Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том



бет15/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Сарай. Сарай кентте Сарыабыз деген атаќты кісініњ ќатыны едім (М-Ж., 54); Ноѓайлар оны Сары Кент дейді екен (М-Ж., 54); Кең сарай үйде жатыңдар, Өлеңіңді айтыңдар (Алпамыс, 263); Сарай да сарай, сарай бар, Сарайға қолды жеткізген, Қос өркешті қызыл нар (Қобыланды, 38).

Л. Будагов: п. سرا сэра, سراي сэрай үй, сарай, палата, қонақ үй, мәңгі үй, болшақ үй; патшаның сарайы т.б. [8, б.624]. В. Бартольд былай деп жазды: Сарай – түркілерге бұрын келген парсы сөзі «Құтадғу білігте» кездеседі. Монғол үстемдігі кезінде ханның сарайы аталды, кейіннен сарай маңында пайда болған қаланың аты да сарай аталды [105, б.137].



Түйін. Мәшһүр-Жүсіп сарай (кент), қала мағынасында қолданған.

Кент. Кµшпес кент, ±шпас тауыќ болып ќазаќ, Сам±рыќќа ќарлыќты ѓой ‰ні жетпей (М-Ж., 58); Қыдырдың қыдырғанда ізін басып, Самарқант, Бұқар, Ташкент, Қоқан барған (М-Ж., 368); Кентті жерді жайласа, Үзілмейді базары (Қобыланды, 37). Для название Узгент была придумана не совсем удачная турецкая этимология уз кент `наш собственный город` дейді де М. Ќашќари уєжіне Бартольд сын айтады [105, б.78].

Шаһар. Ќожант шєћєрінікімін, хан баласын ойнатып жрген балалар едік, ортамыздан хан баласы суѓа кетті (М-Ж., 52); Б±л Сарай кент б±л кнде Еділ суыныњ бойында, Аштархан мен Саратыптыњ аралыѓында, Тысырап деген ќала (М-Ж., 54);

Түйін. М-Ж. Көпеев шахар сөзін шәһәр вариантында да қолданған. Кейіннен ќала (кент), станция (стан) пайда бола бастаѓан.

Балық. Байпаков «Баласаѓ±н» сµзі монѓол тіліндегі «ќала» деген мағына беретін «балѓазин» деген сµзі сияќты т‰ркініњ «балыќ» ќала деген сµзінен шыќќан дейді [83, б.162]. В. В. Бартольд: «Мы увидели, что Восточный Туркестан получил больший приток турецкого населения после падения в Монголии государств сначала турок-огузов, потом уйгыров; но уже в надписях встречается слова балыk в значении `город` и название Бешбалык `Пять городов` для города, находившегося на крайнем востоке нынешного Китайского Туркестана, близ современного Гучэна». Из слов автора ХI в. Махмуда Кашкарского, о котором у нас еще будет речь, мы знаем, что слово балыk по-турецки значило `глина`; «город», следовательно, получил название по материалу, из которого воздвигались постройки, подобно тому как арабы в смысле `кочевники` и `оседлые` употребляли термины `люди войлока` и `люди глины – деген ойын жазды [105, б.44]. Будагов: балық – городъ обнесенный стною (изъ этого слова составныя названія городовъ, мтсностей ) Бешъ – балыкъ (городъ въ западномъ Кита или Туркестан на 40 дней пути отъ Пекина), балқауа садокъ (соб. и. города въ Крыму, жан балқ древнее названіе Пекина (Будагов, 237). Ќ±рбанѓали Халид: «Ќубалыќ» – Ќашѓардыњ кµне атауы, жалпы сµйлегенде «уу» балыќ дейді – бес шаћар дегені, «луу» балыќ алты шаћар демек. Ќубалыќ – уу – балыќ – Луу балыќ ‰шеуі де ќытай, монѓол тілінен т‰зілген. Ќытайшы – у- бес, Лу -лу- алты, «балыќ» монѓолша «шаћар». Ќуа-ќуа-куй-ќыстаќ, ауыл мағынасында, ал «балыќ» ‰лкен шаћарға берілген атау. Ќашѓарѓа «ќубалыќ» дегені єуелде ќыстаќ, соњыра шаћар болѓан. «Ќу – атауы біз жаќта естен шыќќанмен осман т‰ріктері ќыстаќ, ќалашыќтарѓа «к‰й» дейді, демек ескі заманнан ауызда ќалѓан сµз. Ноѓайлар Ќособаны «ауыл» деген, ‰лкен жерге «ќала» дейді, сарттар «ќыстаќ» деп, ‰лкенін «шаћар» деп атайды. Алты шаћар халќы ќай жерде ќорѓан, ќоршаулы ел болса «шаћар» дейді. Ќазаќтар ќоршаулы елге «ќорѓан», базарлы жерді «кент» дейді, асылы «кунд» - ќытай тіліндегі айтуды ќолдайды» дейді [56, б.240]. Академик Ә. Т. Қайдар: бұл орайда, балық (судағы балық), балық (қала) сулы, батпақты жер (балқаш), жас (бала) т.б. омонимдердің гемогендік, гетерогендік түбір тұлғасына назар аударады (Ә. Қайдар, 1998: 259).

Түйін. Ін > ор > ‰њгір > орта > орда > к‰н (дµњгелек) > ор > жамшік > кент > стан > хана > дуал > дуан > там > құй >жам >жар.

Стан. Мєскеу мен Покровский арасында, Кішкентай Кэф станса ќаласында (Шєкєрім, 436); «Ќазаќты, Б±ќар, Тєшкент ќарањдар» деп азѓырып, материал жиып ж‰р деп. Онысы µтірік емес, Тєшкент Т‰ркістанѓа кетіп бара жатќан жерінен ±сталып ќалып, ќыс ортасы кезінде Баянаула ќаласына келген (М-Ж., 59);

Л. Будагов: каз. جام (см. يام) жам станція, почтовый дворъ жамаы جاملي почтовый – деп жазған сөздігінде [8, б.428]. «Стан» ол кµбіне ел, халыќ атауларыныњ соњынан жалѓасып келеді [61, б.56], «Стан, лагер, стоянка»: «Слова о полку Игореве» полк деген сµздіњ метонимиялыќ мағынасы ретінде т‰сіндіріледі [67, б.70]. -Хана, -стан формалары жиырмасыншы, отызыншы жылдары -хана аффикс ќызметін атќарып, зат есімдерге жалѓанып, арнаулы мекеме, орын – жай ±ѓымдарыныњ атауларын білдірді. -Хана, -стан, -кент формалары, єуелде мекендік ±ѓымды білдірген толыќ мағыналы сµз болса да, бірте-бірте жұрнақтық қызмет атқаратын болған (ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана, 2000: 237-238).



Түйін. Мәшһүр-Жүсіп стан сөзін жеке қолданбаған (Түркістан). М-Ж. Көпеев құжыра сияқты тақияны үй мекен-жай мағынасында қолданған.

Тақия. Сонан кейін бұл жүз жиырма кісі ортасынан расход шығарып: «қазақ тақиясы» деген тақия салдырып, ол үйді Құнанбай атына жаздырып, мұнан былай қазақтың келген хажы осында түсетұғын болсын деп, қазақтың өзінен ие болып бір шайхы тұратын болсын деп (М-Ж., 11). Мекеде уыќып ‰й салып, Пєтер ќып, жаќќан шыраќты демей ме? (Абай, 238);

М-Ж. Көпеев ќолданысындаѓы «ќазаќ таќиясы», «таќия ‰й» тек ќана ѓаріп-ѓасірлерді ќабылдайтын таќия болмаѓан ќажылыќќа, ислам діні жолына т‰скен адамдардыњ да жатын орны болѓан. Жұмысқа қатысы бар мына тарихи деректерді келтіре кетсек неғұрлым түсінікті болар.

Б. Сапаралы: Сол ќазаќтан барѓан аќылдасып, Меккеден ќонаќ ‰й салѓызбаќ болады. Ќаражаттыњ кµбін Мырќы берсе керек, басќа ќажыѓа барѓандар елге ќайтќанда, Ќ±нанбай ќалып, екі айдай жатып, ќонаќ ‰йді бітіріп, «Ќазаќ Ќ±нанбай таќиясы» деп жазѓызып елге ќайтады (Құнанбай қажы. 1995: 278). Х. Маданов: Ќ±нанбай, Мырќы, Досжан хазіреттердіњ 1876 жылы Меккеге барып, одан µлењмен жазылѓан шежіре алып келгенін жазады (Кіші жүздің шежіресі, – Алматы: 1994, 11 б.). Ќалм±ќан Исабай, Сапар Байжан-Ата: Б. Сапаралинніњ ...‰й-жай (тєкие) салып кеткеніне к‰мән келтіреді (Қажыға барған қазақтар. 1996: – 120 б.). Тєкиені арѓын Ќ±нанбай салѓандыќтан, б±л таќия бірнеше кісіден µтіп барып, кіші ж‰з Досжан халфеніњ ќолына µтеді (ќарањыз: Х. Мадановты). Демек, тєкиеніњ салынѓаны шындыќ.

Н. Д. Оњдасынов: Тєкие-1) кезбе, жићанкез, ќањѓырушыларды ќабылдайтын ‰й, жай, орын; 2) дєруіштердіњ т±ратын ‰й-жайы; 3) тірек, таяныш, с‰йеніш ( Арабша-ќазаќша т‰сіндірме сµздік. – Алматы: Мектеп, 1984. - 88 б). Тєкие//таќия: є/а (С. Мырзабеков. Ќазаќ тілініњ дыбыстыќ ж‰йесі.1999: – 43 б). Сол сияқты: к/ќ дыбыстырдың өзгерісінен қалыптасқандығын айтады [106, б.128]. Оныњ (тє+кие) тєжім ететін ‰й дейтіндей ислам дінімен ешќандай ќатысы жоќ.



Түйін. Құнанбай қажы Меккеге барып, қонақ үй (гостиница) тақия салдырғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Мәшһүр-Жүсіп те «Қазақ шежіресінде» жазды. Сондықтан да, «тақия» баспана сияқты қолданылған.

Қорыта келгенде, мекен – жай, үй > қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша>киіз үй; орда, дуан, сарай, кент, балық, стан, тақия. Бұлар өз ішінде барлығы да мағыналас сияқты болғанымен, бір-бірінен тілдің ұзақ жылғы даму барысында алшақтағаны байқалады. Айталық, қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша > киіз үй; Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген көшпенділер баспанасын ағаштан, киізден, қолдарына түскен материалдардан жасағаны көрінеді. Кейіннен әлеуметтік бөлініс кезінде тұрмыстары түзеліп, біреу сарай, біреу орда т.б. салған. Отырықшылықта өмір сүре бастаған көшпенділер: орда, дуан, сарай, кент, шәһар, балық, стан, тақия салған. Бірақ, кейінгі орда, стан, кент, балық т.б. өзінің алғашқы мағынасын жоғалтқан да кейінгі хан ордасы, ақ орда, қыздың отауы сияқты ұсақталған мағынаға ие болып қалған. Ал, олар негізінде шын мәніндегі қала, дуал, ор>орда, стан (тұрақ), балық салған. Ә. Марғұланның археологиялық жұмыстарынан алғашқы тұрақтар мен қорғандарды көруге болады. Ор <> жар > жам > ям > ямчик (жәмшік) > жар // жәр > жәрмеңке (ярмарка) жаңа мағыналы сөздердің тууына түрткі болған. Бұл сөздер таза түркінің өз түбір тұлғасының негізінде калькалық әдіспен жасалған орыс сөздері еді. Қызылжар мен Үржар немесе Жамбыл (қорған) атаулары сонау көне заманның сақталып қалған белгілері еді. Сөз соңында «айтпаса сөздің анасы өледі» дейді. Бір деректерде Үржар жер атауын Ұрыжар дегенді оқыдық. Біріншіден ұры көп болыпты, содан жердің атауы Ұрыжар болыпты деген уәж логикаға сыймайды. Үржар > Үрімші > үріп ауызға салғандай т.б.
Киіз үйдің жабдықтары
Кереге: Сүйретпелерін керегенің басына іліп қоятұғын қылады екен (М-Ж., 29 бет.). Атпенен желі тарттырдым кереге бойы шалғынға (М-Ж., 35); Айналасы кереге, төбесі уық (М-Ж., 81).

Кереге (kerege) зат. Katlanip açilabilir, kafes şekeindeki destek (otağ, caйdir) (Қазақша-түрікше сөздік, 2003: – Б. 201).

Г. Н. Потанин джабык верхний край кереге, т.е. юрточной решетки деп жазған [59, б.149]. Л. Будагов: Кереге كراكه – кяряія, ршетка, составляющая основаніе или стны (такъ называють киргизы и стны домовъ ); она состоить изъ полотенъ ќанат (говорится алты ќанат ±й – кибитка о шести крыльяхъ, въ шесть плотенъ или звеньевъ), кереге басы или ќ±лаќ развилко бразная вершины ршетки, кереге аяѓы таковыя же снизу, сағанақ кончики ршетки съ боку, ірге эріэ нижняя часть ръшетки (отсюда угроза непослушному сыну: іргеден шыѓарып жіберемін я тебя прогоню изъ подъ ршетки, т.е. без надла, какъ собаку). Полочки ршетки скрпляются ремешками изъ верблюжьей кожи, называемыми көк кёкъ, гл. көктеу скрпить такими ремешками, көз сквжины, въ которыя продваются ремешки, уық или ауық унины, выгнутыя палки выше ршетки, уық бау снурки, которыми привязываются унины къ ршетк; верхній конецъ унины къ ршетк; верхній конецъ унинъ четырегранно заостренный – қалым, отсюда гл. қалымдау заострить унину; шаңырақ отверстіе кровли, куда всавляются концами унины; оно длается круглое, каъ большое колесо, изъ березоваго дерева и иметъ перекрестные радіусы – күлдіреуіш т.б. [8, б.164]. Кир. Алт. Кереіе – кереге ръшетка у кибитки, юрты, алт. Ръшеточная юрта (Будагов, 2 т: 120). Керве `стена, вал`; `край` Қара чынның кервеге тусуп – тро `спустился на стену «Черного города»`. РСл., II, 1365: кірбә (шорск.: толес)`узкий берег`; `вал, край` (Малов, 67).



Кереге қыр., қаз., диал. Аманж. 384, ноғ., ққалп., алт., kerege (вост.-тюрк); кäрäғä (алт., тел.); керагә өз.; кирәгә баш.; кöрге (шағ). Кереге сөзінің түрлі мағынасы бар: ағаш шарбақ, киіз үйдің ағаш қаңқасы, күркенің қабырғасы, қамыстан тұрғызылған, қабырғасы ағаш, палатка, (үйдің шарбағы), бес, алты, жеті қанат үй, көшуге дайындалған жүк, кілем, палас және көрпешік (түйенің қомы), шарап алатын орын, кереге там, шатыр, киіз үй, көшпенділердің қысқы үйі.

М. Қашқари KEREGY сөзін түркілер екі түрлі мағынада қолданғанын жазады: (қысқы үй, киіз үй). «Кер» тұлғасынан «керегү» балшықтан салған үйдің қабырғасы (құйма, жар) және «кереге» киіз үйдің сүйегі (кереге) туындаған. Жалпы «кер» тұлғасын көне түркілер бір нәрсенің негізі деген ұғымда да қолданған. Бірақ, қай бірлік бұрын пайда болғаны әлі белгісіз.

А. М. Щерба етістіктің архетипі *käр ` түркі. (алт., телеут). keris- `араздасу, ұрсысу` = тунғ. kerctme `зауқы жоқ, бірбеткей`... Ram/ SКЕ 104. Гер ~ кер етістігінен бірнеше туынды мағыналы сөздер көне дәуірде-ақ пайда болған. 1. сын есімнің жұрнақтары: –қын-гер-гин кер, қою` дейді (Щерб. СФ 195). В VGAS 79-80 формаларды бір қатарға жинаған: kere- `растягивать` вытягивать...` = шув. `kar-< *kär- [< kere- VDAS 126] `увеличивать` (посредством вытягивать, растягивания), др. – тюрк. kär- `делать больше` [? – Э. С.], `растягивать`كار халх. kir- то же. Г. Рмстедт жалпы ретке: кор. kelda, keda … `салғыласу, дөрекі сөйлеу` = түркі., гаг., ктат., гәргин азер. `керілген, қатты тартылған` деген мағынада (сол сияқты түркі тілінде де ауыспалы мағынада қолданылады); 2. зат есімнің инфинитивті формасында – кер-ме қырғ., қаз., ққалп. `жылқының кермесі`, гагауыз. гермә `керме қарыс, кедергі, керме, желі`; 3. туынды етіс оның ішінде ырықсыз етіс жұрнағы – (ы)л- - гер-ил- түркі., диалекті. Жалпы: гер- ~ кер- туынды түбірден гаг., қумық., гер-ел- түркі. диалек. гәрил- әзер., керил-, кеrilmek (шығыс түркі), керіл- өзб., керыл- сюг., кәріл- тат. диалек. кириіл- хак барлық деректерде `тартылу`, `керілу` мағынасында жұмсалады (әзер. + `созылмалы`, Gab. + `созылу`). Түркі. диалек. гаг., құм., өзб., сюг., хак. `тартылу, қатып қалған мүшесін созу` деген мағынада қолданылады (Э.В. Севортян. Этимологический словарь тюркских языков. – М., Наука. 1980. – С.24).

Бұл этимологиялық талдаудан шығатын қорытынды керегү сөзінің бір түбірден өрбігенін, тілдің дамуы барысында түрлі мағынаға ие болғанын байқаймыз. Оның қолдану, жұмсалу аясы әр түрлі болғанымен көбіне семантикалық мағынасының ұлғаюы нәтижесінде басқа сипат алып отырған:

1. 1) киіз үйдің ағаш іргесін құрайтын ағаш шарбақ – ноғ., қыр. (...ағаш үйдің қаңқасы), ққалп., өзб., алт. (киіз үйдің), күркенің қабырғасы, қамыстан тұрғызылған күркенің қабырғасы, қабырғасы ағаш, киіз үйдің негізі, палатканың қабырғасы, (үйдің шарбағы), киіз үйдің сүйегі;

2) бес, алты, жеті қанатты киіз үй – алт. диалект.;

3) жүк, көшуге дайындалған жүк, әр түрлі үй-жабдықтары тиелген жүк.;

4) кілем, палас және көрпешік (түйенің қомы) түркі.;

5) үйдің ішкі қабырғасына іліп жауып қоятын түрлі жібек бұлдар, драп т.б. – Буд.; шымылдық, түскиіз.;

6) ыдыс-аяқ, шарап сақтайтын орын.;

7) төрт қабырғалы мола – қаз. диалек. (кереге там).;

2. 1) шатыр, киіз үй.;

2) шаңырақ.;

3) көшпенділердің қысқы үйі т.б.



Кереге ~ керекү/керегү – көне дәуірде пайда болған сөз. «Кереге» сөзі («Гадательная книга» – Irg Bitig) – көне мәтінде кездеседі. Ол – гер- ~ кер-, етістігіне әкеледі және туынды семантикасы да сәйкес келеді. Аталған етістіктің құрамдық мағынасында `қою, шатырды құру` түркі., шув., бұдан басқа `керу, жазу, созу` т.б. сияқты ұғымы бар. Гереге ~ кереге < гер-/кер- +-е-+-ге/-ке және керекү ~ керегү < кер- + -е- + -кү > керекү. Гер «танымал» формасын түрік диалектісіндегі gere- етістігімен `жабу, жамылу` салыстыруға болады. (Э.В. Севортян. Этимологический словарь тюркских языков. – М., Наука. 1980. – С. 24-25).

Түйін. Қосымша қараңыз: Н. К. Антонов (Якутск) // К этимологии термина КЕРЕКСУР. Проблемы этимологии тюркских языков. – А., Ғылым. – С. 274-279. Жалпы, топонимикаға байланысты жазылған еңбектерде тіл мамандарының этимологиялық талдауы басшылыққа алына бермейді.

«Кереку» көне сөзі түркі сөздігінде IХ ғасырда кездеседі. Бұл – лексема бұдан да бұрын пайда болғанға ұқсайды. Сонымен, «кер» түбір тұлғасынан өрбіген «кереку» тұлғасы (орал-алтай) бірлестігінен келе жатқан лексема деп қортындылауға болатын сияқты. Кереку мен кереге единицаларының шығу генезисі бір сияқты.

KEREGY: Түркмендер – «шатырды», «көшпенділер қышлық evdi – қышлық евді – «қыстық үйді» «керегү» деп атайды. Мақалда былай деп келген: кек kөrdi keregy jүзti: Кек көрді кергү иүдзтіБейнет көрді, киіз үйін өзі артып алды (М. Қашқари. Түрік сөздігі. I том).

Кереге I (Сем.: Ақс., Көкп., Алм.: Еңб. Қаз., Кег., Жамб., Түрікм.: Ашх., Таш.) үйдің қабырғасы. Тамның (қ.) керегесінде үндеу қағаз жапсырулы тұр (Алм., Кег.). Осы тамның керегесі әктемелі (Түрікм., Ашх.). Кереге II (Шығ.Қаз., Түрік.). Машинамен жиналған шөп үйіндісі. Кереге қап (Түрікм., Ашх., Красн.,Таш.) көшіп-қонғанда сынып қалмау үшін кереге басына кигізетін киіз қалта (ҚТДС, 1999: 97).

Кереге – решетка, составляющая основание или лучше стены (киргизы так называют и стены домов): она состоит из полотен – ќанат / говорится: алты ќанат уй – кибитка в шесть полотен или звеньев/: кереге басы (Ильминский жалпы кейбір киіз үйге байланысты мәліметті Будагов осы Илм. алған болуы керек. – А. Қ.). Кереге сөзінің алғашқы мағынасы – «тор» екендігін сарыкөл тілінің дерегінен білеміз. Онда керган – тор (решетка) (Т. Пах., – рус. Сл., 1971, 88). Бұл тілде осы сөзден пайда болды дерліктей, киіз үй мағынасында қолданылатын «хирги» тұлғасын да ұшыратамыз (сол сөздік, 204). Кейде бір зат атауы екінші нәрсеге ауысып отыратын жағдай тіл заңдылығында жиі ұшырасатыны белгілі. Осыны дәлелдейтін тағы бір дерек киіз үйдің негізгі жабдығының бірі – тор көз, монғол, қалмақ тілдерінде киіз үй атауына айналған. Айырмашылық тек соңғы екі-үш дыбыстың түсіріліп «гэр» не «гер» тұлғаларында көрінуі (Мон.-қаз. сөздік; 1954, 69; Рус.-кал. Сл; 1964, 794). Қазақ тілінде -еге жұрнағын сақтай отырып, киіз үй жабдығының бірі болып қала берген (Нұрмағамбетов, 136-137). Кереге (kerege) зат. Katlanip açilabilir, kafes şekeindeki destek (otağ, cadir) (Қазақша – түрікше сөздік, 2003: 201). Йерге – обертывать, заворачивать, туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге); йерге – наматывать, «йөрге–завернуть, закутать... йөргет – велеть завернуть» (В. В. Радлов:Т.III ч.I). Кереге сөзіндегі е аффиксі жалпы бағытты білдіруі мүмкін. Ал, А. М. Щербак е тұлғасының арғы түбін қимыл есімі деп береді. Е фонемасына келетін болсақ, қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі негізде қалыптасқан: таза түркілік е, орыс тілі арқылы енген сөздер құрамындағы е. Таза түркілік деп қаралатын е немесе түркі сөздерінің құрамында айтылатын ä дауыстысы көне түркілік ä дауыстысының көрінісі болып табылады (Томанов, 146).

Кереге сөзінің түбірі керу, созу болса, -еге жұрнағын көсемшенің көне жұрнағы деп те қарауымызға болады. Кереге, дөдеге – бұл екеуі құрамдас болуы керек: ке–ре–ге, дө–де–ге (Жанпейісов, 126). Дөдегесі биік боз үйді Төскейге жағалай тігемін (Манас, 269). Кереге > кер > жазу (құру) > тор сияқты мағынасы бар. Біздің ойымызша, кереге // дөдеге // қабырға шығу тегі бір сияқты. «Кер» – деп көне түркі ұғымында балшықты айтқан болу керек. Мысалы: «кирпеш» – тюркское. Правильнее, «кир печ» – «глина из печи» (М. Аджи, 191). М. Қашқари да екі түрлі (қысқы үй, киіз үй) – деп берілген. Кере қарыс деген өлшемді білдіретін тіркестің құрамындағы кере сөзімен де семантикалық байланысы жоқ емес. Дуал // дөдеге ду // дө сияқты түбір тұлғасын қарастыруға болады.

Түркі тілінде кер түбір тұлғасынан өрбіген сөздер көп-ақ. Соның бірі – кер (керіш, керпіш) сөзінің құрамындағы кер. Екіншісі – керек «у» (етістік+зат) керек тұз). Екібастұз (Екі бассаң бір тұз шығады. – Асан Қайғының жер таңдауы). Үшіншісі – кер (диалекті «жар») деп қолданылады т.б. Төртінші - кер (кереге) түбір тұлғасы. «Кер» түбір тұлғасынан басқа да сөздер өрбіген.



Кірпіш. Қарақалпақша гербиш, хакасша кірпис, ноғайша кербиш, қырғызша kirрiç, түрікше kerpiç, чуваша кирпеч, азербайжанша кәрпич, башқұртша кирбес, татарша кирпеч, қазіргі өзбек, ұйғыр тілдерінде бұл сөздің орнына парсы тілінен алынған мына ғишт, хиш сөзі қолданылады. Ал, Сары ұйғыр тілінде бұл сөз семантикалық өзгеріске ұшыраған. Сары ұйғыр тілінде кервыш – қойдың кепкен құмалағы (Малов, Яз. жел. уйг., 67). Ал, көне түркі ескерткіштерінің көпшілігінде кәрпіч, (кирпич) түрінде кездеседі. (МҚ. А. I. 424; Мелиоранский. «Араб-филолог о турецком языке», СПб., 1900, 109). Кейбір ескерткіштерде бұл сөздің kilürpiç түрінде айтылғандығы көрсетіледі. kilürpiç түрінде айтылғанын көрсетеді. (Ettuhfet üz-zekiyye filluqat – it Türkiyye, Jst, 1945, 45). Д. Н. Ушаков оны парсы тіліне жатқызады (Ушаков. Толк. сл. рус. яз. I. 1358). Л.З. Будагов өзінің сөздігінде кірпіш сөзін де, кірэдже сөзін де араб, парсы тілдеріндегі (хиш, кич) сөзінен шығарады (Будагов, Ср.сл.тур.тат. нар. т.II 121). Кірпіш – М. Қашқари сөздігінде ұшырасады.

Кириш//кірес сөзі өзінің алғашқы мағынасында («известь») қазіргі ноғай, түрік тілдерінде қолданылады. Қазіргі азербайжан тілінде кирэч сөзі «гипс, алебастр» деген мағынада қолданылады. Бұл сөз көне түркі ескерткіштерінде де бар. «Кодекс Куманикусте» кірäц, ХII ғасырдағы түркі-араб сөздігінде кірäç (Radloff., CC. St. – Peterburq, 1887, 34; М. Г. Hautsma, Ein turkischarabisches Glossar, leiden, 1894, 96) «известь» деген мағынада кездеседі. Сөйтіп, кіріш сөзі жоғарыда аталған тілдердегі мағынасына жуық қазақ тілінде де ұшырайды. Бұл туралы кіре (жүкші) жоғарыдағы бөлімде айтылды – А. Қ. (Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – А., Ғылым. 1966. – Б. 109- 110). Көне түркі ескерткіштерінде кэрпіш (кирпич) түрінде ұшырасады (МҚ. А. I, -Б. 424). Мұрат Аджи: «Между прочим, слова «кирпич» тюркское. Правильнее, «кир-печ» «глина из печи». Европа не занала до прихода тюрков и о «кирпичах», она довольствовалась рваным камнем или плинфой» – дейді Керней п. 2. труба (печи, самовара, паровоза) – дегеннің де қатысы бар сияқты (Л. З. Рүстемов. Каз-рус. тол. сл. араб-ир. займ. сл. – А., Мектеп, 1989. – Б. 13).



Түйін. Түркілер «кер» деп (балшық, әк тас) жалпы тұз, ақ балшықты т.б. «пеш» – (пыс, күйдіру) мағынасындағы сөзді атаған болуы керек. «Керіш» сөзінің де түбір тұлғасы бір. Мына сөздердің: керамика, керемзит (общее название всех видов изделий из обожженной глины) (Словарь иностранных слов. 1979. – С. 231). Отқа күйдірілген «балшық» – деген ұғымды береді. Демек, түрік сөзі «кірпішпен» тығыз байланысты. Сол сияқты, керогаз, керосин (Толковый словарь русского языка. – М. 1999. С. 272) сөздерінің де түбір тұлғасын анықтауға болады. «Кер» сөзі мен «кен» сөзінің о баста мағыналары да бір болған сияқты

Керек «у» (етістік+зат). Кириш//кірес сөзі өзінің алғашқы мағынасында «известь» қазіргі ноғай, түрік тілдерінде қолданылады. Азербайжан тілінде кирэч сөзі «гпис, алебастыр» деген мағынада кездеседі. «Кодекс Куманикусте» кірäц ХII ғасырдағы түрік-араб сөздігінде kіräc (Radloff., CC. St. – Peterburg, 1887, 34; М.ГН. Нautsma, Eіn turkischarabisches Glossar, Leiden, 1894, 96) «известь» деген мағынада кездеседі. Ат тұяғы тимеген Ақ кіріш тас суда бар (Бұқар жырау, ЦНБ АН КазССР, папка № 1177, 30). Қазақ тілінің говорларында кіріш сөзі бар. Ал, әдеби тілде бұл сөздің орнына у тас, әк, ақ балшық сөздері қолданылады. Түр. кірэджъ, известь (а. жм), сумен араластырлыған известь тұз (Будагов, Ср. сл. тур. тат. нар. т. II, – С. 121) (ҚТҚЭС, 110). Кірекеш – кіреші, жүкші (возчик, ломовой) Жу. ЖО. (С. Аманжолов, Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – А, 1959. Б.386). Кіреші – жалдаушы (Н. Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. – А., Мектеп, 1984. – Б. 103).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет