часть старинного боевого снаряжения (брони, лат), прикрывающая колено. Сақ етер мен селебе шабу сияқты мағынасы жағынан байланысты қарулар. Сақ етердің бір түрі гүрзімен байланысты соғатын қару.
Гүрзі. Қолындағы күрзімен Кетті салып басына (Алпамыс, 192 бет). Күрзімен ашуланып, ұрды дейді (М-Ж., 148); Жас баланың басына Зеңілер гүрзі салады (М-Ж., 258); Бетіне біреу қараса, Күрзімен ұрып, сабайын (Қамбар, 339); К‰рзі (п) – ескі 1. Темір шоќпар, ауыр сойыл (Бекм±хаметов, 92). Гүрзі – железная палица, булава (Т. Байжан, 14).
Түйін. Гүрзі сияқты соғатын қару ол – шоқпар.
Шоқпар. Күші жетсе шоқпармен ұрмас па енді (М-Ж., 224); Шоқпар қып соқты Арысты көк желкеден (М-Ж., 164); Беліне терлік салады, Тас шоқпары тақымда (Қобыланды, 76); Будагов шоқпардың бір түрі: п.тур. шомақ, шмақ, шұмақ дубина деревянная или желзная, булава, палка съ круглымъ набалдашникомъ, булавоносецъ – деп жазды (1869, 500). Шоқпар мен сота қолданылуы жағынан мағыналары бірдей қару. Шоқ ~ соқ фонетикалық варианттың негізінде жасалған сөз. Будагов: чогъ или чокъ особаго рода шапка, употребляемая калмыками – дейді (1869: 494). Шоқпар мен соғым да түбірлес лексемалар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |