Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Төп. В. В. Радлов: төп – [Kir] каша – der Brei (Радлов, 1270). Төп



бет16/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   227
Төп. В. В. Радлов: төп – [Kir] каша – der Brei (Радлов, 1270). Төп: Ильм. тоб-каша; атшуњкаj – корнь куги, который киргизы пекут и едят (М. Малбаќов. Ескі сµздіктерді ескерсек... // ЌР. ЃА. Хабарлары. Тіл, єдебиет сериясы, 1992, № 5. 14 б); Төпсөктен жасалған ботқа, каша. Мұхаммед жалғыз ұғымын жетеледі; Бір кірісін тайдыра төпеледі: (М-Ж. 1 том. 2003: 69) Бұрын жұрттың бәрі де көжесі болсын, картошкасы болсын, төбі болсын жалпылдақ жағып пісіретін (Ғ. Сланов) [23, б.71]. Төп // төпеледі түбірлес сөздер екендігі байқалады. Төп – сөктен жасалған ботқа, сүтке пісірілген тары көже (ҚТДС, 339 бет). Төп – шарап, сыра даярлаудан қалған қалдықтан әзірленетін малға беруге болатын қоймалжың жем (ҚТС, 1999: 647). Сөк пен төп тек қана тарыдан жасалатын тағам. Ильминский де төп сөзіне көңіл аударған ол – тоб – деп жазған (Малбақов). Төп быламық. Сенік, май шұрқан, майөңез сияқты төптер (өте қою ботқа) дәмді де құнарлы ас. Кейде оларды дән *талқандарына қант, тәтті жемістер қосып, асқабақ салып немесе оның сірнесінен әзірлеген. *Талқан – толченое, жареное зерно (Потанин, 343). Төп әдетте таңертеңгі дастарқанға келген. Төп қоюЖамбыл облысында төп бозаның езіліп алынған кебегі. Ақсуат, Көкпекті елдерінде қою болып кетіпті дегенде төп болып қалу етістігі қолданылады. Гурьев (Атырау – А.Қ.) төп сөзі ботқа (каша) мағынасында (Диалек, 1960: 105). Төп – сөктен жасалған ботқа, каша (Қаз. диал., 1979: 71).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет