Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет90/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Жергілікті қоғамдастық мүшелері: 

- шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады; 

- Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайланады; 

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 

Тікелей өз еркін білдіру жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) өткізілуі мүмкін. 

Жиналыстар (жиындар) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаттар айқындайды. 

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) қабылданған шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберілуі мүмкін.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деді:

«Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады.

Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.

Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасы ауылдық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.

Біз ауылдық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз.

Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды,  жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым».

Осы талаптарды орындау мақсатында 2013 жылы 5-9 тамыз аралығында ауылдық округтердің, кенттердің әкімдері, барлығы 2456 әкім аудандық мәслихат депутаттары арқылы сайланды.

Осы мәселеге қатысты «Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды. Біз бүкіл әлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге және қоғамның одан әрі демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз» деген Президент сөздері жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару саласын жаңа сатыға көтерудің басы саналады.

Дегенмен, осы тармақта атылғандардың бәрі қазірше жертгілікті өзін-өзі басқарудың өмірге нақты енуін көрсете алмайды. Ә.М. Бәйменовтің 2010 жылдың мамыр айында «Развитие местного самоуправления как необходимое условия устойчивого развития регионов» атты халыаралық конференцияда: «Конституцияда тұрған елді мекендеріне қарай кемсітуге болмайды делінген. Бүгінде қалалықтарда мәслихат бар да, ауылдық елді мекендерде ол жоқ. Мұндай кемсітуді Конституциялық Кеңес қарап, өз қорытындысын беруі тиіс» деп айтқаны ауыл әкімдерін жергілікті өзін-өзі басқару органының жетекшісі ету, ауыл округтарына өз бюджеттерін бөліп беру, ауыл әкімдерін сайлау мәселелері шешіле бастағанымен, әлі де жергілікті қоғамдастық арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді – реттелуі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері деп танудың, сонымен бірге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын – жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар ретінде нақтылаудың құқықтық қамтамасыз етілуі мен өмірге енгізілуі әлі жүргізілген жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі белгілері.

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидаттары.

3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі міндеттері.

4. 2013 жылы өткен ауыл әкімдерін сайлау үдерісінің ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе


1 тарау. Мемлекеттік басқару пәні

1.1. Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

1.2. Мемлекеттік басқару үдерісіндегі мемлекеттік саясат

1.3. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тетіктері

2 тарау. Мемлекеттің сипаттамасы және қоғамдық қызметі

2.1. Мемлекеттің мәні, белгілері мен даму кезеңдері

2.2. Мемлекеттік және қоғамдық басқару қарым-қатынасы

2.3. Мемлекеттің қоғамдық қызметінің мәні

3 тарау. Мемлекеттік басқару әдістері мен қағидаттары

3.1. Мемлекеттік басқарудың түрлері

3.2. Мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілері және негізгі әдістері

3.3. Мемлекеттік басқарудың қағидаттары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет