Методические рекомендации по обеспечению и организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2016 год


Қарағанды облысында білім беруді дамытудың



бет2/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,69 Mb.
#1062
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың

оқу-әдістемелік орталығы

2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Методические рекомендации по обеспечению и организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей

в период летних каникул на 2016 год


Қарағанды 2016
УДК 371.235

ББК 74.200.8

М 54


Құрастырған: «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚМ.

М 54 2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: әдістемелік нұсқаулық. - Қарағанды: ҚО ББД ОӘО, 2016. - 48 бет.


ISBN 978-601-7791-14-8

Әдістемелік нұсқаулықтарда балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету материалдары ұсынылған.

Аталған жинақ білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, педагогтерге арналған.

ISBN 978-601-7791-14-8

ҚО ББД ОӘО әдістемелік кеңесінде ұсынылды

Хаттама № 2 «04» мамыр 2016 жыл

Мазмұны

I. Балалардың каникулдағы демалысын ұйымдастырудың, сауықтыру, салауатты демалыстарын және оларды еңбекпен шұғылдандыруды нормативтік–құқықтық қамтамасыз ету.
II. 2016 жылға арналған балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоаралық іс-шаралар жоспары.
III. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тәлімгерлерді даярлау жөніндегі нұсқаулық.
IV. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
V. Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жобалары.
VI. Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы алаңдардың қызметтерін ұйымдастыру туралы Ереже.
VII. 2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру бойынша «Шуақты жаз – радужное лето» мақалалар мен бейнероликтер сайысының Ережесі.
VIII. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау бойынша Қарағанды облысы білім басқарма басшысымен 10.02. 2016 жылы бекітілген 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Жазғы демалыс – мектеп жылындағы күндердің эмоционалдық мезгілі бойынша ең жарқын кезеңі. Бұл балалар қызметінің жаңа ритмі, жаңа әсерлер мен қиялдар уақыты.

Балалар үшін жаз – бұл жыл бойы шаршағандықтың бәсеңдеуі, жұмсалған күштің қалпына келуі, денсаулықты қалпына келтіру, шығармашылық әлеуетті дамыту, жаңалықтар және қызықты оқиғалар ашу, жеке мүмкіндіктерін жетілдіру, ойын уақыты.

Мектеп жанындағы лагерь – мектеп жасындағы балалар демалысының ең көп талап етілген түрлерінің бірі.

Жаз – бұл өз тұрғысында аяқталған оқу жылы мен келер жыл арасын байланыстыратын көпір тәрізді.

Сондықтан да осы кезеңде педагогтер мен ата-аналардың негізгі міндеттері жазғы демалысты қызықты да мазмұнды ұйымдастыру.



I. 2016 жылдың жазғы демалысы кезінде балалардың сауықтыру

демалысын, бос уақытында қамтылуын ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жұмысы Қазақстан Республикасының төмендегі нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес регламенттеледі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған, 2011 жылдың 02 ақпанында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

2. 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы № 518-IV Неке (жұбайлық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (2014 жылдың 17 қарашасында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (2015 жылдың 13 қарашасында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

4. Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 8 тамызындағы № 345-II «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы, 2014 жылдың 29 желтоқсанында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;

5. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы;

6. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылдың 22 сәуіріндегі №227 Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері;

8. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 шілдесіндегі Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы№ 591 Заңы (18.02.2014 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

9. Педагогикалық этика ережелері. ҚР білім және ғылым Министрінің м.а. 2016 жылдың 8 қаңтарындағы №9 бұйрығы;

10. Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №179 бұйрығы;

11.2016 жылға арналған балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жоспары, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 2016 жылдың 22 ақпанындағы №162 бұйрығы;

12.Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы жұмыстарға тәлімгерлерді дайындау бойынша нұсқаулық. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 жылдың 19 сәуіріндегі № 290 бұйрығымен бекітілген;

13.Каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулық. - Қарағанды: ҚО ББД ОӘО, 2015;

14. Қарағанды облысы Білім басқармасының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары;

15. Қарағанды облысы білім басқармасының басшысымен бекітілген 2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру бойынша жоспар.




Жазғы лагерьдің атаулы күндерінің күнтізбесі
1 маусым – Балаларды қорғау күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

5 маусым - Халықаралық қоршаған орта күні

6 шілде – Астана күні

8 шілде – Отбасы, махаббат және адалдық күні
21 тамыз – Спорт күні
30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні








Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 22 ақпандағы

162 бұйрығымен бекітілген




ІІ.2016 жылға арналған балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын

және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

п/п

Іс – шараның мазмұны

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

І. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

  1. 1.

«2016-2020 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасын әзірлеу

өкім жобасы

БҒМ, ДСӘДМ, ІІМ, ИДМ, ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

1-тоқсан



Қажет етпейді

ІІ. Әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету



Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша республикалық (on-line режимінде), өңірлік семинарларды өткізу

ұсыныстар

БҒМ, ДСӘДМ, ІІМ, ИДМ, ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

1-тоқсан



Қарастырылған қаржы көлемінде



Балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді енгізу, талдау және зерттеу

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан


Қажет етпейді



«Көңілді жаз-2016» атты тақырыптық айдарды білім беру ұйымдарының сайттарында ашуды қамтамасыз ету


БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қажет етпейді



Балаларды сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын дайындау және өткізу, соның ішінде арнайы теле-, радиохабарлар циклін дайындау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау


БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша), ИДМ

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде

ІІІ. Балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар



Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларын дайындап, бекіту

ЖАО бұйрықтары

ЖАО(келісім бойынша)


2016 жылғы

1-тоқсан

Қажет етпейді



Балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау бойынша ведомствоаралық комиссияларды құру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016жылғы

1-тоқсан


Қажет етпейді



Балаларға арналған сауықтыру ұйымдарыныңқұрылуына, қамтуына және қызметін ұйымдастыруына қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігін, санитариалық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылған қаржы көлемінде



Балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігінің шарттарын, өрт қаупі жағдайларында, суда, жолда және қоғамдық жерлерде қауіпсіздіктің алдын алу шараларын қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат


ЖАО (келісім бойынша), ІІМ

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылған қаржы көлемінде



Балаларды балаларға арналған сауықтыру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша), ІІМ

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Балалардың қадағалаусыз және қорғансыздығын ескерту, құқық бұзушылықтың, қылмыстылықтың алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізу

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша), ІІМ

Кезең бойы

Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Қала сыртындағы балаларға арналған сауықтыру ұйымдарын, жыл бойы жұмыс жасайтын балаларға арналған сауықтыру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

1-тоқсан


Қажет етпейді



Балалар мен жасөспірімдер жазғы демалысының педагог-ұйымдастырушылар, тәрбиешілер және тәлімгерлердің біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

Жеке кесте бойынша

Қарастырылғанқаржыкөлемінде



«Жазғы каникул кезеңінде жұмыспен қамту» мониторингін жүргізу

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша), БҒМ

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қажет етпейді



«Жазғы каникул кезеңінде сауықтыру» мониторингін жүргізу

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО(келісім бойынша), БҒМ

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қажет етпейді



Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО(келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардың балалары, мүгедек және мүмкіндіктері шектеулі балалардың, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларының сауықтыру демалысын қамтамасыз ету


БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндізгі уақыттағы лагерьлерде балалардың бос уақытын ұйымдастыру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Еңбек және демалыс лагерьлерінде, мектеп орманшылығында, абаттандыру және көгалдандыру жасақтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес балалардың жұмыспен қамтылуын жүзеге асыру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Балалар лагерьлері тәрбиеленушілерінің арасында «Мен - Патриот!» on-line акциясын өткізу

Бейне ақпарат

БҒМ

2016 жылғы

2-тоқсан


Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Мектеп каникулдары кезінде тілдік лагерьлер ұйымдастыру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО(келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан

Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Жазғы каникул кезеңінде балалар- жасөспірімдерге арналған туристік және спорттық ұйымдарының қызметін ұйымдастыру (шатырлы, киіз үйлі, бір күндік, екі-үш күндік, туристік жорықтар)

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО (келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде



Ең үздік жазғы сауықтыру науқанының ұйымдастырылуы бойынша өңірлік байқауларды өткізу


БҒМ-ге ақпарат

ЖАО(келісім бойынша)

2016 жылғы

2-3 тоқсан



Қарастырылғанқаржыкөлемінде


Бекітілді

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

2016 жылғы «19» сәуір

290 бұйрық



ІІІ. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тәлімгерлерді даярлау жөніндегі нұсқаулық

Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тәлімгерлерді даярлау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі-Нұсқаулық) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балаларды сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тәлімгерлерді даярлау жөніндегі келесі талаптарды басшылыққа алуды ұсынады:



1.Осы Нұсқаулық Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген және 2015-2020 жылдарға арналған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 1.9-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:



сауықтыру объектілері – оқу-тәрбиелік, дене шынықтыру – сауықтыру, емдеу-сауықтыру және 6 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар үшін мәдени бос уақытын ұйымдастыру, оның ішінде жыл бойы жұмыс жасайтын БСҰ қызметін, жалпы орта және қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі балаларды сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі-БСҰ);

қосымша білім беру ұйымы – білім алушылардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың, білім беру және мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

тәлімгер – БСҰ-да балалардың сауықтыруын және демалысын ұйымдастырушы, 18 жасқа толған.

3. Тәлімгерлерді БСҰ-ға жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңына және еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ БСҰ-да жұмыс жасау үшін тәлімгерлерді даярлаудың деңгейі туралы сертификаттың болуы.

4. БСҰ-да тәлімгерлер қызметін жүзеге асыру барысында медициналық тексерістен өтті деген белгімен медициналық кітапшаның, жұмысқа кіру рұқсаты, гигиеналық оқудан өту туралы деректердің болуы қажет.

5. БСҰ-дағы жұмысқа тәлімгерлерді даярлау бағдарламасы:

1) практикалық психология, педагогика салаларынан білімді;

2) нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану мәселесі жөнінде білімді;

3) балаларды деструктивтік секталардан, интернет ресурстарынан және басқа да жағымсыз үгіттеу көздерін ақпараттық қорғауға бағытталған білім мен іскерлікті;

4) сауықтыру ұйымдары шартында балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру бойынша практикалық іскерлік пен дағдыларды;

5) БСҰ-да балалардың тұру жағдайларында педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын және практикалық іскерлікті;

6) БСҰ шартында балаларды жетілдіру бағдарламаларын дербес жоспарлауға және іске асыруға бағытталған практикалық іскерлік пен дағдыларды;

7) балалардың көшбасшы қасиеттерін және коммуникативті біліктілікті жетілдіруге бағытталған практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін ескере отырып, әзірленуде.

8)балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету практикалық дағдылар.

6. Тәлімгер:



  1. «Мәңгілік ел» бірыңғай идеясына негізделген балаларды патриоттық, адамгершілік-рухани, көп мәдениетті тәрбиелеуді;

  2. БСҰ-да тұру шартында балалардың құқықтары мен мүдделерін іске асыруды;

  3. БСҰ-да балаларды қауіпсіз асырауды;

  4. Балалар арасында астан уланудың алдын алуға және ескертуге бағытталған балалардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауын;

  5. БСҰ-да өткізілетін барлық мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру және т.б. іс-шараларға балалардың белсенді қатысуын;

  6. БСҰ жоспарын іске асыруды және оның орындалуын қамтамасыз етеді.

7. Тәлімгер балалардың БСҰ-да болу кезеңінде олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

1)күтпеген жағдайлар болған кезде БСҰ басшылығын хабардар етеді және қажетті шараларды қолданады;

2) балаларды қараусыз қалдырмайды, оның ішінде түнгі уақытта;

3) БСҰ басшылығының рұқсатынсыз БСҰ аумағын тастап кетпейді;

4) БСҰ басшылығының рұқсатынсыз лагерь аумағында бөгде адамдардың болуына жол бермейді;

5) БСҰ аумағында спирттік ішімдіктерді қолдануға және шылым шегуге жол бермейді;

6) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын, бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясын, педагогикалық әдеп нормаларын бұзатын балаларға іс-қимыл әдістерін қолдануға жол бермейді;

7) БСҰ-да лездемелерді немесе әкімшіліктің өзге де өкімімен белгіленген педагог қызметкерлердің кеңестерін дәлелді себептерсіз қалдыруға жол бермейді;

8) балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) түсіндірме және консультациялық жұмыстарды жүргізеді;

9) балаларға, әріптестерге құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

8. Тәлімгер лауазымдық міндеттерді бұзғаны және теріс қылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

9. БСҰ басшылығының, аға тәлімгерлердің өкімімен педагогикалық құрылымға аталған Нұсқаулықта қарастырылмаған және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін міндеттер мен тыйымдар орнатылуы мүмкін.

10. Тәлімгер БСҰ-да жұмыс жасау кезінде:

1) балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде балаларды рационалды тамақтандыруда, пайдалы тағамның қағидаттарын және санитариялық-гигиеналық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-басқару шешімдерін қабылдауға қатысуға;

2) БСҰ кітапханасының арнайы әдебиеттерін және әдістемелік материалдарын қолдануға;

3) педагогикалық және әдістемелік кеңестер, басқа да кәсіби және шығармашылық бірлестіктердің жұмыстарына қатысуға, БСҰ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныс жасауға;

4) жұмыстың қорытындысы бойынша ұжымдық сыйақы қорынан, сондай-ақ басқа да көтермелеу түрлерінен сыйлық алуға;

5) ұжымдық еңбек шартына сәйкес әлеуметтік жеңілдіктерді алуға құқылы.



2015 жылдың «22» сәуірінде

Қазақстан Республикасының

ғылым және білім Министрлігінің

227 бұйрығымен бекітілген


ІV. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтарымен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.



Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасытәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалықтәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты



V. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдарының жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жобалары

НЗМ ДББҰ моделі мен тәжірибесі жалпы білім беру мектептері үшін еңбек нарығының сұранысына сай бәсекеге қабілетті түлектерді дайындауда бағыттаушы болып табылады.


НЗМ «Ата-аналар кәсіпорнында 10 күн», «2 апта ауылда», «Баланы жұмысқа ал» инновациялық жазғы әлеуметтік жобалары табысты жүзеге асырылуда.

«Ата-аналар кәсіпорнында 10 күн» - 9-11 сынып оқушылары үшін тәжірибе.Тәжірибенің негізгі мақсаты- мамандық таңдауда оқушы мен ата-ана арасында өзара сыйластықты, қарым-қатынасты орнату.Оқушылар өз ата-аналарының жұмыс орнына тек барып қана қоймайды, болашақта қандай кәсіп таңдау қажеттілігі туралы ойланып,шешім қабылдайды.

«Ата-аналар кәсіпорнында 10 күн» жазғы әлеуметтік тәжірибесінің міндеттері:

- мамандыққа бейімделу дағдылары, қарым-қатынас, жауапкершілік және тәртіпке үйрену;

- ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларының тәжірибесі, коммуникативтік дағдылар (іскерлік қатынас пен хат жаза білу, көпшілік алдында сөйлеу), атқарушы жауапкершілік, іскерлік серіктестік дағдыларыларын қалыптастыру.

Жас шамасы: 9-11сыныптар

Өткізілу уақыты: 2016 жылдың 1-10 шілде аралығында ұсынылады (немесе 11 шілдеден бастап 25 тамыз аралығында)

Мерзімі: 10 күн

Өткізілу орны: ата-аналар кәсіпорындарының, ұйымдарының базасында (ағаларының, апаларының, туыстарының).

Ұйымдастыру ерекшеліктері: қауіпсіздік, ата-аналармен бірлесіп тәжірибе бағдарламасын құру, ұйым басшылығымен бағдарламаны алдын- ала ұйғару, тәжірибенің рефлексивті күнделігін жүргізу, фото, аудио, видеоматериалдар жинау, есеп жазу, 1 қыркүйек күні жалпы мектептік отансүйгіштер Форумында материалдарды көрсету.

7-8 сынып оқушылары ата-анасының кәсібімен жете танысу мақсатында ата-анасының жұмысында немесе туыстарының жұмысында 1 күндік «Баланы жұмысқа ал» атты тәжірибеден өтеді. Жобаның мақсаты- еңбекті сүю,бағалау және үлкендерге,олардың жұмысына құрметпен қарау тәрізді кәсіби дағдыларға баулу және тәрбиелеу. Сонымен бірге бұл жоба келешекте балалардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағдарлайды. Ата-анасының кәсібімен танысу барысында оқушылар ата-анасы істейтін жұмыстың қыр-сырын, қиындығын өз көзімен көруіне мүмкіндік алады. Осы тәжірибеге қатысқаны туралы оқушылар бейнероликтер түсіреді, фотоматериал және эссе жазуға материалдар жинайды.



«2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі балаларды ауылдық жерлерді зерттеу, ауыл мәдениетімен танысу, қазақ ұлттық салт-дәстүрлерімізді білуге бағытталған. Жобаға 7-11 сынып оқушылары қатысады. Тәжірибе барысында балалар ұлы батырлар, сол жерлерде болып өткен жойқын соғыстар, тарихи оқиғаларды салыстырып іздеу шығармашылық жұмыстарын жүргізеді. Тәжірибеден өткеннен кейін оқушылар өзінің туған өлкесі,ауылдың пайда болу тарихы, зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы жинаған материалдарын ұсынады.

«2 апта ауылда» әлеуметтік жобасының міндеттері:

- ауылды тану, түсіну, тұрмыс салтына араластыру және ауыл тұрғындарының мәдениеті арқылы қазақстан қоғамына жататындығы мен сәйкестігін қалыптастыру;

- қазақ тілінің тәжірибесі, еңбек дағдыларының, үлкендермен, қатарластарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің дамуы;

- тұрмыстық және коммуникативтік кедергілерді жеңу арқылы денсаулық, өмірлік тұрақтылықты қалыптастыру.



Жас шамасы: 7-8 сыныптар: міндетті түрде барлық оқушылар, 9-11 сыныптар: қалауы бойынша.

Мерзімі: 2 апта, 2016 жылдың 1-14 шілде аралығы ұсынылады (немесе 15 шілдеден бастап 25 тамызға дейінгі аралық)

Өткізілу орны: туыстар үйінде, ата-аналар жолдастарының үйінде, ата-ананың келісімімен оқушылар жолдастарының үйінде.

Ұйымдастыру ерекшеліктері: қауіпсіздік, ата-аналармен өткізу уақыты туралы келісімге келу, алдын ала бағдарлама дайындау, тәжірибенің рефлексивті күнделігін жүргізу, фото, аудио, видеоматериалдар жинау, есеп жазу, 1 қыркүйек күні жалпы мектептік отансүйгіштер Форумында материалдарды көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет