Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев орда



бет79/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   227
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев орда сөзін үй отау мағынасында қолданған. Ін > ұя > ор > орда >ор<>жар~жам>жамшік<>ямчик>жам (жәмшік).
Жәмшік. Сол кезде Антон жємшік кіріп келді, Екенін Владимир біліп келді (Шєкєрім, 420); Антон жємшік ысќырып жібергенде, Єлдеќайда ап кетті баќша ќалды ( Шєкєрім, 421);
Шәкәрім жәмшік лексемасын атқосшы, ат айдаушы сияқты қолданған. К. Аханов: Ямщик сµзі монѓол тілініњ ям (почта станциясы дегенді білдіреді) жєне орыс тіліндегі -щик суффиксініњ ќосындысынан жасалѓан. Б±л сµзді жасалу т±рѓысынан алѓанда, орыс тіліндегі зеленщин, каменщик сµздерімен бір ќатарѓа ќоюѓа жєне олардыњ арасында белгілі бір ±ќсастыќ бар деп тануѓа єбден болады*. Ям сµзі монѓол тілінен орыс тіліне татар тілі арќылы енген екен де, оныњ туынды т‰рі ямщик орыс тілінен т‰ркі тілдеріне, соныњ ішінде ќазаќ тіліне, жємшік т‰рінде енген (Дмитриев Н. К. О тюркских элементах русского словаря. – Лексикографический сборник, вып. III, М., 1958, стр. 37) [90, б.195].
Жамбыға қатысты деректі келтірерлік: Түрліше салмақта, формада құйылған сом (кесек) күмістің ертеде ямб деп атағалғанын В. Дальдің түсіндірме сөздігінен де, басқа материалдардан да кездестіреміз. Қырғыз тілінде жамбы – қытайша ақша орына қолданылған, салмағы мен формасы әр түрлі кесек күміс, ұйғырша ямб – қытайдың 52 сәрі (сәрі – 35 грамм) бағасындағы күміс кесегі (Уйг. – кит. – рус. лұғат.). Ал монғол тіліндегі юмбүү (юамбүү) – елу лан бағасындағы күміс, ауыспалы мағынада ямба дәреже, право, шен ұғымын білдіреді. Жамбы қытайша – юань және бао деген екі сөзден құралған. Қытай тілінде юяань [2] монета, ақша, бао [3] – құнды, бағалы. Яғни, құнды, бағалы ақша деген сөз. Қытайдың юаньбао атауы монғол тілінде юамбүү // юмбүү деп айтылады, ал бұл сөз ұйғыр тілінде ямбұ//ямбү, қазақ тілінде жамбы болып қалыптасқан деуге негіз бар. Жамбы атауы қазақ ортасына монғолдар ұйғыр, өзбек арқылы тараған болу керек. (Б.Б.) (ҚТҚЭС, 1966: 80).
Л. Будагов: п. يام йам, ямъ 1) курьерская, запасная лощадъ, курьеръ, гонецъ отсюда въ русскомъ ямщикъ يامجيك у Біанки). [20, б.341]. Жәмшік. Jат почтовая станция, почтовые лошади... jaтчы von jat – чы ямщикъ (Рсл. III, 298, 311) В. Радлов: jам глиняная посуда для квашшенія кожи; jам 1) почтовая станція, 2) почтовыя лощади, съ открытой головой [17, 298-299]. Е. Жанпейісов йам (жам)-шы > ямщик > жәмшік // жемшік тұрғысында түсіндіруге болатынын айтады [37, б.76]. С. Аманжолов: Жам – (шом): үйінді, бопыр, боқтық (мусор) [24, б.376].; Жамбыл – қорған, үкен бекініс (укрепленное место, крепость, курган) [17, б.376]. Ал ящик // жәшік жәмшік сөзінің ықшамдалған нұсқасы болуы мүмкін.
Осыған ұқсас батырлар атып түсіретін жамбы - деген сөз бар. Жамбы > юань бао (қытайша) //ямба (орысша) (жамбы) қазақша (күміс құйма) монғ sükа (балта) т.б мағыналары бар. Ал Будагов сөздігінде: джамбы, ямба – китайская серебр. монета – дейді (Будагов, 399). Біздің ойымызша, жамбы қытай тіліне енген түрік сөзіне ұқсайды. Осы жамбы сөзі жар екіге бөліп түсіру, қақ жару ұғымымен байланысты сияқты. Салыстыр: өзеннің екі қапталы – жар. Жамбыл мен жамбы мағынасы жағынан көп жуықтайды.
Жар ~ жам > жамшік <> ямчик > жам (жәмшік) монғол түбір тұлғасынан пайда болмаған. Жар (ор) синонимдері қазақ тілінің төл сөздері орыс тілінде ям тұлғасында өзгерген оған орыс тілінің -щик жұрнағы қосылып ямщик жаңа сөз пайда болған. Осы орыстың -щик жұрнағы ям-ға ешқандай қатысы жоқ жар-дың қазақылық фонетикалық өзгерісіне ұшыраған жәм тұлғасына қосылған -щик//-шік былайша айтқанда қазақтың өзінің төл жұрнағы сияқты. Жәм // жым тұлғасына -шік жұрнағы қосылып жәмшік сөзі пайда болған. Бұған жам > жар (қабырға) `өзеннің екі жағы жар` тығыз байланысы бар. Қызылжар, Үржар – деген қала бар. Жәмшік > жәрмеңке > жам > жар (тұрақ, қала). Жоғарыда айтылған жамбы (Жамбыл-қорған) қытай сөзінен шыққан деген пікір бар. Жамбы > жар фонетикалық өзгеріске түскен түріктердің төл сөзі болып шығады. Ал, жамбы (қытай сөзі дейді) (ілінген жамбыны ату) (қақ бөлу-жар, балтамен жар) жар етістігі негізінде шыққан сөз болуы мүмкін. Осы жар мен жар (өзеннің жары, қабырға жар) жар (қорған) тығыз байланысты. Жам аяқ – деген ыдыстың түрі де бар (ыдыс-аяқ бөлімін қараңыз). Жам (ыдыс) > жамбы > жамбыл > жам (қала).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет