МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том



бет4/15
Дата15.09.2017
өлшемі4,49 Mb.
#32803
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп жасыл шапан, дүрия шапан, қызыл шапан, асыл шапан түрлерін қолданған. Жап>жаб>жау (жаулық – қараңыз). Жаулық екінші варианты түбір тұлғасы жап деп қарастырған. Жабу > шапан > шекпен [7, б.226-228].

«Сандал» – ағаш. а. п. [сәндәл - سندل -1. обувь, комнатные туфли; 2. сандаловое дерево; 3. небольшое судно; лодка; сандалии; стул, табурет] – 1. сандалеты, сандалии, летняя легкая обувь без каблуков. Үстіне көк барқыттан киген костюмі бар, аяғында сандал (Ж. Жұм.); 2 . изделия из сандалового дерева. Самарқан барсаң, сандал бар, Сандалды көр де тісім көр («Қ. э. »). Сандал батырлар жырында ұшырасады. Жамбасыңа болайын, Ұста соққан сандалдай (Ер Тарғын). – Б. 248. Л. Будагов та сандалдың үш мағынасын береді. Ильминский Сандал – жастық (дерево, в котором укрепляется наковльная ) Л. Будаговта да үшінші мағынасы солай. Сандал деп ағаштан ойып жасаған аяқ киімді де айтқан. Көне түркі тілінде сандал балта деген де ұғым берген. Бұл туралы докторлық диссертацияда кеңінен жазылған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Сұлтанның артында қалған қатын-баласы туралы» атты шығармасында «сандал» сөзіне тоқталады:
Баһары қаз алатын лашындай,

Бойы бар тік сандалдың ағашындай.

Мінезі, түсі, түгі дәл атасына

Ұқсапты сауысқанның баласындай [20, б.121, 24, б.704, 7, б.316-317, 28, б.82].


«Сандық» – ағаштан жасалатын үй жиһазы. а. п. [сундук: 1. сундук, ларец; 2. ящик (деревянный, металлический); 3. касса] – сундук. Сандық – сақпыт, көрпе – жастық, киіз – текемет тиелген арбалар (Қ.Қ.). а. صندق санлукъ, сандыкъ, мн. صنادق сундукъ, ящикъ, صندق صندق сундучокъ, ларчик для даргоцнностей, сундукъ для харненія денегъ, касса, баулъ, кожан. чемоданъ, банкъ, публичная касса, сундучникъ – Л. З. Будагов. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев сандық сөзіне байланысты:
Бір құшақ газетпенен қабатталып,

Біреудің сандығында жаздай қалып.

Ел күзекке келгенде күздігүні,

Аяқсыз хат домалап келді салып [20, б.248, 24, б.704, 7, б.226-227, 9, б.176].



2 Теонимиялық және мифтік лексика
«Жан иесі өліп, ғарасатқа қайта тіріліп, ғазазіл ан хазірет илан үмбеттеріне таласып, имам ағзам илан имам шафқа жүгінгені» – Мәшһүр-Жүсіптің 70 жасқа аяқ басқан уақытында жазылған өлең болса керек. «Біз де келіп отырмыз жол аузына дегеніне қарағанда» – осы шамаға келеді. Демек, өлең 1930 жылдары жазылған деп межелеуге болады. Өлең 4 тармақты, кей жерінде сұрақ қою арқылы екі тармақ болып келеді, барлығы 250 шумақтан тұрады. Лиро-эпикалық жанр. Оқиға эпитафияға құралған. Алланы, Құдайды, Мұхаммед пайғамбарды жоқтау болып келеді. Романтизмдік көркем әдіспен жазылған. Мәшһүр-Жүсіп ХVIII мен ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы имандылық жолындағы рухани ағарту ісін жалғастырып, басталған Еуропа романтизм ағымының Қазақстандағы тұңғыш өкілі десе де болады. Өйткені, қисса-дастанының негізгі желісі ислам дінін насихаттау болып табылады. Ол уақытта ақынның көтерген тақырыбы заманға сай болатын. Ислам дінінің күшейген кезі. Кейіннен орыс патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының негізінде мешіттер жабылып, молда, қожалар қуғындала бастады. Ақынның өзі де 1907 жылы қуғын-сүргін көрді. Дастанның мазмұны Құдайдың он сегіз мың ғаламды жаратқаны, күн мен айды, топырақтан Адамды пайда қылғаны туралы айта келіп, Алла, Құдай ісіне кереғар Ібіліс, Шайтан т.б. ерекше зұлымдық иелерін қарама-қарсы қояды. Дастанда діни лексика: сәждә, намаз, күнә, харам, ақырет, ораза (руза), пәни, періште, жұмақ, кебін, сауап, заман ақыр т.б. ұшырасады. Періштелер Мекайіл, Исрафил, Жебірейіл, Ғазірейіл олардың адам сияқты іс-әрекеттері айтылады. Мінекей, шығарманың осы сюжеті оны романтизм ағымға жақындатады. Бұлардың жасаған әрекеті адамның қолынан келетін нәрсе емес. Бірақ, ұғымға, ақылға сыйымды, тәрбиелік мәні зор, эстетикалық қуаты күшті. Образдың өміршеңдігі олардың әр мұсылманның жүрегінің төрінен орын алғаны. Әлі күнге бұл – шығарманың құны жоғары екендігін көрсетеді. Әсіресе, бүгін дінге, имандылыққа бет бұрғанда шығарманың берер тағылымы орасан үлкен екендігі айтпаса да түсінікті. Буын саны әр түрлі. 10, 11, 12 буынға дейін барады. Бірақ, буын ала-құлалығы өлеңді оқығанда онша сезіле қоймайды. Мұның өзі өлеңнің силлабикалық өлең жүйесіне құрылғанын байқатса керек. Аралас буын көбіне буынға негізделген. Бірінші басылым 2003 жылы Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 2 томының 252-280 беттерінде, «Елу екінші бап» деген атпен жарияланды. Иманғали Мәнен қолжазбасынан 2-папка, 156-187 беттерінен алынған. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші ф.ғ.к., доцент Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.

«Жан тәсілім болғанда, көктен үш мәртебе дауыс болғай!» дегенмен, алдыңғы «Жан иесі өліп, ғарасатқа қайта тіріліп, ғазазлі ан хазірет илан үмбеттеріне таласып, иман ағзам илан имам шафқа жүгінеді» – өлеңмен қарайлас жазылған болуы мүмкін. Кеңес дәуірінде бұл өлеңді пессемизмдік сарында жазылған, баяғыны жоқтау деп айтар еді. Енді ол заман келмеске кетті. Шығарма лирикаға жатады. Өмір шындығы адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне ақынның терең психологиялық толғанысы қосылған. Өлең жанры діни лирикаға жатады. Шығарманың мәні мен мазмұны кейде элегияға да келеді. Ақын бірде мұңаяды, бірде ішкі сыр араласқан назын жырлайды. Шығарманың негізгі көтерген тақырыбы діни имандылық. Өлең 15 шумақтан тұрады. Екі жерде ғана екі тармақтан кездеседі. Көбіне 9, 11 буынды болып келеді. Өлеңнің лексикалық құрамы дүние, тән, пенде, періште, қараңғы үй, табыт, жаназа, қабір, тәпсір, пайғамбар, құран т.б. болып келеді. Мазмұны былай: пенденің тәннен жаны шықса көк тарапынан жарық дүниені қалай қидыңыз, дүниені не себепті қалдырдыңыз деген сұрақ туады. Дүние өлді ме? Әлде пенде сен өлдің бе? Екеуіңнің қайсың өлдің? Кім, кімді қиып кетті дейді. Сөйтіп, адамзат баласына философиялық ой тудырады. Пендеге (метонимия) адамға сені дүние өлтірді емес пе? деп, дүниеқұмар, дүниеқоңыз адамдардың прототипін жасайды. Бұ бақи өмірде Алланы аузыңа алдың ба? Құдайға сыйындың ба? Не бітірдің? Енді ақ кебінге орап, қара көрге түскенде періштелер келіп сенің тәубеңді аузыңа келтіріп, сұрақтың астына алады, не деп жауап берер едің деген сияқты мазмұнда келеді. Шығарма имандылыққа, орасан үлкен тәрбиеге құрылған. Кейбір: лақат, золыма, уәсәл, ирор сияқты сөздер де ұшырасады. Өлеңде Хафиз кісі аты да кездеседі. Пайғамбардың шапағаты, құрметі, рахматы деген жағымды сөздерде орын алған. Өлең идеясы ислам дініне берілу керектігін, Құдайды сыйлау керек, оның алдында мінәжат ету керек деген уағыздан бір де таймайды. Бірінші басылым 2003 жылы Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 2 томының 190-191 беттерде, «Отызыншы бап» деген атпен жарияланды. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші ф.ғ.к., доцент Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.



«Жан шығарында тәнмен қоштасқаны» – бұл өлеңде ақынның 73-ті алқымдап, ортаншы ұлы Мұхаметәмен кісі қолынан қаза тапқаннан кейінгі жан толғанысы болса керек. Жанры жағынан идиллияға жуықтайды. Өлең былай қарағанда күңгірт қоңырқай өлімді суреттейді, өмірмен қоштасады. Жан шыққанда тәнмен қоштасады. Өлең аралас буынды, 9 шумақтан тұрады. Өлең тақырыбына қарай діни лирикаға жатады. Былайғы жұрттың бұндай өлеңді қабылдауы өте ауыр. Байқап оқыған адамға мәні мен мазмұны түсінікті, қазақи сөзбен жазылған. Айталық, тіл мен жақ арыздасар екі көзбен, қол-аяқ амандасар екі тіземен, тірілік дәурен кетті енді бізден, баспен амандасар екі құлақ, көз көрмес, құлақ естімес, тіл сөйлемес, дүние екен: баяны жоқ, түбі шолақ сияқты афоризмге айналып кеткен тіркестерді де ұшыратамыз. Бірінші басылым 2003 жылы Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 2 томының 184-185 беттерде, «Жиырма алтыншы бап» деген атпен жарияланды. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші ф.ғ.к., доцент Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған

«Жеті тозақ баяны» – елу тоғызыншы бап – ақынның соңғы жылдары жазылған шығармасы болуы керек. Лирикалық шығарма. Оның ішінде діни лирика. Көтерген тақырыбы ислам дінін насихаттау, имандылықты көтеру. Өлең ақын Бұхара, Ташкент жақта оқып жүргенде жинаған мәліметтерінің негізінде жазылған сияқты. Әрине, бұл өлеңіне діни ұстаздарының шарапаты көп тигендігі байқалады. Діни антропонимдер: Алла, Құдай, Пайғамбар, Жебірейіл, Ғайса, Ібіліс т.б. кездеседі. Өлең төрт тармақты, 26 шумақты болып келген. Буын саны аралас. Бунақ саны да әр түрлі болып келеді. Троптың бір түрі астарлау (символ) құбылысы арқылы жазылған өлең. Көбіне болатын оқиға астарлы, тұспал арқылы суреттеледі. Мысалы: Тамұқтың сәкілері болған. Алла пайғамбарға уахи салған екен. Пайғамбардан, сахабаларынан тамұқтың сәкілері қандай деп сұрапты. Тамұқтың жеті сәкілерінің арасы жүз жыл екен. Ал, бұл сәкілер бірінен-бірі төмен тұрады. Әрқайсысының азабы жетпіс есе тұратын көрінеді. Жәбірейілден (ғ.с.) (періштенің аты – А.Қ.) бір кісі тамұқтың сипатын сұрастырыпты. Жәбірейіл (ғ.с.) пайғамбардың хабарлауы бойынша Тамұқтың жеті есігін көрсетіпті. 1 есік «Һауиа». Дұғаға иланбағандар кәпір болып, бірі доңыз, бірі маймыл болып кеткен. 2 есік «Жахим». Құдайға құлшылық қылғанға әрқашан жұмақтан орын бар да, тамұқта осы арада суретке табынғандарға орын әрқашан табылады. 3 – «Сажар». Күн мен айға табынған да орын табар. Бұл арада: Ферғауын, Намұрт, Шидан, Лағын, Һаман, Қарын да орын табар. 4 «Лазан». Ібіліс пен шайтан жалпы адамзатты азғырушылар, теріс жолға салғандар сол есіктің арғы жағында тамұқта жазасын табады. 5 «Хатма». От пен пұтқа табынғандар оның ішінде жөһид (еврей – А.Қ.), һинди, Қытай, Мажаусиларда табылады. 6 «Сажар». Құдайға иланбаған, теріс қылықты адамдар осы есікке тамұққа барады екен. 7 «Жаһаннам». Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарға бұл есікті көпке дейін көрсетуге ұялып тұрады. Күнаһарлар махшар күнде жазасын тартатынын, шайтанның тіліне ергендер жаһаннамда азап шегетінін айтады. Пайғамбар үмбеттері үшін қатты қайғыланып, жапа шегеді. Жәбірейіл (ғ.с.) пайғамбармен қоса жылайды, қатты қайғырады. Сол уақытта уахи келіп, қажеттеріңді менен алыңдар депті. Бұл өлеңнің түйіні – адамдардың бір-біріне жақсылық, өнеге жасауын, дос болуын, тату-тәтті өмір сүруін қалайды. Ондай адамдар жаһаннамға бармайды, Тозақтың отына күймейді. Жұмаққа барады деген идеяны мансұқ қылады. Өлең тұңғыш рет Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы, 2-том. Павлодар, 2003 жылғы 326-329 беттерге еніп отыр. 367 бетте Елу тоғыз-алпыс бірінші баптар Иманғали 2- папка, 206-209 беттері бойынша әзірленген деген қысқаша мәлімет берілген. Демек, бұл мәтін қолжазбадан алынып отырған және тұңғыш баспа бетін көріп отырған өлең болып саналады. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші ф.ғ.к., доцент Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.



«Жұмақтың аты, һәм сипаты» – елу алтыншы бап. Иманғали Мәнен көшірмесі бойынша ұсынылды. Лирика жанрына құрылған, діни лирика десе болады. Өлең төрт тармақты, аралас бунақты және әр буынды, 34 шумақтан құралған. Ақын өлеңде кезекті ұйқас пен егіз ұйқас түрлерін қолданған. Кеңес дәуірінде әдебиет зерттеушілері шартты түрде болса да, әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы т.б. арнаулы салаларға бөліп қарастырып жүрді. Діни лирика бұл дәуірде жабық тақырып болатын. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде «Діни ұғымдарға байланысты туған шығармалар» – деп айтылып келді. Х. Досмұхаметұлы ең алғаш «Діни сипаттағы әдебиетке» баға беріп, ислам дініне, шариғаттың қағидаларына, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның серіктерін сол сияқты діни поэмаларды атап өтеді. Өкінішке орай, бұл үрдіс кейіннен тоқтап қалады. Оның себебі де белгілі. Өлең Мәшһүр-Жүсіптің «Көкелташ» медіресесінде білім алғаннан кейін туған болуы керек. Өйткені, ақынның Орта Азияға барып ислам ілімін терең меңгергені өмір жолынан белгілі. Шығарма жарық көргені болмаса зерттеушілер тарапынан әлі өзінің ғылыми бағасын алған жоқ. Дегенмен, ф.ғ.к., доцент Гүлназ Жүсіпова Мәшһүр-Жүсіптің діни дастандарына біршама талдау жасады. Шығарманың мазмұны мен құндылығына айтып ауыз жетпейді. Мәшһүр-Жүсіп жеті тамұқ сияқты бұл өлеңінде сегіз жұмақты суреттейді. Олардың әрқайсысының діни сипатын ашады. Мысалы: 1 Алла тағала гауһардан жаратқан жұмақтың аты «Даралыхпан». 2 – саф алтыннан жаратқан жұмақтың аты «Дарис салам». 3 – Хақ Тағала зібіржиттан жаратқан жұмақтың аты «Жәннат – Мәуі». 4 – Сары маржаннан жаратқан жұмақтың аты «Даралхилу». 5 – ақ күмістен жаратқан жұмақтың аты «Жаннат – Нағим». 6 – жақұттан жаратқан жұмақтың аты «Жаннат – Ғадин». 7 ақ інжуден жаратқан жұмақтың аты «Дарил қарал». 8 – Алла тағала лағылдан жаратқан жұмақтың аты «Фирдауыс». Әр Жұмақтың есігі бар, кеңдігі көк пен жердей екен. Мәшһүр –Жүсіп мынадай көркемдегіш құралдарды қолданған: есіктердің кеңдігі көк пен жердей, айтуға тоқталамын аузым келмей, төрт дария өзен ағады – гротеск; кірпіші алтын, күмістен жаралған-лар, балшығы топырағы – шаған, шарбағы, сарайлары – інжу, жақұт, сарайдың есіктері – тек жауһардан – метафора т.б. Шығарманың негізгі идеясы бұл бақи өмірде тек қана жақсылық жасасаң, адал болсаң фәниде жұмаққа барасың дегенді мансұқ қылған. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсніктеме беруші – ф.ғ.к. Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған [29, б.319-322, 366].

«Әуелден жаралған өлімнің сипаттары» – қырық үшінші бап. Қайда барсаңда Қорқыттың көрі демекші, шығарма өлім туралы жазылған. 4 тармақты, 7 шумақты, лирикалық шығарма. Шағын көлемді діни өлең. Жалпы өлең философиялық сарынға құрылған. Адам денесіндегі мүшелер, құрылысы бірте-бірте өмірден кетіп өледі, содан кейін өлім кішірейе береді. Түбіне барша жанның өлім жетеді. Кішірейген өлім ақыры денеге жетіп тынады, одан кейін денені де алады. Бұдан кейін өлім болмайды. Мүміндер рахат өмір кешеді. Сөйтіп, өмір мен өлімнің арасы бөлінген деген қорытындыға келеді ақын. Шығарманың негізгі идеясы өлім арқылы адамның жақсы жүріп-тұрып, тәрбиелі болып, өлгенге дейін барлық саналы ғұмырын жақсы болуға, адамдарды сыйлап өтуге тәрбиелейді, соған насихаттайды. Өлікті жерлеу, оны соңғы сапарға шығарып салуда халықтың тіршілігінен ажырамас салты мен дәстүрі дейді ақын [29, б.229-230].

«Барша мақлұқты беске бөлгені» – елу бесінші бап. 4 тармақты, 32 шумақты, діни лирика. Тақырыбы күнә жасаған адамның Құдай алдындағы есебі. Көркемдік мазмұны өте жоғары. Барша жанды қиямет беске бөлген екен. Бір бөлігі тозаққа тез жөнелетіндер: шайтандар. Тілсіз мақұлық жануарлар тез топыраққа сіңісіп кетеді. Ал, бір бөлігі ғисапқа тұтылады. Періште мен пайғамбарлар Алла Тағаланың дайындап қойған ұжмағына барады. Оларды күнәсіз, Хақтың өзі жаратқан екен. Адам баласы төрт нәрседен сұралады 1 – нендей іс қылдың, не бірлан өткіздің? 2 – көп мал бердім. Қандай орынға жұмсадың? Халалға ма, әлде арамға ма? 3 – ұзын ғұмыр бердім. Қандай мәнде өткіздің, пенде мақұлық? 4 – денің сау еді, күш-қуатыңды қай жерде сарып еттің???. Осының бәріне үлгеру үшін нәпсіңді тый дейді. Қабірден бір дауыс шығып төрт нәрсені айтасың, халқың тілмен айтады. Бірақ, бұның бірін де істемес. Алла оларды оңдырмайды, лағынет айтады. Олар біз Құдайдың пендесіміз, пенде пендешілік әр уақытта істемейді. Құдай тілеуін қайтіп берсін?! Арам ой ойлағанды кеш. Екіншісі – ойы бұзық бірін-бірі алдаумен өтеді. Осыларды Хақтан тілейтініміз кешсе екен. Үшінші – өзінің тек қана қара басының рақатын ойлағанды кеш. Төртінші – өлімді біле тұра тәубесін ұмытып кетеді, өлімнен де қорықпайтын болып алды дейді. Күнәмен өткен бейбақ өлімге де сол күнәсін арқалап кетеді. Сол уақытта өзіңе-өзің есеп бересің, денең өзінен өзі шошиды деген мазмұнда келеді [29, б.315-318, 366].

«Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер» – он тоғызыншы бап. 4 тармақты, 65 шумақтан және екі тармақтан тұрады. Тарихи оқиғаға құрылған лирикалық жанр. Көтерген тақырыбы тарихи тұлғалардың өмір жолын көрсету. Діни антроппонимдер мен бергі тарихи бейнелер суреттелген. Өзінің әдеби тұрғыдағы бағасын тұңғыш рет алып отыр. Үш бунақты тармақ, төрт тармақты шумақ, 10, 11, 12 буынды. Әдеби арнау (көпшілікке) тәсілін қолданған. Кезекті ұйқас, егіз ұйқас және еркін ұйқасты пайдаланған. Діни анропонимдер: Хасен, Хұсайын, Фатима, Заһира, Ғайша, Ағзам, әулие Ғауинт, Алағзам, Нақшыбанда, Баһауаддин, Қожа Ахмет, Ғұмар, Нәсхи, ғұлама әнбие әулиелер Таптазаны, Ғазалы, Мірсейті, Шәріп, Маснип, Умшахилар, патшалар Жамшид, Баһыраб, Балқұн, Фарзуз, Баһадур батырлар Рүстем, Зымак, Сахып қыран, Қаһармандар Дәл, Зәл, Қатиран, Аспандияр, Уақсыбан, Шам, Нұриман, Тасыр, Хысырау, Ойран, Тұран, Сейітбатал, Баһадур Әмір-Темір, патша Баһрам, хан Наушеруан, жомарт Атымтай, Шыңғыс, Жошы тегі төре, Ерлер Есім, Тәуке, Абылай, Жәнібек хан, Өзбек хан, Арғын Қарақожа, Мейрам сопы т.б.; Сарт садағам, өзбек өз ағам, үйсін өрде жатыр, Арғын болсаң, Алтай бол – мақал; тоқсан баулы, тонды жағам, жеті арыс, он екі жұп Арғын, төрт арыс Орта жүз, қынға қас өткір пышақ – фразеологизм; Ұлы жүз Үйсін, Орта жүз Қоңырат, Қыпшақ, Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Кіші жүз Алшын, Адай – ру аттары; Топонимдер: Кербала, Түркістан; Ташкент, Көкшетау.Діни лексикалар: шаһит, раббы, сахаба. Арғынның белді-белді адамдарын атап өтеді: Мейрамның бес баласын, Қуандықтың алты баласын, Құлболды бабаны, Айдабол, Күлік, Тұлпар т.б. Баянауылдың игі жақсыларын Абылай хан тіккен орданы, Шобалай Сүйіндікті, Төре Саржанды, Уәлиханды баласы Шыңғыс сұлтанды, Бөкейхан Жәңгірді, Шоң мен Шорманды, Едіге биді т.б. Едіге бидің билігін сөз қылады. Оның бірі енесінен айрылған бота жайында, екіншісі анасынан айрылған бала туралы билігі. Негізінен бұл екі билігінің де қара сөзбен жазылған үлгісі бар. Өлең Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы, 2 том. Павлодар, 2003. – Б. 167-174 алынып талданды. Қосымша осы мәтін туралы мәтіндемелік және қолжазбалық салыстырулар жасалған. Негізінен бұл өлеңді Жолмұрат Жүсіпұлы, Иманғали Мәнен көшіріп жазып алған. Кейбір тарихи деректер алу үшін, аталған 2 – томның мына беттерін 362-363 қараңыздар. Осы шығарманы «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы» дастанды зерттегенде бірге қарастырып өткен Гүлназ Жүсіпова.

«Дүниеде оттың бар болғаны» – қырық тоғызыншы бап. 4 тармақты, 19 шумақты және екі тармағы артық, діни лирика. Көтерген негізгі тақырыбы ислам дінін насихаттау, Алланы дәріптеу. Оттың тіршілік құралы екендігі айтылады. Мәшһүр-Жүсіп ислам дінін насихаттап отырып отты негізгі идея қылып алады. Адам от үшін Алладан дұға сұрайды. Адамды отқа табындырмайды. Барлық оқиға Алланың бұйрығы арқылы өтеді. Адамды Алла топырақтан жаратқаны, егін сап, шаруа істеп жүрген соң адам отқа мұқтаж болды дейді. Алланың өзі отты бермейді, Жәбірейілге (ғ.с.) айтады тамұқтан от алып шығып адамға бер дейді. Оттың патшасы Мәлік (ғ.с.) қандай қылып аласың дегенде Жәбірейіл (ғ.с.) құрмадай берсең болды дейді. Сонда Мәлік (ғ.с.) құрмадай қып алсаң күллі жер беті жанып күлге айналып кетеді, Даряның суына суытып жетпіс рет жу, содан кейін апар дейді. Әкелген оты таудың ішіне сіңіп кетіп, бүгінгі адамзат қолданып отырған от осы от екен. Өлеңнің идеясы өте қызық. Егер де отты суға жуып, таудың ұшар басына апарып суытпаса қазір сол отты адам баласы көрмес еді дейді. Ғылыми тұрғыдан қазіргі уақыттағы таудан ағып жатқан от вулканға да келеді. Осы өлеңдегі оттың діни мазмұндағы өлеңмен астасып жатуының өзі таңқаларлық. Бір қарағанда адам отқа да табынған. Бірақ, өлеңде отқа адам табынды деген бір ауыз сөз жоқ. Керісінше, отты Алла арқылы алады. Демек, жер бетіндегі тіршіліктің бәрін Алла жаратқанын, ерекше бір күш иесі жаратқанын қазіргі ғалымдар жоққа шығармайды [29, б.242-244, 363].

«Жиырма сегіз әнбиенің баяны» – он бірінші бап. Мәшһүр-Жүсіптің бір ерекшелігі өзінің өлеңдерін (ұазақ) бап арқылы белгілеп отырған. Жазылу мерзімі жағынан әр түрлі, бірақ барлық бабының логикалық шешімі бар, белгілі бір сюжетке құралғанын байқауға болады. Демек, бір бап екінші баптың жалғасы іспетті. Бұл діни лирика. Мәшһүр-Жүсіптің діни шығармаларынан байқағанымыз «Құранның» қағидаларын берік ұстанған. Өлең төрт тармақты, 17 шумақты. Негізгі көтерген тақырыбы шығарманың өзінің аты айтып тұрғандай «Жиырма сегіз әнбиенің» тағдыры. Шығарма Мәшһүр-Жүсіп Орта Азиядан діни медреседен білімін көтереп келгеннен кейін жазылса керек. Бұл өлең де зерттеушілер тарапынан әлі толық зерттеліп, әдеби бағасын алған жоқ. Өлеңнің мәні мен мазмұны тек қана әдеби тұрғыда құрылмаған, философиялық та маңызы үлкен. Бұл орайда философшылар өзінің сөзін айта жатар. Діни шығарамалар бір жағы ұмытылған есте жоқ ескі заманның жәдігерлері де болып табылады. Осы жағынан келгенде мифке ұқсап кететін тұстары да баршылық. Өйткені, діни бейнелердің іс-әрекеттері көбіне табиғат құпияларын меңгерген, адамның қолынан келмейтін, мүмкін емес істерді істеп тастайды, адам санасы жете бермейтін қиял-ғажайып оқиғаларға айналдырып жүре береді. Бұл шығарманың да мәні мен мазмұны сондай. Айталық, Иариданның баласы Ыдырыс әнби он алты жыл тамақ ішпей, ұйықтамай жұмаққа тірі барыпты, Шиш жеті жүз жасап дүниеден өтіпті т.б. Шығармада Құран ғана емес Мұсаның «Таураты», Дәуіттің «Забуры», Ғайсаның «Інжілі» кеңінен әңгіме болады. Адам атадан кейін Шиш-Ануш (Әнес)-Қиан-Михийл (Миһласил) – Иарид-Ыдырыс бұларға алдына елу кітап, соңына отыз кітап беріп оқытыпты. Нұх пайғамбардың үш ұлы: Иафас, Һам, Сам өмірге келіпті. Өмірден атақтары жер жарған Һұд наби, Салық набиде, Ибраһим, Халиалла, Намрд т.б. өткен екен. Ысмағұл, Ысқақ бірінен-бірі асып туған, олардан Жақып туыпты, олардың бәрі де жетпіс екі тіл білген, өте өнерлі болған. Бұлардың бәрі сайып келгенде Мұхамметтің үмбеттері болған, Мұхамметтің іліміне арқа сүйегендер екен. [29, б.133-135, 357-359].



«Ғабдолла Ғұмарұғлынан насихат» – он сегізінші бап. Мәшһүр-Жүсіп алдыңғы баптарын 21 жасымда жазған едім дейді. Демек, бұл баптарды 1879-1885 жылдар аралығында жазуы мүмкін. «Ғабдолла Ғұмарұғлынан насихат» – деп аталады. Діни лирикалық жанрға жатады. 4 тармақты, 26 шумақты өлең. Шығарма тұңғыш рет зерттелу нысанына ілініп отыр. Зерттеушілер тарапынан өзінің әділ бағасын әлі алған жоқ. Көбіне үш бунақты, 11, 12 буынды, егіз ұйқасқа құрылған. Негізгі тақырыбы адамгершілік, имандылық, мұсылман дінін насихаттау. Құдайдың бір екендігі, имандылық, нәпсіңді тый, күнә жасама т.б. үгіт насихатқа жазылған. Жарияланғаны болмаса, өлең теориялық тұрғыдан талданып, зерттелген жоқ. Шығарманың тілі, көркемдік ерекшелігі зерттеу кезінде байқалады. Мысалы, байырғы тілдік элементтер ұшырасады: Ғұмарұғлы (ұғлы//ұлы), қалау райының ауыз әдебиетінде және жекеше формадағы анайы түрлері шығармада кездеседі: болғыл (ғыл//ғын), қалмағыл (қалма), қылғыл, ұмытылғыл дыбыстық ерекшелік ұяңға соңғы буынның аяқталуы Самарқанд (т), ғапыл қалма (қапы қалма), сыясың (сиясың), хүкімі (үкімі), қиамет (қиямет), барыс септігінің көне қолданысы: күнаһыңа, -ше қосымшасының түрленуі: білгенімше, кішіклік (кішілік) т.б. Сөз тіркестері: түні-күні, бұл дүние, ата-анаң, қаза жетсе, антонимді тіркес: жанып сөну, қараңғы жарық, күні-түні, үлекендіктен кішілікке; уайым жеп, күн ауса, болар бесін, шаршы түстен, иманды құл, жеті іс, ғылым оқу, жалған сөз, көңілі сынық, сахар тұрып, тозақ оты, сауыны жоқ, тіл байланар т.б. Шығармада екі жағымды және жағымсыз кейіпкерлер қызмет етеді. Бірі Мұхаммет ілімін жақтаушылар да, екіншілері шайтан сияқты сол ілімді жек көретіндер адам баласын азғырушылар. Адам баласының өмірден өтуі оңай, ал артыңда қандай іс қалдырдың, нендей өнеге қалдырдың мәселе осында деген ой айтылады. Артында өнегесі жоқты: Алды-арты – жанып сөнген пеш сықылды, Қараңғы, жарығы жоқ кеш сықылды – дейді. Шын көңілмен тәубеге келем десең 7 істен қайтыңыз дейді. Біреуі бұл жетінің – ғылым оқу, Тастаңыз енді ойдан надандықты немесе Тақуалығы болмас ғалымдардың, Үлкен шаһар бостан дүр, жемісі жоқ – деп жазады. Бірінші – надандықтан құтылу. Екінші жеті – тәубе қылу, қатеңді уақытында түзе, біле біл, жіберген қатеңді дер кезінде түсіну; үшінші жеті – үлкендіктен кішілікке қайтыңыз «Ұлық болсаң кішік бол» – дегенді мансұқ етеді. Төртінші жетінің бірі – сөз, ақылды тыңдамау ең жаманы сол екен, сондықтан райдан қайту. Бесінші жетінің бірі – көзіңмен көргенді айт, өсекке үйір болма, тек қана шындықты айтып жүр дегенді насихаттайды. Алтыншы жетінің бірі – арамдық істеме, әр уақытта адалдыққа ұмтыл дегенді ақын басты назарда ұстайды. Шайтанның жаман істерін: Шайтанға билік бермен денім сауда, Шүкірлік, сақта, Құдай, берме жауға! – деп шынайы бет пердесін ашады. Бұл өлең Иманғали Мәненнің дәптерінен алынған [29, б.164-166, 361-362].

«Пайғамбарға жәбірейілдің жеті тозақты баян қылғаны» – елуінші бап. Діни лирикалық шығарма. Баптар бірінің артынан бірі бірнеше жыл жазылған болуы керек. Өлең 4 тармақты, 15 шумақты. Өлеңнің жалпы жанрын анықтау қиындау, себебі өлеңнің мәні мазмұнында миф те, аңыз да, антик (идиллия) әдебиетте кездесетін парықсыздау, адамды өмірден түңілдіріп жіберетін суреттеу де ұшырасады. Бірақ, бұл қандай жағдайдағы түңілдіру, мысалы: арақ ішкіш, маскүнем, күнәһар, құдайдың ілімдерін мойындамайтын адамдарға ғана қатысты. Бұл суреттеу оларды жаман әрекеттен бойын аулақ салсын дегендіктен ғана болса керек. Мәшһүр-Жүсіптің дінді, ислам мәдениетін насихаттауы бір кезеңде дұрыс болмаған. Мысалы, Кеңес дәуірі кезеңінде. Ол уақытта бұндай әдебиеттерді оқу мүмкін болмады, қазіргі уақытта жас-өспірімдерді тәриелеу үшін маңызы зор екендігі айқындала бастағаны да шындық. Сондықтан да, «Жеті тозақ баяны» әдебиеттің төрінен өзінің орнын алу керек сияқты. Ислам әдебиеті де қазіргі оқып жүрген әдебиет сияқты әдебиет. Бірақ та, бір жағы оқырманға түсініксіздеу болып көрінетіні де рас. Айталық, бұ дүние – фәни, о дүние – бақи, жұмақ, тозақ, тамұқ деген сияқты ұғымдар санаға шынында да ауыр тиеді. Бұл түсінікті де, себебі Кеңес дәуірінен кейінгі қалған ұрпақ тұтастай діни сауаты жоқ, қараңғы болып өсті. Еліміз егемендігін алғаннан соң, ислам діні Қазақстанда жандана бастады. Өз алдына дербес теология ғылымы бой көтерді. Дегенмен, мемлекеттік құрылым мен діни құрылымның арасы әлі біріккен жоқ, өз алдарына дербес өмір сүруде. Себебі, біздің мемлекет ислам мемлекеті емес, зайырлы мемлекет. Сондықтан да, діни әдебиеттегі түсінікке ауыр ұғымдар, басқа өлшеммен, басқа ұғыммен жазылған да, діни сауаты терең адамдарға тез ұғынылады да, бергі кеңес дәуірінің ілімімен суғарылған адамдарға аңыз, оқиғалар өтірік сияқты болып көрінетіні сондықтан. Ал, болашақта уақыт өте келе ислам ілімімен суғарылған ұрпаққа бұндай маңызы жоғары әдебиеттер іздесе, таптырмайтын болады. Мінекей, біздің мақсатымыз да болашақ үшін жұмыс істеу. Солар үшін Мәшһүр-Жүсіптің шығармаларын әліміз жеткенше талдап, зерттеп ұрпаққа жеткізу болып табылады. Сонымен, өлеңнің қысқаша мәні мынада: Тозақтың саны жетеу. Тозақтың ішінде от жанып жатады, ол отты әр мың жыл сайын өшірмей жағып отырады екен. Оттың ішіндегі шаян, жыландар жанбайды, тек қана мойындары ғана күйіп қалады. Оттың ішіндегі ғазаптың періштесі аты – Забанилар ешкімді аямайды, рақымшылық қылмайды, ақырғанда жыландар шығады. Күнәһарларды сол отқа тастап, өшін алады. Ғасырлар (адамдар күнаһарлар) тамұқтың періштелеріне Мәлікке, Паруардігерге қашан шығарасыңдар мына оттан деп жалынады екен. Олар оттан шыққанмен сөйлей алмайтын болады, тек қана бақыра береді екен. Мінекей, теріс, жаман қылық жасағандар осылай тозақтың отына күйеді екен. Өлеңнің ішінде көркемдегіш құралдар да бар: Ішіне бір мың жылдай отын жақты, Ұшқыны таудай болып қызған соң, Кетпейді қырық жылғыша оның заһары, Екі жаурынның арасы бір жылдық жол, Башмақтың ыстығы өткен зардабынан, Тұрады төбесінен миы қайнап – градация, Балқыды аппақ болып, қорғасындай – теңеу т.б. кездеседі. Иманғали Мәнен қолжазбасынан 2-папка, 126-149 беттерінен алынған [29, б.244-246, 363].

«Жеті тозақ баяны» – бесінші бап. Діни лирика. 4 тармақты, 14 шумақтан тұрады. Бақи дүниеге, бұ фани дүниедегі адамдардың күнәләрі үшін күйетін жеті тозақ қандай екендігі туралы. Демек, берер тағылымы да, тәрбиелік мәні де орасан зор. Мүмкін осы – «Жеті тозақты» оқып, адамдар жаманшылық жасаудан, зорлық-зомбылықтан, жезөкшеліктен, парақорлықтан, нашақорлық пен ішімдіктен арылатын болар. Шығарма бірінші рет зерттеу нысанына ілікті. Ислам тарихына қосар үлесі де зор. Шығарманың көркемдік мазмұны мен мәні де өте жоғары. Тозақтың саны да жетеу. Оны Алла Тағаланың өзі ойлап тапты. Өйткені, адамдарды теріс жолдан тайдырудың емі табылмады. Өздерінің айтқанын ғана істейтін болды. О заманда да адамдар тым азып, біріне-бірі қайрымдылық жасауды тоқтатты. Оттан да, соттан да қорықпайтын болды. Оларды жаман қылықтан тоқтатудың бірақ жолы болды. «Жеті тозақтың» мәні мен мазмұнын айтып беру болды. Сонда ғана адамдар оқып, біліп, бір қорытындыға келер деді. Шағырманы Мәшһүр-Жүсіп те осы мақсатта жазды. Бұл өлеңнің қазірде жас ұрпақты тәрбиелеуде мәні өте жоғары, өзінің ғасыры өтсе де құндылығын жойған жоқ. Шығарманың кейбір құндылықтары «Құран Кәрім» қағидаларымен сәйкес келеді. Өлеңнің мазмұны мынадай: Жеті тозақ: Жаһаннам, Жаһим, Сақыр, Сижжил, Һадилазат, Хатм, Тамұқ. Тамұқтың өзінің сипаты бар: шұқыр бар, аты – Палақ, бір тау бар, аты – Уайл, оның ішінде жетпіс жүз мың көше бар, әр көшеде жетпіс мың үй бар, бәрі оттан жаратылған. Мінекей, теріс жолдағы кісі осы тамұқтың отына күйеді. Тамұқ дегеннің сипаты осындай. Әркім осыдан кейін өзіндік қорытынды шығару керек. Өлеңде: от жанып, қайнатады адамзатты, отыны адам мен тас, тамұқтың тереңдігі сондай алыс, мың жылда тастаған тас жетпейді, тез екен қыздырмағы пороходтан, қайнайды оған кірген жанның соры, сол жыланның бір демі шықса титтей, бұл дүние бір сағатта кетер жанып – градация; темір арқан болғанда, темір кебіс, темір белбеу, темір тон – бірі оттан – метафора көптеп кездеседі. Осының өзі-ақ шығарманың көркемдік қуатын көрсетсе керек. Иманғали Мәненов 2-папка, 9-46 беттер, «Жер мен көк» – деген атпен жеке дастан ретінде қарастырған Жолмұрат Жүсіпұлы 3-папка, 4-жіктелім, 2-34 беттер [29, б. 111-113, 357-359].

«Жеті қат көк баяны» – алтыншы бап. Жалпы бұлардың бәрі жетпіс баптан тұрады. Егер бірінші бапты Мәшһүр-Жүсіп 21 жасында жазса, 1879 жылы болады. Онда Мәшһүр-Жүсіп қалған баптарын 1910 жылдар арасында жазған болып шығады. Төрт тармақты, 12 шумақтан тұрады. Тақырыбы ислам мәдениетін насихаттау. «Құранда» жазылған жердің пайда болуын ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеді, өздері қайран қалды. Мәшһүр-Жүсіп тек қана дінді білмеген, физиканы, химияны да өте жақсы меңгерген. Сол білгенін өлеңге қосып жазған. Мысалы, жер бетін су қаптап жатты, одан кейін маңайы буға толды, бу көкке ұшып бұлт пайда болды дейді. Осы айтылғанның бәрі де физикалық заңдылыққа сияды. Жер тозаңнан пайда болғанын ғылым жоққа шығармайды. Және жер балшықтан, балшық судан пайда болғаны да осы өлеңде айтылады. Адамның өзі топырақтан өсіп, өнгені де шындық екенін ғалымдар зерттеп, көздері жете бастады. Жерді ерте заманда топан су қаптағаны әркез «Құранда», әдебиеттерде айтылып жүр. Оның дәлелі Нұқ пайғамбардың кемесі болғаны жөніндегі баян. «Қазығұртта кеме қалған, Әулие болмаса ол неге қалған» – деген сөз тегіннен-тегін айтыла салмайды. Жердің жеті қат екендігіне де ғалымдар көздері жетіп қайран қалды. Көктің жаратылысы туралы ақын әуелі – көкті Зібіржаттан жаратты, екінші – көкті жақұттан қылды, үшінші – көктің атын Мағун қойды, төртінші – Арықлұн деп атады, бесінші – Заниқа, алтыншы – ақ інжуден жаратылды аты – Рафық, жетінші көк қып-қызыл алтыннан жаратылды атын – Ғарифа қойды. Әр көк жеті есікшіні қойған олар: Исмағұл, Михайл, Сағдайыл, Калкайіл, Салсайын, Самайыл, Рафайыл. Бәрінен де жеке биік орыны бар, ол Жәбірейіл періште екен. Жәбірейіл көктегі көк ағашты аты – Мынтаһаны мекен қылып, аузында «Әліф, лим, иасин таһа» деген аят болған. Міне, өлеңнің қысқаша мазмұны осындай. Дегенмен, қысқа болса да өте көп мәлімет алуға болатыны көрініп тұр [29, б.113-114].

«Жеті қат жердің баяны» – жетінші бап. Өлең 4 тармақты, 10 шумақты, діни лирикаға жатады. Бұл өлеңнің де тақырыбы алдыңғы баптарға ұқсас. Тек қана айырмашылығы «жеті қат жер» туралы баяндалады. Жеті қат көк сияқты әр жеті қат жердің аттары бар. Олар: бірінші – аты Дамка онда хакім Рих тұрған, жетпіс мың арқаны бар Мәлік ие болған. Екінші жердің аты – Халдетұрұр. Ол туралы «Мұхамедия» кітабынан да оқуға болады екен. Үшінші жердің аты – Ғарка, онда шаян мен үш жүз алпыс Заһар күнін көреді. Төртінші – жердің аты – Жырба, онда көбіне айдаһар және аяқ, қолы жоқ халық мекендейді екен. Бесінші жердің аты – Малша. Алтыншы жердің аты – Шахынайдос. Жетінші жердің аты – Ғажба. Әр жердің мекендейтін жандары бар, әр жердің өзінің әдеті бар. Алтыншы жердің халқы көбіне Құдайға құлшылық қылады екен. Осылай, ақын әр жердің қасиетін жырлап өткен. Жердің қасиеттерін өлеңіне арқау қылған. Бұл өлеңде физика, химияға байланысты да мәселелер қозғалады [29, б.114-115].

«Арақ ішушілердің қабірден тұрғаны» – алпыс алтыншы бап. Төрт тармақты, төрт шумақты өлең. Лирикалық жанрға жатады. Негізгі тақырыбы күні бүгінге дейін өзекті арақ ішуді тоқтату. Араққа қарсы үгіт насихат. Мұсылмандардың арақ ішуге болмайтыны жөнінде айтылады. Мысалы:
Қабірден тұрар – дейді – арақ ішкен,

Салбырап барлық тілі жерге түскен.

Жүзі қара, көздері шағыр болған,

Исі сасық болар өлекседен


– дейді ақын. Өлеңде жағымсыз эмоциональды-экспрессивті лексикалар ұшырасады: жүзі қара, көздері шағыр, исі сасық болар өлекседен, тілі салақтап, қанды ірің, аузынан сарсу ағып, көзі алақтап, тілі жалақтап – бұлардың кейбірі тұрақты тіркестерге де жатады. Аузына тілі симайды, тілі жерге түскен – фразеологиялық гипербола, байланған бөтелке бар мойынында, ұстаған рюмка бар қолында – метонимия [29, б.340].

«Зұман періштенің сұрауы» – отыз сегізінші бап. 4 тараудан, 47 шумақтан тұрады, діни лирика. Көтерген тақырыбы Мүңкір және Нәңкір т.б. періштелердің сұрағы. О дүниеге барар жолындағы адамның есебі, жақсылығы т.б. сөз болады. Шығарманың құндылығы оның – имандылыққа, ислам мәдениетіне мұсылмандарды тәрбиелеу, ислам дінінің қасиеттерін насихаттау. Білімге, ғылымға, ілімге шақыру т.б. Шығарманың мәні мен мазмұны Мұхаммед пайғамбардың өсиеттеріне құрылған. Құдайдан қорықпай күнә қылғандардың жауабы олардың өлер алдындағы кейпі суреттеледі. Діни өлеңнің көркемдік ерекшелігі де, қолданылған сөздері де әдеттегі күнделікті қолданыстағы қарапайым сөздерден өзгеше келеді. Мазмұны да ұғымға ауыр, ол үшін оқып, білу аздық етеді. Өлеңдегі әр сөзді ұғыну үшін діни сауатты да болуы керек. Мысалы: ақырет, періште, кебін, күрзі, махкам, мүһрім, қиямет-қайым, тозақ т.б. лексика білмеген адамға түсініксіз, мәні мен мазмұны сөздік арқылы ашылады. Өлеңнің ішінде: ілінер қармағына, ұғлы, дәуіт, сия, қалам, атлы (т), кебіс, қалам, мөр, жүзік, қылғыл, дүр сияқты алуан түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, аузынан оты, даусы күн секілді, жер тіреп екі ернімен – троптың түрін т.б. ұшыратамыз. Иманғали Мәненнің қолжазбасы, 2-папка, 72-124 беттері бойынша берілді [29, б. 214-220, 363].

«Ғымалқа жұрты туралы» – эпостың көне түрінің бірі. Аңыз-ертегі жанрына жатады. Шындыққа жанасымды, халық жадында сақталған тарихи оқиғалар тақырыпқа арқау болған. Бұл аңыздың бойында ертегіге лайықты әр алуан қызық, ғажайып оқиғалар да баяндалады. Ертегіге қатысты ойдан шығарып, өсіре әңгімелеу де ұшырасады. Көркемдік жағынан бағалағанда көлемі қысқа, шағын. Сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауызекі, айтуға қолайлы. Оқиғаға қатысатын адамдар да санаулы. Кейіпкерлер толыққанды тұлғаға қатысты іс-әрекетке бара бермейді. Олардың мінез-құлқы бір-ақ қырынан, елеулі ерекшеліктерімен ғана көзге түседі. Мысалы, «Арзымықдасада» отын тұтынған Ғымалқа деген жұрт екен. Олардың басшысы Ғұжбынғиық деген. Оны қазақ Ажымұлық деп айта береді. Оның бойы 3333 кез екен. Өзі 3000 жыл жасапты. Ал басқаларының бойы ұзындығы 800 кез, ең қысқасының бойы 80 кез болған екен. Соғыс басталғанда Ғұжбынғиық батыр бір тауды көтеріп алып, Мұсаның барлық жұртын бастырып өлтіріп тастаймын деп келе жатқанда тау тесіліп мойнына ілініп қалыпты. Сонда өзі бастырылып өледі. Жұрты жалбарынып дұға қылып, ақыры Мұса жауынгерлерінің жолы байланып, қырық жыл тиасхырасында қалады. Аңыз-ертегі осымен бітеді. Бұл да аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы (1176-папка, 247 б.) бойынша енгізілді. Қараңыз: осы томның 338 бетін [31, б.6, 338].

«Жеке бір деректер»: «сахабалар және қазақ тарихы деректері» – деп аталады. Үшінші нұсқасы, бес бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі. Тарихи-эпикалық әңгіме. Мәшһүр-Жүсіп 65 жасында 1923 жылы жазып біткен. Көтерген негізгі тақырыбы: Араб жұртынан Мұхаммед деген пайғамбар шығып, Түркістан аймағынан 92 батыр көмекке ұмтылып, атқа мініпті. Содан түркі тілділер кәпірлерге қарсы лап қояды, қорыққан кәпірлер топ-тобымен мұсылман дініне кіре бастайды. Кейіннен бұл түркілер пайғамбар қасында өткізіп, «Ансары» атанады. Меккеден пайғамбарды іздеп шыққандар «Мұһажырын» атанады. Қазақ өзінің арғы тегін Ақкөсе сахабадан тарататыны содан болса керек. «Сахабалар және қазақ тарихы деректері» – дегені сондықтан. Мына мен Мәшһүр-Жүсіп Көпеев алпыс бес жаста (1923 ж.) осы сөзді жазып отырмын. Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, жаурын жағып, құмалақ салып, айтып отырғаным жоқ. Мен де нұсқалардан көрумен, кәрі құлақтардан естуімен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шындап тыңдап, айтып отырмын – деп жазыпты. Екінші бөлігі. «Қазақ» атының қысқаша қойылу тарихы. Үшінші бөлігі. Әнес бабаның ұрпақтарын таратып береді. Пайғамбардың 92 батырдан кімсіңдер деп сұрағаны. Сонда олар дін деген не екенін білмейміз. Ораза ұстамаймыз, намаз оқымаймыз, құдай деген жанбыз деген екен. Озған пайғамбар деген бабаларымыз осылай үйретті деп тілдерін бұра озған сөзі Уыз хан аталыпты. Уыз ханның балаларының аттарын Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз деп қойған екен. Төртінші бөлігі. Қазақ түбі – Мұғыл-Татардың Мұғылынан, арғы атасы Түркі дейді. Бесінші бөлігі. Бұл да 1923 жылы, Мәшһүр-Жүсіптің 65 жасында жазылған екен. Алғашқы қажыға барғандарды атайды. Олар Уақ Нұркен, Күлік – Самай менен Байжан хазірет. Үшінші қажыға барған кісілер: Тобықты Құнанбай, Айдабол-Қишыл-Қыстаубай, Малай-Жәдігерден-Егіке Жанайдар т.б. Бұлардың көбімен Мәшһүр-Жүсіп ауызша сөйлесіп әңгімелерін жазып алған екен. Орта жүзден – 20 кісі, Кіші жүзден – 100 кісі қажыға барған екен. Әңгімелердің мәні мен мазмұны өте қызықты. Тілі де көркем. Айталық: нәубет, ереуіл, тәкие – көне лексика, айдай әлемге жайылып, тоқсан екі баулы Қыпшақ, бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, кәрі құлақ, тізе қосып, қол ұстасып, ай кірсіз, құдай мінсіз – фразеология, кірген жері есік, шыққан жері тесік – ұлғайту, Антропонимдер: айдың басында туған баланы – Айбас, Таң ата туса – Таңатар, күн шыға туса – Күншығар, Түн ортасында туса – Түнқатар, Көлде туса – Көлбай, Тауда туса – Таубай, жайлауда туса – Жайлаубай, қыстауда туса – Қыстаубай, күзекте туса – Күзек. Расход – кірме сөз [32, б.215-220].

«Жаббар» – құдайдың 99 қасиетті есімінің бірі. Жаббар جبار 1) алып, құдіретті; 2) діни. Құдайдың бір аты; 3) балуан, батыр; 4) мейірімсіздік, қаһарлы, қатал – деген мағынаны береді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында да осы мағынада қолданылған.

Мысалы:
Жылқы, қой, ара түспес, сиыр, түйе,

Жатарсың жазаң болса, отқа күйе.

Бермейді жәрдем саған қатын-бала,

Болмаса жарылқаушы Жаббар ие [33, б.95-96, 29, б.12, 101, 119, 121, 131, 181].
«Жаппас» – Нұқ пайғамбардың балалары. Нұх пайғамбардан үш бала қалған: Хам, Сам, Жаппас (Жаббас). Адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз: Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі (Мың), Шын, Кимари, Тарыф (Тарых) – бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып, өсіп-өнген. Бұл Жаппас ұрпағы ең жасы үлкені Түркіні хан көтеріп, соның аузына қараған. Мұның тұқым нәсілінен болған хандар «хақан» аталды. Түркі заманында көшіп-қонып жүретұғын жұрт болды. Хамның ұрпағы: Һинді, Зеңгі, Хабаш. Көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы – Араб, Ажам. Жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихта зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Түркі Ыстық көлді ұнатып сонда тұрған. Түтік деген баласын өзінің орнына отырғызып өзі «Барса келмеске» кеткен. Түтік 240 жыл жасаған. Онда Еділше-Деббаққой-Киік-Алыншы. Алыншы ханның қатыны екі ұл тауып: Мұғол, Татар деп атаған. Мұғолдың төрт баласы: Қарахан, Өзхан, Көзхан, Көрхан болды. Қарахан бәйбішесінен бір ұл туды, оның аты – Уыз еді. Уыз мұсылман деп, Алла деп тілі шықты [34, б.3-49].

«Арын» – (Арон) әм пайғамбардың інісі. Мәшһүр-Жүсіп Елу төртінші бап. «Он түрлі боп адамның тірілмегі» – деген қиссасында Мұхаммед пайғамбарлардың үмбеттерін, сахабаларын, періштелерді атап өткен. Мысалы:


Алланың сүйген досы – Мұса кәрім,

Інісі әм пайғамбар болды Арын (Арон).

Олар да дүниеге тұрған емес,

Жаратты осылайша жанның бәрін


– дейді [29, б.311].

«Иафас» – Н±х пайѓамбардыњ баласы. Мәшһүр-Жүсіп Кµпеевтіњ дерегіне ќараѓанда Иафас діни тарихта болѓан адам. Н±х пайѓамбар Топан суы болѓанда ‰ш баласымен, ‰ш келінімен аман ќалады. Ал, ќалѓан балалары тегіс ќырылады. Аман ќалѓан 3 баласы: Хам, Сам, Иафас. Б±л ‰шеуін µзі тірісінде Н±х пайѓамбар ‰ш жаќтаѓы елге жібереді. Хам Ћиндстан яѓни ќазіргі ‡ндістан жаќќа жібереді. Содан ќара нєсілді ±рпаќтарға, Самды оњт‰стікке Иран, Зминге жібереді, Араб, ѓажам осы Самныњ ±рпаќтары. Ал Иафасты солт‰стікке жіберіп, одан отыз алты т‰рлі ж±рт µсіп-µніп шыѓады. Сегіз баласыныњ аты тарихта ќалады. Олар: Т‰ркі, Хазар, Саќлаб, Рос, Мыњ (Мен) Шын, Кимер, Тарф. Иафастыњ т±њѓыш баласы Т‰рікті араларында хан сайлайды. Ал ќалѓан балаларына осы Т‰рікке баѓынуды ємір етеді. Н±х пайѓамбар заманынан алтыншы ханныњ заманына дейін Иафас µз ‰рім-б±таѓымен м±сылмандар болады. Иафас – автордыњ тарихи деректерінде, µлењ жолдарында кезігіп отырады. Мысалы:


Н±хтан ќалды ‰ш ±ѓлы: Иафас, Ћам, Сам,

Жарыќ д‰ние кµрінер даулап жансам.


Б±л тарихи деректер Мәшһүр-Жүсіптіњ ќолжазбаларыныњ № 1176 папкасындаѓы Єбілѓазы шежіресі ‰зіндісінен алынып отыр. Ќолжазбаны араб жазуынан аударып, ѓылыми т‰сініктер беріп, ќ±растырѓан Естай Ќуандыќ±лы Ж‰сіпов [34, б.30-31, 29, б.133].

Абдуллаһ ибн Аббас сахаба. Һижреттен үш жыл бұрын Пайғамбарымыздың ағасы Аббастың шаңырағында нұр жүзді бір ұл баланың кіндігі қиылды. Оның атын «Абдуллаһ» деп Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі қойған болатын. Абдуллаһ ибн Аббас кішкентайынан Пайғамбарымыздың үйінде сол шаңырақтың бір адамындай боп өсті. Пайғамбарымыздан сабақ алып, түнде онымен (с.а.у.) бірге ғибадат жасап, Оған қызмет ететін. Ынталылығы, еңбекқорлығы, ақылдылығы және турашылдығы үшін хазіреті Пайғамбар оны бауырына тартты. Ардақты Елші (с.а.у.) Абдуллаһтың ғалым болуын қалап, оған үнемі арнайы сабақ беріп тәрбиеледі. Пайғамбарымыз дүние салған кезде әлі он төрт-он бестердегі жас өспірім еді. Абдуллаһ ибн Аббас сахабалардың ең білімділерінен саналады. Көзі тірісінде оны хибруль-умма (үмбеттің дана ғалымы) және тәржуманул-Қур' ан (Құранды аударушы, оны бізге жеткізуші) деп ұлықтайтын. Ұзын бойлы, жылы шырайлы, нұр жүзді, сөйлегенде дүйім жұртты аузына қаратар шешен де көсем Абдуллаһ ибн Аббас Хашим тайпасынан шыққан. Ол 1600 хадис риуаят етті. Абдуллаһ ибн Аббас 687 жылы Таифте қайтыс болды. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының «Аби Ғаббас бір рауаят қылған қылған жаһаннам (нан)» атты шығармасы бар. Мұнда жаһаннамның қиыншылықтары жөнінде сөз болады. Мысалы:


Сөйлеген Аби [ибн] Ғаббас бір рауаят,

Сол кісі жаһаннамды қылған сипат:

– Жаһаннам жер астынан шығар! – дейді,

– Періште ие болып жетпіс мың сап [35, б.205, 29, б.329].


«Баян өңірінде діннің таралу тарихы» – тарихи-эпикалық әңгіме жанрына жатады. Мәшһүр-Жүсіптің 40-60 жас аралығында жазған шежіре-әңгімесі. Мұны жазып отырған Мәшһүр деп өзі де әңгіменің соңын ала жазып кетіпті. Сондықтан, Мәшһүр-Жүсіптің туындысы екендігіне дау жоқ. Көтерген тақырыбы: Баянаула өңіріндегі ислам мәдениетінің өркен жайып, таралу тарихы. Бұхарай-Шәріп шаһарынан Халпесин деген ғазизден бата алған Қоңырбай деген халфе Мұса, Секербайдың даңқына тәнтті болып, Сарыарқаға келіп мүрит болып, халифалық құрған екен. Сонда Қаракесек, Сүйіндік тегіс құлдық ұрып, алдына жығылады. Қоңырбай халфенің істеген ісі мұғжиза болады. Мұғжизаның мағынасы* – деген «Басқа кісі оны қылудан ғазиз үш жүздің баласы қазақта Бұхар, Ташкенттей шаһарда көргенім жоқ. Бұл кісінің қылған ісін қылған жанды естігенім де жоқ» – деп жазыпты. Үшата Қозған: Шыңқожа баласы Шақпақты жалдап, өз үйі, қонақ үйінен басқа намаз оқу үшін – ұзыны 70 кез үй салдырыпты. Сол сияқты, Шаншан деген жерде Ғайсабек ишан Мұратқожа баласы орнап, дін көтерген – Сарықұсан баласы Қыстаубай абыз. Баянауыл қаласында Қамаридден ахон орналасып, Мұса мырза 49 жасында Мұхтасар, Луқаяны оқып, дәріс алған. Құдай жолына жастарға үлгі болған: Мұса, Секербай Сүйіндіктің жасы кәрісі көп еңбек төккен екен. Жәдігердің тілі жатық, қазақтың байырғы сөздері жиі кездеседі. Мысалы: қой жылы, жұт, мешін, шаһар – рухани этномәдени лексика, қу мешін, жалған дүние, жұрт алдына түсіп, ертеңнен кешке дейін қазан оттан түспейді – тұрақты тіркестер, ғазиз, халфе, мүрит, мұғжиза, намаз, даһа, пір, азан, сахиб, ораза, ишан, мағзам, абыз, міхліз, диуана, зікір,– діни лексикалар, пеш, қасық, қой, сиса, құрт, сары май, қарын, пұт, киіз, шапан, қазан, қазы, қарта, омыртқа, шәйнек, дорба – заттық мәдениет, перзентлері, илан, баслары, етлер, кереметлері, һәм, башалап, ықыласлығы – шағатайлық әдеби норма. Қараңыз: осы томның 361 бетін. Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасынан (4-папка, 34-42 б.) алынды [31, б.264-267, 361].

«Бір молда әңгімесі» – әңгіме жанрына жатады. Негізгі тақырыбы: Өлімнің түрлері болады екен. Сол төрт түрлісіне Мәшһүр-Жүсіп төрт түрлі жауап айтқан екен. Бұл әңгімені ақын Молдатайыр деген молдадан естіген екен. Мінекей, соны өлеңіне арқау қылып, өлікті жөнелту, артын күту сияқты қазақтың салтын айтып өтеді. «Бір молда әңгімесінде»: өлімнің төрт түрі – мот ахзыр, мот ахмыр, мот абыз, мот сор. Оған Мәшһүр-Жүсіптің берген жауабы:

Зор өлім – жоғалғаны мүсін оқтық,

Екінші өлім – есекке пәлен жоқтық,

Үшінші өлім – жоқтық пен аштық көру,

Төртінші өлім – есту жұрттан боқтық.


Соңында ғылым мен дін мәселесі сөз болады. Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасына (3-папка, 141 б.) сүйеніп берілген. Қараңыз: осы томның 361 бетін [31, б.87-288, 267, 361].

«Бір ойбайшыл туралы» – әңгіме. Негізігі тақырыбы: Құдайға тіл тигізген Уақ Молдабай туралы. Ислам мәдениетін сыйлау керек деген идеяны көтерген. Қысқаша мәні мен мазмұны мынандай: Уақ Молдабай бұзауы жамырап кеткенде жаны күйіп, Аллаға да тіл тигізген екен. Сонда ала сиыры өліп, оның үстіне өзі ойбайлап, асау ала сиырым өлді деп атқа міне сала шаба жөнелгенде суы жоқ құдыққа ат-матымен құлап өліпті. Содан «Бұзауы жамырағанда жылайтұғын // «Түбі – Уақ жиені еді Молдабайдың» – деген бір ауыз өлең шумағы ел аузында қалыпты. Мәшһүр-Жүсіп жазбасы 1178-папка, 316 б. [31, б.288-289, 361].

«Деббақой» – Еділше патшаның баласы. Нұх пайғамбардың Жаппас ұрпағынан Түркі-Түтік-Еділше-Деббақой. Түтік те тұрақты, табанды патша болды. Асқа тұз салуды осы Түтік ұғындырды. Бұлардың заманы Ажам патшалары Кеймарыспен тұстас болды. Бұл Түтік екі жүз қырық жыл жасап, Еділше дейтұғын баласын орнына отырғызып, ата-бабаларын іздеп кетті. Еділше көп жасап, орнына Деббақой деген баласын отырғызып, алды-артына қарамай, о да жөнелді. «Деб» – деген сөзі «тақ үсті», «Бақой» – деген «ұлыстың ұлығы» деген екен. Бұл Деббақой баласы Киік ханды орнына отырғызып, жөнеліс қылды [34, б.4].

«Дамка» – әуелгі жердің аты. Мәшһүр-Жүсіптің «Жеті қат жердің баяны» – атты жетінші бап дастанында кездеседі. Діни топонимге жатады. Мәшһүр-Жүсіп былай суреттейді:


Әуелгі жердің аты – Дамка болған,

Жел есіп Рих ғақым онда тұрған.

Жетпіс мың біреуінің арқаны бар,

Бір Мәлік әр арқанға ие болған


– дейді [29, б.114].

«Ғарқа» – үшінші жердің аты. Мәшһүр-Жүсіптің «Жеті қат жердің баяны» Жетінші бапта айтылатын діни жеті жер қабатының аты. Мәшһүр-Жүсіп үшінші жердің аты туралы былай:


Үшінші жердің аты болған – Ғарқа,

Шаян бар неше түрлі тарқа – парқа.

Заһар бар біреуінде үш жүз алпыс,

Дүниені бірі шақса, қылар шарқа


– дейді [29, б.115].

«Жырба» – төртінші жердің аты. Жалһам деген халқы бар. Мәшһүр-Жүсіптің Жетінші бап. «Жеті қат жердің баяны» – деген діни өлеңінде кездеседі. Діни топонимге жатады. Ақын жердің жеті қабаттан тұратынын соның бірінің аты – Жырба, халқының аты – Жалһам екенін айтады:


Төртінші жердің аты: «Жырба» дейтін,

Ол жерде айдаһар бар адам жейтін.

Халқы бар өз алдына – «Жалһам» – деген,

Көзсіз, қолсыз қалың жойқын


– деп, төртінші жердің түр-сипатын ашады [29, б.115].

«Ғажба» – жетінші жердің аты. Жытма халқы. Діни топонимдер. Мәшһүр-Жүсіптің «Жеті қат жердің баяны» діни лирикалық өлеңінде айтылады. Жердің жеті қабаты барын ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеп, Құранды мойындап отыр. Мәшһүр-Жүсіп жеті жердің қабатының аттарын: бірінші – Дамка, екінші – Халдетұрұр, үшінші – Ғарка, төртінші – Жырба, бесінші – Мыхта, алтыншы – Шахынайдос, жетінші Ғажба. Ақын: жетінші жердің аты – Ғажбаны жердің соңғы қабаты екендігін айта келіп, онда да тіршілік иесі барын Жытма деген халық өмір сүріп жатқанын былай:


Жетінші жердің аты: «Ғажба», – деген,

Жер жоқ-ты сегізінші мұнан төмен.

Мекені Ғазазілдің сол арада,

Қауым бар «Жытма» атты тізгін көрген

– деп суреттейді [29, б.114-115].

«Ғирақ» – мәтіндегі ел аты. Уыз хан Иран, Шам, Мысыр елдерін жаулап алды. Жаулап алған жұртын «Қалаш» – деп атады. Бүгінде «Халаж» жұрты дейді. Муралнаһрда (Мәуленахар – А.Қ.) мекендеген өсіп өнген елге айналды. Сол маңайдағы Қорасанда, Ғирақта да халаждар тұрады. Мәшһүр-Жүсіптің Ғирақ елі деп жазып отырғаны – осы ел. «Қалаш» ты кейіннен «Халаж» жұрты деп атаған. Уыз хан бұл жақта жүргенде, өзі аттанып шыққан Талас жұртында қалған бір үй аш қалыпты. Содан әлгі үйге Уыз хан мал беріп, енді менің артымнан шұбап жүргенді қой, қал аш (қалаш) деген екен. Жаңағы «қалаш-халаж» сөзі солай пайда болыпты дейді. Иран, Тұанда ол кезде тұрақты патша жоқ Уыз хан Ғирақ, Ғараб, Әзірбайжан, Армен, Мысыр, Шамға дейін жаулап алды. Мінкей, сол елді мекеннің ішінде Ғирақ қаласы да болды [34, б.11].

«Ғұшмания» – тарихы, тарихи әңгіме. 22 мәтін. «Ғұшмания тарихы» – деп аталады. Оғыз түркімендерінде Қайқы шықпасынан бәдәуи көшпелі заманында болған уақиға. Шыңғыс уақытында Сүлеймен Шахұлы арты діндәр сұлтан Ғұлайалдин 670 жылы өлген соң, татар, монғол әскері тасталқаны шығып, ұлы Ғұшман Ғазиыны орнына қалдырыпты. Ол күні тұрған жерлері Анкара екен. Сұлтан Ғұлайалдин өлген соң, оның орнына таққа Халифа отырыпты. Ескі тарих баяны бойынша Быжнаклар – Оғыз ханның төртінші ұлы Көк ханның екінші ұлы. Быжнак түркілерді: түрікпен, қазақ, қарақалпақ дінге кіргізіпті. Олардың жұрыны – қазақ, қарақалпақ бір уақыт мәшһүр түрік есімді – Нәдір шақ Афшар билеген Иран, һиндустан мемлекеттері еді. Кешегі Исатай батырға жолдас болған Махамбет батыр осы – Нәдір шақ Афшар жұрағатынанбыз дейді екен. Манжұр татардың бір атасының ұлы. Бұл күні теңдік алған Қытай мемлекеті Манжұр тұқымынан. Татар ұлы Қытай шаһарын қоршап алған. Қытайда 70 миллион мұсылман болған. Сол уақытта астанасы Пекинде 35 мешіт тұрғызылған [34, б.97-98].

«Ғызойын» – ел атауы. Мәшһүр-Жүсіптің бірінші мәтінінен алынған, «Қазақ түбі» – деген нұсқасында кездеседі. Уыз хан алты айда Зарафшан, Аму суының бойындағы жұртты жаулап алып, Құндыз, Талқан, Балқ, Бадахшаннан арман асып, Ғұр (Ғур) уалаятын да басып алды. Зымыстанда қыс түсіп, күн суық болып, қар қалың жауып, Уыз ханның әскері азық-түліктен тапшылық көріп, әскері жүдеп – жадап, көп қиыншылықпен Ғұрды алады. Көктем шығып, жаз болғанда қалған әскерін, қосын санаса өте аз қалған екен. Неге бұлай болды десе, қарда жүре алмай, тау арасында қалған екен. Жаз шыға олар да келіп қосылады. Сонда Уыз хан – Сендерге қарлық тисін! – деп, қарғапты. «Қарлық» деген жұрт солардың жұрағат, үрім-бұтағы дейді. Бұл күні атымен атай берейік: Кабул, Ғызойын, Кашмир – деп жазады жылнамада. Сөйтіп, алдын бәрін өзіне қаратып, Балқ, Бадақшан үстімен Бұхара, Самарқан топырағын басып, қайтып келіп, Мұғолстан жұртына орнығыпты [34, б.11].

«Ақай қажы» – Қазақстаннан қажылыққа әуелі бастап барған уақ Нұркен бай тоқалымен барып төрт жыл болып, бесінші жылы елге келіпті. Нұркеннен кейін екінші барған Күлік Самай сопы, ноғай Байжан хазірет. Екеуі де сол жақта өлген. Олар 1858 жылы барған екен. Үшінші қажыға барушылар: Тобықты Құнанбай, Айдабол Қишыл, Қыстаубай; Ақмоладан – Аққұм, Қосқопадан Шекшек қажы, Атбасардан – Ейкезек Жанайдар, Есіл бойындағы Құлан Қыпшақтан – Шонтыбай, Батырқожа молда балалары. Сілеті бойындағы Қыпшақтан Хасен қажы, Мамбет, Тоқадан – Ізден, Сазы ұрпағы Мұхаммедсәлім қажы. Өр Алтайынан – Алдажұман немересі Ешмұхаммед қажы, Ертіс бойындағы Апай, Бөріден – Құдияр қажы. Көкшетаулық Атығайдан – Қожахмет қажы, Егізекі Жанайдармен бірге барған. Сұлтанқожа қажы Қыпшақ Қыстаубаймен бірге барған. Жамек қожа Байзолда ишан. Орта жүзден 20 кісі болыпты, Кіші жүзден 100 кісі болыпты. Бұны Мәшһүр-Жүсіп 1928 жылы 70 жасында жазып алған екен. Бертін қажыға барғандардың есімін ақын осы – өлеңінде айтып өтеді де, Ақай қажыға ерекше тоқталады:
Бұрын да неше қабат барып еді,

Ойына Хызыр ата дарып еді.

Жолдасы ақыреттік – Ақай қажы,

Бұйырып топырақ сонада қалып еді


– дейді [9, б.218, 34, б.65-74].

«Дүйсекей: Қабыл ұлы Шашке қажы» – Мәшһүр-Жүсіптің 1893 жылы, желтоқсан айында жазылған Деректі дастан: «Шонтыбай қажы» – деген өлеңінде айтылады. Ақын Арғын руынан қажылыққа барған жайсаңдарды суреттейді, олардың халқына сіңірген еңбегін дәріптейді. Солардың ішінде Меккеге барып қажы атанған Дүйсекей: Қабыл ұлы Шашке. Мәшһүр-Жүсіп оның портретін:


Дүйсекей: Қабыл ұлы Шашке барған,

Бай еді бейнет көрген шаруа-малдан.

Қызығын көп дәулеттің көріп көзі,

Мекке мен Мәдинеге барып қалған


– деп, Қабыл ұлы Шашкенің өте бай адам болғанын, сол байлықтың арқасында Мекке, Мәдинаға барып, Құдай алдындағы парызын орындағаны жөнінде жазады. Шашке өз маңайындағы кедей-кепшікке мейірімді, адал, кісі ақысын жемейтін адам ретінде бейнеленеді. Сол себепті де, қажылыққа барып, Құдай алдында ақтығын көрсетіп, қажы атанып отырғанын жан-жақты суреттейді [28, б.243-263].

«Баб», – мұсылман түсінігінде «қақпа». Мәшһүр-Жүсіптің Деректі дастан: «Шонтыбай қажы» – деген өлеңінде кездеседі.


Медине, Мүнәре көрдіңіз бе?

Жайларда Харам-Шариф жүрдіңіз бе?

Пайғамбар имхрәбінде намаз оқып,

Есіктен Баб Әлсәлем кірдіңіз бе?


Баб а. [باب баб: 1. дверь, вход; 2. глава, раздел, отдел, статья, сметы; 3. источник дохода; 4. разноивдность, род, сорт; 5. грам. Глагольная форма, порода] – глава, раздел (книги, произведения). Осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған «ақыл кеселі» деген төрт нәрсе бар, содан қашық болу керек (Абай) [20, б. 52-53, 28, б.243].

«Зунас патша жаһуттың патшасы» – Мәшһүр-Жүсіптің «Абыраһа мен Мұтылаб» – деген өлеңінде айтылады. Жаһут – яһуд – еврейлер. Көне өсиетшілердің ең ескі бөлімі, әр заманда айтылып, жазылған және мейлінше өзгертіліп, бұрмаланған, ертедегі яһуд әдебиетінің және фольклорының жинағы көне өсиет – йудаистер мен христиандардың діни кітабы («Қ.С.Э»). Мінекей, осы яһуд – жаһут (Еврейлер) еліне Зунас патша болған екен. Содан Зунас патша Хабыс патшалығының әскерімен майданға шығады. Оқиғаға ең соңында ислам діні үстемдік құрады. Қурайыштар мұсылман дінін насихаттайды. Мәшһүр-Жүсіп Зунас патша туралы:


Жаһтуке Зунас патша болды ғалып,

Халқымен Жаһут дінін қабыл алып.

Хабыранидің дініне кірмеген Насыраниді,

Санақпен күйдіреді отқа салып.


– деп, өлеңге қосады [9, б.32-43, 11, б.218-219].

«Бин Әшім өлең кейіпкері» – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 1915 жылы жазылған «Мұхаммед пен Әбужаһил» – өлеңінің кейіпкері. Бин Әшім (Әшім) болып суреттеледі. Әбужаһил деген палуан мен жас бала Мұхаммедтің күресі. Әбужаһилдің әкесі Әшім күреске көптеген мал тігемін дейді:


Екі жар жұрт отырып, қызық көрді,

Көрінбей періштелер бірге жүрді.

Байлығына мақтанып, шалқып сөйлеп,

Кеудесіне Әшімнің сонда жаман кірді.


Сөйтіп, жетім Мұхаммедке кім мал сояды, той жасайды дегенде Әбутәліп жалғыз атты соямын дейді. Сол уақытта аңшы Хамза аң соямын дейді. Ғаббас ұшып тұрып: бес жүз қой, үш жүз түйе соямын күрес Мұхаммед дейді. Әбужаһил Мұхаммедті олай ырғап, былай ырғап жеңе алмайды. «Ер кезегі үшке дейін» кезегін берген Мұхаммед әбден болды дегенде Әбужаһилді көтеріп алып, лақтырып жібергенде көкке ұшып кетеді. Бин Әшім сасқанынан баламды тауып бер деп Мұхаммедке жүгіріп келеді. Мәшһүр-Жүсіп Әшімді:
Бұтына жіберіпті Әшім сиіп,

Жаны ашып баласына, іші күйіп.

– Тауып бер! – деп, баласын, шыдай алмай,

Мұхаммедке жұдырығын келді түйіп


– деп суреттейді. Хамза, Ғаббас осыдан Мұхаммедке қолыңды тигізсең оңдырмаймыз деп айтады. Әшім Мұхаммедтің аяғына жығылады, баласын тауып беруді өтінеді. Мұхаммедтің мейірі түсіп, аспаннан Әбужаһилді түсіреді. Қуанған Бин Әшімді ақын былай жырға қосады:
Бин Әшім тұқымы судай тасты,

Мұхаммедке пида ғып мал мен басты.

Ғаббастың есі шығып, қуанғаннан,

Қырық табақ санап тұрып алтын шашты [9, б.43-50].


«Жүсіпбай жолдасы» – Мәшһүр-Жүсіптің Сапар өлеңі: «Ышқышбап сапары» 1896 жылы жазылған. Ышқышбап – дегеніміз, Ыдырыс пайғамбар сонда жерленген. Мәшһүр-Жүсіп 37 жасында, 1895 жылы Ышқышбапқа бару үшін сапарға шыққан. Оның алдында 1907 жылы 49 жасында Ташкент жаққа тағы бір сапар барған. Медреседе оқып жүргенде Мәшһүр-Жүсіп заттарын жинап алып, Ышқышбап қайдасың деп сапарға шығады. Хазіреті Ыдырыс (Ышқыш // Шықыш) – деп те атайды, заманында үлкен әулие болған адам. Дүйсенбі күні ақын Қыбырай, Дұрман деген жерден аттанады. Ышқышбапқа бару үшін алты адам жиналады. Соның бірі – Жүсіпбай жолдасы. Елі Найман-Тоқпан екен. Оны ақын:
Байназар ақсақал мен Мыңбас, Ақпан,

Шықпайды жақсы кісі ынтымақтан.

Арғыннан бесеу, бізбен алтау болдық,

Жүсіпбай – жолдасымыз: Найман – Тоқпан


– деп суреттейді [9, б.106].

«Жақия», – бала кездегі досы. Жақия Мәшһүр-Жүсіптің бала кездегі досы. Ақылды, тапқыр бала. Ол да Мәшһүр-Жүсіп сияқты кітапты көп оқиды. З. Солтанбайұлы оны:


Басында қоңыр пүліш тақиясы

Қасында жолдас бала – Жақиясы,

Жерінен ойнап жүрген алып келді

Жүсіптің болмайтұғын құпиясы


деп суреттейді. Мәшһүр-Жүсіптің тақиясына Шорманның Мұсасы үкі тағып – Сен ендігі атың «Мәшһүр» – деп қосымша ат қойғанда да қасында бала күнгі досы Жақия болған еді.

Сары үкі бұлғақ қақты тақияда,

Сұлудай қолға түскен қапияда.

Жүсіпті нұрландырып, жалт қаратты,

Есікте тұрған досы – Жақияға
– дейді ақын [10, б.26, 31].

«Би намаз, бабай» – намаз сөзінен намаздігер туынды сөзі пайда болған. Би (биресми, бисаясат) араб-парсы тілінен енген буын үндестігіне қайшы келген сөздің алдынан келетін қосымша. Би араб-парсы тілінде өз алдына белгілі бір ұғымды білдіруі де мүмкін. Бесіннің сол мезгілде уақыты кірді, Орнынан намаз үшін Расул тұрды (Мәшһүр-Жүсіп, 93); Намаздігер өткенше, Намазшамға жеткенше (Қобыланды, 54); Намазын оқып шам жағып, Бұрынғы қылды әдетті (Алпамыс, 173); Бесінде жаумен алысып, Намаздігер болѓанша, Алдырмай кетіп барады (ЌЖ, 88); В.Радлов: намаз: 1) сабаһ намазы (таңертеңгі намаз); 2) ÿіlä (өлі намаз), бесін намазы; 3) екінді намазы (намезі дігер); 4) ақшам намазы (намазы шам); 5) пасык, кутпан намазы деп беске бөледі. Намазлік – 1) обучение; 2) назначение на должность. Л.Будагов: намазлыкъ - шкурка отъ дикой козы, или небольшой коврикъ, для совершенія молитвы. Намаздігер – вечерняя молитва (Будагов, 292); Третья из обязательных пятикратных молитв, творимая мусульманами на закате солнца, когда до захода солнца оставалось расстояние в два копья (287). Намаздігер – третья из обязательных молитв, творимая мусульманами на закате солнца, когда до захода солнца оставалось расстояние в два копья (ЌЖ, 287). (Е. Жанпейісов, 139 -141). Ќосымшалар арќылы намаз (намаздігер) болып т‰рленіп мезгіл мµлшерін білдіреді. Намаз // нэмазъ п. намазъ (слова пехлевійское и зендское, озночающее собственно служеніе, поклоненіе): мусылмандардың 5 уақыт намазы. Таңғы намаз – күннің шығуына 45 мин. қалғанда; қыр. бесін намазы. Түскі мезгіл 1- ге таман; кешкі намаз – кеш бату мен күннің ұясына кірер мезгілі; ақшам намазы–(күннің ұясына кіргеннен кейін 20 мин); куптенъ (құптан – А.Қ.) ұйқыға жатар мезгіл – 2 сағаттан соң (Будагов, 292); Құптан да уақыт метрологиясына жатады: Т‰н ортасы Намаздігер, намазшам, құптан, сәске ауѓанда, К‰ні – т‰нін бір етіп, ¦йќыѓа кµзін ‰йретіп (ЌЖ. 1887. 31); Естеміспен екеуі Қонып жатса бір тауда, Намазшамнан өткенде, Құптан мезгіл жеткенде (Қобыланды, 17); Намазшам еді күн батты. Құптанның болды уақыты (Мәшһүр-Жүсіп).



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет