Ұлттық киім әлеуметтік теңсіздіктің құралына айналып, ұлттық өлеңге саясаттың бояуын қалыңдатады. Шекпен сөзі тек қана ұлттық киім ретінде ғана қолданылмай қазақ поэзиясында астарлы мәні бар құбылуға дейін барған. Мысалы: Р. Сыздыќова Абайда ќара шекпен атауы текст ішінде кездеспейді. Ал, И.А. Крыловтыњ «Крестьянин в беде» атты мысалыныњ атын «Ќазаѓа ±шыраѓан ќара шекпен» – деп ќоюы Абайдыњ ќолы емес тєрізді, µйткені Абай, сірє, µлењге ат ќою дегенді машыќтамаѓаны белгілі, екіншіден, м±нда аудармашы крестьянин туралы емес, бай туралы (тіпті, ол жалпы бай да емес, купец, лавка ±стаѓан саудагер бай) айтады [9, б.185]. Л.З. Будагов ќара шекпен – м±жыќ (носящій толстое сукно) – деп анықтама берген [8, б.482]. Мәшһүр-Ж‰сіп ќара шекпенді м±жыќ, ќара шекпенді крестьян тіркестерін кекету, м±ќату маѓынасында ќолданѓан. М±жыќ кеп, ќара шекпен крестьян, Жеріњді ќылмады ма тілім-тілім (Мәшһүр-Жүсіп); Соны айтып, тамам м±жыќ ду ж‰гірді, ¦лыќтыњ бєрі ќашып, ‰йге кірді (Шєкєрім); Мінекей, келді м±жыќ кµшкен б±лттай, Ќазаќтыњ ќояр емес жерін ќ±ртпай (Міржақып Дулат); М-Ж. Көпеев өлеңдерінде ескілік киімдерге бір сөзді теңеп, ұқсатқанымен көбіне ұлттық мүдде тұрғысынан, қазақтық тұрғыда айтылады. Кигізген қара сөзге киім пішіп (Мәшһүр-Жүсіп); Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне мен қайтардым (Мұқағали); Дулат пен Абай және Мәшһүр-Жүсіп өз ойларының жүзеге аспай, қазақтарға жетпей жатқанын метафоралы етістіктер арқылы астарлап жеткізуге тырысқан: Жалғанда таппай бір жар жалғыз жүрдім (Мәшһүр-Жүсіп); Кез бомай (-л дыбысы ықшамдалған) мен иеме далаға үрдім (Мәшһүр-Жүсіп); Моласындай бақсының жалғыз қалдым тап шыным (Абай); Ұйқы беріп, қайғы алған, Қайғылыны уаттым (Дулат); Қайғы сөзі деректі зат есім орнына қолданылса, Мәшһүр-Жүсіп те: Қайғыланып, достарым, Жылай берме егіліп! етістіктің орнында қолданылады. Мөңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген сиырдай (Дулат); Ұлыған күшік секілді жұртқа үріп ой қайтты (Абай); Бұзауы бар жас сиыр, Бұзауын табар мөңіреп. Бұзауы жоқ қу сиыр, Әр малға барар мөңіреп (Мәшһүр-Жүсіп); Ақынның Өз сөзіме түсе алмай өзім оқып – деген өлең жолы да философиялық мағынада құрылған. М-Ж. Көпеев өзінің өлеңін өзі оқи алмай тұрмын деген ойды айтайын деген жоқ еді. Оның айтайын дегені Дулат ақын сияқты: Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда Дулаттың деген «ой» еді. Дулат, Абай, Мәшһүр-Жүсіптің де айтар ойы үндесіп келгенімен, «ой» ұғымына үш түрлі келген. Дулатта «ой» бұзауы өлген сиырдай кері қайтады; Абайдың «ойы» ұлыған күшік сияқты қайтады, Мәшһүр-Жүсіпте «ой» бұзауын іздеген сиыр сияқты әркімге бір барады.
Қосымшалар арқылы сөз жасау тәсілдерінің кейбірі де Дулат, Абай арқылы жетті. Мұндай үлгілер Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармасынан да жиі ұшыратамыз. Мысалы, Мәшһүр-Жүсіп: Түзетер шебер жамап қалған сөзін – деген өлең жолындағы шебер зат есім мағынасындағы сөзді түрлендіріп -леп жұрнағы арқылы адвербиалданған формалы үстеулі жаңа сөз жасайды: Шеберлеп келтіре алмай жатыр тілім; Мәшһүр-Жүсіп шығармасындағы: Өз өнерім өзімді үйден қуған; Өзіме көрінемін өзім мінді – деген өлең жолдары да философиялық түйіні бар өнерге деген құрмет көрінсе, екіншіден, адамның өзіне талап қоя білу керектігі айтылады. Олар қарын, қап, ыдыс, қуық сөздерін метонимиялық құбылуларға дейін әкеліп, шығармаларында орынды қолдана білген. Мысалы: Болдық малай қарынға бір парамыз (Мәшһүр-Жүсіп); Адам ол боқ көтерген боқтың қабы (Абай); Мен тойдым тамаққа болдым ыдыс (Сұлтанмахмұт); Өз ақылыңмен жүру, санаулы уақытың қалып, байқалмай өтіп бара жатқан өмір оны – ұрлаған: ай, күнді, сағатты ұрыға теңеу, жанды образдар жасау жаңа поэзияның жазба үлгісіне бейімделген тың үлгілер еді. Бірі күндіз, біреуі түнде жорытқан, Ай мен күн өмірдің ұрысы екен (Мәшһүр-Жүсіп); Сағаттың өзі ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған (Абай); «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» – деген халық даналығын: Сенбе жанның бәрі дос еді деп (Мәшһүр-Жүсіп); Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап (Абай) өздерінше түрлендіреді. Ұлы жазушы, ұлы ақын деген теңеулер Абай мен Мәшһүр-Жүсіпке жат қолданыстар болған. Олар көбіне түгел адам, толысқан адам деген сөз тіркестерін қолданғаны байқалады. Толық адам (Абай); Түгел адам болуға талап қылсаң (Мәшһүр-Жүсіп); Жүкті артқан сияқты дерексіз затты деректі қылып қолдану тәсілі де ұшырасады: Қайғы артам (Абай); Сор артам жаппағанға дәл он бес қап (Мәшһүр-Жүсіп); Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп қолданысында «Ескендір» поэмасының да идеясы көрініс тапқан: Жемтік көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда (Абай). Мені жеп тірлікте тоймасаң да, Тоярсың көзіңе құм құйылғанда (Шәкәрім). Бас орнында бұл күнде үрген қуық; Құйылар бір күн топырақ есіл көзге (Мәшһүр-Жүсіп); Бұл – мысалдардан да Абай үлгісіндегі жаңа жазба поэзиясының үлгілерін көреміз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев этномәдениеттің қайнар көзінің бірі болып табылатын мал-жан ауруларына, салт-тұрмысқа, әдет-ғұрып нормаларына байланысты бірліктерді кеңінен қолданған. Онысы Дулат шығармаларындағы және басқа да ақын-жырау этномәдени параллельдермен үндесіп, байланысып отыратыны байқалды. Айталық, Сарып қылған бар күшін (Бұқар); Сарып қып зұлымдыққа малды аямай (Ақмола); Сарып боп ел қамын көп ойлады (Мәшһүр-Жүсіп). Ш. Уәлиханов: «Қазақтар ревмотизмді сарп – аруақ – дейді, бұл ауру ескі жұрттарда абайлап жүрмегендіктен болады» (ШУ: 76); Л. Будагов сарпъ – түйенің табаны ойылып түсіп қалуы, түйе ауруы (648 б); Су мүйіз болған танадай, Шыр көбелек айналам (Дулат). Су мүйіз – мененгит ауруы. Малдың миына зақым тиуі, не құрт түсуін айтады. «Сиыр цепені» мүйізді ірі қараның денесінде болатын құрт ал, миқұрты көбіне қойда, итте, қасқыр, түлкіде болады. Ал, оның көпіршік секілді финкасы сиырда да кездеседі (К. Қайм, Б. Мұханов, Р. Сәтімбекұлы, М. Шаймарданқызы. Жануартану. 1994. – Б. 50-58). Қағынып өз үйінен кетіп қалды (Мәшһүр-Жүсіп); Ш. Уәлиханов: Қағынды – ауру, бұл аурумен ауырғанда адамның қатты науқас екені, түр-түсінен, сырт бейнесінен айқын байқалып тұрады – дейді (176 б.). Ала баспақ байланып, Үй күшіктей үреді Отының басын айналып (Дулат); В. Радлов: Баспақ - 1) бір жылғы бұзау; 2) тері қап; 3) қойдың ауруы (1540 б). Өңкей ғана сақау қар, Қайнатармын сорыңды (Алпамыс, 263); Л. Будагов: сақау – құлынның тамағының астындағы ісік (689 б.); Нөкер еріп келген оянған соң, Оңаша аз әңгіме құрады енді (Мәшһүр-Жүсіп); Бек дегенің бек емес, Хан жалшысы, нөкері (Дулат); Л. Будагов: нукеръ (нөкер) слуга, служитель, прислужникъ (296 б). Ата кегін алмаққа, Ат терлігін кептірмей (Дулат); Терлік – кошма подъ чапракомъ (Радлов:1072). Қ. Мұхаметханов бірінші кітапта Махамбеттің: «тебінгіні терге шірітпей, Терлікті сүттей ірітпей» деп берілсе, екінші кітапта: «Тебіңгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей» – деп берілген. Екінші кітапта (1925): «Терлігі майдай ерімей» – деп, ақынның аса нанымды, айқын тұрған сөз образдары ақылға қонбайтындай болып, өрескел бұрмаланған. Шынында жабағыдан жасалған терлік (потник) аттың ащы тері сіңе-сіңе сүттің ірігені сияқты іриді (разлагается). Қалың жабағы терлік еріген май сияқты, сұйық затқа айналып кетпейді, іртік-іртік болып, іріген сүт секілді күйге түседі – дейді. Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт, Миығыңды көрсетпей (Дулат); Кермиығым, кербезім, Керіскендей шандозым (Махамбет); Мыіыкъ – усы (Будагов: 274). Махамбеттің 1962 жылғы жинақта берілген түсінікте: «Кермиығым, кербезім. Кермиық – түсініксіз. Мағынасы аңның бір түрі болуға тиіс» – делінген (11 б). «Миық» деген аң емес, мұрт (усы) деген сөз екенін қазақтың көбі-ақ білетін шығар. «Миығынан күліп» немесе «мұртынан күліп» демейміз бе?!» (Қ.Мұхаметханов. Семсер жырға сергек қарайық. Қазақ әдебиеті. № 19 (1837) 9 май, 1986 жыл). Миық: миығынан күлу. Езу тартып, жымию – деп түсінік берілген (ҚТТС: 143). Өлеңді төсеп ет жемей, Ұлы түске ұрынбай – деген Махамбеттің өлеңді сөзін өзегі талып ет жемей – деп өзгерткен. Өлең – шөптің бір түрі, қазақтың төл сөзі екені белгілі (Қ. Мұхаметханов). Көкмайса белі болмаса (Дулат); Бұл сөздің өз алдына жеке тұрып қолданылмайтын бөлігі майса кейбір тілдерде ең алғаш шыққан көк шөп, жас, нәзік, жұмсақ шөп деген мағынада жеке-дара тұрып та айтыла береді: қарақалпақ тілінде майса, ұйғыр тіліндегі майса, тәжік тіліндегі майса, өзбек тіліндегі майса т.б. Олардың барлығы да жоғарыда көрсетілген мағынада жұмсалады. Майса сөзінің басқа түркі тілдеріндегі қолданылу мағыналарына қарағанда, көкмайса сөзі өзара әуендес екі сөзден құралған да, бір-бірінен ажырамай тұтас айтылатын бір сөз есебінде қалыптасып кеткен (Ә. Құрышжанов. Этимологиялық этюдтер. Қазақстан мектебі. № 12, 1973). Түбір тұлғасы этимологиялық талдау негізінде ғана ашылатын этномәдени единицалар да жиі қолданылады: Жауқазын іздеп қаңғырып, Тұмсығына шаң кіріп (Дулат); Жауқазындай (жауқасындай) аршыған аппақ болып, Өзі ішерлік өз асын жасқа жетті (Мәшһүр-Жүсіп). Жегізіп Сарыарқаның жауылшасын, Жануар, босатармын арқы-басың! (Мәшһүр-Жүсіп). Жауылша мен Жауқазын сөзінің жау түбір тұлғасын Қ. Жұбанов ертеде түркілер jақ (масло) май-ды өз мағынасында ұққан>жақ (мазать) келе туынды етістікті жаңа сөз пайда болғандығын айтады. Сөйтіп, жақ-жау о бастағы мағынасын жоғалтқан да басқа синоним сөз jағ-май ығыстырған. Ұмай құрамына келіп кірген май осы май. Сондықтан да әйелдер культы ылғи маймен байланысты болған. Ұмайға ислам діні қазақтардың арасында орын қалтырмады. Ұмай таза күйінде қалды да, май: «От ана! Май ана! Жарылқа!» сияқты сөздердің құрамында сақталып жетті (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Ғылым, 1966: – 544, 121 б.); (Ә. Қайдар: 213 б.; Б. Қалиев: 90 б.).
Абайдың шәкірті Шәкәрім поэзиясындағы этномәдени бірліктер де өзінің қолданылу ерекшеліктерімен айқындалады. Академик Р. Сыздық: Әрине, бұл ізденістерміз Шәкәрімдей зор суреткердің тілін тұтастай алып, жан-жақты талдау емес, өйткені әрі ақын, әрі прозаик жазушы, әрі публицист, әрі тарихшы, философ ғалым Шәкәрім мұрасының стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы-осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді – дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. 2004: 552). Осыған орай, біз Шәкәрімнің этномәдени мәні бар лексикасының кейбіріне ғана тоқталамыз. Әміркеннен мәсі – етік (56), Өңі жылтыр болмаса, Опайкеден мықты ма? Етігіңнен именіп, Жауың қорқып бұқты ма? (56), Түлкі тымақ, сырты пай, Мойнында бар ақ шарып (57), Қымбат ішік, қыл шапан, Папирос тарттым баптанып. Бешбент, шалбар – сукнодан Тігінші тіккен ақша алып (57), Резеңкеден калошым (57); Абайдағы кебін сөзі Шәкәрімде бөз сөзімен алмасқан: Шаранамен туып едің, Бөз оранып өтесің (113) т.б. Шәкәрім шығармасындағы опайке сөзі М. Әуезовте де кездеседі [10, б.193]. В. Радлов: Опаіkа [Kir ., aus dem russ. «опойка»] черная кунгурская кожа [7, б.1155].
Шәкәрім ұлттық киімге орыстың реңін (шарып, папирос, сукно, колош т.б.) береді. Шәкәрім Абайдан көп үлгі алған, сондықтан да болар ұлттық киім араласқан жерде бай мен кедей теңсіздігі қоса сөз болады. Ертіс басы қара дін жерге кетті, Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті Бұл арада, «дін» сөзіне жырда жаңсақ түсінік берген сияқты. «Бұл өзі жаңғақ болса керек, дәл не екені ұғынылмады» – дейді (ҚКБС: 1985: 19 б.). Ертістің жағасы шайылмау үшін ағаштың пайдасы ұшаң-теңіз екені айтпаса да түсінікті. Жырда Ертістің мұхитқа құятынын да айтып өткен. «Тін-флоэма-жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түрлі органдарына органикалық заттар өткізетін күрделі ткані» (ҚСЭ. 1977: 262 б.). С.Талжанов «Қара дін» «шаманизм» атты бурят-монғол діндес еліне барғанын нұсқап тұр ма немесе сол мезгілде қара тастан салған дөңгелек үйлер болған солар ма дегенді айтады [11, б.33]. Демек, дін (ислам діні сияқты дінге, дін-кешенеге) ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймыз. Дін > ұмайға қатысты шоқ терек, бәйтерекпен байланысты. Жыршы ақындар дін мен дөң сөзін қатар қолданған сияқты. Тірідей дөң басына қалған өлмей (Шәкәрім). Ертіс басы қара дөң, Екі айрысына қумасам (Едіге), Ертістің басы қара дөң, Екейге біткен қара адыр (Шортанбай), Шәкәрім «дөң» сөзінің орнына «шеп» сөзін де қолданған. Қорқаққа оңай емес шепке бармақ (Шәкәрім), Шепті бұздым айғайлап (Ақтанберді), Арасынан өтіп бұзып дінді ашқан (Қазтуған). «Шеп» сөзі кейде «діні» сөзімен де алмасқандығын көреміз. Шәкәрім қамшы сияқты заттық мәдениетке байланысты сөздерді де ұтымды қолданған: Қамшы басты күрең атқа (Шәкәрім), Балға алды, қамшы егеуменен (ҚКБС). Бабаның нұр жүрегі болды мұздай (Шәкәрім). Шәкәрім қолданысындағы «мұздай» сөзі ежелден келе жатқан құбылыс екендігі байқалады. Мысалы: Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес (Доспанбет), Бұдырайған үлкен шекелі, Мұздай үлкен көбелі (Қазтуған); Қазіргі кезде бұл – бірліктер өзгеріске түсіп: бұздай ~ мұздай ~ судай ~ шыттай сияқты дәрежеге жетті. Дейтұғын формасы да көнеден жеткен қолданыс. Дейтұғын «Арда күрен» бір жүйрікке (Шәкәрім), Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті (ҚКБС). – Тұғын формасы туралы әр кезде Х. Досмұхаметов айтқан еді. Бүлінер бір бала үшін (Шәкәрім), Қалың Қыпшақ бүлді деп (Қобыланды) Осы жолдағы бүлінер етістігі о баста «бүл» болған. «Бүл болмасаң, күл бол» мақалдың құрамында сақталған. «Бүл» өзінің көне тұлғасын сақтап қалған. Мұндағы «бүл» жазып жүргеніміздей «бұл» емес, оның дәлелі екінші сыңары «күл» сөзінің құрамындағы дауысты дыбыс «ү» өзгеріссіз сақталғаны дәлел бола алады.
Ә. Қайдар: үл болмасаң, бүл бол тіркесіне байланысты. Осындағы үл де, бүл де бүгінгі таңда беймәлім сөздер және олар тек осы фразеологизм құрамында ғана айтылады. Бір замандағы бұл фразеологизмнің мағынасы – «бөлінбек түгіл, бүлін». Үл түбірі о баста «бүтіннің бөлшегі», «бөлік», «тиісті үлес» мағынасында кең түрде қолданылған. Түркі тілдерінің біразында бұ түбірден үле-/ үлі-/үлү түрінде («раздавать, распределять»; «разделить на части» мағынасында) етістік формасы жасалады. Бұл қазақ тілі говорларынан да кездеседі. Сол сияқты бүл сөзі де кейбір түркі тілдерінде осы күнге дейін жеке-дара айтыла береді. Ол бірде есімдік, бірде етістік мағынасында айтыла беретін синкретикалық түбір. Мысалы: қазақ тіліндегі бүлік, бүлдір, бүліну, қырғыз тіліндегі бул – «раздирать, разбивать, рвать, выравть», ұйғыр тіліндегі булла – «отнимать, отбирать, насильно вырвать; ограбить» сөздерінің түбірлес екеніне таласу болмайды – дейді (Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, Ана тілі. 1998. – Б. 294).
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының морфологиялық ерекшеліктерін зерттегенде Шәкәрім шығармалары тілінің мынандай ерекшеліктері ортақ екендігі байқалды. Кейбір параллельдердің фонетикалық өзгерістері: мақсұт//мақсат, сүйтсе//сөйтсе, махаббатты//махабатлы, осынан//осыдан, хақ//қақ, разымын//ризамын, мұны//бұны, сыйыныпты//сиыныпты, дұспандары//дұшпандары, рахымсыз//рақымсыз. Сөз құрамындағы дыбыстардың орын ауысуы немесе протеза: ырық//ырқ, ыстық//стық, молда//молла, ұзайтып//ұзатып. Естіп//есітіп (есітпеген, есіттім, есітіп) сияқты сөздердің қолданысында өзіндік ерекшеліктері бар. Олар көбіне етіс категориясымен тығыз байланысты болып келеді. Есітіп сөзінің райлық түрленісін М. Қашқари еңбегінен ұшыратуға болады. Сөздердің апшып, ықшамдалу тәсілі ауызша дамыған әдеби тілдің әсері екендігін (С. Исаев, Р. Сыздықова жазған болатын): Қалқаман/да/, ауыл/ды/, тоқты/ны/, бозбала/лар/, ұялам/ын/, тұрғам/ын/ – жіктік жалғауының ықшамдалуы, іс/ін/, есіттім/мен/, ал/да/, иман/ың/, ест/і/и, тәңір/дің/, бұ/л/, ел/ім/, тану/таңды/, елім/мені/, мойын/ды/ т.б. Күрделі сөздердің компоненттерінің әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауы: сүйтсе/солай етсе/, бүгін/бұл күн/, әкеп/алып кеп/, бүкшиіп/бүктеу құрамындағы бүк, ши, иіп), тәңір/таң, іңір/ т.б. Жырда кездесетін кетелік, етелік, тербетелік сияқты қалау райлы формада қолданған сөздерді Шәкәрім поэзиясынан да ұшыратамыз: Жүрелік шариғаттың жолымен. т.б. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп бір ғасырды Абаймен бірге аяқтап, екінші ғасырды кеңес ақындарымен бірге бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |