МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том



бет7/15
Дата15.09.2017
өлшемі4,49 Mb.
#32803
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Түйін. Қожа о бастағы пайғамбарлық қасиетінен қазір аздап айрылды. Мәшһүр-Жүсіп қожаны қасиетті «Алла» дәрежесіне дейін көтеріп қолданған. Қазақтар «қожа» – деп баланы сүндетке отырғызатын адамдарды келемеждеп айтқан. Бұл әсіресе кеңестер дәуірінде қатты байқалды. Қазір қожа-молда өзінің алғашқы қасиетіне ие бола бастады. Қожа > ожа > ожо > ажа > әже > қожайын > коза >қара қожалақ сияқты сөздердің тууына себеп болған. Қожа мен аба (ав) түбірлес сөздер болуы мүмкін. Өйткені әже сөзінің сілемі ана>іне>ене>эне түбірлеріне жол сілтейді. Қ дыбысы (қалқа- (қ) алқа) кейін қосылған протезалық құбылыс болып саналады. Қазақ тілінде «Әй дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ» – деген мақал қалыптасқандығын байқауға болады [7, б.101-102].

«Ібіліс» – шайтанның аты. Ѓазазіл Ж±мысым м±ныменен бітпейді ѓой, Дегендей Ібіліс лаѓын болмады шат (М-Ж., 39), «Єй Ібіліс! Сен неге сєжде ќылушылармен бірге болмадыњ» деді.» Ібіліс: «Сен бейнеленген ќара балшыќтыњ кеуіп, сыњѓырлаѓанынан жаратќан адамѓа сєжде етуіме болмайды» деді (Ќ±ран, 264). Єзиза ханым Илбарыс ханныњ немересі еді (Єбілѓазы, 159). Е. Ж‰сіпов «Ібіліс лаѓын, шайтан хикаясы» (М-Ж.) талдаѓанда: Осы орайда барлыќ періштелер мойынс±нѓанда, оттан жаралѓан µзін, топыраќтан пайда болѓан адамнан жоѓары санайтынын мєлімдеп, Ібіліс кµнбегені, сонысы ‰шін жазаѓа ±шыраѓаны келтіріледі. Кейін жаза µтеу мезгіліне шегеру болѓанда, Ібіліс б±дан кейін адамдарды алдау жолына т‰сетінін мєлімдейді (Мәшһүр-Жүсіп., 130-140). Ібіліс [іблис: сатана, дьявол, черт] – 1. рел. иблис – имя дьявола, созданного из огня ангела, который отказался поклониться сотворенному Аллахом из глины Адаму, за что был низвергнут с небес (Рүстемов, 1989: 317). Л.Гумилев: Ібілістіњ отпен байланысы барлыѓын жазады. Батыс хандардыњ аттары да жиі кездеседі: «Иби» – «Ибрис» (барыс) (Гумил., 80). Бухатын Базилхан: кµне мон. гол. ірбіс, хал. хамон. ирвэс, ќаз. ілбіс, леопард-(17). Кейбір деректерде: албасты<албарсты т±лѓалары: албас<албарыс сµзі -лы//-ты ж±рнаќтары арќылы пайда болѓан дейді. Албарыс сµзі алтай-шор мифологиялыќ бейнеде ара парс, ала марс (немесе алты кöст‰ ала парс) – ертегі єлеміндегі мысыќ баќсыныњ тері керілген аспабыныњ т±тќасында салынѓан тіршілік иесіндегі бейне (Potapow 1963: 230). Тура маѓынасында алты кöст‰ ала парс `алты кµзді ќызыл ала барыс` жєне хакас тілінде ќатарласа. алты кöстиг ак чагал, алты кöстиг пай чагал `алты кµзді аќ жыртќыш ањ, алты кµзді текті жыртќыш – баќсыныњ тері керілген аспабыныњ бір тетігініњ аты` (Dioszegi 1962: 87-96). Сонда да кењ тараѓаны жыртќыш ањ (шакал) емес, барыстыњ бейнесі болды. Б±л жµнінде сіб.-тат. илбис `барс, тигр` (Гиганов 1804: сµздігі.); ќырѓ. илбирс `ирбис, ќар барысы`, як., тув. илбис `ашулы ќ±дай, соѓыс ќ±дайы`, алт. илбис `жер мен судыњ т.б. аруаќтары. Ала `ќызыл ала` эпитеті `ала парс` халыќ этимологиясын еске т‰сіреді. Ењ алдымен албарс сµзі, *элбэрс (мына елдерде илбирс, илбис: тат., ќырѓ., хакас., як., тув. ), ал-барс немесе ал барс-ы `ашулы аруаќ ал барыс т‰рінде болѓан. Кµптеген Азия халыќтарында: якут, т‰рік, армян, парсы, тєжік, к‰рттер де – албасты (албаста) от (ал) аруаѓы ал (Пекарский Сµз.: 69-71, Горделевский 1962: 300-302, 312-315, Серебякова 1979: 174-177). Т‰ркімендерде ал, ал-арвах `ќорќынышты т‰с, аруаќтыњ рухы, ±йќыдаѓы адамныњ бастырылуы` (аравх `µлгенніњ аруаѓы`), ќырым татарларында ал карысы `ашулы аруаќ кемпір, босануѓа бµгет жасайтын` (кары `кемпір`). Аруақ – души умершихъ, предковъ, призракъ. Иран халќында ал, ал – `оттыњ аруаѓы, от басыныњ иесі, `баланыњ тууын созады` (ќара.: тєжік., ауѓан. модариол `от анасы`: модар `ана`, ол `от`). Жалпы алѓанда ал жєне барс сµздері бірлікте алѓанда: ал барс ирандардан ауысуы м‰мкін. Кейбір монѓол жєне т‰рік тілдерінде албас, албарыс аруаѓыныњ бірнеше варианты бар: албан, албын, алмыш, албар, м‰мкін монѓол тіліндегі ал барын `ал-барыстан` шыѓуы, ќарањыз.: монѓ. бар, барун, барин `жолбарыс, барс` (ауслаут с-ныњ т‰сіп ќалуын былай т‰сіндіруге болар еді, м‰мкін с кµне монѓолдыќ кµптік ж±рнаќ ретінде ќабылданѓан) (-із//-ыз кµне кµптік маѓына беретін ж±рнаќ ретінде ќарастыратыны т‰ркі тілінде де бар – автор). Бір ќызыѓы, монѓол халќы алби, албан, альбан сµздерін от аруаѓы деп т‰сінеді (Б.Базыл., 176). Шайтан, пері, дию, жын мұсылман дініндегі – ғажайып ыбылыстарды жатқызады (Ш.Уалих., 547).

Түйін. Ібіліс > барыс сияқты діни мифология дәрежесіне дейін көтерілген аңның аты болуы мүмкін. Ыбырсып – сөзі осы ыбылыс<>ібіліс. Қалай дегенмен албасты сөзімен мағынасы жағынан өте тығыз байланысты екендігін зерттеу көрсетті. Ібілістің > ілбріс > илбарыс > ыбылыс > элбэрс > илбис > ірбіс > ала парыс > ал барыс т.б. варианттары ұшырасады. Ібіліс пен албасты (қара албасты) байланысты екендігі жоғарыда айтылғандықтан тағы да қайталап жатпаймыз. Қара эпитеті қосылып албастының жаманшылық іс-әрекеті, рөлі одан сайын күшейді. Тілдің даму барысында қара албасты ықшамдалып, қара бассын түрінде айтылған. Мазмұны жағынан бұл екі тіркестің бір-бірінен айырмашылығы шамалы ғана. Мәшһүр-Жүсіп ібіліс лексикасын албасты сиқты мағынада қолданған. Қара албасты мен қара бассын синоним сөздер екендігі байқалады [7, б.108-109].

«Баһыраб» – хан аты. Мәшһүр-Жүсіптің Он тоғызыншы бап: «Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер» – деген дастанында ұшырасады. Хасен, Хұсайын заманынан бері Фатима, Заһира, Ғайша аналарымыз өткенін, тағы да әулие Ғауинт, Алағзам, Нақшыбанды, Баһауаддин, Қожа Ахмет т.б. өнегелі істерімен аттары тарихта қалған көптеген есімдердің жақсы жақтарын, қылықтарын, білімдерін атап өтеді де, патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фарзуз, Баһадүр Рүстем, Зымак, Сахып қыран, Қаһарман: Дәл мен Зәл т.б. бейнелерін жан-жақты суреттейді.

Мысалы:
Әнбия, әулиеден бірі қалмай,

Дүниеге бәрі де өтті назар салмай.

Патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фаруз,-

Зор еді заманында олар қандай?!


– деп, зор патшалардың бірі болған Баһырабтың бейнесін ерекше бейнелейді [29, б.167].

«Имансыздыњ баяны» – алпыс бірінші бап. Елу алты шумаќтан т±ратын ќара µлењ ±йќасты 11 буынды діни лирикалыќ жыр. Жазылѓан жылы белгісіз. Кµтерген таќырыбы имансызсыздыќтан ќ±тылып, діни ілімді арттыру. Шыѓарманыњ ќ±ндылыѓы єр адамды дінге шаќыра отырып, рухани тєрбиелеу. Мәшһүр-Жүсіп Кµпеев имансыз жандардыњ о д‰ниелік µмірін былай сипаттайды: Имансыз адамдардыњ ж‰зі ќара, кµзі кµк боп, ќ±лаќ м±рны кесілген к‰йде там±ќќа тасталады. Ол жерде д‰ниеде жасаѓан к‰нєсі ‰шін Запанидіњ отты шынжырынан азап шегеді. Єсіресе б±л жерде зинаќор болѓан ќыздар, тєубесіз µткен жігіт жєне к‰наћар мұсылман ‰мбеттер ќатты азапталатынын пайѓамбарымыз ескертеді деп жазады. Тозаќтыќ болѓан адамдар тєубеге келіп ќанша жыласа да кµздерінен ќанды іріњ аѓып, тєубесі ќабыл болмайды. Исламныњ бес парызын орындап, µсек аяњнан аулаќ болѓан адамдардыњ ж‰здері екі д‰ниеде де н±рлы болып, жанарлары жарќырап т±рады. Сол себепті автор адамдарды имандылыќќа шаќыра отырып, кµркем мінезділікке, ахлаќтарын т‰зетуге ‰ндейді. Б±л µлењ Иманѓали Мєненніњ 2- папкасынан 209-221 беттер бойынша єзірленген. Өлең тұңғыш рет Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. 2 том. Павлодар, 2003. 330-336 беттерге еніп отыр. Мәшһүр-Жүсіптіњ ќолжазбасынан араб жазуынан аударѓан филология ѓылымыныњ кандидаты Ертай Ќуандыќ±лы Ж‰сіпов. Демек, бұл – мәтін қолжазбадан алынып отырған және тұңғыш баспа бетін көріп отырған өлең болып саналады.

«Исмағұл» – періште. Жеті қат көктегі есікшінің бірі. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Жеті қат көк баяны» атты шығармасында кездеседі. Мұнда жер, көктің жаратылуы сөз бола отыра, жеті көкке жеті есікші қойылғандығы айтылады. Сол есікшінің бірі – Исмағұл періште. Осыған дәлел:
Исмағұл, Михаил мен Сағдайыл бар,

Калкайіл, Салсайыл мен Самайыл бар.

Рафайыл – жетіншіде мекен еткен

Бәрінен орны биік Жебірейіл бар [29, б.114].


«Исрафил ғалайссаламның сорын үргені» – алпыс бесінші бап – Бұл өлең 9 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты діни лирика. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бұл өлеңде көтерген негізгі тақырыбы: адамдарды дұрыс жолға салып, бұл дүниенің мәңгілік емес екендігіне көз жеткізу. Адамдардың бұл дүниеде істеген әрбір іс-әрекеті үшін жауапқа сұралатыны жазылған. Исрафил ғалайссалам сорын үрлегенде барлық әлем қайта тіріледі. Содан соң мунафиқ, дінсіздер, залымдар күнә істеген болса, барлығы тиісті жазасын алады. Егер, адамдар о дүниедегі азапты білген болса, бұл дүниеде адамдар «анадан тумасақшы еді», – деген жолдарды Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тегін жазбаса керек. Оған дәлел:
Ғазабы мұндай екен ойласақ-шы,

Қабірден қор болып бүйтіп тұрмасақ-шы!»

Тістейді: «Уа-уайлап» бармақтарын:

«Жан болып біз анадан тумасақ-шы!»


Адамдардың осы дүниеде ойланбай істеген күнәлары о дүниеде айқындалып, жаһаннамда азап шегетіндігін Мәшһүр-Жүсіп осы өлеңінде нақтылай түседі. Ақынның әрбір өлеңі кейінгі ұрпаққа үлгі, насихат екендігі мәлім [29, б.339].

«Калкаил» – періште. Жеті қат көктегі есікшінің бірі. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Жеті қат көк баяны» атты шығармасында кездеседі. Мұнда жер, көктің жаратылуы сөз бола отыра, жеті көкке жеті есікші қойылғандығы айтылады. Сол есікшінің бірі – Калкайіл, періште. Осыған дәлел:


Исмағұл, Михаил мен Сағдайыл бар,

Калкайіл, Салсайыл мен Самайыл бар.

Рафайыл – жетіншіде мекен еткен

Бәрінен орны биік Жебірейіл бар [29, б.114].
«Кәләм» – араб тілінде «сөз» деген ұғымды береді. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Ақыреттің егіні» атты өлеңінде:
Жүсіптей сұлу болсаң жүзің нұрлы

Мұсадай «Кәләм Алла» – қылсаң ұнны,

Аюбтай «Нығымал ғабды» – атансаң да,

Өлімге жолығарсың осы түрлі.


– деп жазады. Яғни «Кәләм – Алла» – Аллаһтың сөзі деген мағына береді. Өз жаратылыстарының арасында бейбітшілік, ауызбіршілік және өзіне ғана құлшылық орнатпақ үшін ұлы жаратушы Аллаһ Ислам дінін таратады. Осы бір хақ дінді таратудың жолында әлемге түрлі пайғамбар жібереді. Соның ішінде 28 пайғамбар есімдері қасиетті құранда аталады. 28 пайғамбардың 4-уіне Аллаһ Жәбірейіл періштесін жіберу арқылы уахиларын жеткізіп, қасиетті Таурат, Забур, Інжіл, Құран атты кітаптарын түсіреді. Бірақ ең соңғы Мұхаммед пайғамбар арқылы қасиетті Құран кітапты жібергендіктен қалған кітаптардың үкімдері жойылады. Осы төрт кітаптың барлығы да «Кәләм Аллаһ» яғни Аллаһтың ұлы сөздері болып есептеледі [28, б.28].

«Далил» دليلжол көрсетуші. 1893 жылы жазылған «Шонтыбай қажы» діни өлеңінде кездеседі. Далил – жол көрсетуші. 1883 жылы Қазан қаласында басылған «Маңызды мәселелер кітабынан» келтірілген мысалда: «Далиларны»: (жол көрсетушіні) басшы алып барып, Меккеге қайтқанша құры тұрғанымыз жоқ – деген жолдар жазылған (Мәшһүр-Жүсіп, 368). Мәшһүр-Жүсіп далилдер деген сөзді басшы, жол көрсетуші мағынасында қолданған.

Мысалы:
Көрдіңіз пайғамбардың туған жерін,

Тазалап жуып келдің күнә кірін.



Далилдер басшы болған көрсетті ме:

«Зират қылдыңыз, – деп, – жер кіндігін!»


– дейді [28, б.250, 368].

«Кимари»Жаппастан тараған ұрпақ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «1 мәтін Қазақ түбі» (бірінші нұсқа) атты шығармасында кездеседі. Ақын барлық адамзат Адам Ата мен Хауа анадан өрбіп-өнген. Адам Атаның мың жасап, өз ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген, – дейді. Сол Адам ұрпағының бірі Жаппастан тарағанын жазады. Кимари де Адам ұрпағының жалғасы екенін Мәшһүр-Жүсіп былай береді: «Бұл айтылғаннан басқа Адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз: Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі (Мың), Шын, Кимари, Тарыф (Тарых) – бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып, өсіп-өнген – делінген» [36, б. 3].

«Керуенбасы, Қожасағит – Шеризат» – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат» дастанындағы басты кейіпкер – Шеризат. Әкесі-Көркін патша. Жас күнінен жетім қалып, біраз уақыт арыстан құлан сүтін беріп асырайды. Екі жылдан соң Керуенбасы Қожасағитқа кезігіп, баланы Қожасағит асырап алады. Балаға «Шеризат» – деп ат қояды да, молдаға оқуға береді. Дастанда Шеризаттың бейнесі ерекше көзге түседі. Мәселен:
Бес жасында оқиды әліп-биді,

Жетім қалған байғұсты тәңірім сүйді.

Жеті жаста бұл бала болды ғалым,

Балаға Қожасағит көңілі тойды [39, б. 372].


«Ит дүние» – Бұл 11 буынды, 3 бунақты, 11 шумақты, 4 тармақты қара өлең ұйқасына құрылған, діни лирикалық өлең. Өлеңнің негізгі көтерген мәселесі адамдарды бұл дүниенің мәңгілік емес екендігіне және де дүниенің соңына түсіп, тірлікті ұмытқан жан, өмірдің уақытынан бұрын озып, өтіп кетіп жатқанын айтады. Ақын бұл өлеңде дүние байлықты адамдарды өз соңынан салып қойып, иттік мінез танытады деп «ит дүниеге» теңеп айтып отыр. Және де ақын осынау ит дүниемен бетпе-бет тілдескендей, осы ит дүниеге ауыр сөздер айтады. Дүниенің өзі ішіп-жемеген соң, құдайға бет бұрып иман етпеген соң адамзатты өз артыңнан салаңдатып, сен бір сәурік айғырдайсың деп нала айтады. Ақынның бұл идеясы адамзаттың дүние қуып, иманнан безініп, дүние үшін тіпті бауыр адамдардың да жан қиысып жататындығы жанын жегідей жесе керек. Өлеңнің бұл тұстары Мәшһүр-Жүсіптің тұсындағы заман қайшылықтарының, дау мен дамайдың араздастық пен алауыздықтың басты себебі осы жоқшылық пен дүние артынан түсіп кетушілік екенін аңғартады. Өз заманының жанашыры болған Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бұл өлеңді ұрпаққа «дүние соңынан түсіп кетіп, өмірдің өзегінде өртеніп өліп кетпеңдер!» деген насихаты еді. Бұл өлең Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағатта сақталған өз жазбасы, яғни түпнұсқа бойынша ұсынылды.

«Аруақ» – а. ارواح ед. души. духи; кир. произносять души святыхъ, помогаюія людямъ, невидимая сила, счастливый человекъ, какъ бы управляемый невидимою силою; ему помогали души святыхъ. Рүстемовтың сөздігінде де осы мағынада жазылған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Абылайдың алғаш көзге түсуі (үшінші нұсқа)» атты шығармасында «аруақ» сөзі беріледі. Бұл – сөз көбіне батырлар жауға аттанғанда жиі қолданғандығын ақын шығармасынан байқаймыз. Мысалы: «– Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ. Бәрі дәнемеге жарамай, бұл өзі жалғыз болса да, тегі, заты кім екен [24, б.33, 20, б.31-32, 31, б.13]?

«Підия» – діни ұғым. Підия فدية а. 1) төлеу, өтеу; 2) діни. өліктің күнәсін молдаға сату, сөйтіп оны күнәдан құтқару, азат ету; 3) жанын қию, құрбан болу. Мәшһүр-Жүсіп те підия сөзін қолданған. Мысалы: «Підия берсін» деген Құранда бар. Міне, Сүлеймен молданың һыдиясын айтып тұр. Біреу: «Мен өлген соң, ысқат, підия, дур айналдыр!» деп, өсиет қылған болса, артында балалары қылмаса, отпен азап қылынады екен. Құранда барлығы – мынау Құранның бас жағында тұр: сүре лылы Құранның екінші парасында: «Шамасы келген кісі підия берсін!» деп тұр!» деп, жарты тарақ құлақ қағазға жазып: «Фідия берсін!» деген аят мынау – деп, апар, Мәшһүрге көрсет мынаны! – деп, беріп жібереді» – делінген жолдарда «підия» сөзі кей тұстарда фонетикалық өзгеріске түсіп, «фідия» болып келген [11, б.66, 31, б.332].

«Мәһір» – арабша «шебер, маман, әмбебап». Тағы бір мағынасы ماهر мәһір – 1) қалың мал; 2) неке қияр; 3) жасау. Адал пұлым, алған жоқ елден талап, Әкең берген шешеме қолдан санап. Таза малды беремін мәһірне Жалғыз бауырым сен едің алған қалып (Мағауия). Мәһер. Сіздің алдыңызда қызымыздың мәһер ақысын кестіріп қоймақшымын, – деді («М.Б.Т.»). Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Өлең және қара сөз ғибраты» атты шығармасында адамдардың іс-әрекетіне байланысты «мәһір» сөзін қолданған. Мысалы: «Біреу қасқырдай жан-жағындағысын талап, біреу иттей көрінгенге көзін сүзіп, босағадан босаға қалдырмай аңдып; біреу түлкідей құйрығын бұлаңдатып, біреу мәймундай көрінгенді еліктеп, біреу жыландай сыртынан жылтырап; ішінен зәрін төгіп, кейбіреуі қабыршағы жоқ балықтай қолға тұрмай жылпылдап, біреу қарғадай – ауыздан ішіп, арттан түсіп қалғанды әлдеқандай аңдып; біреу сауысқанша шықылықтап, өсек ғылымына мәһір болып, сау жылқының арқасын тесіп қанатып; біреу күйкентайдай тышқанға төніп, ертеңнен кешке шейін алған бір тышқаны жоқ, текке әуре болып; ...» – делінсе, келесі кезекте «маһыр» сөзі қызға берілетін сый – ақы ретінде қолданылған.


Және айтты:

– Неке құлданған қатындардың

Кем қылмай напақасын бергіл оның.

Маһыры насирасына зейіл (зайыл) болмай,

Ері өлсе, өзінде қыл ықтиярын [11, б.174, 29, б.92-93, 9, б.83].


«Қазығұрт» – тау аты. Алатау, Қаратаулар бас қосқанда, Ішінде Қазығұрты Біздің қазақ (Мәшһүр-Жүсіп, 227). Бірінің атын Қазығұрт қой, құртша құжынап, битше быжынап, мал бітеді (Мәшһүр-Жүсіп, 31). Бұлаңдаған қыз Құртқа, Алдынан кетіп барады (Қобыланды, 36); Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған (Мәшһүр-Жүсіп, 40). – Қазығұрт Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі тау. Шымкент қаласынан 35 км. жерде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр; ені 10 км-дей. Абсалют биіктігі 1768 м. Шығыстан батысқа қарай аласарады (600 – 800 м). Жатықтау келген солтүстік беткейі бірнеше қырқалы жонға тармақтанып кетеді. Оңтүстік беткейі Келес өзеніне жалғасып, жарқабақтанып бітеді. Беткейінде бетеге, боз, аңғарында арша, долана, алма ағашы өседі. Бұл тау ел арасында «Қазығұрт әулие» деп те аталады. Қазақ аңызы бойынша, дүниені топан су басқанда, Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына тоқтаған делінеді. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Қазығұрт туралы аңыз өлеңде: Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған, Жетім қозы басында жатып қалып, Шопан ата жануар сонан қалған, – деп, Шопан ата, Зеңгі баба, Жылқышы ата, Ойсыл қара сияқты төрт түліктің киелі иелері аталады. «Қорқыт Ата кітабында» Қазығұрт тау ретінде («Қазығұрт үңгір ташыны йогарылатды...») кездессе, Әбілғазының «Түрікмен шежіресінде» Оғыз ханның бір баласының аты ретінде ұшырайды. Қазығұрт сөзінің «қазы» сыңары өзге тау атында (Қазылық), ал «құрт» сыңары башқұрт, ежелгі мадьияр тайпасы (куртигермат) этнонимінде кездеседі.
Қылмаған кім бар дейсін бізді мазақ,

Өлуге-өлмесек те, қалдық аз-ақ!

Алатау, Қаратаулар бас қосқанда,

Ішінде Қазығұрты – біздің қазақ.


Қазығұрт//Башқұрт топонимдерінің екінші компоненті ғұрт//құрт қасқыр деген ұғымды береді. Парсыша ќасќырды «гµрт» – деп атайды. Т‰ркілер ќасќырды µз тілінде-ќ±рт – деген Қ. Халид. Башќ±рт – ќасќырдыњ басы – дейді Л. Будагов., 228. Бұл сөздің шығуы туралы: Л. Будагов: Бұхарадан миссионерлер шыққан соң, мұсылман дінін тарату үшін, қайда барарларын білмеді, өйткені барлық жерде кәпірлер болды. Сол уақытта оларға көмекке қасқыр келеді. Қасқыр оларды Орал тауларына қарай алып жүреді. Оралда Башқұрлардың ата-тегі тұрған еді. Олар тілді дінділер еді. Содан барып Башқұрт (қасқырдың басы) аталады, – деп жазды (Буд., 228). Қ. Өмірәлиев: Міне, Қазқұрт топонимінің -құрт сыңары-ежелгі дәуірде хунн құрамында болған тайпаның, кейін негізінен башқұрт халқының қалыптасуына ұйтқы болған әрі өзге де халықтар құрамына енген тайпаның аты («Қазығұрт» және оған қатысы бар топонимдер жайлы (// Қазақстан мектебі. – 1967. – № 47. – Б. 84). Құрт>қасқыр. Л. Будагов құрт-волкъ, اسكي قورت старый волкъ, мет. изстный плутъ, قيونه كيرور كبي قورد какъ волкъ входящій въ стадо овецъ (Буд., 74). С. Малов қурт-`червь` (редко употребляется ввиду второго значение этого слова); қуртқа –`старуха, бабушка`; қурут `сушить`: `заставить сохнуть` (Мал., 61). Башќ±рт, Ќазыќ±рт топонимдері мысал бола алады. Башќ±рт этнонимініњ шыѓу тегі µздерінде басќаша айтылады: Ул ѓалим венгрзарзы, башкорттарзы, рустарзы борон заман Дунайзан алып Уралѓаса арауыкта єйшєгєн бер кєбилє токомдары итеп ћанай. Уныњса, «башкорт» атамаћы «башак» («башыак») ћєм «-ри-та» («ур-ту») тигєн мєѓєнєле µлµштєргє б‰ленє, є «ир-ат»тан урут (урус)–рут–руш–рус атамалары килеп сыѓа (ћуњѓы µсµсћµ – рустарзыњ тµрлµ дє‰ерзє аталышы, улар язма тарихка теркєлгєн). Қ.Халид: «Башќұрт, жол бастаушы ќасќыр туралы ањыз айтылады» – дейді. Башќ±рттар ќасќырды ќарсыѓа дейді. Мысалы, ...Карсыѓаѓа ла, Арсыланѓа ла окшаймын. «Карсыѓа» «Кор» тигєн ћ‰ззєн хасилдыр...

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп нақты қасқыр мағынасындағы қазығұрт лексемасын қолданбаса да Қазығұрт тау атауы бәрі бір сөз. Қазығұрт пен Башқұрт – синоним сөздер. Қазығұрт (қаз) > италақаз <> байғұс байланысты болуы мүмкін. Ұмайды – қараңыз. Қас (з) бен құрт (Башқұрттарда құрт (қасқыр) деген сөз екен) италақаз тұлғасы өзгеріске түскенмен синоним сөздер сияқты [9, б. 227, 7, б. 85-86].

«Ғаббас» – бай. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Һамза, Лумза» әңгімесінен алынған басты кейіпкері. Ғаббас бай атағымен, ақылымен елге танылған адам болған. Көркіне заты сай екен. Мырзалығы шектен тыс көрінеді. Құлды азат қылады, ашқа тамақ тауып береді, жалаңашты киіндіреді екен. Өзі де бай, елі де бай болыпты. Ан хазіретіміз Һамза мен Лумза сияқты түк көрмеген бишараларға үлгі қылған екен. Ағыл-тегіл мал біткен бұл – екеуі зекет беруге де жарамапты. Ан хазіретіміз өзі барыпты, Һамза мен Лумза мысық сойып берген екен. Әлгі, табақтағы мысық тіріліп кетіп, Һамза мен Лумза ұялғандарынан жинаулы тұрған жүннің ішіне кіріп кетіп, біраздан кейін екеуі де қара күйеге айналып кетіпті. Мінекей, осындай ақылсыз адамдарға Ғаббас, Оспан, Сәдуақас сияқты текті байларды мысал қылады. Байлық та текке байланысты келсе керек. «Алаған қолым, берген» – дегенді мансұқ қылады [37, б.9-11].



«Зеңгі» – сиыр малының иесі. Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз әдебиетінің үлгісінде кездеседі. Әмір Темір Ташкентте «Зеңгі ата» – деген әулиенің үстіне күмбез салдырған – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Төрт түлік мал жайындағы шығармаларда Зеңгі баба сиыр иесі айтылады. Зеңгі баба бұл – Тәңір және Ұмаймен тығыз байланысты. Мұсылман дініне дейін болған мәдениет. Фетешизмнің қасиеттерін осы – Зеңгі баба бойынан табамыз. Төрт түлік малдың әр қайсысының иесі болған. Мысалы: Жылқының иесі – Жылқышы ата (Қамбар ата), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі баба, ешкінің иесі – Сексек ата. Зеңгі сөзінің семантикасы әлі түсініксіз. Зеңгі – п. [зенги: 1. негр, чернокожий; занзибарец; эфиоп; 2. негритянский] – 1. большой, огромный. Көтерген көкке мойнын Зерелі зеңгі зеңбірек (Д.Ә.); 2. негір. Саған үлкен емен ағашты суырып алып, барлық өзіне серік зеңгілерді ертті («М.б.т.»). ~ баба среднеазиатский «святой», ангел – хранитель крупного рогатого скота. Мәселен, жылқы түлігінің пірі – «Қамбар ата», қойдікі – «Шопан ата», түйенікі «Ойсыл қара», сиырдікі – «Зеңгі баба» ...деген (Х.А.). Сонымен, зеңгі парсы сөзі сияқты, мағынасы «үлкен» деген ұғымды береді. Зеңгі баба Үлкен сиыр. Қасиетті мал. Көне түркі тілінде сиырды іңгек (үй) – деген. Үй түгіндей кәуірді Кемекеңнің басынан Күншілік жерге апарып, Сүргітіп бір тастады (Манас) [34, б.92, 20, б.121, 7, б.88-89, 44, б.40-41, 24, б.607].

3 Рухани мәдениет лексикасы
«Жүніс Шалқарбайұлының Мәшһүр-Жүсіптен сұрағы» – Өлең 1899 жылы жазылған. Бірінші бөлімінде Жүніс ақын Мәшһүр-Жүсіптен өлең түрінде сұрақ қойып, жырмен ойын жеткізеді. Лирикалық жанр түрінде жазылған. Айтыс өлеңді Мәшһүр-Жүсіптің өзі шығарған. Өйткені, өлеңнің буын саны, тармақтары және сөз қолданысы да бірдей. Негізгі өзекті тақырыбы айтыстың мынада: Қағба – қажыға күші жеткен барады, ал дәулеті азға бару маңдайына жазбаған, Миғражға «Сол келсін!» – деп неге шақырған? Төрт періште жауабын шеше алмай таласыпты, мың жылдай шеше алмаған жауабын ақырында кім шешіпті? – деген сұрақпен аяқталады. Пайғамбардың көкке көтерілуі – миғраж деп аталған (Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. 2 т. 372 беттегі түсінік. 2003 жыл). Өлеңнің ішінде: бітидасы, дәрісхана, фонар, емтиқансыз, мұнтшыр, мүназада сөздер, Самарқант, Шымкент, Сайрам, Ташкент – топонимикалық атаулар, Бұхарекең, Шортанбай, Сақау, Көтеш, Күдері, Ұлбике – антропонимикалық атаулар кездеседі. Өлең төрт тармақтан, 17 шумақтан тұрады. Өлең тұңғыш рет Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы 1 том, – Павлодар, 2003 жылы 288 – 290 беттерінде Мәшһүр-Жүсіп пен Жүніс Шалқарбайұлы – деген атпен жарияланды. Оның өзі екі бөлімнен тұрады. 1. «Жүніс Шалқарбайұлының Мәшһүр-Жүсіптен сұрағы», 2. Жүсіп (негізінде Жүніс – А.Қ.) Шалқарбайұлына Мәшһүр-Жүсіптің жауабы. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші ф.ғ.к., доцент Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.

«Жүсіп (Жүніс – А.Қ.) Шалқарбайұлына Мәшһүр-Жүсіптің жауабы» – өлеңнің жауабы 1900 жылы жазылған. Өлеңнің тақырыбы айтып тұрғандай бірінші өлеңге сұраққа жауап. Екінші өлең сюжеті сол бірінші өлеңнің жалғасы іспетті. Екеуінің мәні де, мазмұны да бір. Тек қана айырмашылығы сұрақ, жауабында ғана. Өлең төрт тармақтан, 64 шумақтан тұрады. Ақынның өзі: Қолқаңды пұлды қылып берейін деп, Көңілімде сақтап жүрдім бір жаз, бір қыс – дейді. Жауабы: Бір Алла Мұхаммедтің нұрын қылды; Біреуі – таһараты кәміл болса; Құдайды шын ықыласымен көңіліне алса; Жамағат намаз үшін мешіт барса. Мінекей, төрт періште төрт жауабына мың жыл жанжал қылып, ақыры Алла жаратқан Мұхаммед пайғамбардың уәжіне таң-тамаша, қайран қалады. Диуана, лашық, кітап, формын, қағаз, сия, періште, заһар, мақұлық, қорғасын, шымылдық, тәж, ине, арақ т.б. сөздер кездеседі. «Пакина қаба қаусайын ау әдана» сияқты мағынасы түсініксіз тіркес те бар. Алғаш өлеңді қысқаша зерттеген бір ауыз пікір айтқан Ертай Жүсіпов. Ол. «Сол тұрғыдан қарасақ ХIХ, ХХ ғасырлардағы қазақ ақындары өзінен бұрынғылардың айтыс дәстүрін өрбіте келе, айтыстың жаңа түрлерін, шартты үлгілерді көп тудырғанын ескермей болмайды. Бір Мәшһүр-Жүсіптің өзі шартты айтыс түрлерін көп тудырған. ... Соның бәрін басшылыққа алып, сауал беру мен жауап қатудың өзі жанрлық тұрғыдан өз ерекшелігін танытатынын ескеріп, бұл туындыны да «айтыс өлеңі» деп атағанды жөн көрдік» дейді (Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. 2 том. 2003. – Павлодар. – Б. 445). Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп, құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші ф.ғ.к., доцент Ертай Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.



«Жетібай» Есен тентектің әкесі. – негізінен Мәшһүр-Жүсіптің әңгімесі «Тентектер әңгімесі» деп аталып «Есен тентек» – деп берілген. Әңгіме жанрына құрылған. Оның ішінде шағын очерк фельетон әңгіме десе де болады. Демек, фельетон аралық жанрдың алғашқы фундаментін де Мәшһүр-Жүсіп қалаған деуге әбден негіз бар сияқты. Мұның да екі жағы бар очеркке жақындайтын тұсы – өмірде болған адамдар образы ашылады, суреттелетін шындық та ойдан шығарылған емес, өмірде болған адамдар. Екінші жағы – фельетон қара сөзбен жазылады. Сыншылар фельетон газет бетінде шығатын дүние деп дау айтуы да мүмкін. Ал, әңгіменің бойында фельетонға тән қасиеттер: қызық мінездер, сатиралық типтер, тарихи образдар бар. Осы жағынан да фельетонға жатады. Жетібай «Аға баласы Арғын». Оның ішінде Қаракесек – Сүйіндік. Ел Сүйіндіктен екі тентек шыққан, бірі – Қожан тентек, екіншісі – Есен тентек. Осы Есен тентектің әкесі – Жетібай. Есен тентектің жеті жасында қайтыс болған екен. Шешесі заманында елді аузына қаратқан қақ маңдайы бопты. Күлік – Жаңабатыр бидің қойнына кіріп барыпты: – Ат туатұғын бие, айғыры келіспеген соң немене? – деп. Сонда Жаңабатыр би: – Бердім бір сотқар қияңқы тентекті, атын Есен қой. Өзі есен-аман болады, өзі бай болады, мейлінше тентек болады! – деген екен. Жаңабатырдың айтқаны келіп, Есен өсе келе жынды тентек емес, шын тентек аталыпты. Ақбурадан – Аққошқар, Тілеулі, Жетібай, Кенже, Көкен. Аққошқардан қара Алтай. Қара Алтай балалары – Мұратай, Шәуке, Байшуақ, Жарқынбай, Қарқынбай, Мырза. Ақын Қыпшақпай мен Бөрібай ақыннан Қобылан ақын осылардың ұрпағы. Жетібайдан – Есен тентек. Жетібай Руы Ақбура. Тілеулінің баласы. Есен тентектің балалары: Батырбай, Ербай, Асан, Шөкіл, Қарамырза, Балта, Атабай. Батырбайдан: Балға, Жанқожа, Қошай. Балғабайдан – Мәдібек. Онан – Қайып, Законшыг. Бұл Ербай, Батырбай «Құртты» деген жерге қойылған. Аққозы батыр өлгенде, тоқалын Ақбура алып, Жетібайдан соңғы Кенже, Көкен сол тоқалдан екі бала туады. Олардан Сағындық Жекен мен айналасы т.б. өсіп-өнген. Есен тентек туралы, Ақбура – Жетібай жайында Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ шежіресі» – А., Жалын, 1993 жыл, – Б. 24. – Б. 43 айтылады. «Есен тентек». Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. Павлодар, 2005 жыл. 6 том. – Б. 200-205 жазылған. Сол сияқты Есен тентектің ұрпақтары туралы: Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы 10 том. 2007, 34 бетті қараңыз. Қазақ арасында есті тентекті еркелетіп ұстаған. Оның қылығына қатты мән берген. Тентектікті де өнер ретінде қатты бағалаған. Есен тентек Жаңабатырды сабап жатқанда: – Тимеңдер, тимеңдер! депті. Біз биік жар да, бұлар лақ. Лақтың ойнақтағанына жар құлай ма? Бұлар ойына алғанын орындамаса, өз-өзінен буынып, жарылып өліп кетеді – деген екен. Ел ішінде есті, ақылды тентектігімен аты қалғандар, тіпті ру аты аталғандарда бар. Мысалы, Аякөз елінде найман ішінше «Тентек Бұлғақ» аталғандар бар. Есен тентек – Мәшһүр-Жүсіп жазбалары (1176-пака, 62 б) бойынша ұсынылды. Үшқұрт (бірінші нұсқа) Бұ да Мәшһүр-Жүсіптен (1176-папка, 324 (417) б.) алынды. Үшқұрт (екінші нұсқа). Бұған да Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағаттағы (1-папка, 88 б.) жазбасы негіз болды. Есен тентек және басқалар. Бұл да Мәшһүр-Жүсіп жазбасы (1178-папка, 111 (70) б. және 1178-папка, 51 б.) алынды. «Есен тентек». Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. Павлодар, 2005 жыл. 6 том. – Б.369 және 10 том «Үшқұрт» – Б.175, – Б.409-410 берілген. Есен тентектің әкесі Жетібай туралы қысқаша дерек осындай. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – ф.ғ.к., (қазір ф.ғ.д – А.Қ.) Нартай Қуандықұлы Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.

«Жиенәлі батыр тұлпары» – Мәшһүр-Жүсіптің ел аузынан жинап алған және өзіндік қолтаңбасы тиген дүниесі. Қазақ фольклор үлгісіне жатады. Әңгіме жанрына құрылған. Жиенәлінің батырлығын, ер қанаты тұлпарын әңгіме қылады. Алтай ішіндегі Бекайдар деген табынан Жиенәлі деген батыр шыққан. Жиенәлінің алып отырған әйелі Уақтың қызы. Демек, Уақ қайын жұрты. Қайыны Жиенәліге екі мың жылқым бар, соның ішінде күрең бесті ат бар «екі мың жылқы жиналғанда, тоқымдығы терлемейді» деп баға берген екен. Жиенәлі күрең бестіні жаратып, қасына Демік деген жолдасын ертіп, Ұлы жүзде болатын асқа аттанып кетіпті. Сол аста «Мытайлақ» атанған аттың иесі бәйгеге тігілген шеже көз алтын мауытты бермеген екен. Жақсыны көрмек үшін деп қолына алған адам затты Жиенәліге алып беріп, атқосшы бала ала қашыпты. Үш күндік жерге барып тоқтаған бала есен аман шеже көз алтын сауытты үйіне алып келіпті. Әңгіме тек қана батыр туралы ғана емес, қазақтың атты қалай баптау керектігінде де болып отыр. Мысалы, Сыншының – Мен жылқы танысам, атыңа уайым қылма, атың дәнеме етпейді. Сенің бұл атың аш-тоғын, ыстық-суығын, алыс-жақынын елең қылмайды. Мұнан былай жаратып, терін алғанда, үстіне жабу жауып, үстіне екі пұт құм теңеп шап. Әйтпесе бүйірі қызбайды. Туысы тұлпардың аунаған жеріне кездескен жануар екен! – деп айтып беріпті. Әңгіме ішнде фигураның түрлері: тоқымдығы терлемейді, өлшеусіз жүйрік, тұлпардың дүбірі, үш күндік жерге бармай, тоқтама, қалқы топты қақ жарып – гипербола, қалжырап жатыпты – литотота, қайны – эвфемизм, бір қу ауыз жүйрік келді – метонимия т.б. Этномәдени лексикалар: батыр, жылқышы, дөнен, бесті, ұлы жүз, ас, асқа тіккен үй, бәйге, бас бәйге, құлын жарғақ, шеже көз алтын сауыт (бірде мауыт деп жазылыпты, дұрысы сауыт, мауытта шеже көз болмайды – А.Қ. ) жабу, екі пұт т.б. ұшырасады. «Жиенәлі батыр тұлпары» Мәшһүр-Жүсіп шығармалары. – Павлодар, 2005. – 6 том. – Б. 94-95 жазылған. «Жиенәлі батыр тұлпары» Әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірімесі (2-папка, 309-310-беттер) бойынша берілді. Қараңыз: 6 томды, – Б. 356. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – ф.ғ.к., (қазір ф.ғ.д – А.Қ.) Нартай Қуандықұлы Жүсіпов. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.



«Жиенәлі батыр тұлпары» (екінші нұсқасы) – әңгіме жанрына құрылған. Үш нұсқаның да жазып алынған жылы бір сияқты. Бірақ, әртүрлі кісінің аузынан жазып алынған. Мәтін бүгінгі грамматикалық ережеге сай да жазылып, түзелген. Тыныс белгілері бүгінгі нормаға сай қойылған. Демек, Мәшһүр-Жүсіп, Жолмұрат т.б. көшірген адам өте сауатты болғаны байқалады. Заманақыр сөзі кейде бірге, кейде бөлек жазылған. Бірінші нұсқадағы атын бәйгеге қосып, шөже көз сауытты алып қашқан оқиға және сыншының атты сынағаны, екінші нұсқада бірден басталмай екінші жоспарда қалып қойған. Бірінші планда Жүзей әулие туралы айтылады. Үшінші нұсқадағы Жүзей әулие туралы оқиға толық қайталанады. Екінші және үшінші нұсқада Жүзей туралы әңгіме мазмұны бірдей. Бірінші нұсқа – Жиенәлінің Ұлы жүздегі асқа баруы, одан бәйгені алып қашуы, одан аттың сыны туралы әңгімемен аяқталады. Екінші нұсқа – Жүзден асқан Жүзей әулиемен басталып, Ұлы жүздегі ас туралы, бәйгеге қосқан ат туралы оқиғамен бітеді. Үшінші нұсқадағы – Тіней байдың жылқысын айдап кеткен Жаныс Керім туралы әңгіме бірінші және екінші нұсқада айтылмайды. Екінші нұсқада «шеже көзі сауыт» «Шақшакөз» деген алтынды сауыт деп аталады. Жалпы мәтінде бірде «шақшакөз», бірде «шежекөз» деп жазылған. Үшінші нұсқада Батыраш, Қотыраш әкесі – Ақпан «ұзын сақал Ақпан, – атанған». Оның әкесі – Сиқым бай. Қарашор, Сиқым жас. Алтай – Сиқым бай әкесі Тыныбай байдың жылқысын алған деген жолдар да жоқ. Тіней Тыныбай болып өзгеріске түскен. Басқадай өзгерістер жоқ. Екінші нұсқа Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. 9 том. – Павлодар, 2006 – Б. 234-236 берілген. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – Лаура Қуандыққызы Жүсіпова – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған.

«Жиенәлі батыр тұлпары» (үшінші нұсқасы) – Жиенәлі батыр Арғын ішінде (Алтайұлы) Мойыннан тараған Мұрат-Әлмәмбет-Бекайдар. Қуандық алтау, бұл алтаудың бірі – Алтай, мұнан алтау. Бұл Алтайдың алты баласының бірі – Мойын. Бұл Мойыннан алтау. Бұл Мойынның алты баласының бірі – Мұрат. Мұраттан-Әлмәмбет-Бекайдар деп кете береді. Бұл Бекайдардан – тоғыз: Мырзамбеттен – Қошқар туған. Қошқардың шешесін Бекайдар алған. Одан: Елібай, Жайықбай, Теңізбай туған. Бәйбішенің аты – Төмен. Сәлия, Баяу деген тоқалының аты. Сәлиядан-Төлебай – Жиенәлінің әкесі туады. Дербес, Қожамсейіт, Баяудан – Ізбасар, Баба және біреу бар. Үшеуі бәрі бірге өсіп өнген. (Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. 10 том. Павлодар, 2007, 142-145 беттер). Әңгіме жанрына құрылған. Көтерген тақырыбы Жиенәлі батырды, оның тұлпарын насихаттау. Қазақ елінің әдет-ғұрпын көрсету. Әңгіме ауыз екі тілдің стилімен жазылғаны байқалады. Кейіннен көшіріп алушының тарапынан өзгерістерге түскен. Мәтін тұңғыш рет зерттеліп отыр. Бірінші нұсқа мен үшінші нұсқа осы – нұсқасы арасында біршама өзгерістер бар. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы». 6 томында бір беттің бір жағынан сәл асқан әңгіме мәтіні берілсе, үшінші нұсқасын Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы. 10 томында екі беттің екі жағынан және үшінші беттің ортасынан асқан мәтін берілген. Бірінші нұсқада: Әңгіме бірден басталып кетеді. Үшінші нұсқада: Жиенәлінің шыққан тегі, ата-бабасы берілген. Сырдарияның арғы жағындағы Жүзей әулие оқиғасымен толыққан. Сол сияқты Тіней байдың көп жылқысын Жаныс Керім айдап алған оқиғасы, Тіней байдың жылқысын қайтарған Жиенәлі туралы да қызықты оқиғамен әңгіме мазмұны толыққан. Бұл оқиғалар түп-түгелімен бірінші нұсқада жоқ. Егер де бірінші нұсқада Жиенәлінің батырлығы бір ғана оқиға төңірегінде көрінсе, үшінші нұсқасында екі оқиға төңірегінде көрінеді. Жиенәлінің жолдасы үшінші нұсқада қара құлы болып жазылған. Үшінші нұсқада: Қаракесек, Қарашор, Жаныс, Алтай, Мұрат, Сиқымбай, Тіней, Жаныс, Керім, Бекайдар – антропонимдер, Қара теңіз, Ақ теңіз, Шап теңіз – гидронимдер, «Жүзден асқан Жүзей әулие», «Жерде қалмайды, жиенде қалады» – мақал, Сырдария – Сыр бұлақ (бір кезде аталған), Жүзей әулиенің ел жұрты жылқы атаулыны көрген емес, екі көзден айрылып, самардай қақсап отыр, заман ақыр – литота, төрт аяғы болат, жал-құйрығы қанат – метафора, Мұның жүрген жері үргін-сүргін, Күлік, Күлкі, жүрген жері бүлік, ат бетімен кетіп, ауыздығымен жайылып жүр, екі қоржын басы құм тиеп, үш күн, үш түн ұдайымен шапса, сонда тоқымдығы бусанады, неше күн шапқаны не керек, атыңның тоқымдығы терлеген жоқ – гипербола, жұрт жабыла қуып, жалғыз жанға алдырмай, жаратып терін алу – тұрақты тіркес т.б. кездеседі. «Жиенәлі батыр тұлпары» мәтіннің бірінші нұсқасы Мәшһүр-Жүсіп шығармалары 6-томында (Павлодар, ЭКО, 2005, – әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі (2 – папка, 309-310 б.) бойынша берілсе, екінші нұсқасы 9-томда (234-236 б.) тап осы папканың (1178) 26-27 беттері бойынша жарияланды. Бұл үшінші нұсқаны шежіре топтамасы бүтіндігін бұзбай, осы тұста ұсынғанды жөн көрдік. Қараңыз: «Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағы». 10 том. Павлодар, 2007 – Б. 407. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – Естай Қуандықұлы Жүсіпов тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған [32, б.143-145].

«Ереймен сапары» – 1910 жылы жазылған. Ұзақ эпикалық өлең төрт тармақты: 188 тармақ, 47 шумақты. Лирикалық жанр поэманың да жүгін көтерген. Лириканың ой түріне де келетін сияқты. Ал, кейбір оқиғаның сазына қарасаң пасторольға да кетіп қалатын тұсы баршылық. Дегенмен, ой түріне жатады. Ақынның өзінің ішкі толғанысы жиірек көрінеді. Негізгі тақырыбы Отан туралы, туған жер туралы. Қоршаған ортаны көрсету, сонда өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқын суреттеу. Шығарманың мәні мен мазмұны ақынның Ерейменге барған сапарына құрылған. Бұдан бұрын Түркістанға: Мазар Шарипке, Орта Азияны аралаған: Самарқант, Қоқан, Ташкент, Бұқарға барған Мәшһүр-Жүсіпке мына тұрған Ерейменді аралау одан да қызық боп көрінді. Мәшһүр-Жүсіп Ереймен тау бөктерін жайлаған қалың елді Өлеңті, Шідерті өзенінің қоныс қылған Бөгенбай, Қамажапар, Есіркеп, Сәрсенбайдың, қажы Өтебай, Қазымбет, Тұманбай, Саққұлақ бидің, Нұралы, Ералы, Тоқмұхамет, Әкімбек, Молдабай, Тайшық, Ноғай, Хұсайын, Темірболат, Бекқұл, Қабыл, Шорман, Мақан, Ордабай, т.б. аралап, кейбірінің мінін айта кетеді. Мысалы, Өтебай қажы мен Қазымбет дұрыс қарсы алмады. Бір жылқы берген Сәрсенбай құрлы бола алмады деп налиды. Бір жағынан ел ішіндегі ертедегі қазақы мінезді, қаймағы бұзылмаған, сүттей ұйыған халықты аңсайды. Ақын орыс империясының салдарынан орын алған алауыздықты, бөліп алда билей бер саясатын әшкерелейді. Елден де береке кете бастаған екен деп ширығады. Ақын өзінің сапарын: Ойда орыс, қырда қазақ, бәрін кездім, Айыптап еш сөккен жоқ жүрген жерім – деп түйіндейді. Мәтіндеме жағдайына келсек мынадай: Ереймен сапары. Бұл шығарма ақын таңдамалысының бірінші томында (Мәшһүр-Жүсіп Көпеев таңдамалы (Екі томдық шығармалар жинағы). А., Ғылым, 1990, Б. 140-142). «Ерәліге» деген атпен тым қысқартылып берілген. Ерәлі Саққұлақтың ұлы екен. Барлығы 20 – шумақ. Екінші шумақтың екі жолы жоқ, сондықтан екінші шумақ 6 – тармақты болып кеткен, екінші нұсқадағы 9 – шумақ 5-ші шумаққа ауысқан, Үйінде Саққұлақтың отыр қожа – деп басталатын шумақ 12 шумақтан кейін ауысқан, одан кейін 7 шумақ қосылғанда «Ерәліге» өлеңі бітеді. бісміллә//пісміллә, жүреді//тұрады, ұрығымды//ұруымды, әлһам//ғылым, Алла берген//ала берген, еркеленіп//еркелетіп, бәрін екздім//арасында, қағазбен//өлеңмен, қара-ды//қара еді, Төкен //Түгенбай, бұйрықты//бұйырған, қиқымы//тұқымы, Жақсысы Бөгенбайдың майданда екен//Бөгенбай шұрайлысы майланды екен, ал//ол, шапошотты//шаппа шотты, Тұманбай//Тұмансай, «Жауабы наданлардың сүку тур!» деп, Үндемей жан сауғалап құтылыпты//Жауап жоқ, надандардан сөгіс естіп, «Аллалап» жан сауғалап құтылыпты, сый//іс т.б. Әрине, мәтіндеме толық жасалмады, тармақтар арасында, тыныс белгіде көптеген ауыс-күйістер жүр. «Ереймен сапары» Мұхаметфазыл Жүсіпұлы жазбасы бойынша әзірленген. Сол сияқты, Мәшһүр-Жүсіп мұрасын жинап, көп деректер берген Екібастұз тұрғыны Кәрібайұлы Жұқаштың да көшірмесі салыстырылған. Мәселен, Мұхаметфазылда: «Байлаусыз тым-ақ пысық құрғақ сөзге» – тармағының соңғы екі сөзінен басқасы өшіп, жыртылып қалса, соны Жұқаш жазбасы бойынша қалпына келтіру жүзеге асқан. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші – ф.ғ.к. Ертай Жүсіпов – Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған [9, б.389, 115-120].

«Есте болатын ескі сөздер» – фольклор үлгісіне жатады. Әңгіме жанры дейін десең, тарихи оқиғалар жағынан, өмірде болған жайттар жағынан очеркке келеді. Ал, әңгімеге жақын тұстары сюжет желісінің қызықтылығы, адам көрінбегенмен қоршаған ортасы, айналасы оның маңындағы адамдар бейнесі жақсы ашылған. Дегенмен, шағын әңгіме жанрына жатады. Көтерген тақырыбы: қазақтың көне рулары олар туралы тарихи шындықтар. Тарихи тұлғаларға халықтың берген бағасы. Шығарма ел ішінде афоризм халық даналығы ретінде де қатты бағаланады. Әр сөзінде халықтың психологиясы білініп тұрады. Мысалы: Арғын болсаң – Алтай бол, Алшын болсаң, Адай бол, Үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Тұтбай (Топтай) бол. Найман болсаң, Қаракерей – Матай бол. Өзгең қалай болсаң, солай бол! Бұл сөзден басқа рулар нашар екен деген ұғым тумау керек. Айтушы ауыз әдебиетінің өкілі болғаннан кейін сан-саққа жүгіртеді. Әркім өз атасын дәріптейді. Жанынан қоса салады. Сондықтан нақты шындық деп қабылдамау керек сияқты. Халық ішінде аты жер жарған даңқты батырлар шыққан рулар толып жатыр. Үш жүздің басты-басты рулары, басты-басты батырлары таңдап алынған. Қаракерей Қабанбай Найманнан шыққан дара батыр. Найманның ішінен басқа да батырлар шыққан. Әлтеке – Сарымжан құтты сөйлеген екен: Тобықты Құнанбай – ішінен шыққан қайнар бұлақ; Қыпшық Ыбырай (Алтынсарин – А.Қ.) Қажымас қара болат; Мұса мырза (Шорманның – А.Қ.) Қабыршағы жоқ, қолға тұрмас Жылмағай қара балық; Шыңғыс төре (Шоқанның әкесі – А.Қ.) Орысқа жуық, Діні исламға суық жан! – деген. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Қазақ шежіресінде»: Тобықты Құнанбай шыңның басынан шыққан қайнар бұлақ. ... Бұл сөздерді ол Көктіңұлы Сапақтың бел баласы Иманберді датқаға сөйлеген. Тобықты Құнанбай, қыпшақ Ыбырай, төртуыл Мұса осы үшеуі қазақ маңдайына нағып сыйып жүргеніне айран-асырмын деген (Алматы, Жалын, 1993. – Б.39). Тышқанның да сәуірі болады екен, үш қатынның баласы да бір бас, жалғыз мұның өзі де бір бас, тамыр берген түйеден – тәңірі берген тойы артық – мақал, маңдайына қалай сыйып жүргеніне айран асырмын – фразеологизм, төре берген төбесін көремін – метонимия, қайнар бұлақ, қажымас қара болат, қабыршағы жоқ, қолға тұрмас жылмағай қара балық, суық жан – күрделі метафоралар. Кітапты араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктерін беріп, құрастырып, баспаға әзірлеген – ф.ғ.к., (қазір ф.ғ.д. – А.Қ.) Нартай Қуандықұлы Жүсіпов [37, б.207, 369].

«Жүніс молда» – Шалқарбай қажының баласы. Өлең және қара сөз араласқан Негізінен лирикалық жанрға жатады. Шығарма Молда Жүніс сөзі – деп берілген. Бір қарағанда жарлай арнау сияқты. Ақын жеке адамға емес жалпы жұртқа өсиет айтады. Жалпы жұртпен кеңеседі. Молда Жүніс сөзі деп, оның атынан Мәшһүр-Жүсіп өзі шығарған сияқты. Молда Жүніс айтты деп ел арасындағы қожа, молдаларды сынап алады. Ішін-ара сұрай арнаудың үлгісі кездесіп қалады. Ақын риторикалық сұрақтар арқылы да ойын жеткізеді. Мысалы: Бұлбұлысыз қолдан-қолға тұрмай жүрген, Бойға тең ешбір жанды көрмей жүрген – деген жолдарда елге тастаған сауал бар, осыларды не істейміз, қайтеміз деген. Мәшһүр-Жүсіптің сөзінен кейін жұрттың көңілдері өсіп, мәжілістен риза болып тарасатыны да сөз болады. Соңынан Жүніс молда мынандай екі сұрақ қояды: 1 – Хазірет әлінің миғражға ұшқанының себебі не? 2 – Құранда мағрип періштелер таласыпты дейді. Бұл қойылған сұрақтар осы өлеңнің тууына себеп болған сияқты. Жауабы өлеңнің мәтінінде толық берілген. Шығармада діни сөздер: бисмиллә, кәләб, хикмет, хазіретіміз, ағузанам, миғраж, мағрип, періштелер ұшырасады. Сол сияқты: әлеуметтік топтарға: хан, қара, молда, патша деп те бөлінеді [31, б.288, 361].

«Әр түрлі насихат сөздер» – жиырмасыншы бап. Төрт тармақты 14 шумақты, лирикалық жанр. Көбіне кезекті ұйқасқа ара-тұра егіз ұйқас, аралас ұйқасқа құрылған. 10 – 11, 12 буыннан және аралас бунақты болып келген. Бұл өлеңнің де сюжеті әлде бір сұрықсыз, көңілсіз өлім туралы да айтылады. Осы жағынан оны антик әдебиетіндегі Идиллия жақындатуға болар еді, егер де уайым қайғысыз қызғыл өмір суреттері болса, бұл өлеңнен оны таппаймыз. Өлең көңілсіз мазмұнға құрылғанмен, қызғылт, салтанат өмірдің харекеті жоқ. Өлеңнің мазмұны бұл өмірде дүние қуып, жанында адам барын ұмытып кеткен пенделер туралы айтылады. Аздап пессимистік сарын бар: дүние боқ, ажалға қадам басқан сайын, қалады қаза келсе мал мен мүлік т.б. «Нәпсі» адамды ұрындырады. Сондықтан, нәпсіні тиып ғылыммен айналысу керек деген идеяны көтереді. Байларға зекет беру керектігі, намаздың пайдасы туралы, Аллаға құлшылық жайында насихат айтылады. Дария – ғылым екен аққан судай – теңеу, Жарасқан айдын көлге қонған қудай – теңеу, Қанатын соққан жерден бұлақ ақты – гротеск т.б. көркемдеуіш құралдар ұшырасады [29, б.174-176, 363].

«Жұт» – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 60 жасында, 1918 жылы жазған өлеңі. Лирикалық шығарма, 4 тармақты, 19 шумақты. Оны өзі: Мұны жазған – алпыста Мәшһүр-Жүсіп, Қалам алса, кетеді жосып-жосып. Бұ сабазға кез болса, жаттап алып, Домбырамен айтады әнге қосып – дейді. Мәшһүр-Жүсіп домбыраны өте жақсы ойнаған, ән салған, күй тартқан.

Мысалы:


Домбырамен айтқанда, қосылса әні,

Өлең сөздің кіреді сонда сәні.

Өлген сөзді тірілтіп, сөйлегенде,

Құлақ салған сүйсініп, дейді: «Пәлі!»


Абайдың: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй өнерге деген әділ бағасы Мәшһүр-Жүсіп шығармасынан да орын алған. Міне, екі ақынды өнер осылай рухани жағынан табыстырған. Ақын мұнан кейін 1918 жылы қаңтар айында сағат түнгі 11-де елдің жылқысы, қойы, сиыры қатты қыс болып, боран соғып, жинаған аз шөп бітіп, аяғы жұтқа ұрындырған. 16 ақпанда Құдайдың бұйрығымен көктің нұры түсіп ел есін жинаған. Қазақ жұттан қатты қорыққан. Сондықтан да, «Жұт жеті ағайынды» деген. Жұттың байға емес, кедейге қатты батқанын, соңғы тышқақ лағын сойып алып, байға телміріп қалған аш құрсақ, жалаңаш-жалпы кедей сорлының ауыр тұрмысын суреттейді. Өлеңнің мәні мен мазмұны жағынан екі бөлімге бөлуге болады. Алғашқы бөлімі кіріспе іспетті де, келесі екінші жартысы кедей мен байдың өміріне арналған. Ұстадан – тат, молдадан хат алады, Жаманнан бөз, жақсыдан ат қалады – мақал; Қойда құйрық, жылқыда жал мен қоң аз, Мал үстінде үрпиген жүн қалғанда – литота; Жанның бәрі телміріп көк жүзіне, Байды Құдай атқан, Ақшаға жабағы жүн сатқан – фразеологизм сияқты көркемдік ерекшеліктері де байқалады. Мәтін Жолмұрат Жүсіпұлы мен Мұхаметфазыл Жүсіпов көшірмелері бойынша әзірленген [9, б.177-179, 397].

«Жігіттер сыбағасы» – Бірінші, екінші нұсқасы. Жігіттер сыбағасы – жанры жағынан анекдотқа да келеді. Әрине, бұл уақытқа дейін қазақта анекдот жанры жоқ деп келген еді. Тағы да Мәшһүр-Жүсіптен табылды. Әңгіме жанрына да жатады. Бірақ, біз күндегі естіп жүрген әңгімеге қойылатын талапты бұл шығарма орындайда бермейді. Х. Досмұхамедұлы «Халық әдебиетінің бір түрі – күлкілі сөздер (комическая литература)» деп атапты. Сондықтан, біз де Мәшһүр-Жүсіптің бұл жазбасын күлкілі сөздер жанрына жатқызуға болады деген ойдамыз. Кітапта да «Күлкілі сөздер» деп берілген. Оқиға Шу бойында болады. Шанышқылы және Тама елдері қатар қонады. Таманың бозбала жігіттері суға түсіп жүрген Шанышқылының қыздарына сөзбен қағысып тиіседі. Жігіттер: Шанышқылының қызы шамды келеді, қарыс сүйем а...ды келеді. Қарасын тіктіреді, сүйемін с...тіреді – деп тиседі. Сонда қыздар: -Тама жігіті табаған келеді, итше шәуілдеп қабаған келеді. Тапса танасын с...ді, таппаса анасын с..ді – деп қатырған екен. Ал, екінші нұсқасында сәл ғана өзгеріс бар, ол – 12-13 жастағы бір қыз бие сауып отырады.

Таманың жігіттері:

Шырағым, қай елсіңдер? – дегенде,

Ағатай, қай ел боларымды өзім де білмей тұрмын – депті.

Ендеше, Шанышқылы шығарсыңдар – деп, алдыңғы айтылған сөздерді қайталайды. Бұл нұсқасында да Таманың жігіттері оңбай сөзден құлайды, жеңіледі. Бұл да әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіп (3 – папка, 91-бет) жазбасы бойынша әзірленіп, ақынның екінші бір жазбасымен (1176-папка, 214 (221) (311) б.) салыстырыла саралау жүргізілген. Екінші нұсқасы: Бұл жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасы (1176-папка, 214 (221)(311) б.) бойынша әзірленген [37, б.96-97, 357].

«Бәсентиін шежіресі» – бірінші нұсқасы. Шежірені Мәшһүр-Жүсіп он бес жасынан жинай бастаған. Кейіннен елден естігенін толықтырып қайта жазған. «Шежіре» араб тілінде [шәджәре: شجرة дерево; п.1. родославное дерево; 2. дерево] – устные или письменные историко – генеологические предания (Рүстемов. Л.З. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских займствованных слов. – Алматы: Мектеп, 1989. – Б.306). «Шежіре» былай қарағанда тарихи шығарма. Оның бойында әңгіменің де, очерктің де сипаты бар. «Шежіренің» жанры әлі анықталмаған. «Мемуар» деуге көлемі шағын да, әңгімесі аздау. Біздің ойымызша «Шежіре» тарихи-эпикалық жанрға жататын сияқты. Бұл да түпкілікті шешім емес. «Мына мен, Мәшһүр-Жүсіп Көпей баласы осы сөзді жазып отырмын! Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, жауырын жағып, құмалақ салып айтып отырғаным жоқ. Нұсқалардан көрумен, кәрі құлақтан естуімнен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шындап, тыңдап айтып отырмын. Бұл қазақ деген кеше мен бүгін қойылған ат емес, заман-заманынан айтылып келе жатқан ат» – дейді (М-Ж. Көпейұлы. Қазақ шежіресі. – Алматы: Жалын, 1993. – Б. 12). «Олай болса Бәсентиін де көне рудың бірі. «Шежіре» Жанарыс-Қарақожа-Арғын-Кенжесопы-Бәсентиін – деп таратады. Бәсентиіннің бірінші қатынынан туған Көкшекөз – Байымбет-Бейсеннен: Таз, Бөкі, Шоқай, Өтеп, Матай бұлар «Бейсеннің бесеуі» – делінеді. Матайдан: Қаржау, Өмір, Қойбақ. Өмір би атаныпты. «Шежіреде» Бәсентиін бесеуінің бірі – Қаржаудың тұқымын өсірген Құтымбай деген бала екен. Өмір бидің төрт аяқты, қайқы құйрықты иті болыпты, оны ол – Құтым, құтым дейді екен. Оның да себебі бар көрінеді. Құтым далада қалған қозы, лақ болса үйге таси бареді екен. Күндердің күнінде иті жоғалып кетіп, бір жұмадан кейін құндақта оралған баланы әкеп тұр дейді. Сол бала Құтым деген иттің атына байланысты Құттыбай деп аталыпты. Сол сияқты Бәсентиін Байымбет-Жолымбет-Маңдай-Сәмеке. Осы Сәмеке «Бәсентиін – ер Сырымбет» атанған екен. Бәсентиін Рысқұлдың қатыны Ырысбике. Өзі он екі жасында Естектің жауласқандары өлтіріп кетіп, Қыпшақтан шыққан Қошқарбай батыр нағашысы екен, қанын жоқтап барып, Естекті шапқан. Осы күнде шешелерінің атымен «Ырысбике» атанып кеткен. Әрине, кімнен – кім шықты жазылған жайтты қайталау болып шығар еді. Оның үстіне оқуға да қызықсыз. Сондықтан, кейбір шежіредегі аталардың жылдардың даму барысында қалай ауысып, басқаша қалай аталып кететіне назар аудару еді. «Шежіренің» тілі де бай. Солардың ішіндегі бірді-екілі мысалдарға тоқталсақ: Қара қылды қақ жарған, Жеті қазынаның бірі сияқты тұрақты тіркестер кезігеді. «Шежіреде» Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр» поэмасына қатысты деректер де бар екенін айту ғалымдық парызымыз [20, б.306, 30, б.12, 32, б.39, 40, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – екінші нұсқасы. Бәсентиін: Бұқа, Күбір. «Маған көктен Жебірейіл періште уахи келтірген жоқ. Қағаз жүзінде жазылған қазақта шежіре нұсқа жоқ. «Естіген құлақта жазық жоқ», деген естігенімді жаза бергендіктен, «шежіреші» атанды» – деген екен Мәшһүр-Жүсіп (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы. 10 том. –Павлодар., ТОО.НПФ. ЭКО баспасы. 2007. –Б. 40.). Тарихи-эпикалық жанр. Негізгі тақырыбы Бәсентиін оның ішінде Бұқа, Күбір рулары туралы. Олардың шығу тегі, қайдан келгені т.б. «Бәсентиін ішінде Бұқа, Күбірміз» – дейді. «Бұқа, Күбір кім баласы?» – десеңіз әкесінің атын жан білмейді дейді. Естіген жанның айтуы бойынша Бұхар, Самарқант жағы болса керек. Татарбайқұл деген ас басшыларды (бөгеуіл) дейді соларды басқарып жүріп, қазынаға жасаған қиянаты білініп, Сырдариядан өткізіп жіберіпті. «Жітікке саяқ» бір кезбе қатын кез болып, екеуі қосылып, егіз бала туыпты сол балалардың атын Бұқа, Күбір қойған екен. Сөйтіп, Маңдай-Байымбетке сіңеді. Маңай Бұқаны қарабауыр қылып алады. Сол Бұқадан-Майемер-Тауасар тараған. Тауасардан-Рамазан-Жақай. Тауасар өлгенде жаназасы оқылмай үш күн жатыпты. Түпсіз, тексіз екені білініпті. Қысқаша Бәсентиін ішіндегі Бұқа және Күбір руының шығу тарихы осындай. Жақай ұсталғанда Мәшһүр-Жүсіптің әкесі Көпей бір самауырын шай, бір табақ ет апарып беріпті. «Шежіреде» көңіл аударалық: заманлар, ханлар – шағатайлық үлгі, бөгеуіл, қарабауыр, боғжама, қос, ас, жаназа, неке, дуанбасы – сияқты лексика, қоянға құрық жіберген, майдай жұғып, құлағына тиген сөз, жалғыз қара болып көзге түсіп, ауызға алынып, дуан аузы ашылғанда – фразеологизм, закон, мүфти қазірет, ахон, қожа, молда, Петрбор, Котковский, хазірет, әпитек, мүфти, указдар, приговор, матариал, отряд, солдат – кірме сөздері, кебіс, қоңыр бұқа, сиыр, күшік, балық, кепе, төбет, қарын, ірімшік, құрт, ер-тоқым, шапан, теңге, шай, қоян, өгіз, самауыр, сәлде, дағара – заттық мәдениет көздері кездеседі [32, б.46-49, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – үшінші нұсқасы. Тарихи-эпикалық жәдігер. Бәсентиіннің тағы бір атасының қойылу тарихы көтерген. Жалпы жыл өткен сайын атасының аты былай десең сол атаның баласы сөзге тоқтамай талас қылатын қазақтың әдеті. «Шежіреде» халық санатында сақталған. «Шежіредегі» айтылғанның бәрі дұрыс екен демеу керек. Ол да ауызша жеткен тарих. Сондықтан, бірнеше шежірені салыстырып ақ-қарасына жеткен де дұрыс сияқты. Кейде айтушы бір атадан бір атаны асырып, өсіріп, не кемітіп айтатын тұстары да болған. Жалпы қандай шежіре болсын ары кеткенде 30-35 атаға дейін барып, одан кейінгісі бұлдыр болатыны несі. Демек, ХV ғасырдан бермен қайта қазақтың шежіресін тарқатқан болуы да ықтимал деген де пікірлер жоқ емес. Бұл тарихи шежіреде: Бәсентиін Сырымбет батыр Сәмектен шыққан Бұқаның тұқым-жұрағаты екен дейді, ал Жәнібек батыр Қырғыздан қоржынға салып әкелген бір баланың аты Бертіс, одан-Күреңше-Олжабай-Атыбай туған екен деп тағы жазады. Бір шежіреде Бәсентиіннің үшінші қатынынан Бөрі туады. Есенаман бай жалғыз баласына енші бергелі жатқанда жас бала келіп, қосағыңның басына ие болайын өзіңе бала болайын деп келдім депті, бай ырымдап ол балаға асықты жілік ұстатып, атын Бөрі қойыпты дейді естігендер. Осы күні олар Апай-Бөріміз дейді сұрағандарға. Мұнда да: бау кескен соң, көзін жоғалтып, тұқым-жұрағат, қоржын, жер ауып, ескі сөз, кәрі құлақ, енші беріп, қой қосақтап, бөрі тонды, бөрте атты, үй сыртынан, қосағыңның басына ие болайын, асықты жілік ұстатып – деген көне лексика көптеп кездеседі [32, б.64-65, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – бесінші нұсқасы. Тарихи-эпикалық жәдігер. Барлыбай ұранды Бәсентиін екен. Бөрі үшінші қатынынан туған. Төртінші қатынынан – Сырым. Бірде Бәсентиін келе жатса он екідегі бала келе жатыпты. Сол баланы бауырына салып бала қылыпты. Ол бала «балықшы түркімен» атаныпты. Және бір сұлу қатын тауып алыпты. Соңында бір бала еріп жүріпті, бұл кімнің баласы дегенде өзімнің күшігім депті. Ол қатынды да Бәсентиін алыпты, қойнына алып жатқанда буаз екендігі білініпті, бұл қалай дегенде жанға айтпайтын сырым депті дейді. Сол балалар өсіп-өніп бірінің тұқымы Күшік, бірінің тұқымы Сырым болыпты. Мінекей, шежіре деген осындай, кейде қым-қуыт тарихи шытырманға толы болады. Дәл нақтысы қайсы екенін анықтау қиынға соғады. Кейде бір атаның баласы екінші атаның ішінде де жүре береді. Мысалы, Жаманай деген ата Найманың Жанқұлысында да бар. Бұндай аттас аталар шежіренің ауызша тарих арқылы жеткендігінің белгісі болып табылады. Сондықтан, нақты атасына байланысты айтылатын сөздерді намыс көріп кек алмау керек. Мүмкін жазылған жайттар раста болуы мүмкін. Жазылған жайтты қайыра өшіріп тастай алмайсың [30, б.52-53, 32, б.106, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – оныншы нұсқасы. «Түбі – тегі Бөкейлік Қамардин хазіретті Омбыдан көшіріп алып келіп, Баянаулаға мешітке имам сайлатқан. Сонда біз тоғыз жасқа аяқ басқан бала едік» – дейді Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы. 10 том. – Павлодар., ТОО.НПФ. ЭКО баспасы. 2007. – Б. 168). Мәшһүр-Жүсіп 9 жасында кәрі құлақтардан әңгімені естіп, жадына тоқи берген деген қорытынды шығаруға болады. Тарихи-эпикалық жәдігер. Бұл шежіренің де алдыңғы жазылғандардан онша ауылы қашық емес. Кейбір жайттар қайталанып келеді. Шежіреде: Абыздың шын аты – Баубек, Тоқсаннан – Қара: «Қысырау Қара» – атанады; Сырым – Әбде батыр баласы деген сияқты қосымшалар бар [30, б.56-57, 32, б.236, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – он бірінші ең толық нұсқасы. Бәсентиіннің төрт қатындарынан туған балалар жеке-жеке жазылып берілген. Мал, аң, су тіршілігі атауларынан жасалған кісі аттары: Қоянбай, Қойбақ, Балықшы, Қозыбақ, Тайлақ, Бөрі, Итемген, Дөнентай, Текебай т.б. Теңізбай – су атауы. Сан есімдерден жасалған атаулар: Бесмолда, Дөнен, Сегізбай, Бестібай, Алтыбай, Сексенбай, Тоқсан т.б. [30, б.56-57, 32, б.241-242, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – он алтыншы нұсқасы. Мұнда да Өмір би туралы оның жоғалып табылған иті жөнінде айтылады. Құтым алып келген баланың атын Құттыбай қояды. Жалпы «Бейсеннің бесеуі» оның ішінде Матайдан тараған Өмір би туралы айтылады [32, б.338-339, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі» – он жетінші нұсқасы. Бәсентиіннің төрт қатынынан тараған ұрпақ сөз болады. Мысалы: Бәсентиіннің бірінші қатынынан Ақмаңдай т.б. екінші қатынынан Ақтілес т.б. үшінші қатынынан Бөрі т.б. төртінші қатынынан Сырым т.б. Қалған аталар басқа нұсқаларында қайталанып келіп отырады. Бұл нұсқасында атаның шығу тегі, әр түрлі қызық оқиғалар айтылмайды. Тек сол төрт қатыннан туған, тараған ұрпақ кеңінен сөз болады [32, б.350, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі жалғасы» – төртінші нұсқасы. Тарихи-эпикалық жәдігер. Көтерген тақырыбы Бәсентиін руының тағы бір атасының шығу тегін анықтау. Бұл да алғашқы үшінші нұсқасынан онша алшақ кетпейді. «Мен өзім Павлодарда тұрдым. Керекудің ол жақ, бұл жағына қатынап жүрдім. Шежіреге жүйрік, ата білетұғын жанды таба алмадым. Бұрын жазып алып жүргендер кім көрінгеннен сұрап, айтқанын жазып ала берген. Менің сұрыптап, ақ тарыдай ақтарып жазғаным осы» – депті – ақын (М-Ж. Көпейұлы. Қазақ шежіресі. – А., Жалын. 1993. – Б. 49.). Сонымен, Бәсентиіннен – Есен-Амантай-Азат. Азат шығарған Толықбай кісі екен. Жалғыз баласы Ботасқа ешкі беріп қой...жатқанда «Бөрі тонды, бөрте атты» бір жалғыз жас бала жігіт үй сыртынан келіп сүйе (се) қалыпты. Ол өзінің атын Келімсек депті. Сол бала кейін атын Бөрте қойып, осы күнгі Апай-Бөрі сол екен деседі жұрт. Шежіре осымен аяқталады [30, б.49, 32, б.97, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі жалғасы» – алтыншы нұсқасы. Бәсентиін – Көкшекөз – Балықшы – Сырым – Жабық – Самай – Досым – Тоқтауыл – Малайсары. Малайсарыдан бәйбішесінен – Тілеуқабыл, тоқалынан – Жолдыбай – Садақ – Қашқын – Қозғанбай – Тұран – Қабдым (10 том, – Б. 110). «Қазақ шежіресінде» шежіре былай таратылады: Бәсентиіннің төртінші қатынынан – Сырым. Сырымнан: 1. Танаш абыз. 2. Жабық. 3. Мұрат. Жабықтан: 1. Бөлей (Болай), Самай. Бөлейден-Тілеу, онан - Өтебай. Самайдан: Сексенбай, Тоқсан, Досым. Тоқсанан-Қара. Досымнан – Төлебай, мұнан-Нарымбай, мұнан Тәуірбай (Науырбай), мұнан – Ыбырай, мұнан – Қыстаубай – Керекуде тұрады. Мұраттан: Дөнен, Сегізбай, Сасық, Бестібай, Теңізбай, Алтыбай. Сан есімнен болған антропонимдер: Сексен + бай, Тоқсан, Дөнен (төрт – А.Қ.), Бесті + бай, Алты + бай, Сыр +ым, Дос+ым -ым қосымшасы арқылы жасалған ономатология. Бай қосымшасы арқылы жасалған ономатология: Өте+бай, Нарым+бай, Тәуір+бай, Қыстау+бай, Сегіз+бай, Бесті+бай, Теңіз+бай, Алты+бай. Ономасиология мен ономатология әр түрлі сөз таптарынан да жасалады. Олар өсімдік, мал атауларынан да жасалған [30, б.52-53, 32, б.110, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі жалғасы» – сегізінші нұсқасы. Бұл нұсқасы «Бәсентиін Бұқа, Күбір тарауынан» көп өзгешелік жоқ. «Қазақ шежіресінде»: Бұқа, Көбір тарихы деп жазылған. Мұнда да кейбір сөз өзгерістері болмаса, бәлендей айырмашылық жоқ. Біз шежіренің жоғарыдағы Бәсентиіннің әр түрлі нұсқасына мәтіндемелік талдау жасамаймыз. Оны зерттеушілердің еншісіне қалдырдық. Бұл шежіренің де көтерген тақырыбы біріншіден – ата тарихын білу, екіншіден сол атаның атының шыққан этимологиясын білу де өте қызық. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген рас. Қазақ бөліне отырып біріккен. Өзінің ата тарихын білмей қазақтың тұтас тарихын білу мүмкін емес. Теңіз тамшыдан құралады. Шежіренің сондықтан да тәрбиелік мәні зор. Мысалы, жеті атаны араламай, қыз алуға болмайды. Қазіргі медицина мұны дәлелдеп отыр [30, б.56-57, 32, б.165-168, 397-436].

«Бәсентиін шежіресі жалғасы» – тоғызыншы нұсқасы. Мысалы: «Сонда біздің әкеміз Көпей бір самауырын шай, бір табақ ет алып барған. Біз өзіміз сонда оқу оқығаннан басқа түк білмейтұғын баламыз» – дейді Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы. 10 том. –Павлодар., ТОО.НПФ. ЭКО баспасы. 2007. – Б. 49. Демек, 9-10 жастағы бала Мәшһүр-Жүсіп естігенін жадына сақтап, не жазып жүрген ғой. Шежіренің аты айтып тұрғандай бұрынғы жазылғандардың жалғасы. Кейбір аталар қайталанады. Бірақ орындары ауысқан. Және аттары сәл өзгеріп келеді. Шежіре негізінде тілдік дерек алатын материал да, болып табылады. Айталық: жаугершілік заманда екіқабат буаз қатын, салт басты, сабау қамшылы – тұрақты тіркестер; Сарайкент, Алтын орда, Астархань, Саратов, Тсарив – ономастика, Еділ – гидроним; Ноғай, Қалмақ – халық атаулары т.б. ұшырасады. Ал, антропонимдер тіпті көп кездеседі [30¸ б.56-57, 32, б.194-195, 397-436].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет