Сабақтың тақырыбы: Ұстаз - мектептің жүрегі
Эпиграф:
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық,
өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин.
Қызығушылықты ояту
Кластер толтыру стратегиясы
Тәрбиелі білімді ақылды мейрімді жауапты
Тәрбиелейді Ұстаз оқытады
Суретші әнші ана тәрбиеші мұғалім
II. Тапсырма
1. Мәтінмен жұмыс
Ұстаз - мектептің жүрегі
12
Әр адам өзінің алғашқы мұғалімін үнемі құрметтейді. Ғалым, жазушы, ақын, суретші, музыкант, тракторшы, сауыншы – осылардың қай – қайсысы болса да, алғашқы ұстазын ешқашан ұмытпайды. Шәкірттер жақсы сөздерін, өлеңдерін, шығармаларын алғашқы ұстаздарына арнайды. Себебі, ол ең алғаш сені қарсы алып, бірінші сыныпқа отырғызады.
Ұстаз сендердің білімдеріңе қуанады, сендер нашар оқысаңдар ренжиді. Үй тапсырмасын жақсы орындап, жақсы жауап берсеңдер ,мұғалімің бір жасап қалады,егер сендер үй тапсырмасын орындамай, сабаққа жаман жауап берсеңдер ,оның шашы ағарады.
Ұстаз мейірімді, сезімтал. Мұғалім – бағбан. Ол гүл өсірушімен бірдей. Ол шаршамайды. Ол сенің ақылшың. Сендер ұстаздарыңа еліктейсіңдер. Оның жақсы мінездерін қайталағыларың келеді. Әдемі,сыпайы сөздерін үйренгілерің келеді.
Сөздік
Үнемі – постоянно
шәкірт – ученик
нашар – плохо
бір жасап қалады – доволен
мейірімді – добрый
сезімтал – чуткий,отзывчивый
бағбан – садовник
тәжірибелі – опытный
еліктейсіңдер – быть похожим,подражать
а) Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
ә) Мәтінді аударыңдар.
б) Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар.
в) Мәтіннен етістіктерді тауып, тұйық етістіктерге айналдырыңдар.
Үлгі: құрметтейді – құрметтеу.
III. Тапсырма
Венн диаграммасы арқылы ұстаз бен оқушының арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табыңыздар.
Оқушы
Ұстаз
Үлгі:
Айырмашылығы: Ұқсастығы:
Үйретеді Үйренеді Сабаққа дайындалады
оқиды
IV тапсырма
Мына нақыл сөздерді пайдаланып, сұхбат құрыңыздар.
Мектеп-білім ордасы, Ұстазы бейілді болса,
Ұстаз-мектеп тұлғасы. Шәкірті зейінді болады.
V тапсырма 5 жол өлең стратегиясы
1.Зат есім -1 Ұстаз
2. Сын есім -2 Мейрімді, сезімтал
3. Етістік - 3 құрметтейді, үйретеді, тәрбиелейді
4. Көңіл-күйді білдіретін сөздер-4 Мейірімді ұстаз баланы тәрбиелейді
5. Синоним -1 Мұғалім
VI тапсырма
«XXI ғасырдың ұстазы қандай болу керек?» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.
Керекті сөздер: жауапты, әділ, жас, сұлу, тәжірибелі, инабатты, сыпайы, шығармашыл, нәзік, парасатты т.б.
Қосымша сабақ 13.
Сабақтың тақырыбы: Ұстаз – биік тұлға
1-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсіндір.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Абай.
2- тапсырма Мәтінмен жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |