Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы метрологиялық терминдер 4 Том



бет6/10
Дата15.09.2017
өлшемі2,74 Mb.
#33274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Түйін. М-Ж. Көпеев шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздер тобы белгілі бір морфологиялық-грамматикалық қатынастарға түсіп, стильдік қызметтер атқарып тұрғандықтан оны былай еді деп түзетудің өзі әбестік болар еді. Тұлғасын сақтаған кірме сөздер қазақылық қосымша жалғанған соң әнтек болса да мағынасын өзгерткен. Орыс тілінде бұлай қолданылмайды. Дәуір тынысымен жеткен сөздердің көбі, белгілі дәрежеде қазақтың әдеби тіліне сіңіп кете алмады. Ал, ортақ қолданыстағы кірме сөздердің көбі қазақ заңдылығына бейімделіп ассимиляцияланып кетті. Сол уақыттарда заман ығымен бұл сөздер қолданылғанымен кейінгі кезде бірен-сараны ғана болмаса, көбі қазақ жазба әдебиетінің қолданысынан түсіп қалды. Тек қана кейіпкерлер тілінде, не заман келбетін көрсету үшін көркем әдебиеттерде кездеседі. М-Ж. Көпеев орыс тілін қолданғанда әсіре сән қумаған, шығармасына эмоциянальды-экспрессивті бояу, рең беру үшін пайдаланған. Бұндай қолданыстар Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өз қолтаңбасы емес, орыс-қазақ қарым-қатынасының ұзақ жылғы араласуының салдарынан ауызша жетіп, жазбаша бекіп, дайын штампқа түсіп кеткендігін көреміз. Сол сияқты, кірме сөздерге қазақ қосымшасын қосып қолдану Дулат, Абай, Шәкәрім қолданысы да емес, бұл-ауыз екі аралас-құраластың нәтижесінде жеткен, дәуір ықпалының, замана билігінің қол жеткізген бәріне де ортақ қалыпты құбылысы болған деп ойлаймыз.

2 Халық метрологиясы
Метрология гректің «метрон» – «өлшем» және «логос» - «сөз», «ой», «түсінік» деген сөзінен алынған. Қазақ тіл білімінде метрологияның жүйелі ғылыми негізін салған Е. Жанпейісов десек артық айтпаған болар едік. Е. Жанпейісов «Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М. Ауэзова)» – деген еңбегінде «Лексика народной метрологии» тақырыбында көптеген беймәлім қазақ метрологиясының этимологиясын ашады. М.М. Копыленконың «Основы этнолингвистики» 1995; Ә. Қайдар, М. Оразовтың «Түркітануға кіріспе» 2004; Ә. Қайдар «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» 1998 зерттеу еңбектердің де алатын орны ерекше. Метрология жайында қорғалған екі кандидаттық диссертация өзбек және қазақ тілі материалдарының негізінде жазылған. П. Хамдамов. Нумеративы в современном узбекском языке: Автореф, дис... канд. филол. Наук. Самарканд, 1967; Ш.Ж. Ахмедова. Казахские народные наименования понятий об измерениях: Автореф. дис... канд. филол. Наук. Алма-Ата, 1975; Ал, Г.Т. Бугаева. Нумеративы в корейском языке // Исследования в области этимологии алтайских языков. Л.,1979. – С. 206-255. В. Хинц. «Мусульманские меры и веса с переводом в метрическую систему»; Е.А. Давыдович. «Материал по метрологии средневековой Средней Азии» сияқты зерттеулері метрологияға қосқан шексіз үлестері болып саналады. Түркітанушылар Л. Будагов, В. Радлов, А. Кононов. Способы и термины определения стран света у тюркских народов//Тюркологический сборник – 1974. М., 1978; А. Щербак, К. Дыйканов, В. Колесникова т.б. атап өтуге болады. Қазақ тілші мамандары да әр кезде жазған еңбектерінде ішін-ара болса да халық метрологиясына тоқталып отырды. М. Балақаев, К. Аханов, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ә. Болғанбаев т.б. Жас мамандардан С. Жанпейісованың кандидаттық зерттеуін атап өтуге болады.

Біз Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармасындағы метрологияны екіге бөліп қарастырдық: 1. Халықтық метрология: қара киік жылы, жұт, сауым>сауын, сауын, аттың майы, өсім, көтерме, несие, алымта, башмақ, соғым, сыбаға, сауын айту, асар, үмме, бөрте, самсаған, дүйім, таяқ, соқыр, жұмырық, күдір, күреш. 2. Ескілікті нумеративтер: сағат, сахар, бесін, намаздігер, құптан, екінті, сәске, ширек, бесін махал, жарым, құлаш, кез, сере, сере қарыс, кере, қарыс, сүйем, қадам, қадақ. Бұлай бөлудің өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, таза сан есіммен байланысты еместерді – халық метрологиясы дедік. Ал, сан есім ұғымымен байланыстыларды нумеративтер – деп алдық. Өйткені, метрология мен нумеративтер бір ұғым сияқты болғанымен екеуінің айырмашылықтары да бар. Халық метрологиясына сәл де болса, метрмен өлшенбейтін ауқымды ұғымдар мен атаулар жатады. Нумеративтерге сандық дәрежеге көнетін терминдер енді. Олардың уақыт, мөлшер, ұзындық өлшем бірліктерімен де байланысты екендігі байқалды және метрология сияқты белгісіз өлшем емес, нақты өлшемге негізделетіні де белгілі болды.



Қаракиік жылы. Б±лардыњ хажыѓа барѓан жылы, баяѓы ж±т ќояннан б±рын, ќаракиік жылы еді (Мәшһүр-Жүсіп., 11).

Жылы ит болғандар «опадар», жылы доңыз болғандар «қара киік» – деп сыпайылау да бар (опадар – деп таныстыру түркімен мен қарақалпақта да бар) (Қ. Халид, 1992: 195). Ќара киік: доњыз (жыл аты) – (Свинья – название года по Зодиаку): Мен ќара киік жылы туыппын. (Я родился в год Свиньи). Сс. ЖО. (С. Аманжолов, 428). Доњыз жылы киіктердіњ ќатты ж±т болып ќырылып ќалуына байланысты да ќара киік жылы деп аталуы м‰мкін. Ќара сµзініњ µліммен байланысты екендігі айтылды. Қараңыз: ақ сүйек пен қара сүйек бөлімін. М-Ж. Кµпеев Ќ±нанбайдыњ бас болып 120 адамныњ басы болып, Ќажыѓа барѓанын сµз ќылып отыр. Оныњ ішінде Ќишыл Ќыстаубайда болѓан. Ќ±нанбай ќажыѓа барѓан жыл 1874-ініші жыл – дейді Мәшһүр-Ж‰сіп. 1874 жыл ит бітіп, 1875 доњызѓа кірер шаќ. Біз 22 наурызбен есептеп отырмыз. Демек, ќаракиік жылы 1874 жыл болѓан сияќты.

Көне ескерткіштер тілінде й мен і дыбысының өзара байланысы жайлы айқын факті жоқтың қасы. і дыбысы якут, туфалар тілінде сөз ортасында екі дауысты дыбыс аралығында айтылады: мыіыс (мүйіз), иіе (ана, шеше), киіит (келін) Томановтың дерегіне сүйене отырып өз жорамалымызды келтіреміз. Демек, киік сөзі киіик түрінде қолданылған. К дыбысы тіл арты дауыссыздарына жатады. Түркі тілдерінің көпшілігінде тіл артынан жасалатын қатаң қ дыбысы айтылады. Ондай тілдерде қ тіл ортасы дыбыстарының қатарына кіретін к дыбысымен фонемалық қатынаста қолданылады. Қазақ тілі - сондай тілдердің бірі. Қазақ тілінде к дыбысының қай позицияда қолданылуына қарай көрші айтылған дауыстының әсерімен «жуан» не «жіңішке» естілуі бар. «Ин» – «ін» сөзі тек қана жыртқыш айуандардың жатағы үшін айтылған; «йілкі» – «жылқы» сөзі төрт аяқты малдардың барлығына қолданылған болса, соңынан төрт түлік малдың біреуіне ғана арнап айтылады – дейді А. Нұрмаханов [17, б.35]. Сөз басындағы йі – дифтонг деп қарауға болады, киік сөзіне і дыбысы дауыссыз й-дің комбинаторлық өзгерісінің нәтижесінде пайда болған аллофоны деп қарауға негіз бар. Бұл мағлұматтарға сүйене отырып, жылқы сөзі қандай фонетикалық өзгерістерге ұшырағанын көреміз: йілқі > иілкі > йікі > йік > киік. -л дыбысы – түркі тілінде дауыссыздар не қатаң, не ұяң болып үндесуі сөз түбірінде сақталады.

«Киік» сөзі ауыз әдебиеті үлгілері мен аќын шыѓармаларына да арќау болѓан: Күнде киік аулайды, Кездессе жауын жаулайды (Қобыланды, 17); Далада жатқан жайылып, Бұғы, киік құрыды (Қамбар, 315); Бір киік ілініпті оттап ж‰ріп (364); Киіктіњ марќасќа текесін атып єкеліп (Шєкєрім, 519); Нешаруен ањда ж‰ріп киік атќан (Шєкєрім, 155); Байлардыњ маќтанбаѓы малдан – д‰р, Аќ киіктіњ шабар жері майдан – д‰р (Шалкиіз, 36);



Будаговтың сөздігіне назар аударсақ: дж.тат. киик, кіикъ كييك, كيك1) дикіи звръ (вообще). 2) и тур. іеикъ, оленъ, сайгакъ (اهو дж. и к. сл.), киік жан±р كيك جانوار дикое, хищное животное, اق كيكаќ киік блый звръ; дикая коза, сайга (персидская антилопа – antiloрe sudgutturosa), ќзйл киік قزيل كيك красный зврь, ќара кииік قرا كيك , اаурѓашы киик اورغاجي كييك (±рѓашы – А.Ќ.), тур. ديشي كيكдиші киік, сағн киік صغن كيك , كيك ضغني алт., киіксі, كييكسي т.б. [8, 183]; Антилопа (ant dutturosa) – алт йееренъ ييرن, дзеренъ, монғ., дзеренъ қазақша жайран (жирен) – А.Қ. [8, б.388]. М. Искаков: доңыз алтайлықтарша – ғақай, телеуітше – чочко, түркі тілдерінің көпшілігінде – тоңғуз. Доңыз жылын Қазақстанның кейбір аудандары қара киік жылы дейді. Бірақ, бұл атаудың принциптік маңызы болмаса керек, өйткені қара киік жылы көпшілікке белгісіз, оның үстіне түркі тілдес халықтардың ешқайсында оған жақын келетін жыл аты жоқ – дейді [18, б.70-71]. Орхон жазуында «доңыз» жылы «лағзын» жылы делінген. В. Томсен «алғазын» деп қате оқыған. Юсуф Баласағұни жазған «Құтадғу билиг» атты кітапта «лағзын» жоқ, «доңыз» жылы делінген. Қазақтың «доңыз» сөзі ескі түркі тілінен «доңғуз» сөзінен шыққан. В.П. Васильев «доңғуз» сөзі Сібірдегі тунгус халқының атынан шыққан деген пікір айтады. Біздің ойымызша, «доңғуз» сөзі көне түріктердің төл сөзі. М. Қашқари тоңиz jылы – деп жазды. Доңғуз екі сөзден құралған: доң және ғуз сөздерінен. Доң//айбат, қатқан топырақ сөзінің синонимі. Ғуз оғыз (оғуз) сөзінің құрамындағы ғұз. Оғуздарды бірбеткейлігіне, доң – айбатына байланысты «доңуз» доңуздар – деп атаған сияқты. Доңуз бен қоңыз жасалу моделі жағынан ұқсас сөздер сияқты. Мүмкін ұсақ бір тайпаның лақап аты болуы да мүмкін. Қазақ (қырғыз-қайсақтар), Өзбектер мен тәжіктерді бір уақытта (Сарттар), Ноғай (ноқай), Маңғыттар (Шыңғыс ханның аталары) т.б. тарихта атала берген ғой. Мүмкін жыл аты «доңыз» ең алғашқы да «киік» болуы. Екі ат қатар жүріп келе-келе «киік» жылы ұмытылуы да мүмкін. Жыл аттарының бірінің орнына бірі шатасып келуі бұл бір мысал ғана емес. Қазақтар кісі киік деп, жабайы «қар» адамы іспеттестерді айтқан. Киік ауыз әдебиетіне де арқау болды: «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде «шұбар киік» оның астына қоятын «алтын тақ» туралы әңгіме болады (Қазақ ертегілері. 2001: 36-42).

Түйін. Демек, киік көшпенділер үшін қасиетті тотемдік аң саналып, халық календарына енген жыл көрсеткіші болған. Бұл жылы қатты жұт болып, қазақ халқының есінде қалған. Мәшһүр-Жүсіп баяѓы ж±т ќояннан б±рын, ќаракиік жылы болған – деп шамамен өлшем бірлігі ретінде қара киік жылын алып отыр. Бұл жылы қатты жұт болғанға ұқсайды. Қара киік жылы > жұт халық метрологиясына жатады. Киік осы жағынан да тотема қатарынан шығып қалды.

Жұт. Биыл ќыс талай жанды ж±т жеді ѓой, Жанкелжан нењіз µлді, нењіз ќалды? (Мәшһүр-Жүсіп., 123). Биылѓы жыл жылќыѓа ж±т болады, Ќайраты бар тазшаны маѓан берсін (ЌКБС, 75); Кетер ме кµпке шейін Доњыз естен, Былтырѓы ќатты боран ќыстайѓы ескен?, Алдына жау мен ж±ттыњ айдап салып, Сµйтетін ќор болып, ж±рт ќаларында (М. Дулат, 89); М. Дулат 1875 доњыз жылындаѓы ж±тты еске алып, µлењге ќосып отыр.

Ж±т пен ж±тау түбірлес лексема. Ф.ғ.д., профессор Е. Жанпейісов: М. Ќашќарида (Ш том. – Б. 83, 156) jyt- табиий офат, jïlќï jytïïќtïйилќи ќордан, совуќдан ÿлди, ќирилди – деп түсіндірген [6, б.77]. С.Е. Малов: йут - «лошадь»; см. йот; тур. йот «кобыла. Йут – «входить» (в отверстие в стене). Йута «нога овцы» название кости – рода – дейді [19, б.45]. Ә. Қайдар: Жұт – массовый падеж скота от бескормицы, следствием чего являются массовый голод, нищета и бедствие [20, б.36]. В. В. Радлов jут – 1) глубокій снгъ весной или морозъ посл оттепели и происходящій отъ этого падежъ скота; 2) неурожай, несчастный годъ; 3) нехорошая погода, несчастіе; 4) несчастіе; 5) неопрятность, скверность – деп бірнеше мағынасын береді [7, б.560]. Л.З. Будагов дж. يوت ють, малдыњ ќырылуы, ж±т болды, ќырылу ж‰зеге асты, ќырѓ. ж±т, جوت джутъ аштыќ пен суыќта, боранда малдардыњ ќырылуы; ж±та. Ќыстыњ ќолайсыздыѓынан малдыњ ќырылуы, ќырѓ. ќоян жылы ж±т болды (1856) еске алады; алт. يودا ю±да йуде малдыњ ќыстан ќырылуы, (атан т‰йе аунаса ж±т болады) маќал текке айтылмаѓан. алт., монѓ. يودا дзада ауа райыныњ ќолайсыздыѓы, баќыт єкелмейді, таза емес, жиналмаѓан т.б. [8, б.370]. С.Е. Малов йут: `ат`; ќара.: йот; `тур йот`, `бие`. й±т: `кіріу`, (ќабырѓадаѓы жарыќќа кіру) ал, тµмен. Бийскіде йут: `с‰њг‰` (Вербицкініњ сµздігі бойынша) маѓынасы бар [19, б.45].

Ж±т//Йут ќ±м., ноѓ. (йутлыќ, `ж±т`), µзб., ГАЯ 179, Верб. 103, 472, Р III 560-561 (тат., алт., леб., кµне.-т‰рк., кµне.-±йѓ., шаѓ.), Буд. II 370 жоѓарыда келтірілген дерек (шаѓ., алт), Zen. II 970 (т‰р.)., Zen. II 958 (шыѓ.-т‰рк.), Раv. С. 544, ДТС 282, Мал.390, Мал. ПМК 96-97, Оrk. 147, Brock. 98, Kasg. D. 818, Diz. 157, Аdu H. 129 (yutlug `аштыќ жылы`), Ettuh. 290, Бор. Бад. 45; йут баш., баш. диал. Юс.Ас. 163; jÿn Р. III 611 (алт.); ж,ут ќырѓ., ±йѓ., ±йѓ., диал. Мал. УНС 111, Р. IV 171 (ќырѓ.), Буд. ж±т (ќырѓ.= ќаз., мынадай да сілтеме бар-Л.Л.), Буд. II 370 (ќыр.); ж,‰т ±йѓ., сюг. Тен.ССЮЯ 186, Р IV 186 (ќырѓ.); жўт ќаз., ќќалп.; д`ут алт., Р. III 561 (тел., коиб., кач.); чут хак., тув., тоф. Рас. 198, Gastr. 116, Р III 2179 (шор.), sut ќыз. Joki W. 31; сут як. А.М. Щерба *vут кµне формасын еске т‰сіреді (Щерб. СФ 197). Кейбір тілдерде дауысты дыбысты айќындау маќсатымен й- жєне ж,- дыбыстарыныњ ассимиляциялыќ ыќпалына т‰скен.

◊ 1) ќардыњ к‰зде ќалыњ т‰суі, ќалыњ т‰скен ќардыњ еріп артынан ќатты аяздыњ болуы – артынан мал ќырѓынѓа ±шырауы Р. III 560-561; Р. III 651 (тел., койб., кач.), Р. IV 171 (ќырѓ.); IV 186 (ќырѓ.), джут – аштыќ пен ќардыњ м±зѓа айналуынан малдыњ жаппай ќырылуы -ќырѓ., ќаз., ноѓ., ќќалп., ±йѓ.; апат, малдыњ ќысќы мезгілде ќырылуына жіберілген µлім-Diz.; малдыњ ќатты боранда жєне жердіњ м±здануынан ќырылуы-Буд.; малдыњ к‰нніњ / бірден суытуынан µлуі – Ork., Kasg. D76 Ettuh.; ќырылу, аштыќ-як.; малдыњ ќырылуы-Мал. ПМК; малдыњ індеті - алт.; малдыњ жаппай жатып ќалуы – Верб. 472; ќатты аштыќ-ќ±м., µзб.; аштыќ (апат) баш., як.; шµп-шаламныњ жетпей ќалуы- тув., як.; м±з-тайѓаќ-µзб., алт., ДТС (малдыњ ќырылуына келген µлім), [ќатты] ќар кµшкіні- Castr., Zеn. II 970 (тур.)., Бор. Бад.; жолды басып ќалѓан ќар-Hav. С.; ќар, суыќ – Вкосл.; ќатып ќалу - Zеn. II 958 (шыѓ.-т‰рік.);

2) жауынды, б±лтты / ауа-райыныњ жањбырлы болуы-алт., хак., ГАЯ, Верб., Р III 2179 (шор.), Буд. (лат.); ауа-райы жынды- Р III 611 (лат.); ауа-райы жаман - Р III 560-561 (алт.);

3) ауа-райына байланысты айрылып ќалу- тоф. Рас.; астыќты жыл емес, баќытсыз жыл - Р III 560-561 (тар.); мал ‰шін баќытсыз жыл - ±йѓ диал. Мал. УНС; баќытсыздыќ- Р III 560-561 (кµне ±йѓ.), ДТС, Мал.; пєле, ќайѓыѓа душар болу-як. (+ `ќайѓы, баќытсыздыќ`), ДТС; тыныштыѓы кету, ыњѓайсыздыќ-тоф. Рас.; ќолайсыздыќ, лайыќты емес - Р III 2179 (шор);

4) таза емес, жинаќы емес – Верб., Р III 560-561 (алт.), ќыз. Joki W.; олпы-солпы, таза емес –хак.

Б±дан мынадай ќорытынды жасауѓа болады. 1 - ші жєне 3 - ші топтап: `аштыќ` – баш. диал. Юс.Ас., як.; `арыќ, ж‰деу (малѓа ќатысты)` – сюг., хак.; `астыќты емес жыл`– як.

◊ Т‰ркі тіліндегі jut пен монѓол тіліндегі zud `‰й малыныњ т±яѓымен шµпті теуіп отыѓуына бµгет болатын ќалыњ ќар, м±з-тайѓаќ` туыстас деп М. Рэсэнен іле-шала Г. Рамстедтті ќолдады (Ram KWd. 481, Ram SKE 44-45) б±ѓан Н. Попе де (Рор. VGAS 50) ќосылды (Räs VEWT 211-212). Дж. Клосон монѓ. ж±т сµзін т‰ркілерден екінші айналымда (периодта) ќабылдаѓан дегенді айтады (СI. 883). Монѓолдыњ бір т‰бірлі сµздеріне кµњіл бµлген Г. Дёрфер де ж±т монѓолдарѓа т‰ріктерден ауысќанын шындыќќа жуыќ дейді (Doerf. IV № 1911).

◊ Туынды т‰бір йут -а аффиксініњ нәтижесінде етістік пайда болѓан мысалы: µзб., ж,ута- ќырѓ., жўта- ж±та - ќаз., ќќалп., д`уда- алт., чуда- хак., тув. – маѓынасы `жаппай от алу (малдыњ ж±т кезењіндегі ќырылуы)`- ќќалп., `малдан айрылу (ж±ттан)` - ќаз.; `аштыќтан, ж±ттан жєбір шегу`- ќырѓ., ќќалп., тув.; `болѓан іске тµзу, апат`-алт., хак., `бірнєрсеніњ жеткіліксіздігін сезіну`. ќаз; `арќытау`- алт., хак.; салст. ж,‰дµ-`т±њѓиыќќа бату, ењ соњѓы рет т±яќ серпіп ќалу`, йута-//-ж±та сµзініњ басќа да диалектілермен контоминациялыќ маѓынасы жуыќ та болуы м‰мкін.◊ йут самаодейлік тілге де парсылыќ т‰ріктен басќа: б±л сµз басќа да тілдік деректер арќылы монѓол, марий жєне авар тілдеріне алмасќан ќарањыз. Joki LS 363. сол сияќты Doerf. IV № 1911, Чув тілінде с`ут `аямшаќ`> мар. сут `осы сияќты` ќарањыз. ЙУВ`УТ- `ашыѓу`. Орыс тіліндегі джут ќырѓ. тілінен ауысќан дейді (Шип. 124). В.И. Абаев т‰ркі тілініњ ж±т осетинніњ zoda `жердіњ бетін м±з ќабыршаѓы басќан, м±з-тайѓаќ` дейді (Аб. I 397). Г. Дёрфер фонетикалыќ жаѓдайѓа байланысты (I буындаѓы дауысты дыбыстыњ сай келмеуімен т‰сіндіреді) б±л жорамалды алып тастады (Doerf.) [21, б.256-257].



Є. Диваев: Ќазаќтар «ќоян жылы» – деп аталатын жылды айрыќша ауыр болатын жыл, – деп санайды. Б±л жыл – 1819, 1831, 1843, 1855, 1867 жєне 1879 жылдарѓа сєйкес келеді. Басќа жануарлар атындаѓы жылдарда да, єсіресе 1851 жєне 1864 жылдары ќазаќтарѓа ќиын болѓан, біраќ ж±т ешќашанда да 1855 жєне 1879 жылдардаѓыдай мµлшерге жетпеген. Б±л жылы ќатал ќыс пен ќатыгез боран єсерінен бірнеше ж‰з мыњдаѓан жылќылар, сиырлар мен ќойлар ќырылѓан. Єсіресе, ќазаќтар ‰шін 1879 жыл есте ќаларлыќ болѓан. См. «Турк. Вед». – № 5, 1892 г. №6, 1879 год. См. Так же V т. «Запис. Восточ. Отд. Имп. Русс. Археол. Общ. 1891 г., стр 322.» [22, б.243]. С. М±ќанов: Ќыс ±заќќа созылып, кµктемгі шµп жай шыѓады. М±ндай апаттыњ атын «ж±т»* деп атайды. Ж±т болѓан жылдарда байлар малынан ада болып ќалады. Ќазаќтыњ «бай бір ж±ттыќ, батыр бір оќтыќ» деуі осыдан. Жалшылыќ тарихында ж±тау кµп болѓан. Мысалы, соњѓы ж‰з жылда «Таќыр ќоян», «доњыз», «±лу» атанѓан ‰лкен ж±ттар б‰кіл ќазаќ даласына жайылѓан [23, б.77]. 1795/96 жылдардыњ ќысында Кіші ж‰здіњ ќазаќтары стихиялыќ апатќа, экстенсивті кµшпелі шаруашылыќтыќ «аѓайын», «ж±тќа» тап болды. Ж±т ж‰здеген ауылдардыњ шаруашылыѓын к‰йзелтіп кетті. Жаппай мал µлімінен кейін ашаршылыќ басталды. Есім ханныњ іс ж‰ргізушісі Фаткулин: «кейбіреулердіњ жылќысы да, ќойы да, т‰йесі де ќалмады... ал кедейлер ењ соњѓы ќара-ќ±расынан айрылды... апаттыњ єбден шекке жеткендігі соншалыќ, жас балалардыњ кµбі аштан µлді»...ж±т жеті аѓайынды*, оныњ бірі ханныњ ќаћары деп білді ќарапайым халыќ [16, б.312]. Ә. Қайдар: 1) поголовный падеж скота; 2) голод; 3) пожар; 4) землетрясение; 5) потоп; 6) эпидемия; 7) война – деп жұттың жеті түрін атап көрсетеді [20, б.148]. Ашынѓан ел не демейді. Біраќ, ж±т жеті аѓайынды дегенде ќазаќ халќы µмірдегі тєжірибесінен ќортып еді, ханды ќосќаны жанныњ ќайѓысынан туѓан єрекет болатын. Тамақты жұт дегендегі жұт та осы – жұтпен семантикалық жағынан байланысты.

Түйін. Жеті ж±т: 1. ќ±рѓаќшылыќ. 2. мал ќырылу (ж±т). 3.µрт. 4. оба-індет (ауру). 5. соѓыс. 6. топан су. 7. зіл-зала (жер сілкіну) деп білген (Ќазаќ халќыныњ салт-дєст‰рлері. 1994: 11). Ж±т (1). Апат, ашаршылыќ (АТС, 273). Жұт жылын «доңыз» және «қара киік» жылы деп атаған. Малдыњ отыѓуына (тебінге) бµгет болатын ерте к‰зде жауѓан ќалыњ ќар, артынан еріп, кµк тайѓаќ м±зѓа айналуын ж±т дейміз. Ә. Қайдар жұт сөзінің етістікті жұбы ұйғыр тіліндегі жүт, қарайым. йыт бола алады. Ал, өлім-жітім құрамындағы жіт етістігі -ім жұрнағы арқылы жітім сөзі жасалған жұт қазақ тілінің негізінде пайда болған жасырын синкреттік жұп дейді (Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі. 1998: 80 б.). Мәшһүр-Жүсіп жұт жылы жылқының қатты қырылғанын тіліне тиек қылады. Г. Самағұлова жұт жеті ағайынды тіркесіндегі жеті саны туралы: жеті, үш, тоғыз, қырық сандарының белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым, түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатуында – дейді [24, б.54]. Жұт сияқты сауым мен сауын да халық метрологиясына жатады.

Сауым > сауын. Ќ±ла шолаќ бие ќ±лындап, арбаѓа байлап сауып отырѓанда жау алып кетіпті. Сауыны болѓанда саудыруѓа µздері келеді (М-Ж., Олжабай батыр); Ж‰рінсауын жол ‰стіне салдырып, Бєйбішелер келеді кµш алдында (Б±ќар, 85);

Ә. Қайдар: Время между очередными дойками кобыл относится к числу устойчивых выражений, образованных по моделям народных метронимических измерений времени. В данном случае время между очередными дойками кобыл в народном представлении равно примерно двум часам, ибо кобылу принято доить через каждые два часа – дейді [20, б.80]. Л.З. Будагов қарапайым халық жылдың мезгілін тұрмыс-салтпен байланыстырады деп биені байлау, қымыз сауу сәуір айының аяқ кезімен мамыр айы дейді. Құралай – көктемгі салқын жаңбырлы кез, ол 8 – 16 күнге созылады. Бес қонақ – салқын уақыт 1-5 сәуірге дейін (бес қонақ кеткенше) қыстаудан көшпейді, қысқы киімді тастамайды. Сара, жае құралайдан кейінгі 40 ыстық күн, 25 шілде 5 тамыз айына дейін. Тамыз – тыншу ыстық кез 10 шілдеден 30 күнге созылады [8, б.172].



Сауым туралы Будагов былай дейді: кир. саун удой: биенің бір саумы, одинъ удой кобылы, т.е. Промежутокъ времени отъ одного удоя до другого, продолжающійся около двухъ часовъ (киргизы опредляють время вообще, этими промежутками, и потому если нужно сказать, напр. 4 часа времени, то говорять: биеніњ айќын сауыны), 6 часовъ: биеніњ ауыќ сауын и.т.д. доятъ же кобылъ разх 5 въ лень); сауын айту – (эйту – Будаг.) объявить чтобы оставили кумысу къ свадебному пиру, что бываетъ за недлю до пира (такъ какъ кумысъ состовлялъ у кочевыхъ народовъ главный предметь угошенія на пирахъ и свадьбахъ, то подъ словомъ саунъ разумлось и самое пришество съ угощенями, которыя впослдствіи уже заключали и водку, медь и другіе напитки, эти предметы угощенія гости приносили съ собою, а потому слово это приняло значеніе гостиница – сауѓат, сауын салмақ, звать на пиръ, на свадьбу, на которые должны приносить гостинцы. У другихъ татаръ слово это произносится саум или саун - саум алып бармаќ взять гостинцы отправиться на пиръ. Въ Казани этотъ обычай и понын существуетъ) [8, б.694]. В. Радлов: саун – 1) доеніе, удой (бываетъ пять разъ въ день и служить опредленіемъ времени: биенің екі сауыны – четыре часа; үш сауын – шесть часовъ; саун уақыты – время удоа [7, б.235]; Ал, саум – свадебный гостинецъ – деп; «саун» мен «саум» екі мағына білдіретінін жазады [7, б.239].

Байќаѓанымыздай т‰ріктерде (ќаз.) бие саун, саум сµзі уаќыт орнына да ж‰рген. Биеніњ сауылуына ќарай аталуы: сауын – єрбір тµлді малдыњ сауылуы. Сауым – бие желінініњ с‰тке толып, ќ±лынын емізетін жєне сауылатын кезініњ болѓанын кµрсетеді. Єрі биеніњ сауылу уаќытын білдіреді. Кенже (артќа, соњѓы) сауым. Кейінгі, ењ соњѓы сауым маѓынасында. Кейінгі сауым – биені аѓытар кезіндегі соњѓы сауымы деген ±ѓымды да білдіреді. Бас сауым – к‰ні бойы сауылатын биеніњ ењ алѓашќы (бірінші) сауылѓан мезгілі, уаќыты, кезі. Жебе сауу – биеніњ бас сауымынан соњ, жарты саѓаттай уаќыт µткеннен кейін оны ќайта сауады, яѓни «жебей» сµзі «ќайталап, ќайтармалап, екінші рет» деген маѓынада айтылады. Боз емшек – к‰зге ќарай, биеніњ емшегі с‰тке тырсиып толѓан кезіндегі бірінші сауылуы (Ш. Жанєбілев. Ќазаќша мал атаулары. 1982: 18).



Сауым – зат. Бие сауындарыныњ аралыќ мезгілі. Сауын – 1 зат. Сауылатын, с‰т беретін мал (ЌТТС, 250-251 б.); Саранау `молочная` (Гур., Ман.) считаем одного происхождения с тувинским сааринек в том же значении, в котором сар ~ сыѓыр от саѓ- `доить` озночает `доение`, *инек `корова`. А.М. Щербактыњ іњгексиыр ќазаќ тіліндегі інген (т‰йе) атауымен бір екендігін айтады. Демек, інгек сауылатын мал (±рѓашы) сауын мал дегенніњ синонимі болып табылады. А.М. Щербак, *іњäк не обладает видовым значением и относится только к самке и имеет одинаковое происхождение с іњэн `верблюдица` (каз. іњген), інчэк `самка собаки`, тат диал. энäк ќуй `овца - самка`, образованными от основы іна, энä `матушка` (каз. ене) [25, б.190]. Осы орайда, қайталауға тура келер Єу сувалды Сиыр су алды. Ол узны мµњіретті Ол сиырды мµњіретті (М.Ќ. 188, 190); Іњгек кµл‰кін Тоѓлада оѓуз келті (ЕДЄ, 28); Басынан асыра шапты дейді, ‡й* т‰гіндей кєуірді (‰й*-сиыр, ќара мал) (Манас, 294). Инек ‰й (сиыр деген маѓынада) (ШУ, 244) сияқты кейбір мәліметтерді қайыра келтіре кеткенді жөн көрдік. Мысалы: Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт (Мәшһүр-Жүсіп, 190); Т‰ркі тілінде: сиырды - єу, узны, іњгек, ќырѓ. инек ‰й, бірде – ‰й деп атайды, бұл туралы інек - сиыр бөлімінен оқып, танысуға болады. Көне түркі тілдерінде cар > сығыр <> сағ `сауу` ұғымын білдірген. М. Қашқари сүт сауылды дегенді «сут сағылды» – деген. Демек, сағ > шақ түбір тұлғасы көне түркі тілінде «сауу», «уақыт» мағынасын бергендігінде дау жоқ. В. Радлов саk = чаk время – деп түсіндірген [7, б.241].

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет