«Мәтінді есептерді шығарудың тиімді жолдары»



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата23.08.2024
өлшемі0,68 Mb.
#203741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
М т¦нд¦ есептерд¦ шы аруды ти¦мд¦ жолдары

 
 



Кіріспе 
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тиянақты білім 
алуын мақсат ете отырып, оларды ӛз бетінше білімдерін 
толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған 
білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге 
саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін 
дамытуы қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінен жас ұрпақтың 
шығармашыл, техникада, экономикада жаңа жолдар мен 
әдістерді таба алатын батыл да, жаңашыл, ақыл-ойы дамыған, 
салауатты, саналы, білікті, білімді болуын қамтамасыз ету талап 
етіледі. Сондықтан математиканы оқыту процесін жетілдіру 
оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын 
арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында 
оқушылар қажетті кӛлемдегі білімді игеріп қана қоймай, олардың 
танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті де 
дамытылады. Мұғалімнің білімі ӛз ісіне жауапкершілігі және 
оқушымен арақатынасы, әдістемелік шеберлігі – оқушының 
білімге деген ынтасын арттырудың кепілі. Егер оқушы берілген 
материалдың ӛмірлік тәжірибеде кеңінен қолданылатына және 
әрбір сабақтың ӛткен материалмен байланыстылығына кӛз 
жеткізсе білімге деген ынтасы артады. Осыған байланысты 
оқушының танымдық ізденімпаздығын, қызығушылығын дамыту 
арқылы шығармашылыққа баулуды сызбанұсқа арқылы жүзеге 
асыруға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда 
ғылыми таным әдістерін, ойлау логикасын пайдаланудың маңызы 
зор Оқушылардың есеп шығару барысында іскерлігі мен 
дағдыларын қалыптастырудың қиындығы олардың есеп шығару 
барысындағы іс-әрекеттеріне, ойлау қабілеттеріне жүйелі түрде 
тиянақты талдау жасалмауына байланысты екенін мектеп 
тәжірибесі кӛрсетіп отыр. Мектептің даму мақсаты оқушының 
сапалы білімді, толерантты және ұлтаралық проблемаларды 
шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтіледі. Ал саналы білім 
беру 
тікелей 
оқыту 
сапасын 
арттыруға 
байланысты 
болғандықтан, мұғалімнің кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыру 
басты назарда. Білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім 
сапасын кӛтерудің басты құралы есебінде қорытынды аттестаттау 
енгізілгені белгілі. 



Математиканы мектепте оқытудың басты мақсаты -
қазіргі қоғамның әрбір еңбек қызметіне қажетті мүшесінің
күнделікті ӛмірі мен аралас пәндерді үйрету мен білім беруді
жалғастыруға жеткілікті жүйелі математикалық
білімді меңгерген, икемді, саналы, жеке зерделі оқушыны
қамтамасыз ету. 
Қазіргі таңдағы мектеп пен мұғалімнің алдында тұрған 
мақсаттардың бірі де, бірегейі де оқушыларды қорытынды 
аттестаттауға сапалы түрде дайындау. Сондықтан дайындық
сабақтарының мақсаты мен міндеттерін талқылау барысында 
қазіргі сабақтың ерекшеліктері мен ұйымдастыру жолдары 
кеңінен әңгіме болуы тиіс. Ӛйткені дайындық сабағы әдеттегі 
қайталау 
сабақтарынан 
ӛзгеше.
Жаңа
техника
мен
технологияны меңгеріп, басқару үшін
алып шығатын жалпы дайындық құрамына сапалы 
математикалық білім ауадай қажет. 
Мұнда оқушылар алдағы емтиханға дайындалу барысында бүкіл 
математика курсын жүйелі қайталап, ӛз бетімен ізденіп, оқып 
толықтыруды іске асырады.Оқушыларды қорытынды дайындық 
негізіндегі мұғалімнің мақсаты: 
-
жыл бойы жүйелі қайталау барысында 10-11 сыныптағы 
математикалық білімдерін тереңдету; 
-
математиканың 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша 
бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында 
оқушылардың ӛз бетімен білімдерін толықтыру дағдысын 
қалыптастыру; 
Ал дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жоспары 
жасалғанда, тӛмендегідей мәселелерді ескерген жӛн: 
-
қайталауға тиісті оқу материалдарының мазмұнын жеке 
бӛліктерге бӛлу; 
-
әр бӛліктерге сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін 
анықтау, 
-
оқушыларды деңгейіне қарай топқа бӛлу; 
Ал оқушылардың қиналатын тақырыптарының бірі мәтінді 
есептерді шығару болып табылады. Іс жүзінде мәтінді 
есептерді шешуді кӛп кездестіреміз. Есеп шығара білу – 
оқушының математикалық, логикалық және сыни тұрғысынан 
ойлау қабілетінің даму кӛрсеткіші. Мәтінді есептер бастауыш 



сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп 
математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпқа 
бӛлінетін сағат санының аздығына байланысты оларды ӛз 
дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәтінді есептер 
ӛте алуан түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну 
қиынға түседі. Сондықтан ӛз тәжірибемде қолданып жүрген 
тәсілдермен ой бӛліскім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет