Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы



бет74/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88
1) Халқының ханы, сұлтаны, пірі, хазіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін, жеті кісінің мөлшерінде құн төленсін.
2) Төрелер мен қожалардың жай қатарындағы біреуі өлтірілсе олардың әрқайсысына (ақсүйектің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс.
3) Сырттан келген адам үйге кірерде, мініп келген аты босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе-бүтін құн, ал үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе-тек ат-тон айып берілсін.
4) Егер туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсайтын болса, ата-ана оны өлтірем десе де ерікті, сұраусыз болады.
5) Кәмелетке жеткен баласы тіл тигізсе (қол тигізбей) туған ата-анасы оған дүреден бастап не жаза қолданамын десе де ерікті.
6) Құда түсіп, құйрық-бауыр жескен ақ баталы жесір кетсе, оған төленген қалың мал түгел иесіне қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленеді.
7) Ұры айыр түйеге-нар, атқа-аруана, тайлаққа-атан, тайға-ат, қойға-тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айыптың бірін ретіне қарай және төлеуі керек (Д. Бабаев, 105-106).
«Жеті жарғыдағы» кейбір мәселелері Абай Құнанбайұлы жазған заңда қолданылады. 1885 жылы Семей қаласына қарайтын Зайсан, Өскемен, Кереку (Павлодар), Семей ояздарының Семейден 70 шақырым жерде Шар өзенінің бойында бұл ереже Мүрсейіт ақсақалдың естелігі бойынша 93 баптан болса керек (А. Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. – Б. 651, 498). Абай Құнанбаевтың шығармаларының бір томдық толық жинағы 1961 жылғы, Редакциясын қарап, түсініктерді, жаңа материалды толықтырып баспаға дайындаған Ә. Жиреншин. Ереженің толық барлығы 74-бап бермей, 12-кі бабын ғана келтірген екен. «Ереженің тілі - сол кездегі кеңсе тілі, демек шала қазақ тілімен жазылғандықтан, қазіргі әдеби тілге аударып басылды» – дейді (А. Құнанбаев, 1961: – Б. 499). Ал, біздің қолымыздағы профессор Ж. Дәдебаевтің алғы сөзімен берілген осы ереженің түп нұсқасы бар. «…Ол Семиполат облыстық әскери губернаторы Тупкленскийдің пәрменімен 1886 жылы 14 ақпанында бекітілді» (Ж. Дәдебаев. Билер ережесі // Жас алаш. – 1992. – № 97 (12884) – Б. 3). Билер ережесінің түгел 74 бабы беріліп, (сенімді аударған Асанов… Қазан автор) – деп соңында жазылған [285, б.3]. Өкінішке орай кітаптағы аударма көп жәйтты, тіпті сөздерін өзгертіп жіберген екен. Мысалы: Абай Құнанбаев шығармасындағы 31 – баптың бірінші жолын ғана алайық: «Байға тиген қызды біреу алып қашса, яки қатын өзі қашқан кісімен өз елінің съезд билеріне тура қайтарылады» [286, б.499]. Енді газет бетінде жарық көрген ереженің 31-ші бабын салыстырсақ: «Күйеуі бар әйелді біреу алып қашса, керісінше егер әйелдің өзі қашса, ондай әйел елінің сияз билеріне қайтарылмайды» (Ж. Дәдебаев. Билер ережесі // Жас алаш. 1992. № 97 (12884) – Б. 3). Сонда қай ереже өтірік айтып отыр, бірі – қатын қашса қайтарылады дейді, екіншісі – қайтарылмайды дейді. Газет бетіндегі жадығатта да кей сөздердің өзгергені байқалады. Ол уақытта «әйел» демеген керісінше «қатын» – деп айтқан. Сол сияқты, біз келтірген Ж. Ахмадиевтің жазып алған «Әз Тәукенің «Жеті жарғысымен» (Д. Бабаев. Қазақстан тарихы. 8-класс. – Алматы: Рауан, 1994. – Б. 105-106). Қазақ халқының салт-дәстүрлері» [287, б.210]. Әз Тәукенің заңдары бірдей еместігін айтуға тиістіміз. Өзінің бастауын сонау Түркі қағанатынан алатын (VП ғасыр) кесік-жарлықтар еді. Бұл жарғы кейде «Төленің жеті жарғысы», «Қазыбектің жеті жарғысы», «Әйтекенің жеті-жарғысы» – деп те аталады. Әз Тәукенің (1680-1718) жылдар үстемдік етуімен «Тәукенің жеті жарғысы» делінеді. Кейіннен жарғының баптары қазақ би-шешендерінің сөздерінде көрініс тауып жатты. М-Ж. Көпеев жинаған би-шешендердің сөздерінде қазақтардың, құқын заңды түрде шешетін ережелер, қағидалар, тұтас ғақила сөздер көптеп кездеседі. Мысалы: «Ердің құны есебін тапқан сабазға екі-ауыз сөз деп қай заманда айтылған» – деп Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген ел, орта жүзден Малай, Жәдігер деген таптан шыққан Құлназар дегенді өліріпті. Оның кесімін ақбура Бөрібай ақын айтыпты:

Ошақты Құлназарға құн бермексің,


Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің.
Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермесең,

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет