Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы метрологиялық терминдер 4 Том



бет5/10
Дата15.09.2017
өлшемі2,74 Mb.
#33274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Шығыс ақындарынан үйрене келе, шығыс дәстүрін жалғастыра келе өзінің пайымдауларын, тың ойларын, тың тіркестер мен оралымдарды өте шебер пайдалана білген. Шығыс поэзиясының кейбір мазмұны қазақ ұғымына лайықталып қайта жазылғанын да байқауға болады. Шығыс поэзиясы Мәшһүр-Жүсіп шығармаларына арқау болған, дамуына, өсуіне, тигізген әсері де өте үлкен екендігіне көзіміз жетті. Демек, Мәшһүр-Жүсіп шығармасындағы этнографиялық сөздердің бір негізі қайнар көзі шығыс мәдениеті болып табылады. Мәшһүр-Жүсіп араб-парсы тілдерін еркін меңгергені байқалады. Жалпы тілді жетік білген адам сол тілде еркін жазып, еркін сөйлей алады. Ал, бұл – жазба үрдіс шығармасына да әсер еткені шығармасын талдағанда анық көрінеді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында араб-парсы сөздері ислам дініне қатысты да, қатыссыз да қолданған. Кейбір сөздер Мәшһүр-Жүсіпке дейін де қолданылғаны анықталды. Бірсыпыра сөздер Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өзінің қолданысындағы сөздер екені байқалады. Араб-парсы сөздеріне қазақтың қосымшасын қосып жаңа сөз жасау үлгісі де ара-тұра ұшырасады. Әрине, бұл – зерттеуде барлық ойдағы алған мақсатты жеткізіп тастау мүмкін емес. Тақырыпқа қатысты шығыс тілінен енген кейбір сөздерге ғана талдау жасап, тоқталдық.


1.3 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы орыс (еуропа) мәдениеті мәселесі
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аса күрделі дәуірді басынан өткерді. Қайшылығы мол, алда не болары белгісіз бұлдыр қоғамдық формация әлі пісіп-жетілмеген Қазақстан жағдайындағы толқын Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп т.б. зиялыларды тудырды. Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп қазақ руханиятының біртұтас галереясын жасап тұрған адамдар. Бұлардың қоршаған ортаны тану, дүниені ұғыну, сезіну, әлеуметтік- экономикалық жағдайды түсінуі, оны жырлауы, тақырыпты тану жағы, көзқарасы бір, бір позициядағы адамдар десе болады. Бұлардың қоршаған ортасы, шығармашылығы сол кездегі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл төртеуін қоғамдық формацияда болып жатқан өзгерістерден тыс тағы да қарастыра алмаймыз. Олар өмір сүрген кезде қоғамдық жағдай қандай болып еді? Соған біраз шолу жасалық. М-Ж. Көпеев өмір сүрген орта ХIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысы екендігі айтылып өтті. Бұл кезең қазақ өміріндегі басқа ғасырларға қарағанда қайшылықтарға толы күрделі дәуір болды. Көп жүріп, көп көргені бар, оқыған-тоқығаны бар М-Ж. Көпеев өз елінің ауыр тұрмысын басқа жұрттың тұрмысымен салыстырып, қорытынды жасап отырған, шығармаларына арқау еткен. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында болған елеулі өзгерістер (егіншіліктің, қолөнердің, сауданың дамуы, хандық тәртіптердің жойылуы), ал сонымен қатар отаршылдық езгінің күшейюі қазақ халқының бүкіл қоғамдық тұрмысына, қазақ мәдениетіне елеулі әсерін тигізді. Бұл-төменде аталған ақындар шығармаларының мән-мазмұнынан да көрінді.

Мысалы, Абай: Орыс сияз қылдырса, Болыс елін қармайды (112); Ояз келсе қайтер ең, Айдаһардай ысқырып (124); Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға (133); Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуремін мен тыя Дауың мен шарыңды (272); Шәкәрім: Бұл елдің көргені - өтірік ант, Қазаққа алдау деген болды ғой салт (82); Патшалар сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін ғаскерін (111); Жебір ұлық халқына қас қылады, Көңілін шерлі, көздерін жас қылады (156); Чиновник ісін қылмаңыз, Әділет жолын тыңдаңыз (161); Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп, Адалымсып жүретін ұлықтар көп (166); Мәшһүр-Жүсіп: «Ұшбу өткен қысқа Шақшан елінің қазағы Біртоқым деген Павлодардың хабасханасына өліп, үш күн көмусіз жатты. Далба елінің он екі кісісін қатын-қалашымен қабат улатып, шулатып орысқа қарсы келдің деп, қойдай тізіп, қозыдай көгендеп, Павлодардың хабасханасына апарып салды. Петропавловскі шаһарына шаһар тілі болып атағы шыққан Танты мырза екі жыл жарым бір жаз войскіге айдалып барып, сол жолдан рахметланып ауырып келіп үйінде өлді. Қызылту ескі елінің алты жігіті нақақтан сегіз жылға жер аударылып, өлгені өліп, қалғаны қалып, жалғыз-жарым тірісі қайтып келді. Мың сөзбен бір сөз, біздің қазақтың үштен бірінің жоққа тандық болғаны била күші хакімларда ғаділетшіліктің жоқтығынан, жұртты жеген залымдар ақшаны беріп-беріп ақталып жатып да, ақша бермегендер, «ісім ақ, құдайым жақ», деп, «жалаң құдайға сенсең, жаяу қаласың» дегеннің кері келіп, дүниенің о шеті мен бұ шетіне кетіп жатыр» – дейді [14, б.3].

Шәкәрім мен М-Ж. Көпеев қазақ ояныңдар, бостандық, орыс отаршылдығы, бодандық, жерді алып жатыр, теңдік сияқты саяси мәні мен мазмұны бар сөздерді жиі қолданған. М. Әуезов айтады: «Абай өлеңдері мен қара сөздерінде біз патшалықтың дәл өзін сынап, қарсылық сөз сөйлегенін кездестіре алмаймыз. Бірақ, сол патшалықтың қазақ елі сияқты бұратана жұртты билеп отырған системасын және губернатор, ояз, болыс, тілмәш, би, старшын, елубасы, атшабар, онан соң жаңағы қазақтан шыққан ұсақ чиновниктер бар, осылардың барлығын барынша әшкерелеп, масқаралап, мінегенін көреміз» [15, б.11].

Үшеуіне де орыс отаршылдығымен келген сөздер ортақ: хандық өкімет, құлдық, төре, ақ сүйек, аға сұлтан, жалдама, жалшы, кедей, жарлы, қызметші, малай, жатақ, шаруа, жұрт, қара халық, помещик, дворянин, фабрикант, он басы, мужық, старшина, жандарал, сот, старшин, кандидат, болыс, сайлау, поштабай, шабарман, майыр, ұлық, әкім, атқамінер, мөр, медаль, санат, мекеме, ыштат, закон, қазы, судья, ант, айып, дүре, түрме, кісен, дуан, арыз, абақты, тұтқын, арест, Сібірге айдау, тергеу, кәтәләшкі, прошение, расход, базар, книге т.б. Бұл – лексикалар Дулат шығармаларынан да орын алғандығын байқауға болады.

ХIХ ғасырдың 60-шы жылдарының орта кезінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталды. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы елімізде капитализмнің дамуына мүмкіндік берген 1861 жылғы реформаға және одан кейінгі буржуазиялық реформаларға дәл келді. Бұл реформаларды жасауға мәжбүр болған крепостник-помещиктер капиталистік дамудың талаптарына бейімделу жолына түсті. Қоғамдық формациядағы түбегейлі өзгерістер феодалдық-крепосниктік езгіге қарсы, патша өкіметіне қарсы орыстың демократ күштерін тудырды. Осы демократ мәдениеті қазақ мәдениетіне бірте-бірте күшті әсер ете түсті. Расы керек, патша үкіметінің қазақ даласына айдауға жіберген орыс, шет ел төңкерісшілері қазақ жерлеріне келіп қайтқан орыс жазушылары мен ғалымдары қазақ өлкесін зерттеп, қазақ халқын алдыңғы қатарлы мәдениет дүниесіне тартудың қамын істеді.

А. Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар немесе Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар» т.б. еңбектерді қараңыз. Олар қазақ арасында өздеріне лайық шәкірттер мен достар тауып отырды. П.П. Семен-Тянь-Шаньский, А.Н. Бекетов, Ф.М. Достоевский, С.Ф. Дуров, Г.Н. Потанин Шоқан Уәлихановтың жақын достары бола білді. Е.П. Михаэлис, Н.И. Долгополов және басқалары Абайдың достары болды. Ыбырай Алтынсарин да өз заманында орыс ғалымдарының арасынан жақын достар тапты. Қазақтың аса көрнекті ағартушылары, ғалымдары және жазушылары орыстың демократиялық мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерінен тәлім-тәрбие алды. Пушкиннің, Лермонтовтың, Чернышевскийдің, Шевченконың және басқаларының шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына игілікті әсерін тигізді, осы әдебиеттер демократиялық дәстүрлердің нығаюына көмектесті. В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов сияқты төңкерісшіл демократтар Россияның езілген халықтарының бостандық жолындағы күресіне тілектестік білдіріп, оны орыс халқының патша өкіметіне қарсы күресімен тығыз байланыстыра қарастырды. Мысалы: Н.Г. Чернышевский 1861 жылы «Современник» журналында жарияланған «Ұлттық әдепсіздік» деген мақаласында орыс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шықты. Н.А. Добролюбов «нағыз патриотизм, адамзатты сүюшіліктің жеке көрініс болғандықтан, жеке халықтарды жек көрумен сыйыспайды» - деп жазды. Украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченко 1847 жылы Қазақ жерінде 10 жыл айдауда болды. Оның «Тәңірінің де балтасы бар есігінің артында» деген өлеңінен қазақтардың бостандық деп соққан жүрегінің рухы сезілді. Қазақтың ауқатты адамдары капиталистік қоғамдық формацияның ықпалына түсіп, бейімделу жолына түсті. Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат өндіретін рынокқа айналды. Қазақстанда жаңа қалалар мен орыс поселкелері пайда болды. Орыстың қара шекпенділері ағылып келе бастады. Қара шекпенділер Абай, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында да көрініс тапты. Әлеуметтік қозғалыс өзінен-өзі рухани қозғалысқа әкелді. Жергілікті тілмаштарды, орыс тілді мұғалімдерді даярлау қолға алынды. Патша өкіметіне қызмет еткен қазақтың зиялы өкілдерінің балалары да шыны керек орыс тілін жақтап, орыс біліміне иек артты. Ал, патша өкіметінің өкілдері оларға үміт артты. Әлеуметтік-экономикалық отарлау орыс тіліне деген қажеттілікті тудырды. Бұл – үрдіс ұзақ жылдарға созылды. Орыс зиялыларының көптеген өкілдері А.Е. Алекторов, Н.И. Ильминский т.б. патша өкіметінің саясатын жүзеге асыра отырып, тілді зерттеуде, қазақ ауыз әдебиетін жинап, бастыруда көптеген пайдалы нәрселер де істеді.

Қазақстандағы мәдениеттің дамуына баспасөз қатты әсер етті. Патшаның жергілікті әкімшілігінің ресми ұйымы болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомостылармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала өлкесі», «Ауылшаруашылық листогі» сияқты газеттер өз беттерімен өнеркәсіп, ауылшаруашылығын, өнер мен білім мәселелерін көтерді. Ташкентте, Оралда, Астарханда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер Қазақстан өмірімен азды-көпті байланыста болды. Бұл газеттерде агротехника, мал шаруашылығы жайында, жаңадан ашылған мектептер мен қазақ халқының тілі, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиетіне қатысты мақалалар басылып отырды. Алғашқы қазақ тіліндегі газет Түркістан генерал-губернаторының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің алғашқы номері «Түркістан уәләятінің газеті» деген атпен «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдың 28 апрелінде шықты. Қазақ тіліндегі екінші газет бұдан 5 жыл 1888 жылдың 1 январынан бастап жаңадан құрылған Дала генерал-губернаторының органы ретінде оның администрациялық орталығы – Омбы қаласында шықты. Газет алғашында Ақмола облыстық ведомостысына жалғама ретінде (орысша «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен), кейін 1894 жылдан бастап Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының ведомостысына жалғама ретінде «Дала уәләятінің газеті» деген атпен (орысша - «Киргизская степная газета») жұмасына бір реттен өз алдына бөлек шығып тұрған. Газет екі бөлімнен (ресми және ресми емес) тұрды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарына қатысты бұйрық-жарлықтар жарияланып отырды. Ал ресми емес бөлімінде: ел басқару, егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын асылдандыру, сауда хабары, мәдениетке ұмтылу (мектеп ашу, дәрігерлік жәрдемді күшейту, әдебиетті, ана тілін дамыту) т.б. болды.

Патша өкіметі отарлау саясатын бірте-бірте күшейте берді. Оларды ауылдық мектептер мен медреселер, діни оқулар мұсылманша оқу қанағаттандырмады. Қазақстанның Ресейге қосылуы орыс-қазақ тілді школдар мен училищелер ашуға мұрындық болды. Бұл мектептер қазақ жерінде бұрыннан бар мұсылманша оқу орындарының жабылуына әкеп соқты. Оқу орындарындағы шәкірттер саны да аз болды. Орынбор мектебі 19 жылдың ішінде не бәрі 48 сауатты адам-қазақ зиялыларының алғашқы өкілдерін тәрбиелеп шығарды [16, б.17]. Ішкі Орда да үкімет школдарында 1891/92 оқу жылында не бары 160 қазақ баласы оқыса, 1889 жылы 573 бала оқыпты. Бүкіл Қазақстанда ХIХ ғасырдың II бөлігінде не бары 100 шақты орыс-қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық бала оқыған [9, б.11]. Бұл мектептердің қазақ халқының сана-сезімдерінің оянуы үшін прогрессивті рөлі зор болды. Қазақ халқының мәдени өмірінде кітап басу ісінің маңызы зор болып, рухани өміріндегі ерекше құбылыс болып есептелді. Қалай дегенмен ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында оқу-білім ісі анағұрлым алға жылжыды. «Между тем до октября 1917 г. На казахском языке было издано свыше 900 названий разнообразной по тематике и содержанию печатной продукции. Общий тираж их достигал 2 192 235 экземпляров» – дейді (Ж. Шалгумбаев. // Известия НАН. РК. Серия филологическая, 1994. – № 2. 33 б.).



Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп орыс империясының отарлау саясатын: бостандық, жер мәселесі, думаға мұсылман өкілеттілігін сайлау, теңдік, бас қосу, дұшпан, жау, дін бостандығын ашық айта білді. Оның мәнісі мынада, 1905 жылғы Ресейде болған төңкеріліс, қанды оқиға да ақындардың ой-өрісін өсірді. Ақындардың шығармаларында, олардың көзқарастарының қандай екеніне қарамастан, өлкенің шаруашылығы мен мәдениетіндегі жаңа құбылыстар бейнеленіп отырды. Халық жерін тартып алу, қазақ халқының феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы күресі ақындар жырының маңызды тақырыбына айналды.

М-Ж. Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі?», «Хал-ахуал», «Олжабай» т.б. мазмұны мен мағынасы жағынан ел мен жердің тағдырына алаңдаудан туған шығармалары болды. Онда хандар мен патша әкімшілік орындарының халық жерін басып алуына Сарыарқа қазақтарының жасаған қарсылығы мен наразылығы кеңінен орын алды. М-Ж. Көпеев: «Баласы дін-мұсылман ұрандасып, Қосыл кісі санына, қос басыңды» – деп ашық айтты (Сарыарқаның кімдікі екендігі?). Ол-патша өкіметінің «манифесіне» сенбеді, қазақтарды да сенбеуге шақырды. «Манифест бар деушілер тұтқын болып, Кесілді еш себепсіз оған жала» – деді М-Ж. Көпеев. Ақын замана тынысын бұрынырақ біліп, сезіп отырған сияқты. М-Ж. Көпеев: «Мың сегіз жүз сол алпыс тоғыздан соң, Қор болып, болмадың ба аяқ асты?» – деп жазғанда 1868 жылғы «Уақытша ереженің» қазақ еліне әкелген қасіретін айтып отыр. Сонда, М-Ж. Көпеев нені білген? Неге? 1868 жылғы «Уақытша ережені» мысалға алған. Соған барлау жасап көрелік. «1868 жылғы «Уақытша ереже» («Жаңа низам») мұсылман дін қызметкерлерінің құқығын тежеді, сұраусыз мешіт салуға, мұсылман медіресесін ашуға, молдалар мен мешіт пайдасына алым-салық салуға тыйым салынды. 1868 жылғы «Уақытша ереже» Қазақстанда христиан дінін таратуға бағытталған бірсыпыра параграфтар болды. Сол сияқты ел басқарудың жаңа системасының орнығуы патша өкіметі үшін жайлы болды. Қазақ жерін тартып алудың тағы бір жалаң саясаты жасалды» [16, б.418]. Соның салдарынан жергілікті жерлердегі комиссия реформаны жүзеге асыра бастады. Реформа қазақтың бұрыннан қалыптасқан, үйреншікті рулық басқару жүйесін бұзды. Құнарлы жерлер тағы да алынды, жер бөліске түсті. Жердің бей-берекет қайдағы бір келімсектерге берілуі қазақ елінің қарсылығын тудырды, кейбір жерлерде патша үкіметіне қарсы күрес басталды. Міне, осындай қазақ халқының ауыр жағдайлары т.б. оқиғалар қордаланып келіп, көзі ашық саясат жағынан қырағы М-Ж. Көпеевтің 1868 жылғы күрделі оқиғаны сөз етуіне, жазуына түрткі болды. Осы жағынан келгенде М-Ж. Көпеев шынында да заманынан оза туған демократ ағартушы екендігіне көзіміз анық жетеді. Сондықтан да, М-Ж. Көпеев манифесті орыс империясының кезекті құйтырқысы, қазақ елін, жалпы бұратана халықты алдауға арналған арандату екендігін түсіндірді. Сөйтіп, шығарманың негізгі мән-мазмұнына арқау етті. М-Ж. Көпеевтің бұл шығармасы қазақ халқының арасына лезде таралып, өзі де ушығып тұрған жағдайға отқа май құйғандай әсер етті. «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» қазақ халқының ғана емес, күллі мұсылман елінің саяси ұранына айналды. М-Ж. Көпеев ақындардың ішінде алғашқылардың бірі болып, қазақ халқының бостандыққа, теңдікке жетуі үшін мұсылмандар бірігіңдер деді. Патша үкіметінің екі жүзді саясаты М-Ж. Көпеевтің шығармасының негізгі идеясын құрады. Сол кездегі патша үкіметінің отаршылдық әрекетін ақын айыптап, батыл сынады. «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» кітабы Қазан қаласында басылған нұсқасы 1905 жылғы оқиғаны саяси тұрғыдан өте сауатты сипаттап, сол кездегі оқиғаны көзбен көргендей қылып жан-жақты суреттей білген.

М-Ж. Көпеев: «Байланып қорыққандықтан жүрді тілім, Қазағым, қайран жұртым, халқым, елім» – деп, қазақтың тарихынан мәселе қозғап, бүгінгі бодандық халін Ресей империясының жүргізіп отырған саясатын әшкерелейді. Қазақ халқының ауыр жағдайын бүкіл дүние жүзіне паш етеді: «Біздің қазақтың үшке бөлсек, екі есесі жоқ есебінде, ал қалайша жоқ десең, жер-су учаске деп алды, войске деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, шабындылы жерден қазақ айрылды, суырша жонға шығып, жан сақтап жүр еді. Егінге лайықты деп, ол жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды.


Жер-судан айрылып қалған соң,

Өз қонысынан ауған соң,

Еркекте ақыл қала ма?

Біреуден сауын сауған соң,

Ұрғашыда ақыл қала ма?
Ақылдан айрылып қалып, шаруа малынан береке қашып, оның үстіне алым-шағым, земіскі, ізбор деген қымбаттап, ел аралаған начальник, шиноликлардың жалдап мінген аттарының майын төлей алмай қаңғып кетіп, Питербор, Мәскеу барсаң, орыстың малайы қазақ, Бұхар, Ташкент барсаң сарттың малайы қазақ … Патшаға оқ атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Орыстікіне, шиноуликке, нашалникке ақша бергендер кісі өлтірсе де, кешуі болып үйде қалып жатыр, ақша бермегендер сүттен ақ болса да, атылып, айдалып кетіп жатыр» – деп жазды [14, б.6].

Академик Р. Сыздық: «Дулат Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға біртабан жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын» – дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. 2004. – Б. 585). Дулаттың осындай классикалық поэзия үлгісінің біраз белгілерін Абайдан кейін қабыл алған Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп Көпеев деуге де болады. Дулат, Абай, Шәкәрім және Мәшһүр-Жүсіп ресей империясының дәуірлеп тұрған заманында өмір сүрді. Бір жағынан ресей өкіметінің, екінші жағынан жергілікті жердің патша өкіметінің өкілдерінің қыспағын көрген қазақ халқының тағдыры бұл – төртеуін әрине бей-жай қалдыра алмады. Ресей империясының бодандық әрекеті қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жақтарын да қозғады. Бұл саясат қазақ халқының оянуына, алдыңғы мәдениетке ұмтылуына да әсері қатты болды. Бұлардың шығармаларының мән-мазмұны, идеялық қазығы орыс отаршылдығына дейінгі ақын-жырау дәстүріне иек артқанмен заманына қарай басқа бағыт алып, басқа идеяларға толы болды. Осы кезеңдегі халықтың ауыр тұрмысын, рухани мәдениетін жырлау осы – төртеуінің еншісіне де тиді. Сөйте тұра олар – орыс (еуропа) мәдениетінен көп үйренді.



М-Ж. Көпеев «Аспан, жер және адам жаратылысы туралы» еңбегінде: Плотон – (Мәшһүр-Жүсіп қолданысында Аплатон) хакім ақылына сенді: «Өлмеймін!» – деді, кәне, өлмей қалғандығы?! Ендеше сен маған құдай ақыл берген екен, ғылым, білім берген екен деп, ақылыңа, ғылым, біліміңе сенбе! Сенгіш болсаң құдайыңа сен! – деп Аплотонның ақыл туралы кейбір қағидасына өзінің пайымдауын айтады. Құдай жоқ деген сол уақыттағы қағиданың қате тұжырым екендігін, Джордана Бруно, Коперниктердің ой-тұжырымына сүйенеді. Орыс сыншысы Виссариион Белинскийдің туған, өлген жылын (1810-1848) көрсетіп, өз тұсында замандастарынан басып озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы деп жазды. Ол айтқан пәлсәпа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, – дейді, – жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді, – дейді. – Бірақ тіршілік еш уақыт өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдеп я әлі күнге орнында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» – деп сөйлеу керек» – дейді. В. Белинскийді қазақшаға аударып, оның айтқандарынан философиялық ой түйеді. Оның Лермонтовқа, Гогольге, Гончаровқа берген бағасын, әдебиет сыншысы екендігін дөп басып айтады. В. Белинскийдің «Московский наблюдатель» (1838-1839 жылдары) журналындағы сын мақалаларын оқығандағы ақынның өзіне қажетті жерін жазып алып қазақша аударғаны байқалады. «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» кітабындағы орыс революциясы туралы айтқандары революционер демократ В. Белинский шығармаларын оқығаннан кейін туған ой болуы әбден мүмкін. Дарвиннің: «Талай замандар өткенде, биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдіктер шығады» – деп «Құран кәрімдегі» адам топырақтан жаратылған деген оймен сабақтастырады. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу көзін анықтайды. Немесе, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Михаил Баскиннің: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып тұрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа келген»-деген сөзін келтіріп, өзінің кейбір шығармаларына арқау еткен. Затаевичтің қазақтың ел аралап қазақ әнін жазып алғанын: «Затаевичтің қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені» – деп, үлкен баға береді. «Адам мен жұлдыздар арақатынасы» деген еңбегінде Жалинус сөзінің дұрыстығына ден қояды. Жалинус атанған бір данышпан айтқан: «Һауа түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» – деген ғибрат сөзіне құлақ асады. Мұндай мысалдар, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында өте көп кездеседі. Біз ақынның орыс (европа) ойшылдарын, зиялыларын, биологтар мен философтарын оқығандығын, еңбектерін оқып қана қоймаған, шығармаларына арқау қылып пайдаланғанын тағы бір мәртебе шегелеп айтқымыз келеді. «Мәшһүр-Жүсіптің Л. Толстой, А. Пушкин, М. Лермонтовтың шығармаларымен таныс-біліс болғанын, олардан үйренуге шақырғанын әр кезде жазғандарынан білеміз. Осы орайда Қазақ ССР Ғылым акадаемиясының академигі М. Қаратаев мынадай дерек келтіреді: «Бірінші бағыттағы халықтық ақын-жазушылар Пушкинді Абай дағдысымен ұнатып, шамасынша оқып, қазақ тіліне аударып келді. Кейінгі кезде белгісіз ақындар аударып, ел арасында тараған «Евгений Онегиннің» үзінділері табылды. Мәшһүр-Жүсіптің қолжазбаларының ішінде белгісіз ақын аударған Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты». Осыдан ой түйетін болсақ, аударма белгісіз ақындікі емес, М. Көпеевтікі екені сөзсіз дейді С. Дәуітов (Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалылары. 1990. – Б. 17). Біз де осы ойға толығымен қосыламыз. В.Г. Белинский шығармасын оқыған ақын, А. Пушкин, М. Лермонтов өлеңдерін аудармады, білмеді деп айта алмаймыз. Абайдың «Екінші сөзінің» мән-мағынасына Мәшһүр-Жүсіптің қазақтың мұңын, орыс империясының отарлау саясатын әшкере еткені, қазақты жалқау деп сынағаны бір-біріне өте ұқсас екендігі айтылып өтті. Сол сияқты ауылдың атқа мінерлерін сынауы, тұрмыс-салт, әдет-ғұрыпқа байланысты, өнер-білімге, ғылымға шақырған өлеңдері, батыстан, шығыстан, орыстың ғылымын, тілін білу керек деген өсиеттері де аз емес.

Ақын орыс (европа) басқа елдердің мысалдарын өзінің шығармасына негіз қылып алған. Бұл орайда, Ежелгі грек мысалшысы Эзоп, Француз-Ж. Лафонтен, Германия-Х. Геллерт, Англия-Томас Мур. Орыс мысалшылары: В. Тредиаковский, А. Кантемир, А. Сумарков, И.А. Крылов т.б. Қазақ мысалшылары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев, Ахмет Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов, Мәшһүр-Жүсіп т.б. атап өтуге болады. Крыловтан Абай – 14, С. Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Абай аудармалары Крылов мысалымен түпнұсқасымен көбіне дәлме-дәл келеді. С.Көбеевтің 8 мысалы қара сөз үлгісінде баяндалған. Ахмет Байтұрсыновтың аудармаларында желі сақталмағанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын мән-мазмұнына байланысты жаңа ойлар айтылады (Б. Жанайхан. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев-мысалшы. «III Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибешілік конференцияның материалдары. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. – Павлодар: 2003. – Б. 76-80; Қараңыз-Түсіпова Қанипа. Ақын мысалдарының жанрлық сипаты. Мәшһүр-Жүсіп оқулары. Республикалық ғылыми конференция материалы. (Бірінші жинақ) С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. – Павлодар: 2001. – Б. 143-147). Бұл орайда, Мәшһүр-Жүсіп те қазақ мысал жанрының қалыптасуына, қазақ ұғымына лайықтап қайта өңдеп, жырлауында кейде шығыс мысалынан қосып өзінікі сияқты жырлауы басқаға ұқсамайтын қыры болып табылады. Біз әрине, Мәшһүр-Жүсіп мысалдарын бас-басына талдап беруден аулақпыз. Тек қана атап өтсек деген ойдамыз. Олар: «Тырна мен Қасқыр», «Шайтанның саудасы», «Сәйгел, сона, бөгелек», «Жарты нан хикаясы», «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің қарғамен айтысы» т.б. Ақынның «Мәшһүр-Жүсіптің Шабдар атпен айтысы» Жүсіп пен Шабдар аттың айтысына құрылған. Оқиға шындыққа негізделген (Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары 1 том. – Павлодар, 2003: – Б. 421-425). Бұл айтыста Айдабол руы айтылып, Шабдар аттың кедей табынан екендігі Көк тақым қандыбалақ ұры Алтайдан-деген сөзінен байқаймыз. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Шабдар атқа айтқан болып, ел ішіндегі не бір келеңсіз жайттарды, ру тартысын, елдің нашарлап, өсек-өтірік жайлап кеткенін тіліне тиек қылады. Шығарма халықтың өмірінен алынған аллегорияға құрылған. Біздің байқағанымыз ақын өз тарапынан да мысал өлеңдер шығарған оның мазмұны тілі нағыз қазақ өмірінен алынған. Басқа мысалдарда көбіне жан-жануарлар метонимиялық құбылыс ретінде алынып, астарлы түрде суреттелсе, Мәшһүр-Жүсіп мысалында көбіне өзі айтысады. Қарсыласы жан-жануарлар, мал, құс т.б. болып келеді. Мәшһүр-Жүсіп мысалынан қазақтың ұлттық мінезін болмысын анық байқаймыз. Мысалдар да қазақ ұғымына лайықты ескіліктер, мал мен құсқа байланысты этнографизмдер өте көп екендігі байқалады. Мысалы, бір ғана атқа қатысты: ығыр, жауыр, көк тақым, жетек, арқа басы ошақтай, желқомдап, шыбындап, қызыл танау, шідер, құнан, дөнен, жал, торы т.б. Қуандық Жүсіп: И.А. Крылов мысалындағы символдық бейнелерді қазақ ақындары: Мәшһүр-Жүсіп, Міржақып, Ілияс әрқайсысы өзінше өрістетіп пайдаланған. Мұның бәрі ақын шығармашылығын жеке алмай, әлемдік поэзия дәстүрімен тығыз бірлікте қарастыру керектігін дәлелдейді (Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. 1999: – Б. 92-93).

Енді, ақын шығармасынан терілген кірме сөздердің кейбірін тілдік тұрғыдан талдап көрсетеміз. Бұл сөздердің бәрін жазып көрсетуіміздің себебі түрлі әлеуметтік қоғамдық өзгерістерге байланысты, әкімшілікке, оқу, өнерге байланысты сөздер тобын атап көрсету, қолданылу, жасалу тәсіліне қарай топтап беретін боламыз. М-Ж. Көпеев шығармаларында орыс тілінен енген сөздер тілдің ұзақ жылғы даму барысында түрлі грамматикалық-морфологиялық қатынасқа, қалыпты өзгеріске түскенін де байқаймыз. Олардың лексикалық қолданысы да мәтін ішінде әртүрлі, беретін эмоциональды-экспрессивті реңі де әртүрлі екені көрінеді. Кірме сөздер ақын қолданысында синтетикалық [морфологиялық] тәсіл арқылы сөз жасауға бейім болып тұрады. Әрине, қосымшалардың бәрі бірдей жаңа сөз жасай бермейді. Олар жаңа мағыналы сөздер мен лексикалық единица жасайтын қосымшалар. М-Ж. Көпеев орыс тілінен енген сөздерді дәстүрлі қолдануды алдына мақсат-мұрат қылмаған. Заманның өзі мәжбүр, ықпал еткен, өлеңдерінде мысқыл, әжуа қазақ баламасына орай сын-мін айтатын жерінде орынды пайдаланған. Асылы, Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп орыс тілінен енген сөздердің мағынасын аудармай дәл беру үшін және орыс империясының пиғылын ашу үшін ғана қолданған.

М-Ж. Көпеев шығармаларынан (дастан мен қиссаларынан) теріп алынған мысалдар мынадай:

Россияның, Петербор, Семипалат, Сібір, Сибиряков, Сибирь, Калпаковский генерал, Питербор, Мәскеу, Үрім, Петропавлоскі, Павлодар, Семипалат, Жапон, Виссарион Белинский, Дарвин, Михайл Баскин, Затаевич, Аплотон, Котковский т.б.;

Кейбір тарихи мәнді лексикалар: манифесті, ходқа, сөтке, ауылнайлар, стражник, газеттерде, штраф, повестка, чиновниктер, поселкелер, порым, болыснайдың, цифырын, протокол, заң-закон, сход, үстелде, крестьян, болысной//оязбенен, поселке крестьян, начальник, помағайтшы, ағұст, сход, думаға государный, публик, император, депутаттар, оязнайдан, фамилиясы, переводтап, қара шекпен крестьян мұжық, законды, миллионға, марттың, октябрь, медальға, наград, облысының, сөктелген, балағанда, империяға, программа, экзаменге, цензурасыз, испектор, формын, ходтан, самауырды, ни как нельзя, минут, нәшәндік, шенеуліктер, әпірел, май, редакторге, закотте, ступай, пошел, банкам, ничего, закон, посөлкенің, қазнашайы, офицердей, миллион, январьдан т.б.

Мәшһүр-Жүсіптің кейбір шығармаларынан терілген сөздер: медаль, орден, шен, бриллиант, губернатор, губерно, откырыто, жалко, гинвардың, первый, газеттерге т.б. (Мұса Шорманды жоқтауынан); избушка, земіскі, ізбор, шиноликлардың, учаске, войско, чиноуликке, начальникке, машиналы заводлар, гараднише торесі, киркушілер /керекушілер/, съезд, мышыной шарлар, кайкасына т.б. (Сарыарқаның кімдікі екендігі?); күреш (грош) память т.б. (Ай мен күндей Һәммаға бірдей – демегінің мағынасы); тетрадтың т.б. (Шонтыбай қажы); переводтап, формы, перуатын, арганның т.б. (Аспан мен жер, адам); самауыр, княздің, память т.б. (Ібіліс лағын шайтан хикаясы); шабадан, самаурын, шәйнек, пар, сияз, партияға, карантин, телеграмның т.б. (Ышқышбап сапары өлеңі); кібірит т.б. (Исабек Ишан өлеңі); жандарал, губернатор, народ-жұртқа, урядникгін, чиновниктер т.б. (Жантемір), почтамен т.б. (Құдайым жексенбі күн жер жаратты), сорты, ходтан т.б. (Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы), расходный т.б. (Шабдар атпен айтысы), карантин т.б. (Атадан қалған асыл мұра), кірпішлерін т.б. (Әдһам диуана және Ибраһим); грош, партия, формы, числосы, декабрьдің т.б. (Шонтыбай қажы); законда, ауылнай, әтірет-солдатпен, материалдарды, самауырын, законда, жандарал т.б. (Қазақ шежіресі); музыкантқа, рапорт, публикгің, краймен, поптары, ходқа, расчетқа, отказ, шотқа т.б. (Хаятбақшы дастанынан); рамкасы, лашкері, пароходтан, қағып шоттан, піркәншікті т.б. (Жер мен Көк); машиналар, телеграмма, телефон, почта, паралич, параход, комендант, казначейі, мелонхолик, сумаш, микроб, тетрадтың т.б. (Аспан, жер және адам жаратылысы туралы); машина, электрон, радиация, народ/, телеграмма, телефон, почта, паралич, ісмерлер, электір, воздухы т.б. (Адам мен жұлдыздар арақатынасы).

Кірме сөздер бір тұлғалы болғанымен әртүрлі грамматикалық қатынасқа түскен сөздерді де қоса бердік: партия, партиялап, партиясы, партиялық, партияның т.б.

Варваризм сөздердің, қазақ тілінің заңдылығына бейімделген түрі: Россия+ның, «Ресей+дің» тіліміздегі ілік септігі жалғауы арқылы жаңа сөз жасау үрдісі бертінде жалғасты: партия+ның, март+тың, облысы+ның, княз+дің, декабрь+дің, телеграм+ның, тетрад+тың т.б.

Орыс тілінің сын есім тудыратын жұрнақтары да М-Ж. Көпеев шығармасында қазақ сөздеріне жалғанып сөз жасау қабілеті аңғарылады, бұлардан соң көптік не септік жалғауы жалғанады: болыс+най+дың, ауыл+най+лар, ауыл+най+дан, (государ+ный), ояз+най+дан, расход+ный, ауыл+най, ояз+най+дан, (ояз+бенен) // -бен жалғаулығының толық түрі -бенен сөз жасауға қатысады. Р. Сыздықова: «Қазақ тілінде орыс тіліндегі сын есімдік тұлғасын сақтап пайдаланған сөздер екі топқа бөлінеді: бірі орысша тұтас штамптар құрамында, екіншісі қазақ сөзіне анықтауыш болып жеке қолданылғанда» – дейді (2004, 103-104).

Қазақ тілінің көптік жалғауынан соң табыс, жатыс септігі, тәуелдік жалғауы орыс тілді түбір сөзге жалғанып келуі арқылы сөз жасалады: газеттерде, чиновниктер, поселкелер, депутаттар, шенеуліктер, машиналар, киркушілер/керекушілер/, материалдарды, заводлар /шағатайлық үлгі/, депуттар, поптары т.б.

Кірме сөздердің қазақ тілінің заңдылығына байланысты өзгеріске түсіп, түрлі грамматикалық қатынасқа түсуі: порым, цифырын, үстелде, пормы, поселке крестьян, помағайтшы, ағұст, сөктелген (бұл – ақталған тары сөк емес), балағанда, агұст, самауырды, нәшәндік, әпірел, май, мартай, посөлкенің, қазнашайы, гинвардың, избушка, земіскі, ізбор, нашалник, самауыр, шиноликлардың, учаске, войско, Питербор, Мәскеу, чиноуликке, начланикке, Петропавлоскі, машиналы заводлар, гараднише төресі (кірме сөзбен қазақтың төл сөзі), киркушілер/керекушілер/, мышыной шарлар, кайкасына, перуатын, күреш (грош), шен, кібірит, мұжық, жандарал, гүбернатор, закотте, шабадан, шәйнек, пар, сияз, кірпішлерін, самаурын, лашкері, Сібір, ісмерлер, электір, самауырын, қағып шоттан, піркәншікті, шотқа, сөтке, порым т.б.

Бір сыңары қытайша-орысша қос сөз: заң-закон; Бұл арада заң – қытай сөзінің кірігіп кеткенін байқаймыз. Қытай тілінде ян деген екі элементті иероглиф «ереже, үлгі, түр, қалып, сорт, стиль, тәсіл» – деген мағынаға ие. Ұйғыр тілінде қолданылатын яңза (түр, сорт) сөзі де дәл осы ян түбіріне -цзы есімдік жұрнағын жалғау арқылы жасалған қытай сөзі. Қазақ тілінде бұл баламалардың жоқ болуы бірде қытайдың заң (<ян) сөзін, бірде орыстың закон сөзін қолданылуына (не қабаттастыра айтуына) итермелеп отыр (Ә. Қайдар: ҚТҚЭС: 99).

Бір сыңары қазақ тілі заңдылығына бейімделген қос сөздер: народ-жұртқа, әтірет-солдатпен т.б.

Септік жалғаулары арқылы сөз тудыру: манифесті, думаға, думаға публик, миллионға, законды, медальға, депутаттыққа, империяға, экзаменге, редакторге, газеттерге, январьдан, газеттерге, почтамен, партияға, ходтан, формын, ходқа, музыкантқа, краймен, законда, расчетқа, тетрадтың, пароходтан, законда, арганның т.б.

Қазақ тілінің есім сөздерден болымсыздық мағына беретін туынды сын есім жасайтын жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалады: цензурасыз т.б. Адвербиалданған формалы үстеу (вербалдық мағына білдірмейтін сөз): партиялап т.б. Вербалдық (етістікке тән жіктік форма қосылады) әдіс арқылы жасалған: переводтап т.б. Бұл сөз дастандарда кездеседі (переводтап). Есім сөзден (адъективтену) сын есім жасаушы: партиялық т.б.

Қазақ тілі қосымшасы -дей жұрнағы арқылы адъективтенуі: – офицердей т.б. Тәуелдік жалғауының қосылуы: партиясы, пормы, банкам, фамилиясы, поптары, казначейі, воздухы (дерексіз сөздің тәуелденуі), числосы, формы, манифесі, сорты, қара шекпен крестьян (кірме сөз+төл сөз) т.б.

Ономасиологиялық сөздер: Павлодар, Петербор, Семипалат, Сибиряков, губерно, Сибирь, Семипалат, Калпаковский генерал, Котковский, Виссарион Белинский, Дарвин, Михайл Баскин, Жапон, Затаевич, Аплотон, октябрь, март т.б.

Орыс тілінен енген зат есім мағыналы әлеуметтік топтың бөлінісін көрсететін сөздер: стражник, чиновник, крестьян, начальник, император, публик, инспектор, губернатор, урядникгін, жандарал, комендант т.б.

Абстракты зат есімдер мен деректі зат есімдердің мағыналық тобының кейбірі формасы жағынан абстракты болғанымен мағынасы жағынан деректі де болады олар орыс тілінің заңдылығына байланысты өзгеріп отырады: память, штраф, формы, закон, сход, партия, программа, манифис, закот, карантин, минут, рапорт, телеграмма, съезд, повестка, протокол, медаль, наград, микроб, орден, бриллиант, рамкасы, телефон, почта, паралич, параход т.б.

Басқа сөз табынан кірген сөздер: ни как нельзя, ступай, пошел, ничего, открыто, жалко, первый, грош, отказ, миллион, мелонхолик, сумаш – екі сөз араб тілінен енген кірме/.

Тәуелдік жалғауының II жағы: банкаң, публикгің /г/ игере алмаған/ түрі.

Кірме сөздерді Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп қалай-болса солай қолданбай дәуір ықпалына, замана билігіне қарай айтайын деген ойын толықтырып, дәуір шындығын, Ресей патшалық империясының іс-әрекетін ашу мақсатында қолданған. Бұл – сол империяның қол жеткізген бәріне де ортақ қалыпты құбылысы деп ойлаймыз. Бірақ, әркім қолданыс аясына қарай, стильдік мақсат, ерекшеліктеріне қарай қолданғандарын зерттеуден байқауға болады.

Абай «Шырылдауық шегіртке ыршып жүріп ән салған, Көгалды қуып гуляттап қызықпен жүріп жазды алған» – дегенде «гуляттап» сөзін сөз таппай қолданып тұрған жоқ. Гуляттап сөзінің орнына қыдырып сөзін алса да келмес еді. Көбелектің ыршып жүріп, көгалды қуғаны оның гуляттағанына сай келіп тұр. Бұндай метонимиялық құбылыс тек қана Абайға тән екендігі көрінді. С. Исаев: Абай нақты қимыл, іс-әрекетті білдіретін орыс сөзіне -та қосымшасын жалғап, жаңа сөз жасаған – дейді (Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. 1998: -254 б). Абайдың кірме формалардан сөз жасау моделін кейінгі ақындар да қолданған. М-Ж. Көпеев: «Сол түнде азғырушы толып жатыр, Шайтан да помағайтшы болып жатыр» деген өлең жолында «помағайтшы» сөзінің орнына сөз таппай қойған жоқ. Оның орнына «көмектеспекші» сөзін алуға болар еді. Бірақ, шайтанның көмек көрсетуі неғайбыл. Ол тек қана жаманшылық иесі екендігі зерттеуде жан-жақты ашылды. Олай болса, шайтанның іс-әрекетін көмектеспекші деген сөзден гөрі помағайтшы сөзі жақсы ашады.

Сөзжасам жұнақтары -шы//-ші актив болғаны айтылып та, жазылып та келді (ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. 2000: 245). Көбіне зат есімді сөздерге жалғанған еді. Мәшһүр-Жүсіп -шы жұрнағы арқылы орыс тілінің етістікті сөзін қазақша түрлендірген. Бұл да М-Ж. Көпеевтің өлең құрудағы тағы да бір ұтқыр жақтары деп білеміз. М-Ж. Көпеев орыс сөздерін қолданғанда көбіне суреттеп отырған нысанына қатысты әжуа, мысқыл негізінде пайдаланған. Мысалы, Айта алмай переводтап қызыл тілім деген өлең жолындағы переводтап сөзі қазақ тілінің мәртебесіне байланысты айтылған. Переводтап сөзіне қазақтың -тап жұрнағын қосу арқылы қазақыландырып қимыл сын үстеулі сөз жасап қолданған. Жалпы, ХIХ ғасырдың бірінші, екінші жартысында орыс сөздерін қазақыландырып қолдану сән-үлгі болмаған, бұл – Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп, Сұлтанмахмұт қолданысынан анық байқалады. Олар орыс сөздерін көбіне қазақтарды сынау, олардың намысын, жігерін ояту мақсатында пайдаланған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет