Жанжалдың әртүрлі анықтамалары бар, бірақ олардың бәріде қайшылықтардың бар болуынан адамдардың егер өзара іс-әрекетінен ала ауыздықтың формасын қабылдайды. Жанжалдар жасырын немесе айқын болу мүмкін, бірақ олардың негізінде келісімнің жоқтығы жатады.
Жанжал – бұл өзара зиян келтірумен (моральдық, материалдық, физикалық, психологиялық және т.б.) сипаттайтын әлеуметтік қарым-қатынастың субъектілердің тайталасы. Адамның қадір-қасиеті, өзін-өзі бағалауы, қызығушылығы қозғалған кезде жанжал туады.
Қытай тілінде жанжал екі иероглифпен жазылады: қорқыныш пен мүмкіндік.
Ақиқатта жиі адамдарға қатты әсер ететін және олардың бірге сүретін өмірін қинайтын жанжал емес, бұл жанжалдық жағдайдың кейбір салдары: қорқыныш, дұшпандылық, қауіп-қатер. Егер осы жан құбылыстары тым артық қарқынды және ұзақ болса, адамдарда қорғану реакциясы бекініп алады, басқаша айтса тұлғаның құрылымында, ойлау мінезі, әрекеттері, сезімдері осыған орай өзгереді.
Жанжалдар бағыты бойынша бөлінеді: көлденең, тігінен, аралас. Көлденең жанжалға жататындар бір-бірінің қол астына бағынбайтын қатыспайтын адамдар болып табылады. Тігінен жанжалға бір-бірінің қол астына бағынатын адамдар. Аралас жанжалда көлденең және тігінен құрылымдары бар.
Жанжалдың тууы мәнін білгені, оның шешуінің тәсілдерін анықтауға маңызды мағына білдіреді.
ЖАНЖАЛ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Жанжалдың бірінші тұжырымы жанжалдың конфликтогенге тәуелділігін көрсетеді, басқалай айтса конфликтогеннің әсерінен жанжал пайда болады.
Конфликтогендер – бұл жанжалға апаратын сөздер, әрекеттер (әрекеттің жоқтығы).
Маңызды атап қою, жанжалдың 80% қатысушылардың ықыласынан жоғарыда көрсетілген формула бойынша пайда болады. Осыған байланысты жанжалсыз қарым-қатынастың екі ережесін есте сақтау керек:
1 ереже. Конфликтогендерді қолданбаңыз.
2 ереже. Конфликтогенмен конфликтогенге жауап бермеңіз.
Тұжырымдалған ережелерді ойдағыдай қолдану үшін конфликтогендердің нақты көрінуін білу тиіс.
Конфликтогендердің үлгілері
Конфликтогеннің сипаты
|
Көріну түрі
|
Тура жағымсыз қатынас
|
Бұйрық беру, қауіп-қатер, ескерту, сын, айыптау, мазақ, келемеждеу, өткір мысқыл
|
Мейірбандылықпен қарау
|
Қорлайтын жұбаныш, қорлайтын мақтау, сөгіс, қалжыңдау
|
Мақтаншақтық
|
Өзінің шын және жалған жетістіктері туралы қуанып айтатын әңгіме
|
Арамдылық және қараниет
|
Ақпаратты жасыру, алдау немесе алдауға әрекет жасау, адамның сезімдерімен айлалы әрекет жасау
|
Этиканы бұзуы
|
Кешірім сұрамай кездейсоқтық ыңғайсыздық келтіру, қатынастағы серіктесті елемеушілік (амандаспау, назар аудармау, отыруға шақырмау, басқа істермен ары қарай айналасу және тағы басқа), әңгімелесушінің сөзін бөлу, жауапкершілікті басқа адамға ауыстыру
|
Регрессивтік мінез-құлық
|
Аңқаулық сұрақтар, адал ескерту алғанда басқаларға сілтеме жасау, керісіп қалу.
|
Жанжалдың екінші тұжырымы келесі түсініктен тұрады:
Жанжалдық жағдай + Инцидент = Жанжал
Жанжалдық жағдай – бұл жанжалдық ақиқатты себебі бар жиналған қайшылықтар.
Инцидент – бұл жанжалдың себебі болған жағдайлардың жиналуы.
Жанжал – бұл өзара жоққа шығарылған ықыластар, пікірлер, себептер мен қөзқарастардың салдар болып ашық тайталасы.
Осы тұжырым бойынша жанжалды шешу – бұл:
- жанжалдық жағдайды жою
- инцидентті аяқтау.
Объективтік себептерге орай өмірде жанжалдық жағдайды жоюы мүмкін емес болған көп оқиғалар бар. Жанжал тұжырымдамасы бойынша соқтығысты тудырмай, жанжалдан құтылуы үшін барынша абай болу керек.
Әрине, біріншіні жасау қиын. Бұл маңызды. Өкінішке орай, тәжірибелікте оқиғалардың көбісі соқтығыспен аяқталады.
Тәжірибеден алынған оқиға. Екі қызметкерлердің арасында қатынас қалыптаспай қалған. Әңгімелесу кезінде біреуі үйлесімсіз сөздерді қолданды. Екіншісі соған ашуланып, есікті сарт еткізіп, біріншіге шағым түсірді. Басшы ренжіткен адамды шақырып, кешірім сұрасын деп мәжбүрлеген. «Соқтығыс аяқталды», - деп басшы қанағаттананып айтты, жанжал сонымен аяқталды деп ойлады.
Солай ма?
Жанжалдың тұжырымдамасына сүйенейік. Жанжал - бұл бір қызметкердің екіншісіне шағым түсіруі, жанжалдық жағдай – қызметкерлердің арасындағы қалыптаспаған қатынас, соқтығыс – кездейсоқ айтылған үйлесімсіз сөздер. Кешірім сұрауды мәжбүр етумен, басшы расында соқтығысты аяқтады. Жанжалдық жағдай шешілген жоқ, одан әрі күшейді. Расында, ренжітуші өзін кінәлімін деп есептемеген, бірақ кешірімді сұраған соң, өшпенділік өрбіді, жағдай қиындатылды.
Жанжалдың үшінші тұжырымдамасы
Екі (немесе одан көп) жанжал жағдайлардың соңы жанжалға апарады.
жанжалдық жағдай+ жанжалдық жағдай + ….= жанжал
Жанжалдық жағдайлар тәуелсіз болып табылады, бір бірінен шықпайды. Осы тұжырымдама бірінші тұжырымдаманы толықтырады, осыған орай әр жанжалдық жағдай өз көрінуімен екінші үшін соқтығыс болып табылады. Осы тұжырымдама бойынша жанжалды шешуі - әр жанжалдық жағдайды жоюда.
Жанжалдың ең маңызды сипаттамасы кезең және жанжал фазаларында көрінетін оның динамикасында табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |