Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том


Жыға. Қанжығалы кісі аты емес, қараның ханы болып басына алтын жыға



бет4/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Жыға. Қанжығалы кісі аты емес, қараның ханы болып басына алтын жыға орнатқан. Содан қанжығалы атанған деседі (М-Ж., 58). Басында жыға бөркі бар, Падишалық көркі бар (Манас);
Ерте уақытта тектілер салтанатымен кернейлетіп аң аулауға шыққан. Бастарына үкілі жыға киген, үстеріне жеңіл киім киіп шыққан. Мысалы: Өзі алты жасында Кәмшат бөрік басында, Тобылғы торы ат астында, Қаршығасы қолында, Тазысы ерткен соңында, Жеті пірге сиынып, Баратұғын жолында (Қобыланды, 16) – деп аңшыны суреттейді.
«Жығаның» бір мағынасы дулығаға қадалатын құс қауырсыны жау жеңілгенде жығаны жығып қояды соғыста қолданылады. Жау жеңілді жыға қанданды дейді. `Жыға` сөзінің семантикалық мағынасына, этимологиясына барлау жасаймыз. Жыға сөзі түркі тілдерінің біразында қолданылады. Мысалы, қазақ тілінде қылыш өтпес үшін батырлардың бас киімінің артқы жиегіне бастырылған зат. Өзбек тілінде: сопақша металға түрлі түсті асыл тас, құс қауырсыны орнатылған әшекей. Мұны, бас киіміне өзінің үйлену тойында күйеу жігіт те, сүндетке отырғызылған күні жас бала да тағады (УРС, 156). Жыға түркімен тілінде де көнерген сөз ретінде сақталған, онда да екі түрлі мәнде: кітаптың бет аралығына белгі ретінде салып қоятын құс қауырсыны және сұлтан (алтынды әшекей) (Турк. РС, 329). Қырғыз тілінде жыға деп қалыңдық және хан киетін биік бас киімді, сұлтанды (әшекейді, асылды) айтады (КРС, 276). Жыға қазақ тілінде қыздардың бас киіміне қадайтын құс қауырсыны деп те түсіндіріледі. Ол - Осман түріктерінің тілінде де солай: «аграфь, султан на чалме» және «головное украшение новобрачных» делінген (Рсл. IV, 116). Түркі тілдеріндегі осы жыға атауы – парсы сөзі [37, б.42-43].
Л. З. Будагов: п. тур. جغا жыѓа (ы), جغه жќа, جقه жќе, جيغه жйѓа, пукъ перъевъ, султанъ, носимый на чалм или на шапк, жиегі алтын золотое украшеніе, перья на шлем носимыя храбрыми воинами, кир. перо (фазана или павлина, которое носять двицы на шапочк), воткнуть перо (гд нельзя найти фазановыхъ перьевъ, втыкають филиновыя) п. جغد жѓы 1) филинъ. 2) зубцы на стнахъ крпости. 3) волосы завяанные узломъ на затылк, коса; тат. бакенбарды, кудри, локонъ въющійся [8, б.437]. Транслитерация жасаған – А.Қ.
Жыға – көнерген сөз ретінде түркімен тілінде де сақталған, онда да екі түрлі мәнде: кітаптың бет аралығына белгі ретінде салып қоятын құс қауырсыны және сұлтан, яғни алтынды әшекей. К.К. Юдахин жасаған лұғатқа сүйенсек, қырғыз тілінде жыға деп қалыңдық, хан киетін биік бас киімді, сұлтанды (әшекейді) атайды. Е. Жанпейісов «жыға атауы түркі тілінде мынандай үш түрлі мағына білдірген: құс қауырсыны, асыл тасты алтын әшекей (екеуі де бас киімдікі) және бас киімнің тұтас өзі де осылай аталған. Сол сияқты, қарақалпақ тілінде «жығалы хат» – деген тіркес бар» – дейді [37, б.87-91]; [38, б.89].
«Жыға» деген бас киім де болған. Ол ауыз әдебиетінде «бөрік», «үкілі бөрік» түрінде де кездеседі. Оны батырлар киген. Мысалы: Кәмшат бөрік басында, Тобылғы торы ат астында (Қобыланды, 16); Беліне семсер іледі, Ноғай бөркін киеді (Алпамыс, 41), Жалғызымның барында Пешпент ойдым мақпалдан Тақия, бөрік, үкі шоқ! (Қобыланды, 105). Кәмшат бөрік келісіп, Бриллиант қойды басына (Қамбар батыр, 311);
Жыға – турк., аз диал. ДСАз, 469, кир., уз. диалек. Мир. 197, Абд. Хор. III. 44, Буд. I437. жыға аз.; жиға уз.; жиға калп.; чыга тур., Р. III 2062; jыға Р.III 469 (ккир). G 1. Султан (украшение) – турк., РIII 2062 (осм), кир.; султан. Носимый на чалме или на шапке – Буд.; аграф, султан на чалме-Р IV116 (осм); султан из птичьх перьев –ккал: птичье перо-Р III 2062 (осм); перо птицы тувдар (которое в прежние времена ханы и беки носили на головных уборах) – уз. диал. Абд. Хор. III.; самое длинное и самое красивое хвойстовое перо ( у петуха, райской птицы и.т.п) – тур.; перо, которое девицы носят на шапке - Р IV 116 (кир.); пух перьев - Буд.; 2. Высокая шапка невесты – кир., РIV III 469 (ккир.); головное украшение новобрачных – Р IV 116 (осм); высокая ханская шапка – кир.; металлическое украшение овальной формы на мужском головном уборе с вделанными в него цветными камешками и с перьями филина – уз.; 3. венец, корона – аз ., уз. диал. Мир.; 4. закладка для книги (из хвостового пера белобрюхого рябка) – турк.; 5. челка у лошади – аз. Диал. ДСАз. Связь всех пяти значений очевидна. Г. Дёрфер фонетикалық (түркменнің анлауытын ж,- !) және сөздің графикалығына қарап түрік, парсы сөзі екендігіне күмєн келтіреді (Doerf. III №1029). Ол бұл – сөздің шығуына үшінші дерек әсер етті бірақ, белгісіз дейді. Г. Рамстед кор. маньчж. тілдерімен жақындастырады (Ram. SKE 226). Г. Дёрфер монг. түрік қатысына байланысты, айтылған пікірді қабылдамайды. Л. Г. Рамстед көне үнділік: sikha (?). Расында да санкр. Çikha өз ішінде `бір уыс шаш`, `қауырсынды құс` мына форманы анықтайды: Çikha – mani `диадема`, Çikharana `басты әшекейлейтін зат` т.б. Парс. қораздың `айдары`, `әтеш жалы`; шахтың тәжіндегі бриллиант ұшпа; эгретте (әйелдің басындағы ұшпа.); құстың қауырсынынан жасалған әшекей, аттың маңдайына өмілдірікке қадалады, сұлтан, Гаффты қараңыз. I. 214.-Л.Л. [22, б.39-40] В. В. Радлов: чыға [жығе, жғе (Оsm)] птичье перо султанъ – die Voqejfeder, der Federbusch. – дейді [17, б.2062]. Жыға қауырсын (үкі ) – перо, которое носят девицы на шапочке (фазанье или павлинье). Ильм., 137. [24, б.380]. Жыға қазақ тілінде қыздардың бас киіміне қадайтын құс қауырсыны – деп те түсіндіріледі. Ол түркі тілдерінде үш мағына білдіреді [39, б.101-102]. «Түсіндірме сөздікте» соның төртеуін дәл жақсы айтып берген де, жығаның бір өңкей, сыпыра мағынасында қолданылатыны айтылмаған (Б. Қыдырбекұлы, 1993: 58).
Жыға сөзінің мағынасын дұрыс білмегендік қателіктерге ұрындырады. Қ. Мұқаметханов Абай өлеңі туралы: 1977 жылғы жинақта «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» деп басталатын өлеңінен: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда, және М. Єуезовтіњ «Ењілік-Кебек» пьесасынан мысалдар келтіре отырып: Тобықтының жығылған жығасын қайта тұрғызған Найманның бір шіріген жұмыртқасы…» Жыѓа ќисаяды екен (Абайда), жыѓа жыѓылады екен (М±хтарда), сонда «жыѓа – дулыѓаныњ сыртынан ќаптап ќоятын зат» – деп т‰сінік беру оѓаштыќ емей немене. Жыѓа дулыѓаныњ сыртынан ќаптап ќоятын зат емес, батырлардыњ дулыѓасыныњ тµбесіне шаншылта ќадап ќоятын зат болады. Егер жауы жењіліп ќалса, жау жыѓасы жыѓылды, не жаудыњ жолы болмаѓан шаќта, жау жыѓасы ќисайды – деп, жау басына т‰скен істі оныњ жыѓасына ауыстырып айтатын ќазаќтыњ дєст‰рлі сµзі болѓаны белгілі. Қараңыз: Қ. Мұқаметханов. Ќазаќ єдебиеті, 1986. № 41 (1959) 11 б; Семей таңы. 1991. № 94 (16494); [40, б.164-165];


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет