ТАБЛИТتبلت - діни ұғым (жұптылық). Мәшһүр – Жүсіптің «Ібіліс шайтан хикаясынан» алынған мақұлықтың (шайтанның) аты. Тәблит пен Жәблит екеуі ерлі – байлы мақұлықтар. Олар тозақтан жаратылған бірі арыстан сықылды да, екіншісі қасқыр сияқты. Содан екеуі буаз болып олардан жылан-шаян жаратылады. Ол жылан-шаяндар бірімен бірі үйленіп тынады. Топырақтан Алла тағала Адам атаны жаратады. Әділдік жеңеді. Аш көздік, көрсе қызарлық адам баласын ұшпаққа жеткізбейді деген идея айтылады. Мәшһүр – Жүсіп діни дастанында ізгілік иесі Адам ата мен зұлымдық иесі Жәблитті қарама – қарсы қояды. Ақырында ізгілік жеңеді.
Мысалы:
Деп айтар: «Тәблит, Жәблит» қазақша аты,
Жаралған болып мақұлық, оттан-заты.
Арыстан (арсылан) суретінде болып Тәблит, Құйрығы жыландай боп қияпаты
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 3 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 3-15. ТЄУРАТتورة – Яхуди дiнiнiң Пайғамбары – Мұса (ғ.с.), кiтабы – Таурат. Дiн адамдары Қахам, құлшылық қылатын орындарының үлкендерi Қаура, кiшiсi Синагог делiнген. Яхуди Израилдiктердiң (Ибранидердiң-Яхудилердiң) дiнi. Алғашында Мұса ғаләиһиссәламға жiберiлген Таурат үкiмiне қарай әрекет (ғамал) қылған. Ол уақытта дiни кiтаптарды жаттау былай тұрсын, бетiнен оқитын адамдардың өзi аз болған. Сондықтан Таурат өте азайған. Хазiрет Мұсадан кейiн бiрнеше соғыстардан израилдықтар тәуелсiздiгiн жоғалтып, ғасырлар бойы басқалардың қол астында қалған. Ұшыраған пәлекеттердiң себебiнен Таураттың негiзiн сақтай алмаған. Бiздiң эрамыздан 622 жыл бұрын, Азра есiмдi бiр бақсы Таураттың түпнұсқасын Құдыста тауып жарыққа шығарғанын бiлдiрген. Айтушыларға қарағанда, бұны Азра жазған және өзiнше қосымшалар жасаған. Мұса ғаләиһиссәламнан жетi ғасыр кейiн, Таурат кiтабы болып қабылданып, көбейтiлген. Қазiргi кезде еврейлердiң қолындағы Ахди атик (ескi Ахид) деп аталған кiтаптың негiзi осы. Сонымен бiрнеше ғасырдан кейiн бiр адамның сөзiне бола Таураттың түпнұсқасы болып қабылданған кiтаптың қаншалықты сенiмге сай болғандығы жайында ойланған кiсiге түсiнiктi. Олай болса қазiргi Таурат – Алладан Мұса ғаләиһиссәламға жiберiлген Құранда аты аталған Таураттың өзi емес. Сол себептен Яхуди дiнiнiң қасиеттi кiтабы болып есептелетiн Таурат бұзылғандықтан бұл дiндi «түпнұсқасы бұзылған дiн» деп атаймыз. Мұсылмандар Таураттың бұзылмаған түпнұсқасына сенгенiмiзбен, қазiргi нұсқасын қабылдамаймыз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өлеңдерінде Алла Тағала тарапынан түскен кітаптарға тоқтала келе, адамдарды екі дүниеде де бақытқа жеткізетін туралықты насихаттайтын білім көздері екендігіне назар аудартады.
Бір рет кім оќыса шын ниетпен,
Сол болар тілегіне барып жеткен.
Айтылѓан Зєбур, Тєурат, Інжіл, Ќ±ран
Сауабы жазылады ќатым екен
Тєурат иврит тілінде «зањ, ереже-ќаѓида, шариѓат» деген маѓыналарды білдіреді. Ќ±ранда: «Ішінде адамдарѓа тура жол жєне н±рды ќамтыѓан Тєуратты біз жібердік (Майда с‰ресі, 44)» - делінеді. Тєураттыњ ќазіргі тањда танымал ‰ш т‰рлі н±сќасы бар. Б±л ‰ш н±сќада айтылѓан кµптеген ереже-ќаѓида, хабарлардыњ бір-бірімен сєйкес келмеуі – Тєураттыњ адамдар тарапынан ќатты µзгертілгендігін тайѓа тањба басќандай білдірсе керек. Таураттыњ Ибраниша, грекше жєне Самирише ‰ш т‰рлі белгілі н±сќасы бар, б±лар да µзара ±ќсамайды. Ќ±ранда Таураттыњ µзгертілгені білдірілген.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 9. Ќайрат Жолдыбай±лы Аќиќат шуаѓы. – Алматы, 2004. – Б. 220.