МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет64/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
Н¦Х ПАЙҒАМБАРنوح - Нұқ, Нұх - пайғамбар. Құран кәрімде "Алланың жердегі өкілі" ретінде әңгімеленеді. Тіпті аяттан тұратын «Нұх» сүресі де бар. Мұхаммед (с.ғ.с)-нан бұрын өмір сүрген. Алланың әмірі бойынша пұтқа табынып келген өз халќын (бөду, сува, йагусу, йаку, насру) бір құдайға ғана құлшылық ету жолына уағыздаған. Бірақ, Н±қ төңірегі, тіпті әйелі иланбай, ақылынан адасқан адам деп санап, жєбір көрсетіп, таспен атып өлтірмек болған. Н±ќ ақыры Аллаға жалбарынып, дінсіздерді жазалауын тілеген. Құдірет иесі Н±хқа кеме жасауға бұйрық береді; содан соң жер мен кµкті суға алдырып, бүкіл єлемді топан су қаптайды. Дінсіздер түгел қырылып, тек Н±хтың сөзіне сенгендер, Алла тағаланың хақтығын мойындағандар ғана кемемен әл-Жүди тауының басына жетіп, аман қалған. Осы таќілеттес әпсаналар Тауратта да кездеседі. Әлем халықтарының, соның ішінде ќазақтардың фольклорында Н±х пайғамбардың кемесі туралы осы діни аңыз нұсқалар жетерлік. Арабтар Н±х кемесі — әл-Жүди тауының, армяндар — Арарат, ал қазақтар Оңт‰стік Қазақстан облысындағы Қазығ±рт тауының басына аялдаған дейді. (мыс., "Қазығ±рттың басында кеме ќал­ѓан, ол єулие болмаса неге қалған").
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларында да Нұх пайғамбар туралы айтылып өткен еді. Мысалы: «Топан су әуел таһрор қылғанда, хазірет Нұх ғалайссаламның нан жабатұғын тандырынан білінді. Ол тандыр - тас еді, хазірет Хауа анамыз нан жапқан, сонан әулетіне (ауладина) мирас қылған.» деп баяндайды. Ақын қолжазбаларында бұл пайғамбар жайлы басқа да деректер баршылық.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 6 том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2005. –Б. 53.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет