МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет4/17
Дата05.11.2016
өлшемі14,12 Mb.
#578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Аршын сµзіне орайлас Ќ. Ж±банов шаќты//шамалы, жарым//жарты, ширек халыќ метралогиясын нумерализация т±рѓысынан кењінен ќарастырып, термин дєрежесінде ѓылыми т‰сінік берген т±њѓыш ѓалым: ол, орыс емілесіндегі Ф, Х, В әріптерін П, Қ, Б әріптерімен жазу. Мысалы: сума, анализ, анология, аркосинус, базис, бектор, диагонал, интеграл, конус, куб, масштаб, пизика, периметр, радтан, радиус, ромбы, пигур, сентр, покус, шар, еккер, сиркул т. б. Сын есім ретінде кездесетін халықаралық сөздерге тағы үстеме сын есім қосымшасы қосылмайтынын мысалы: абсолют, абстракт, интеграл, натурал, сентрал, елементар, ирратсионал, горизонтал, бартикал. Сын есімнің анықтайтын ауанына қарай -лық, -дық, -тық жұрнақтарын қосу арқылы жасалады: пропорсиалық бөлу, логарипмдық теңгерме немесе, период бөлшек, сентр бұрыш, квадрат теңеу т.б. Орыс тілі заңы бойынша көп буынды, сөздің аяғы д, ш, г сияқты дыбыстарға бітпейтін сөздердегі а дәнекерін қысқартып: аксиом, теорем, проблем, апопем, биссектрис, координат, абссис, гепотенуз, амплитуда, база, паза, т.б. -Тсия, (-ция) -сия болып қысқарады, не –тсия түрі өзгермей алынады. Пунксия, бірақ үнді р, л, н және дауысты дыбыстан соң: пропортсия, диперенсия, нумератсия, проексия. Просент сөзі де т әрпінсіз жазылады дейді. Қ.Жұбанов жаңа терминдер де жасайды: түзу//түзулер, қисық//қисықтар, жоғарғы табан, шексіз аз шама, шексіз көп шама, шекті шама, жақ-бет мағынасында т.б. Кейбір сөздер бұрыннан қазақ емлесіне лайықты алынғаны ескеріліп: минот//мүйнет емес, доға// дуға емес, секунт//секонт емес, но’л// нул емес .т.б. Бұрын айтылып жүрген: шаршы, текше, тікше, үшкіл, төрткіл, бірлік, ондық, жүздік, яғни бүтін сандардың бірлері, ондары, жүздері қолайсыз деп табылып, квадрат, куб, бірге жазылатын: үшбұрыш, төртбұрыш, ондар, бірлер, жүздер «өлшем» деп өзгертілгені туралы. Бірақ, үш бұрышы, төрт бұрышы бар затты атау керек болса: «үш бұрышты», «төрт бұрышты» деп сандық анықтауышын айырып бөлек жазатынын айтады. Арифметика амалдарының аттары және әр амалдағы сандардың аттары былай қабылданған: қосу, қосылғыш, қосылғыштар, азайтқыш, қалдық, айырма, көбейтінді, бөлу, бөлінгіш, қосынды немесе сумма, алу, азайғыш, көбейту, көбейгіш, көбейткіш, көбейткіштер, бөлгіш, бөлінді, бөлік. Бұлардан басқа: еселік, бөлшектік алым мен бөлімі, көлем, аудан, түбір, даража, көлбеу, теңеу т.б. Математика ғылымының ең негізгі ұғымдары: отношение-қатынас, байланыс емес, относительная - салыстырмалы, зависмость-іліктестік, тәуелділік, соотношение-қатынастастық деп жобаланды. Математикалық өрнегі халықаралық терминдер: синус, косинус, тангенс, котангенс т.б. Ықшамдалған формалары өзгермей жазылады. Мысалы: sin, cos, tg, cotg, sec, cosec т.б. Халықаралық термин атаулары: биквадрат, бином, антилогарифм, арктангенс, субнормал .т.б. Оларға үстеуіш болып тұрған: би-екеу, анти-қарсы, арк-кері, суб-төменгі не сыртқы қабаттағы деп жатпай-ақ күрделі сөздер қатарында беріледі-деп тыњнан халыќ µлшеміне с‰йене отырып кµптеген терминдер жасайды [1, 359-363].

Ќ. Ж±банов атаѓан кейбір халыќ µлшемдері мысалы: жылќыныњ ќазысын µлшегенде, негізінен ќолдыњ саусаќтарын пайдаланѓан. Ќазаќ ±ѓымында ќазыныњ арыќ-семіздігін: б±лт, пышаќ сырты, ќыл елі, жарты елі, шынашаќ, бір елі, бармаќ, екі елі, ‰ш елі, тµрт елі, сыныќ с‰йем, табан, сере, - деп атайды (Ә. Болѓанбаев. Кейбір атаулардыњ этимологиясы // Ќазаќстан мектебі. 1984. №3. 76 б).

С.Жанпейісова ќазаќ аќын, жазушыларыныњ шыѓармаларындаѓы нумеративтер ќатарына сан, лек, т‰мен, танап, сайыпќыран, ќыруар терминдері кењінен сµз болады. Олардыњ тіліміздегі т‰рлі µлшемдік мєні ќаралады. Мысалы м±нда сан, лек сµздерініњ т‰ркі тілдерінде бірде «он мыњ», сонымен ќоса жєне «ж‰з мыњ» маѓынасын да білдіретіндігі сµз болады [2, 22-23].

Ќош – диќандардыњ термині, жер жыртатын ж±п µгізді білдіреді. Егін салатын жер µлшемі кµбіне, мысалы, осы жаѓдайѓа, ќошалар санына байланысты болады (Ә. Диваев. Тарту. 1992: 244). Түрік тілінде сандық аталым ежелден бар. Мысалы: «Орхон-Енесей» ескерткішінің тілінде: бір, ікі, үч, төрт, біш, йеті, секіз, тоқуз, он, йегірмі, отуз, қырқ, еліг, йүз, бың т.б. Реттік сан есім: -нті, -нч, -ынч, -інч жұрнақтары арқылы жасалады. Кейде -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалады: ілкі, отузқы. Жинақты сан есім: -ағу, -егу қосымшасы арқылы жасалады: үчегу. Бөлшектік сан есім сыңар сөзі арқылы жасалады. Аралас сан есімдерді түркі тілдеріндегідей ондық үстіне келесі санды қосып айтпаған. Ескерткіште оннан бастап санағанда, санақ басталған санның өзі айтылмай, оның бірлігімен келесі ондық қосылып айтылып отырған: йеті йегірмі-17, сегіз йегірмі-18, алты отуз-26, йеті отуз-27, үч отуз-23, біс йегірмі-15 т.б.

Кµне т‰ркі нумерализатциясынан бейхабар А.П. Седельников: Образование киргизы не получают: они почти все безграмотны. Среди народа известен счет только 10 тысяч – «тмень» (тмень, тьма: б±л сµздер ќара-ќ±рым деген маѓына берген, тмень – т‰мен сµзі-А.Ќ.) («русская тьма»); больше киргизы чисел не знают (в обиход их жизни и до десяти тысяч приходится впрочем, считать очень редко). Время считается так, как считалось у древних монголов (от которых и было принято) - дейді (А.П.Седельников А.П. Распределение населения киргизского края по территории, его этнографический состав, быт и культура //Абай. 1993. №8. 19 б). Аралас сан есімнің санау тәртібі туралы В.В. Бартольд, С.Е. Малов сынды түркітанушылар екі ұдай пікірде бірі жоқ десе, екіншісі сары ұйғырларда кездеседі дегенді айтады (Ғ. Айдаров, 1986: 82-86). Б±л турасында: В состав числительных входят лексические единицы для обозначения чисел первого десятка, для чисел двадцать, тридцать, сорок, пятьдесят, сто, тысяча; для чисел шестьдесят, семьдесят, восемьдесят и девяноста употребляются сложные слова, первая часть которых представляет фонетически видоизмененные названия соответствующих единиц первого десятка. В некоторых тюркских языках образовалась иная система обозначения десятков по схеме «название единицы первого десятка + он 'десять», ср. хакас. алт-он 'шестьдесят', якут. тöртÿон «сорок» (ИNTERNET жүйесінен алынды).



Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» романында халыќтыќ нумерализацияны ќолданудыњ мынандай т‰рі кездеседі: «-Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші?-деді. Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір: -Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім… Пайғамбардың аулы болса да атын аташы!-деді. Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қаранып алды да: -Тәңірі деген, жүзге жиырмасы жетпесе, сексен болмайтын ба еді!.. Сексен аулының жігіттерін сұраймын,-деді енді турасынан тартып» (1962: 289). Нуменативті эфемизмді қазақтың салт - дәстүріне орайластырып, шебер пайдалана білген. «Күлтегін» ескерткішінде: Ќырыќ артуќ (ы) йіті йолы с‰леміс [3, 14] қырық артұқы бес (45) деген кострукция кездеседі [20, 108]. Мұндай көнеден жеткен т‰ркілік нумерализация берітінгі әдебиетте де кездеседі. Бірақ, дәл сондай мағынада емес. Біржан мен Сараның айтысында: екі жыл 35 - ке келгеніме дейді. Біржан: 35 + 2 = 37 де болады. Немесе, ақын С. Торайғыров: Тағдырдың кездестім ғой кермесіне, Талапты жиырма сегіз деген жасым – дейді (1987: 154). Талапты 28 дегені ақынның 28 жеткен жоқ та, 27 - дегі кезін айтқан дейміз. Сонда ақын 27 жасында болғанда: 1893 + 27 = 1920 жылы дүниеден қайтқан. М-Ж. Көпеев шығармаларында да сан есімді қолдану тәсілдері кездеседі. Мысалы: Мың сегіз кеше алпыс тоғыздан соң (30) жүз сан есімінің орнына кеше сөзі қолданылып, 1008 -ден, соң 69 – деп түсінбес үшін кеше сөзі мен тоғыз сан есімі -дан шығыс септігін қабылдап тұр. Шығыс септігі -дан 1869 жылғы патшалық реформадан соң қазақ не көрмеді дегенді меңзейді. Сондықтан, М-Ж. Көпеевте морфологиялық тұлғалар белгілі бір рөл атқарған. «Күлтегін» ескерткішінде артұқы сөзі қосылу тәсілі қолданылса, М-Ж. Көпеев өлеңдерінде асты сөзі қолданыс тапқан. Бір мың тоғыз жүз жылдан бес жыл асты, Бес түгіл алтыға жұрт араласты (32) дегенде 1900 + 5 = 1905 –те , барыс септігі арқылы жасалған алты + ға сан есімі дара 6-ның өзін ғана көрсетіп тұрған жоқ, 1906 жылдың да қиыншылығын жұрттың көргендігі жырланады. Бес жерде оннан бірі кем тұрған жас (52) кем сөзі қолданылып, (5 x 5 = 25 (кем) – 10 = 15) жерде деген сөзі арқылы көбейтіп барып 15 жаста екендігін айтып отыр. Бөлшектік сан есімдер таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер.

Ширекке'>Ширекке төрттің бірі болдық деңіз, Айрылып бұрынғы аршын кезімізден (Мәшһүр - Жүсіп); Ширек (парс. чаћарйєк немесе чар - йак) одна четвертая, четверть. Удмуртта – черык (четверть), шувшта – черек, ќазаќта – ширек, ширек шай т.б (С. Талжанов. 1975: 74). Ширек зат. Бүтіннің төрттен бір бөлегі (ҚТТС, II том. 1961: 488). М-Ж. Көпеев ширек сөзін бүтін сөзінің орнына пайдаланған. Әйтпесе, ширек сөзінің өзі бөлшектік ұғымындағы төрттен бір екендігін білдіреді. Қазақ тілінде: бөлшектің сан есімдерге тән ұғымдар: жарым, жарты, ширек сияқты сандық ұғымдар арқылы беріледі [4, 104]; [5, 206]. М-Ж. Көпеев шығармасында ширек + ке сөзіне барыс септігі жалғанып заттық мағынада жұмсалған. Ширек (жұрт) мағынасында алынған метонимия. Төрттің бірі ( жұртқа төрт кісінің бірі) сияқты тіркестегі заттық мағынадағы кісі сөзі түсіріліп, төрт сан есімі (төрт + тің) субстантивтену арқылы ілік септігін қабылдап кісі сөзінің функциясын атқарған да заттық мәнге ие болған бір сан есімі ( бір + і ) тәуелдік жалғауын қабылдауға мәжбүр болған. Бұл ұғымдар таза арифметикалық амалдар арқылы (жарты) ; (ширек) сияқты таңбалар арқылы беріледі. Е. Жанпейісов шере сµзініњ диалекті ретінде шере түлік (ауыз) тµрт т‰лік мал: Кент орнатып жеріне, Шеру түлік мал баќќан (Аманжолов, 418) тµрт деген ±ѓымды бергенін айтады [6, 122].

Жарым сөзі есептік сандармен тіркесте қолданылып бөлшектік сан есімдер мағынасын беретін орындарда да қолданылады. Жарты, ширек сөздерін олай қолдануға болмайды. Бір жарты, екі жарты (заттық мағынадағы: бір шөлмек, бір шиша, бір жүнжүн, бір жарты «арақ») деген сөздерде жұмсалады. Бөлшектің сан есімдер көптелмейді, таза сандық мағынада тәуелдік жалғауды қабылдамайды, себебі (бір жарым, ширек уақыт) өз құрылысы жетекші сөздерге тәуелді болады. Тек қана таза сандық мағынадан субстантивтік ұғымға ие болу жолымен пайда болған сөздер септік, тәуелдік жалғауын қабылдайды. Жіктік жалғауын қабылдаса, ондай тіркес сыртқы формасы жағынан ұқсас болғанымен өзгеше табиғатты сөздерге ауысып кетеді. Мысалы: төрттің бірісің десек, бөлшектік сан есімнің қасиетінен ауытқып, жеке субстантивтенген сандардың өз ара қатынасына (төрт кісінің біреуі сенсің) деген ұғымға ие болып кетеді. Айрылып бұрынғы аршын кезімізден деген өлеңнің тармағындағы аршын адьективтену процесімен (сын есімге айналған). Аршын. Ұзындық өлшемі. Түсіндірме сөздікте: Аршын - метрге тең өлшем! (Ә.Н.). Шынын айтсақ, түркі тілдеріндегі барлық деректер де, ол (аршын) метрге тең емес, не бары 0,711 метр немесе 71 см. Аршын сөзі орыс тілінде де кездеседі. М. Фасмер: аршин «мера длины», с ХVI в., Домостр. заб. и др. см. Срезн. 1, 31. Тюрк. займств.: ср. тур. , тат., кыпч., тел., бараб. aršyn «аршин», чагат. aršyn – то же; см. Радлов Л, 332 и сл; Мі. ЕW 4; ТЕL. 1, 249 (ЭСРЯ, 1964: 92). «Арш» сөзі түркі тілдеріне ауысқаннан кейін –ын қосымшасын жалғап алған да, одан әрі орыс тіліне өткен [7, 26]. Орыс тілінің «Толковый словарь русского языка» аршын сөзіне өзгешелеу түсінік беріліп, өлшем бірлігінде де айырмашылық бар. Арши’ н. –а, род. Мн. –ин и –ов, м. 1. (род. Мн. –ин). Старая русская мера длины, равная 0,71 м. Пять аршин ситца. 2. (род. Мн. –ов). Линейка, планка такой длины для измерения. Пять деревянных аршинов. Мерить на свой а. (перен.: судить о чём-н. Односторонне, со своей точки зрения). Словно (или как, будто) а. проглотил (о человеке, к-рый стоит или сидит неестественно прямо; разг.). II прил. Аршинный, -ая, -ое. (С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова, 1999: 30) . Аршын зат. 1. Метрге тең өлшем, кез (ҚТТС, 1974: 355). В. В. Радлов тағы бір де арыш – аршинь – карыш, аршинъ, локоть; аршыла мрить четвертями, аршинами – деп түсіндіреді (Том I. Часть 1. 1893: 279).

М-Ж. Көпеев аршын ұзындық өлшемін адамның тұрпатына байланысты сындық мағынаға жуықтата қолданған. Цифырын бес тиынның бес теңге деп арифметикалық термин цифра қазіргі қолданыстағы тиын, теңге неологизмдік үрдіс алған терминдер кездеседі. Біреу-ақ кем он «беске» жетті жасым дегенде бір қарағанда М-Ж. Көпеев әлі он беске толмаған деп ойлап қаласың бірақ, өлеңнің төртінші тармағы: Алып айна қарасам, сақал - шашым - деп аяқталады. Логика он бестегі балада сақал бола ма дегенге саяды. Оның үстіне 5 тырнақшаға алынған. Олай болса, он бес , елу болады да, біреуі кем болса, қырық тоғыз деп есептеледі. Цифрмен белгілесек былай болады: 10 х 5 = 50 – 1 = 49. -Ау//-еу жинақтық сан есімнің жұрнақтары екендігі белгілі. Бұл арада ( бір + еу )-у жинақтық сан есімнің қосымшасы қолдануға тиісті жыл сөзін алмастырып тұрғаны байқалады. -Еу жинақтық сан есімнің жұрнағы болғанымен қолданыстағы мәтінге байланысты даралық мағыналық сипаты айқындала оның әуелгі жинақтық мағынасы солғындап -ақ демеулігінің шек қою аясында жұтылып кеткендігі көрінеді. Жинақтық сан есімнің мағынасынан алшақтай барып, белгісіз бір субьектіні білдіру дәрежесіне яғни прономиналдану процесіне ауысуға жуық тұратын қасиеті де бар екендігін ескерген жөн. М-Ж. Көпеев өзінің інісі, аталас туысы Ж. Аймауытовқа жазған хатында: Төрт он бес, бір-ақ онда жасымыз бар - дейді (М-Ж. Көпеев, 2003: 270-273). Бұл өлең жолын: төрт он бес, бір он жасымыз бар // төрт он бес , тағы онда жасымыз бар – деп, өзгертуге болады. Матеметикалық құрылысы былай болады: 15 + 15 + 15 + 15 + 10 = 70. М-Ж. Көпеев жасым 70-те деп, хат жазып отыр. Біріншіден, М-Ж. Көпеев бір қарағанда қарсылық мән беретін сиқты болып көрінетін (бірақ) жалғаулығы емес, қолдануға тиісті -еу жинақтық сан есім қосымшасын түсіріп барып, -ақ демеулік шылауын бір + ақ ( бір + еу ) қолданып барып жас мөлшерін анықтаудың ешкімде жоқ тәсілін жасайды. Екіншіден, басқа қырынан келсек, қолданылуға тиісті (тағы) тағын//тағы ықшамдалған шылау формасының орнына да М-Ж. Көпеев бір + ақ даралық сипаттағы сандық ұғымды қолданған. Жалғаулықты да, жалғауды да түсіріп қолдануға болады. М-Ж. Көпеев адамның жас мөлшерін дәл беруде метатілді (математикалық лингвистиканы) шебер қолданған. Бұндай қолданыс көне түркі ескерткіштерінде Х-ХI ғасырларда қолданғанымен кейіннен тоқырап сандық қолданыс пайда болып, бұндай метатілдік тәсіл шығып қалған. «Метатіл (грек. meta- соңы) – «екінші қатардағы тіл», бұл тілде адамның табиғи тілі «тіл обьект» ретінде қабылданады, яғни зерттеу обьектісі болады. «М» термині алғашында математика мен логикада пайда болған. М.–ді металингвистика зерттейді. Лингвистиканың М. Күрделі құбылыс. Оның негізінде, бір жағынан термин аралық қатынастар жатса, екінші жағынан – жалпы ғылыми лексика жатады» (Лингвистикалық түсіндірме сөздік, 1998: 142). М-Ж. Көпеев шығармасында да математикалық терминдер мен лингвистикалық қолданыстағы сандық ұғымдардың лексикалық мағынасын ашуға болатындай тілдік жадығат бар. М-Ж. Көпеев шығармалары метатілдік нысан болып табылады. Бұл құбылыс көнеден жеткен. Математикалық логикалық жүйесі күшті дамыған қазақ халқы ертеден-ақ күн мен жер, ай мен жер, жұлдыз бен жер, планета ара қашықтықтарын, шексіз де , шетсіз алыс бірліктерді көзбен көріп, түйсікпен сахарада жүріп-ақ өлшеген. Ой-қиялы алыс сағымдарға, биік аспан әлеміне, терең мұхиттар мен жер қабатына бойлаған, түйсік адам қабілетінің бар мүмкіншілігін халыќтыќ өлшем бірлігіне әкеп түсірген. Сол қиялдың жемісі ретінде аспанмен таласқан ғимараттар мен пирамидалар салған. Сөйтіп, абстрак ұғымдар заттық ұғымға ұласқан. Дүниенің көріністері, түрлі құбылыстар адам санасында сәулеленіп реальді шындыққа алмасқан. Сана дүниені көрген, кейін қағазға түскен. М-Ж. Көпеев сандық мәндерді тілдік тұрғыда шешу жолдарын қарастырған. Ол сондықтан да шығармаларында нақты санның шешу жолдарын көрсетпей, түрлі нумерализатциялыќ тәсілді пайдаланған.

Ќ±лаш көбіне есім, етістікті сөздермен тіркесе қолданылады. Мысалы: Ұмтылғанда қысылып, Бес жүз құлаш жазылды (Қобыланды); Сала құлаш балағы Масатыдан шалбардың сала құлаш (Қобыланды); Мұсаның кім таласар бұ шағына, Ел сыйған, жайса құлаш, құшағына (Мәшһүр-Жүсіп); Даярлап к‰нде алдыњнан ќаќпан – торын, Шыњырау ѓып сексен ќ±лаш ќазѓан орын (Мәшһүр-Жүсіп); Бµкейліктіњ биесін байлаймын деп, ¤рмекшініњ он ќ±лаш желісі бар (Мәшһүр-Жүсіп); Созады кµкке ќ±лашын (Мәшһүр-Жүсіп); Пасыќтар бой кµрсетпей ‰йде жатыр, Ћ‰нерге ќ±лаш сермей алыстадыњ (Міржақып Дулат); Бидайыќты ‰міт ќып, Созады кµкке ќ±лашын (М. Дулат); Жања тапќан баласыныњ ±зындыѓы бір ќ±лаш шамасындай болады (М. Дулат); Желініњ ќ±лаш – ќ±лаш ќазыѓы бар, Бармаѓымен басып – аќ зымыратады (ЌКБС); Ќарбањ – ќ±рбањ алаќтап бойы ±зын ќ±л, Суѓа кетпей шыѓады ќ±лаш ±рып (ЌКБС); Ќ±лашын керіп жазылып, Егізімніњ сыњары (Мәшһүр-Жүсіп); Алты ќ±лаш найзаѓа Сыйѓанынша т‰йреді (ЌЖ); Ќырыќ ќ±лаш жібек арќан алып, тамаќты т‰сірді баласына (Мәшһүр-Жүсіп);

«Кез» деген өлшем бірлігі де кездеседі. Кез – іезъ 1) аршинъ (восточн. Кіз больше чмь нашъ, бухар. Равняется около 1, ата. кірн по аршинамъ (Будагов, 126). Кез – 71, 12 см-ге тең ұзындық өлшемі (МҚ); Биіктігі пәлен кез болмайды, Созылып кете берген көкке қарай (Мәшһүр-Жүсіп); Бір кілемнің төселген ұзындығы Саудагердің көзімен жүз сексен кез (Мәшһүр-Жүсіп); Биіктігі екі ќ±лаштай, ¦зындыѓы екі ќ±лаш та бір кез (Мәшһүр-Жүсіп); Кењ мањдай, ќалыњ шаша, Я бір кез, я ќ±лаш (Абай); Қыз Құртқа қығап кетіпті, Кез бойы алтын қазықты (Қобыланды);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет