қолданыстағы заңнама нормаларын сақтай отырып, білім беру процесіне қатысты мәселелер бойынша ішкі нормативтік құжаттар мен ұйымдастырушылық-өкімдік актілер (қағидалар, нұсқаулықтар, ережелер, шешімдер, бұйрықтар, өкімдер және басқалар), бұдан әрі Шарттың мәтіні бойынша «Университет актілері» деп аталатын құжаттар шығаруға және білім алушыдан олардың тиісінше орындалуын талап етуге;
Білім алушыдан осы Шартта, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, ішкі тәртіп қағидаларында, академиялық саясатта және Университеттің басқа да актілерінде көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауды талап етуге;
Білім алушының келесі курсқа ауысуына рұқсат беретін GPA ауыспалы балл белгілеуге;
Білім алушыға оқу тәртібін, осы Шарттың, Жарғының талаптарын, Университеттің ішкі тәртіп қағидаларын, академиялық саясат нормаларын, Білім алушы тағылымдамадан (даярлықтан) өтетін емдеу-алдын алу ұйымдарының Университеттен шығарылғанға дейінгі ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;