3. Өзара сенім және ынтымақтастық климатын қалыптастыру
Жанжал жетістікпен шешіледі, егер екі жақ ынтымақтастықты оятатын жалпы нәтижеге мүдделі болса.
Бірлескен қызмет тәжірибесі бір мақсатты жетілдіру үшін серіктестерді жақындатады, жанжалпен байланысты реніштіктен және қиыншылықтан өту үшін жаңа, қосымша әдістерді ашуға көмек етеді. Бірлескен міндеттерді жетістікпен шешуі өзара сенімділікті жоғарылатады, осыған байланысты қатынастағы ашықтылық ықтималын жеңілдетеді. Бұл – өте маңызды сәт, өйткені адамдардың басына жанжал қатынаста болып жатқан адаммен қалай қатынаста болу керек екені, кіріп шықпайды.
4. Жанжалдың мәнін анықтау
Жанжалдың маңызды элементтерін анықтауы айқынырақ болса, тиімді мінез-құлық құралдарын табу жеңіл болады. Жанжал жағдайды анықтайтын көзқарастарды серіктестер мақұлдағаны дұрыс. Жалпы түрде жанжалды жеңіп шығуға бағытталған, жүйелік мінез-құлық бірнеше этаптан тұрады.
Негізгі мәселені анықтау. Жанжал жақтардың шектесу нүктелерін және ерекшеліктерін ұғыну өте маңызды, көп жағдайларда олар қатты білінбейді, ал ұқсастықтар белгісіз болып қалады. Сол себептен оларды анықтау жөн:
1) Мен мәселені қалай түсінемін? Менің қандай әрекетім және серіктестің қандай қылықтары жанжалдың тууына және бекітілуіне апарады?
2) Менің серіктесім мәселені қалай көреді? Оның қандай пікірі бойынша, менің және оның өз әрекеттері жанжалдың негізінде жатыр?
3) Біздің әрқайсымыздың мінез-құлқымыз қалыптасқан жағдайға сәйкес пе?
4) Біздің қандай жалпы мәселемізді қысқа және толық айтуға болады?
5) Қандай сұрақтарда біз серіктеспен шарықтап кетеміз?
6) Қандай сұрақтарда біз бір-бірімізді түсініп, ынтымақтастық білдіреміз?
Жанжал мәселесін анықтау
Жанжалдар қанағаттандырылмаған жасырынған мұқтаждықтан және ықыластан туады, мысалы қауіпсіздік, тәуелсіздік немесе қатыстылық ықыластары.
Сонымен қатар, жанжалдар маңызды нәрседен айырылып қалу қаупінен туады. Жанжалды талқылаған кезде жанжал жағдай осы мұқтаждармен және ықыластарымен ешқандай байланысы жоқ болып көрінеді. Бірақ бұл негізгі себептер әзірше анықталмаса, жағдай ауысқанша жанжал бола береді (мысалы, жанжалдағы адам бір жаққа кетсе).
Өкінішке орай, жанжал жағдайда адамды қандай ықыластар немесе қауіптенулер итермелейтінін әрқашанда анықтау мүмкін емес. Адамдар өз сезімдерін жиі жасырады. Адамдар өз ниетін түсінбейді: олар бір нәрсені қалайды, ал неге оны қалайтынын білмейді.
Жасырылған мұқтаждарын және мүдделерін анықтау орнына, адамдар нақты тұғырды ұстайды, содан барлық күштерін салып сол тұғырларын қорғайды, сол себептен көптеген жанжалдар өтеді. Сонымен, олардың жалған бағдары шешім шығаруға кедергі болып табылады.
Сонымен, барлығына әсер ететіндей жанжалды шешудің кілті – бұл жасырылған ықыластарды немесе қорқыныштарын анықтауы (өзінің немесе басқа адамның) болып табылады. Осындай білім сіздің ықыласыңызды қанағаттандыруға немесе қорқынышты жоюға және пайда болған мәселені шешуде сізге шешімдерді табуға көмектеседі.
Жанжалды шешуге қамдалған әрекеттерінің тиімділігін бағалау
Мәселе шешілмеген кезде, жан құбылысын ұғынуға тырысып алдындағы қадамдарды қайталау қажет.
Жанжалды шешу сипатталған кезеңдерді жүзеге асыруға сіздің жағыңыздан тұлғаны еліктіруді талап ететін кейбір ғана нұсқаудан тұрады.
Әр нақты жағдайда, жанжалдан шығуға барлық сипатталған кезеңдер екі жақпен қабылдану қажет. Бірлескен іздестіру негізінен пікірімен, ұсыныстарымен, нақты кезең бойынша ойымен алмасу болып табылады.
Келiссөздер арқылы өзара тиімді шешімдерді өндіру
Жанжалды шешуге тиімді құралдардың бірі келіссөздер болып табылады.
Мәселені шешу үшін әрекет жасау керек, жанжалдан қашпау, өз шешім нұсқасында тұрып бір-біріне кей жағдайларда жол беру керек деп шешсеңіз, сіз келіссөз жолымен жүруге тиіссіз. Өзара тиімді шешімді шешу үшін сізге жалпы мүдделерді табу керек. Осындай келіссөздердің жанжал жағдайдағы ең тиімдісі: компромисс немесе ынтымақтастық арқылы өтеді. Жанжалға жол беру, бейімделу, қашу, бәсекелестік жанжалды шешудің тиімді емес әдістері болып табылады, олар жанжал мәселені шешпейді.
Сізге, компромисс жоғары бағаланатын немесе ынтымақтастық тиімді болатындай жағдайларды айырып тануға төменде көрсетілген мәліметтер көмектеседі.
Компромисті таңдаңдар, егер:
1) мәселе біршама оңай және айқын;
2) мәселені шешуге сіздің уақытыңыз аз, сонымен қатар сіз оны тезірек шешуге тырысасыз;
3) уақытша келісімге жетуге жақсырақ болады, біраз уақыттан соң осы мәселеге қайта оралып, оның жасырылған себептерін анықтауға;
4) мәселе және оның шешімі екі жаққа өте маңызды емес;
5) сіз ынтымақтастық арқылы шешім кабылдай алмадыңыз немесе өз билігіңізбен ешнәрсеге қолыңыз жетпеді.
Ынтымақтастықты таңдаңыз, егер:
1) таластың заты өте қиын және толық талқылауды және компромистік шешімді талап етеді;
2) екі жақ жасырылған мұқтаждарды және мүдделерді анықтау үшін уақыт бөлуге дайын;
3) екі жақ үшін олардың мүдделері маңызды және компромисс олар үшін тиімсіз болып табылады;
4) жақтар бір-біріне тілектестікпен қарайды, тыңдауға және қарсыластың көзқарасына құрметпен қарайды;
5) екі жақ уақытша емес, ұзақ мерзімді келісімді талап етеді, сонымен қатар тез уақытта.
Пікірлермен өзара алмасу көмегімен екі жақтың мүдделерін жетілдіру және келіссөздерге қатысушылардың көңілінен шығатын нәтижелерді алуға арналған. Келіссөздер барысында әр түрлі мүдделер пайда болады, қатысушылар оларды өз сұраныстарымен салыстырады. Келіссөздер жүргізу кезінде негізгі кемшіліктерді атап қоюға болады.
«Суық іске қосылуы»
Қатысушы келіссөздер қажеттілігін, мақсатын анықтамай немесе жүргізу қиындығын және ықтимал салдарын есепке алмай келіссөздерге кіріседі. Осындай жағдайда одан бастамашылық тарайды.
«Бағдарламаның жақтығы»
Қатысушыда максималдық және минималдық ұсынылған талаптар бойынша әрекет жасаудың нақты жоспары жоқ. Әрекет жасау әртүрлі нұсқалар болған кезде ғана келіссөздерді жүргізу оңайға түседі.
«Ең бастысы, бұл менің көңілімнен шыққаны»
Серіктес келіссөздерді жүргізуін қатты озбырлықпен басып алатыны сонша, басқа қатысушылар өзі үшін ешқандай артықшылықты көрмейді. Бұның бәрі әңгімелесушіге әсерін тигізеді, ол келіссөздерді жүргізу ниетін мүлде жоғалтады.
«Барлығын өз бетімен жіберу»
Қатысушыда тұжырымдалған өз нақты ұсыныстары мен дәлелдері, келіссөздердің пәнін бағалау критерийлері және толық талаптар, тұғырлары жоқ. Келіссөздердің тиімділігі дайындықтың аздығынан төмендейді.
«Коммуникативтік қалжырағандар»
Келіссөздерге қатысушылардың теріс мінез-құлықтары келіссөздер атмосферасына қайшы болады, мақсатқа жетуге кедергі болады. Серіктес тыңдауды ұмытты немесе оны ешқашанда істей алмаған. Осы жағдайда келіссөздерге қатысушы серіктестің пікіріне жауап бергенде өзін іскерліксіз ұстайды, эмоцияға қатты беріледі: аргументтемейді, өз тұғырын бірбеткейлі қорғайды, жаңа фактілерді келтірмейді, жалпы мүдделерді басшылыққа алмайды, іске жалпы жауапкершілікке көңіл аудармайды.
Бастысы – келіссөздердің пәніне назар аудару. Мәселеге қатысты қарсы жақпен шығарылған аргументтерге назар аудару қажет, келісімдердің мақсатына жететіндей серіктестің тұғырын бағалау, осы бағаға қарап серіктестің сөйлеген сөзіне жауап қайтару.
Достарыңызбен бөлісу: |