Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет18/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
1. Дәстүрлі мемлекет – бұл индустриалды кезеңге дейінгі мемлекет. Оған мынадай сипаттар тән: қоғам мемлекетке бағынады, қоғамдағы қатал тік құрылым, қоғам мен мемлекет арасындағы бағынышты қарым-қатынас,

биліктің абсолютті егемендігі. Мемлекеттің бұл түріне мемлекеттік басқарудың дәстүрлі түрі жатады. Ол тарихи қалыптасқан дәстүрлі басқару мен кәсіби бюрократтықтың жоқтығына негізделеді.

Европадағы XVIII-XIX ғғ. буржуазиялық революциялар нәтижесінде абсолютті монархияның конституциялық шектеуі жүзеге асты. Конституциялық мемлекеттердің қалыптасуы басталды.

2. Демократиялық мемлекеттің конституциялық тұжырымдамасы XVIII-XIX ғғ. теоретиктерінің еңбектерінде қарастырылып, қалыптаса бастады. Олардың ойы бойынша, демократиялық мемлекет конституциялық болуы тиіс, ал конституциялық демократиялық болуға тиіс. Осындай мемлекеттің негізгі міндеті – тұлғаның құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету. Қоғам мемлекет үшін емес, керісінше, мемлекет қоғам үшін өмір сүреді. Сондықтан да мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғап, кепілдендіріп, қызмет көрсету рөлін атқарады. Бірақ, қоғам іскерлігінің белгілі бір саласы мен азаматтардың жеке өміріне араласпайды.

Мемлекет деспотиясының (өктемдігінің) алдын алу үшін мемлекеттік билік заңмен, Конституциямен шектелуі керек, онда мемлекет мынадай екі қағидаға негізделеді – конституционализм және парламентаризм.

Конституцияның негізгі міндеті – билікті заңмен шектеу, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін кепілдендіру.

Парламентаризм негізі – өкілеттік қағидаты негізінде халықтың егемендігін қамтамасыз ету. Осылай конституциялық мемлекет тұжырымдамасы қалыптасады.

Мемлекет дамуының осы кезеңіне мынадай сипат тән:

- билік егемендігін заңмен шектеу;

- халық егемендігін жариялау;

- адам құқықтарының басым идеяларын бекіту;

- билік пен қоғам арасындағы диалог бастамасының қалыптасуы;

- азаматтық қоғамның қалыптасуы.

Осы кезеңде барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ұтымдылығы жүзеге асады. Мемлекеттік басқарудың ұтымды үлгісі қалыптаса бастайды.

Демек, конституциялық мемлекет – бұл, негізінен, мемлекеттің негізгі заңы – конституцияда бекітілген, қоғам мен мемлекетте билік ететін қоғамдық-саяси қарым-қатынастардың жүйесі.

Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі конституция негізінде қалыптасып, қызмет жасайды. Бірақ, конституцияға ие кез-келгенмемлекетті конституциялық мемлекет деп атай алмаймыз. Конституция шынайы қызмет жасайтын басым қоғамдық қарым-қатынастарды ғана бекітеді. Сондықтан да, конституциялық мемлекетте конституцияның көрсеткіші білінеді: егер де, конституцияда бекітілген ережелер мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық қарым-қатынаста шынайы жүзеге асқанда және билік органдары мен азаматтар оны бұлтартпай орындаған жағдайда ғана көрініс табады. Құқықтық мемлекет құру жолында конституционализм бірінші қадам болып саналады.

3. Құқықтық мемлекеттің бірнеше анықтамалары мен тұжырымдамалары бар. Кең мағынада, құқықтық мемлекет – бұл бұқаралық саяси билікті ұйымдастыру мен қызметінің құқықтық нысаны және оның құқық субъектілері ретіндегі жеке адамдармен қарым-қатынасы.

Алғашқы құқықтық мемлекет жайындағы бірнеше ой-толғамдар антикалық дәуір ойшылдары Аристотель, Цицерон және т.б. жұмыстарында кездеседі. Құқықтық мемлекет тұжырымдамаларының негізін XVIII ғ. екінші жартысында Дж. Локк, Ш. Монтескье, Т. Джефферсон, И. Кант қаладыXIX-XX ғғ. конституциялық мәселе көрнекті ғалымдардың саяси және заң тұрғысынан зерттеу пәні болды. Олар: Г. Еллинек, К. Шмитт, М.М. Ковалевский, Б.А. Кистяковский, П.И. Новгородцев. Ал «құқықтық мемлекет» термині XIX ғ. неміс заңгерлері К.Т. Велькер, Р. фон Моль және т.б. еңбектерінде нақтыланды.

Құқықтық мемлекеттің пайда болуы қоғамның өзінің дамуымен негізделеді және азаматтық қоғамның дамуы мен дайындығы «нәтижесінде» мүмкін болады.

Азаматтық қоғам нарық кезіндегі және демкоратиялық құқықтық мемлекет кезіндегі еркін және тең құқылы жеке адамдардың мемлекеттік емес қарым-қатынастарының әр алуандығын сипаттайды. Бұл – мемлекет араласпайтын азаматтардың жеке қызығушылықтарын жүзеге асыру саласы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет