«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі»


Патриот болу – Қазақстанды өз жүрегіңде тұту !



бет12/14
Дата07.02.2022
өлшемі130,01 Kb.
#92100
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ертайқызы Ботакөз тарих СӨЖ 26.10.2020-01.11.2020

Патриот болу – Қазақстанды өз жүрегіңде тұту !

Қазақстандық қоғамда патриотизм өз Отаныңа , өз халқыңа адалдық және махаббат , азаматтылық және қоғамның игілігіне қызмет ету деген түсінік бар . Патриотизм жалпы және азаматтардың өзіндік ұлттық сана сезімінің ажырамайтын бөлігі ретінде қоғамның рухани - адамгершілік негіздерін жаң ғыртуға қызмет ете алады және қызмет етуі тиіс . Патриоттық тәрбие – бүгінгі жастармен жұмыстың басым бағыттары ның бірі . Патриоттық тәрбиенің жүйесі Қазақстандық жас буынның бойын да белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруды қамтамасыз етеді , олардың жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге атсалысуға әзірленуге , елдің жал пы ұлттық мүдделеріне сәйкес әдеттер мен дағдыларды дарытуға септеседі . Жастардың рухани мен мәдени деңгейін арттыру , мемлекетті және оның қорғаныс қабілетін нығайту , ішкі саяси , әлеуметтік және экономикалық тұ рақтылыққа қол жеткізу , қылмыс деңгейінің едәуір төмендеуі , қоғамда толе рантты ортаны қалыптастыру патриоттық тәрбиелеу жүйесінің қорытынды нәтижесіне айналуы тиіс . Қазіргі қазақстандық қоғам өмірінің , патриотизмді тәрбиелеудің , жоға ры азаматтық жауапкершілік пен қоғамның рухани бірлігін нығайтудың құрастырушы аспектілердің бірі мемлекеттік рәміздер елтаңба , әнұран және туға деген құрметтілікті қалыптастыру болып табылады . Мемлекеттік рәміздер ел тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшеліктері идеяла рының көрінісі ретінде рухани , саяси - адамгершілік салаларының дамуына септеседі және ұлттың тірегі іспетті қызмет етеді . Отанға деген сезім – бұл бірліктің сезімі , ал ұлттың бірлігі- бұл патриотизм , елдің мемлекеттік рәміз деріне деген құрмет болып табылады

Қазақстандық заңдар мемлекеттік нышандарға деген барынша құрмет көрсету деңгейімен ерекшеленеді . Мәселен , ғимараттарға тұрақты түрде орнатылатын ту қас қарая түн батқан кезде міндетті түрде жарықтандырылуы тиіс . Ал ұлттық азалы күндер жарияланғанда тутұғырнамасы биіктігінің жартысына дейін түсірілуі қажет . Сонымен қатар туды әзірлейтіндер қолданатын көк және сары түстердің реңктері де ережеде қатаң түрде бекітілген . Жалау элементтерінің мөлшері мен оның матадағы орналасуына қатысты да тиісті нұсқаулар беріледі . Жоғарыда атап өтілген жайттар елтаңбаны да айналып өтпейді . Заңда ұйымдарды ту , елтаңба бейнеленген , әнұран жазылған стендттер мен плакаттарды шаруашылық - тұрмыстық бөлмелерден , дәліздерден , және киім ілгіштерден алшақ жерде орнатуға міндеттейтін норма бар , бұл жағдайларда да мемлекеттік рәміздерге деген құрмет ескерілуі тиіс . Заманауи жалпы білім беретін мекеме өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ма ңызды қоғамдық институты болып табылады . Білім беруде басымдық тәлім тәрбиеге беріледі , ол өз кезегінде педагогикалық қызметтің негізгі жасау шысына айналуы шарт . Патриоттық тәрбие жас буынды белсенді өмірлік әрекеттің білім азамат тық парыз ұстанымымен , жеке мүдде қоғаммен біріктірілетін түріне әзір леуге тиіс .

Патриот - азаматтың тұлғасы өз бетінше ойлану , болашақ үшін жауап кершілікті мойнына алуға әзірлік , маңызды рухани мен адамгершілік қасиеттерімен , азаматтық парыз сезімімен , дінге деген еріктілікпен , Отанға , туған өлкеге , тілге , өз халқыңның дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарына , туған туысқандарға сүйіспеншілік сезімін білдірумен , оның тарихы мен халықтың жетістіктері үшін Отанды мақтан тұтуымен , ұлттық құндылықтар мен рәміздерді қастерлеумен , елдің Конституциясына , мемлекеттің құқықтық негіздеріне деген құрметпен сипатталады . Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру жолында жағдай жасауды жүктеді : « ХХІ ғасыр белсенді өмірге аяқ басқан және әлемнің , елдің және өзінің отбасы үшін жауапкершілікті мойнына алатын жастардың уақытына айналуы тиіс »

Қазақстандық мемлекеттік рәміздер бір-бірімен өзара байланысты. Бір-бірін ішінара толықтырып, рәміздер республиканың тұрақтылық негіздері ретінде ҚР азаматтарын және халықаралық қоғамдастықтарды қабылдауда тұтастықты көрсетеді.


Тек терең білім және мемлекеттік атрибутиканың мазмұнын түсіну, олардың мәніне ену және ұғыну, құрметтеу, біздің мемлекеттегі өмірдің маңызды элементтеріне деген абыройы мен қызығушылықты көтереді. Себебі соқыр сенім, механикалық табынушылық және азаматтардың саналы әрекеті арасында үлкен айырмашылық жатыр.

Әр түрлі елдердің тұрғындары өздерінің мемлекеттік рәміздерімен заң бойынша мақтанады. Бірақ өзінің туған елінің елтаңбасы, туы мен әнұранының қандай екенін ғана біліп қоймай, олардың маңызын түсіну керек. Ал ол үшін олардың тарихы туралы, мемлекеттік рәміздер қалай пайда болғаны жайлы және ғасырлар бойы қандай жолдан өткенін білу аса маңызды.
Билік символы және мемлекеттік атрибутика ретінде тудың пайда болуы бұрынғы тарихқа ие. Өткен заманда оның пайда болуына екі жағдай көмектесті деп болжап айтуға болады. Біріншіден, бұл адамдардың жүрегі мен санасына жақын зат символын анықтауға талпынысы және бейбітшілік уақытында оған әрдайым жүгінуі сенімділік пен тыныштықты берді, соғыс уақытында рухты көтерді және оның иелерін ерлікке шақырды.1992 жылы 6 маусымда Алматы қаласының Абай атындағы опера және балет театрында республиканың мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты рәсімі өтті. Сол күні Президент резиденциясы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің алдында Мемлекеттік ту көтерілді және Мемлекеттік елтаңба орнатылды.1192 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Нәтижесінде мемлекеттік нышандар туралы ережелер 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заңының күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Қаулысында жүйеленген. Мемлекеттік ту және Мемлекеттік елтаңбаның эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталуда. Олар құрметті күзеттің шығарып салуымен арнайы көлікпен Алматыдан жаңа Астанаға жеткізілді.
2006 жылдың 10 қаңтары елдің жаңа әнұранының туған күні ретінде Қазақстан тарихына енді. Музыкалық-поэзиялық нышанның алғашқы ресми орындалуы 11 қаңтарда Астана қаласында «Ақ Орда» Президент сарайында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми ұлықтау кезінде болды. Әлемнің 70 елдерінен келген қонақтар әнұран таныстыру рәсімінің куәгерлері болды. Олардың арасында президенттер мен премьер-министрлер, министлер мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері.
Ресми салтанаттарда Қазақстанның әнұранын орындаған кезде қатысушылар орындарынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қояды. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұран мәтінінің мазмұны және көңілді сазы адам жүрегінде патриоттық сезімдерді оятады.
Қазақстан рәміздері — егемендік және тәуелсіздіктің, халық бірлігі мен биліктің даусыз айғағы болып табылады. Олар қазақстандық демократияның мемлекеттік идеясын, жалпы адамзаттық құндылықтар мен гуманистік идеалдарға ұмтылуын айқындайды. Біреуді мемлекеттік рәміздерді мақтаныш етуге мәжбүрлеу қиын, бірақ әрбір азамат өзін елдің патриоты деп санаса, оларды білу және құрметтеу қажт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет