МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Сұрақтар

1. Ауыз әдебиетінің тілі деген не?


2. Фольклордың тілі деген не? Екеуінің айрымашылқтары бар ма?
3. Орыс (еуропа) зерттеушілерінің пікірі қандай?
4. Отандық ғалымдар Қ.Жұбанов, Ә. Қордабаев, Б.Абылқасымов т.б. ауыз әдебиеті мен фольклор айырмашылығы туралы айтқан ойларының әдеби тілге қатысы бар ма?
5. И.Толстойдың ұстанған пікірі қандай?
1.4 Көне дәуір, орта ғасыр ескерткіштері және Мәшһүр-Жүсіп

Қазақтар түркі қағанатының құрамында ұзақ жылдар жүріп, білінбей бөлініп өз алдына дербес отау тіккені белгілі. М. Қашқари түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді - деп жазды. Тәңір «Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде» (VII), М. Қашқари «Диуани луғат ит-туркте» (IХ) жаратушы ие ретінде танылған. «Орхон-Енесей» ескерткішінде қазақ этнонимі кездеспейді, ал, тоғыз оғыз бектер халқы, табғаш, тибет, авар, үрім, қырғыздар, үш құрықандар, татар, қытай татбылары, тардуш, түргеш, алты чуб, соғдалар, қарлық, тоңра, құтаң, үйсін ру-тайпа аттары жиі кездеседі. Сөз түрік халқының атынан айтылып отырады. Осы халықпен соғысып, түрік халқының бүтіндігі үшін күрес жүріп отырады. Ескерткіштегі түрік атынан сөйлеп отырған батырлар түрік құрамында жүрген түріктен өзге қазақылануға бет алған (қазақтың) бөлінгенге дейінгі мұрагері ме дерсің. Оқиға түрік атымен айтылғанмен үнемі соның құрамындағы тағы бір III жақтан айтылғанын анық байқауға болады. Бұндай жайтты М. Қашқаридан да байқауға болады. Ол: «Сол себепті түрік тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді» дегенде өзі түрік болса, түрік тілін былайда білуге тиісті ғой, түрік тілін тағы да үйренудің не қажеті бар. Демек, М. Қашқари қазақ бөлінбеген тұстағы түрік есімді (қазақ) болған деген түйін жасауға болады. Қазақ өз атымен аталған атын бір күнде алмаған болар. Қазақ атауына бірте-бірте ауысу кезеңінде сол халықтың атымен аталған тіл де білінбей халықпен бөлінді. Қазақ халқы өздері қалай қазақ атанғанын білмей де қалды. М. Қашқари түрік құрамындағы қазақылануға бет алған тұстағы түріктік қазақыланған өз бабамыз. Бұған басқа түрік жұртының таласы болмаса керек. М. Қашқари түрік құрамындағы тайпалардың кейбірінің түрік тілімен ғана сөйлесе, кейбірі ықшамдалған түрікшенің бір түрімен сөйлейтінін жазды. Мысалы, соғда, кәнжәк, хақания түрікшесі, ұйғырлар өз ішінде басқа тәсілмен сөйлесті (Түбі бір түркі тілі. 1993, 9-11 б.).


Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр: «Әндіжан тұрғындарының бәрі түркілер. Қалада да, базарда да түрікше сөйлемейтін адам ұшыраспайды. Халақтың ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз» - деп жазды (Бабырнама. 1993, 21 б.). Әбілғазы Баһадурхан: «…түркі тілінде месневи, қасид, газел, рубаят тәрізді өлең шығара алу» (түркі тілі) енді бірде «Бұл тарихты жақсылы-жаманды баршасы білсін деп түрки* тілімен жаздым. …шағатай түркісінен, парсы, араб тілдерінен бір сөз қоспаймын» - дейді де, *Түркі (түрки) - ХV-ХIХ ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстанда қолданылған түрік әдеби тілі – деп анықтайды (Түрік шежіресі. 1992, 30-205 б. ). С. Исаев Әбілғазының «түркі», «түрки» деген терминін одан әрі аша түсіп: «Осы шағатай немесе көне өзбек деген терминдерді кейінгі зерттеушілер енгізді, ал дұрыстығында ол шығармалардаң авторлары өздері жазып отырған «түркі» немесе «түрки» тілі деп атап отырғандақтарын айта кету керек» - дейді. М. Қашқари жазған ықшамдалған түрікшеден келіп шағатай тілі келіп туған. Шағатай тілінің негізі түрки тілі болып табылады. Ш. Айтматов пен М. Шаханов сөз қылған арғы ата-бабаларымыз ойма жазуды ойлап тауып, түркі халқының мәдениеті мен өнерін өрістетіп, тілін дамытты (Құз басындағы аңшының зары (Ғасыр айрығындағы сырласу) 1997, 265 б.) дегеніне қарағанда түркі халқының ортақ жазу таңбасы ойма жазу болғаны да анық.
Орта Азиялық түрік әдеби тілі ХХ ғасырдың басына дейін жалғасып келді. Бергі әдебиетте кездесетін морфологиялық тұлғалар соның айғағы. Профессор С. Исаев: «…қазақ әдеби тілі тарихында қос тілдік құбылыс пайда болды. Оның бірі – сөйлеу тілі негізінде қалыптасып, негізінен поэзия мен шешешдік сөздерде өмір сүріп келген, кейін ХIХ ғасырда жаңа сападағы жазба әдебиет тіліне негіз болған әдеби тіл еді. Екіншісі – орта ғасырлық түркі жазба әдеби тілінің дәстүрін сақтай отырып, қазақ топырағында әрі қарай дамыған, әр түрлі жазбалардан көрініп отырған дәстүрлі жазба тіл болды» - деді (Қазақ әдеби тілінің тарихы. 1989, 93-94 б.).
М-Ж. Көпеев Орта Азия түркі әдеби тілі мен қазақ топырағындағы жаңа сападағы өрбіген жазба әдебиетін қатар меңгерген. Абай туралы Қ. Жұбанов: «Бірі - …көркемдік сезімін шарбыдай шырмаған халық әдебиеті . Екінішісі - …ескі Орта Азия үлгісі - шағатай әдебиеті. …шағатай қаумасынан Абайдың бір аттаса-ақ шығайын деп тұрғанын көру қиын емес» - деген сөзі М-Ж. Көпеевке де тиеселі ме ойлаймыз (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 1999, 256, 257 б). Р. Сыздықова Абай тілін (Абай шығармаларының тілі. 1968, 284 б); С. Хасанова Ыбырай тіліндегі шағатайлық үлгілерді талдап көрсетті (Кітаби тіл үлгілерінің Ы.Алтынсариннен кейінгі кезеңдегі көрінісі// «Қазақ әдебиеті» журналы, №9-10. 1997, 50-55 б). Демек, кітаби жазба тіл үлгісінің кейбір элементтері ХХ ғасырдың орта шеніне дейін қолданылып, бірте-бірте бірен - саран «шағатайлық» тұлғалар ғана сақталып қалды – деген сөздің де орайы бар сияқты (Е.Жанпейісов. Қазақ прозасының тілі. 1968).
Бірінен - бірі жас айырмашылықтары бола тұра олар өмір сүрген қоғамның әлеуметтік саяси хал-ахуалы өзгеріссіз болды. «Былайша айтқанда заманы бірдің, бөркі бір». Сонымен, М-Ж. Көпеев және Ыбырай мен Абай өмір сүрген заман бір болды. Бұл үшеуі де Орыс империясының отарлау, қанау жүйесін көріп өсті. М-Ж. Көпеев орысша білімді болды. Ол - Омбы, Томбы, Сібір жағын көп аралады. Сол сияқты, Орта Азия, шығыс үлгісіндегі білімді де көп алды. Көбіне түрік, мұсылманшылдық идеяны қолдады. Абай мен Ыбырай қазақ елін қараңғылықтан шығарудың жолы орыс білімі деп ұқты. Қалыптасқан жүйе солай ойлауға мәжбүр етті.
М-Ж. Көпеев Ресей құрамындағы (мұсылмандар) әсіресе, татарлар, Ташкент, Бұқара, Түркістан жалпы Орта Азия мұсылмандарына, зиялыларына иек артты. М-Ж. Көпеев сопылық өмір кешті, діни көзқарасы оны орыс империясының саясатынан алшақтатты. Ішкі Ресей мұсылмандарымен байланысы М-Ж. Көпеевтің рухани жан дүниесін оятты. Ресей шаруаларының жай-күйін көріп, қазақтардың қамын ойлайын деп жүрген олар жоқтығын түсінді. Оның үстіне Омбы, Томскі қаларында болып, саяси жер аударылғандармен кездесуі М-Ж. Көпеевтің жан дүниесін оятты. Өзіне ұстаз тұтқан Қожа Ахмет Яссауии қағидаларын үлгі етті. Мұсылман дінін терең меңгеруі оның орыс империясының жүргізіп отырған саясатына деген көзқарасын өзгертті.
ХIХ ғасырдың 60-шы жылдарының орта кезінде Қазақстанның Россияға еріксіз қосылуы (мәжбүр еткен) аяқталды. Ұзақ жылғы ұлт-азаттық күрес, аяусыз қанау, басып-жаншу қазақтарды әбден титықтатты. Ресей құрамына кіру қазақтар үшін уақытша тыныштық болды, соғыстан есін жинай бастады. Ел ішіндегі зиялылар, ел басылары енді басқаша тәсіл қолдана бастады, олар жақсын-жақпасын Ресей өкіметіне қызмет етуге, жағынып билік басында қалуға ұмтылды. Ресей империясы кезекті зымиян істерін көп кешіктірмей жүзеге асыра бастады. Түрікше, арабша, парсыша оқыған зиялы қазақ азаматтары қармаққа алынды. Қазақ жеріне енген Орыс оқуы (Ильминский) арнайы тапсырмамен тез арада орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиін жасап үлгерді. М. Мырзахметов: «…задача – сближение туземцев с русскими государством и русским народом, велось при посредстве русской транскрипции в основание которой был положен русский алфавит без всяких изменении» - деген орыс империясының бет-пердесін ашатын мәлімет келтіреді («Қазақ әдебиеті» газеті, №16 (2142). 1990, 7 б.). 1731 жылы Орта жүздің Россияға қосылуы, Орынбор өлкесіндегі патшалық билікті нығайтып алуға жол ашты. 1822 жылы М. Сеперанскиий жасаған «Сибирь қазақтары туралы Уставы»деген шықты. 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ болды. Ауылды үш жылға сайланған старшина, болысты-болыс, окрукті болыс басқарушылары сайлайтын аға сұлтан (сұлтан хандық дәуірден қалды-автор) Аға сұлтанның заседателі мен билері мен старшиналары болды. Іс қағаздар тек қана орыс тілінде ғана жүрді. Мұны жазып отырғанымыз «(1857-1859 жыл аралығында) Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясы тағайындаған қыпшақтардың ұзын руының әскери старшыны атасы Балғожа Жаңбыршыұлына тілмаштық қызмет атқарады» (Ыбырай Алтынсарин тағылымы. 1991, 35 б.).
1822 жылғы аға сұлтандық Абайдың әкесі Құананбай дәуіріне де сай келді. 1867-1868 жылғы реформаларға байланысты сұлтан-әкімдер, губернаторлық басқару, округтар мен болыстар құрылды. Ел басқарудық тәсілін түбірінен қайта құрды. Болыстар әкімшілік ауылдарға бөлініп, оларды сайланған ауыл старшиналары басқарды. Реформа билер сайлауын енгізді. «Сайланған» адамдар әдетте бай болды. Абай осы реформаға ілініп «Абай өмірінде екі рет назначениемен болыс болған. Бірақ бұл екі жолында да өз еліне болыс болмай, Шыңғыстың көрші болысы Қоңыркөкшеге болған. Бұл елге алғашқы болған жылы 1880 жыл екіншісі 1893 жыл болса керек» (М.Әуезов. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. 1997, 148 б.). Патшалық Ресей өкіметіне қызмет етті. Ыбырай, Абай орыс білімімен ерте сусындады. Ата-тегі орыс шиновниктерімен аралас-құралас болғандарын бала кезінен көріп өсті. Өздері де орыс шинелін киген миссионерлермен қарым-қатынаста болды. Осының бәрі түптеп келгенде орыс империясының қулығына құрық бойламайтынын байқатты. Орыс империясының құрған қақпанына бұлар да келіп түсті. Бұл деген М-Ж. Көпеевті ақтап, Ыбырай мен Абайға көлеңке түсіргендік емес. М-Ж. Көпеевтің бұл екеуінен айырмасы әкесі болыс, старшына болған жоқ. Өздерінің күн көрісі өздеріне жететін ауқатты отбасында туды. 5 жасынан білімге ден қойып, 15 жасынан ел аралап, алыс сапарларға білім іздеп аттанған. М-Ж. Көпеев дүниені білімге айырбастаған кісі болды. Қожа Ахмет Яссауии, Ахмет Игүнекии, Сүлеймен Бақырғани, Рабғузи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтіп, Сейф Сарай көне түркі, ислам, Алтын Орда әдебиетіне көп көңіл бөлді. М-Ж. Көпеев орыс әдебиетін өте жақсы білген, орысша сауатты жаза да, сөйлей де алғандығын басында айттық. М-Ж. Көпеев Орта ғасыр әдебиетіне мейлінше берілген. Сопылық өмір тұрмысы, тек қана білім, ілім деген қағида М-Ж. Көпеевті қызықтырды. М-Ж.Көпеев сопылық философия шеңберінде қала алмай ислам рухындағы әдебиетке жақын болды. Оның ислам дініне тым жақын болуы әсіресе орысшылдықтан сақтады. Сопылық философия өкілдері Шығыс дәстүріне ден қойды. Көне орыс әдебиеті Қожа Ахмет Яссауиге, Ахмет Игүнекиге (ислам әдебиет өкілдеріне) жетпеді. Олар Шығыс философиясы жағынан биікте тұрды. Рус княздары түрік елінің мәдениетіне, әдет-ғұрпына, біліміне қызыға қарады. Түрік елімен жақындасуға бейім тұрды. Сөйтіп, түрік әдебиетінде кәпірлер деген атпен қалды. М-Ж. Көпеевтің табиғаты ислам дәуіріндегі әдебиетті қалап алды. М-Ж. Көпеев өзі өмір сүрген дәуірде ХIХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың бірінші жартысында қандай әдеби тіл болса сол тілді лексикалық қорында қолданды. Өзі замандас ақын-жазушылар сияқты шығармаларында қазақ басынан өткізген тіл қабаттарының бар элементін пайдаланды. Бұл заңдылық еді. Сол шеңберде өмір сүрген М-Ж. Көпеев сол кездегі жазуды қолданды. Ол ауызекі сөйлеу тілінің (екі кісінің бірі-бірімен сөйлесуінен) басқаша түрі (ақын-жыраулар ) (профессионал әдебиет өкілдері) деп атайтын дағдылы естімелі жады өкілдерінің жырлауы арқылы тікелей ой мен ауызда өңделген, кейінен өздері сияқты: ақын-жырау, әнші, жыршы, сал-сері, би-шешендердің дағдылы естімелі жады арқылы жырлану дәстүрінде сақталып жеткен тілді меңгеріп, жаңа сападағы жазба әдеби тілінде қолданса, екінші жағынан жарыса келген орта ғасырлық түркі тілімен, қазақ топырағында пайда болған әр түрлі жазба дәстүрі бар тілдердің (субстраттың негізінде) алдыңғы жаңа сападағы әдеби тілмен тоғысуы нәтижесінде білінбей пайда болған суперстратпен жазды. С. Садуақасов М-Ж. Көпеевке мынандай баға берді: «Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдық пен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді». М-Ж. Көпеев бір дәуірді Абаймен бастап, екіншісін кеңес дәуірімен аяқтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет