Шелек. Шелек сөзі де кездеседі: Ішінде сырлы шелек саумал келді (М-Ж., 125); Малманың болған үйір шелегіне (М-Ж., 7); Шелек (шел+ек) -ек қосымша (көнек, төсек) мен көзіңді шел қаптадыма тіркестегі шел лексемасымен тығыз байланысы бар сияқты. Шил - глазъ восполенный – деп түсінік береген (Будагов:1871: 407). Ерте уақытта әкем малдың көзін шел қаптапты деп, жұқа ақ етін сылып алып жатқанын талай көрдім.
Түйін. Қауға ~ долық ~ (толық) ~ шелек > көк (көн) (тері ыдыс). Теріден жасалған ыдыстың түрі – қоржын.
Қоржын. Иініне ала қоржын салған алды (М-Ж., 191); Шетінен тістеп алады, Қоржынға батыр салады (Қобыланды, 101).
Курждун – кожаная переметная сумка (Потанин, 82). Қоржын а. [خرج хурдж-ун: вещевой мешок; п. Хруджин] – двойная сумка для багажа, перекидываемая через спину вьючного животного, переметная сума (Рүстемов, 166). Қор > қоржын (қор + жын) қор – қымыздың қоры мен байланысты, жын (қарын ішіндегі жиналған қалдық) ішіңде жының бар ма? – дейді. Қоржын > шөншік > талыс < көк (көн) (тері ыдыс).
Бөктергі. Бөктергідей босқа ұшып болдым арық (М-Ж., 139); Бµктерішін бµктеріп, Ерлер жортар мал ‰шін (М-Ж., 48);
Қырғыз тілінде «қанжыға» сөзімен қатар «бөктергі» сөзі қатар жұмсалады. С. Аманжолов: Бµктергі: бµктергі (копчик). К. Сл., 1951, 69; 1954, 117 [24, б.368]. «Бөктеру» етістігі қырғыз тіліндегі «бөктөрге» сөзімен байланысты туған. Хакас тілінде «қанжыға» – «тиргі» – деп аталады. Қырғыздардың «бөктөрге» – екі түбірдің қосындысы: «бөк» және «төрге». Хакастарда: поғ – байлау; саха тілінде: төргүү – жіңішке қайыс. Тілімізде «қанжыға» сөзі орныққаннан кейін, «бөктергі» сөзі қысқарып түсіп (бөктер), етістік қалпында сақталған дейді [100, б.68-69].
Достарыңызбен бөлісу: |