалуының шынайы кепілдемесі бола алмайды, егер де оны қоғам заңды деп танымаса. Олардың заңдылығы, яғни қоғамның заңдарды мойындауы – оны қоғам мен мемлекеттің орындау міндеттерін көздейді. Екі тараптың да қарама-қайшы тәжірибесін болдырмайды. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең басты шарттарының бірі – азаматтық қоғамның қалыптасуы, ал құқықтық мемлекеттің қызмет жасауы – азаматтық қоғамның өмір сүруінің басты шарты болып саналады.

Құқықтық мемлекеттегі шынайы маңызды құқықтық қарым-қатынас негізі болып құқықтық нормалардың өздері саналмайды, бірақ азаматтардың саясат мәдениеті мен белгілі бір жалпы құқықтық жеке деңгейі, адамдар танымындағы белгілі демократиялық дәстүрлер, адамгершілік нормалар мен қоғамдағы басымдық, өзін-өзі бақылаудың белгілі деңгейі, жауапкершілігі, өзіндік тәртіп пен өзін-өзі басқаруы саналады.



Демек, құқықтық мемлекеттің қалыптасу бағытының мынадай түрін бөліп көрсетуге болады:

1) заңды қоғам өмірінің барлық саласын басқаратын құралға айналдыру;

2) заңды бұзғаннан да, оны ұстану тиімдірек болатын қоғамдық жағдайды қалыптастыру. Ол халықтың құқықтық мәдени деңгейіне байланысты болып келеді;

3) құқық қорғау органдарын тәртіпті қадағалауға белсенді түрде өз септігін тигізетін жұмыс тетігіне айналдыру;

4) басқаруды орталықсыздандыру, қоғамның өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бірге қалыптасады және олардың қалыптасу мерзімі ұзақ уақытқа созылады. Не мемлекет, не азаматтық қоғам бір жолғы актімен ендірілмейді және таза заңнама нәтижесі бола алмайды.



4. Әлеуметтік мемлекет «құқықтық мемлекеттің» оның классикалық либералды анықтамасының жетілмегендігіне сындарды жауап болып саналады. Құқықтық мемлекетте жеке еркіндікті, азаматтардың құқықтарының теңдігін, мемлекеттің азаматтық қоғам өміріне араласпауы басымдықтарын жариялауы қоғамды терең әлеуметтік теңсіздіктен қоршай алмады. Бұл конституциялық құқықты ресми құқыққа айналдырды, ал «демократиялық құқықтық мемлекет» түсінігін, көп жағдайда, декларативті етіп, оның маңызын құнсыздандырды. Нәтижесінде, әлеуметтік мемлекет немесе «жалпы аманшылық» мемлекет тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның негізгі мақсаты – әр азаматқа өмір сүруі үшін лайықты жағдайды қамтамасыз ету, ал мінсіз мағынада – тұлғаның өзін-өзі өмір сүру шарттарын жасауы және өмірлік мүмкіндіктерін жақындастыру.

Бұл анықтама XX ғ. ортасынан бастап дамыған және тұрақты экономикалық жағдайдағы қазіргі заманғы демократиялық мемлекет түрін көрсету үшін саяси және қоғамдық теорияға кеңінен енді. Кез-келгенмемлекет әлеуметтенген, сондықтан да, «әлеуметтік мемлекет» термині мемлекеттің қазіргі әлеуметтік саясатты атап өтуге арналған – әлеуметтік қорғау жүйесін жасау, әлеуметтік кепілдік, әлеуметтік серіктестік және осы міндеттер басымдықтары. Тарихи тұрғыда әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы «әлеуметтік реформалау» саясатының қорытындысы болып табылады. Бұл саясат көптеген батыс елдерінде жүргізіледі және өз бойына мықты әлеуметтік бөлшектерді қамтиды: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қолдау, медициналық көмек пен білім алудың негізгі бөлігін ақысыз алу және зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік шиленістерді әлеуметтік серіктестік жолымен шешу.

Әлеуметтік мемлекеттің классикалық нұсқасы ретінде «шведтік үлгі» саналады. Швеция – алғаш рет әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасқан мемлекет (1937 ж. алғаш рет әйелдерге тууға байланысты демалыс енгізілді және міндетті түрде төленетін 12 күндік демалыс енгізілді) және «әлеуметтік серіктестік» жүйесі жасалынды: қызметкерлер, жұмыс берушілер мен кәсіптік одақтар (ұжымдық келісімшарт жолымен) арасында қарым-қатынас орнату негізінде әлеуметтік-топтық қарым-қатынасты үйлестіру жүйесі; халық кірісін сәйкестендіру мақсатында салық саясаты жүргізілді. Осындай саясат Дания, Норвегия және өзге де елдерде жүргізіліп жатыр.

Нақты әлеуметтік саясат жүргізу қазіргі таңдағы кез-келгендемократиялық типтегі мемлекет міндеті болып саналады. Ол қоғамның ағымдағы және болашақтағы мүдделері арасындағы қарама-қайшылықты шешуге, оның топтарының сай емес немесе алуан түрлі мүдделері арасындағы қарама-қайшылықты шешуге бағытталған; негізгі мақсаты тепе-теңдікке, тұрақтылыққа, біртұтастыққа және қоғамның дамуының динамикасына жету болып саналады.

Либералды анықтамада құқықтық мемлекет әлеуметтікке қарсы тұрғандай, себебі құқықтық мемлекет алдыңғы орынға жеке адам еркіндігін қояды, мемлекеттің араласуын шектеуді көздейді, ал әлеуметтік болса, мемлекеттің өндіріс саласына араласуы мен реттеуін қарастырады, сонымен қатар, материалды және мәдени әл-ауқатты өндіру және бөлу мәселелеріне араласады.

Қазіргі жағдайда мемлекеттің осы екі үрдіс бойынша дамуы мынаны көрсетеді – мемлекет мақсаты мен құқығы бойынша – тұлға, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас нысаны бойынша әлеуметтенген болуы керек.

Ол өзінің мақсаттарын әлеуметтік мемлекет ретінде құқықтық мемлекет нысанында жүзеге асырып, одан да ары қарай алға жылжиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет