Методические рекомендации по обеспечению и организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2016 год


НЗМ ДББҰ жазғы мектепті ұйымдастыруы



бет3/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,69 Mb.
#1062
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7


НЗМ ДББҰ жазғы мектепті ұйымдастыруы


Жазғы мектеп – жазғы демалыс пен әртүрлі пәндер саласында белсенді сабақтар үйлесетін жазғы мектептік лагерьдің бір түрі. Әдеттегідей мұндай мектептерді ЖОО мұғалімдері мен студенттері, білімпаз-энтузиастер жүргізеді. Жазғы мектептер ғылыми қоғамды модельдеу және дарынды балаларды зерттеу жұмыстарына тарту мақсатында ұйымдастырылады.

«Қазақ әндері» жобасы

Жоба аясында мектеп оқушыларына 100 қазақ әнін үйрену ұсынылады. Үйренуге ұсынылатын қазақ әндері ұлттық, отбасылық, жалпыадамзаттық барлық құндылықтарға баулуға негізделген. Қазақ әнімен өскен бала табиғаты өнерге жақын келеді, жаны таза, әсемдік пен сұлулыққа жақын, туған отанына, туған жеріне құрметпен қарайтын тұлғалар қалыптасады. Музыканың адам жанын тәрбиелеудегі құдыреті ұшан - теңіз. Ұмытылып бара жатқан ән дәстүрлерімізді жаңарту, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келетін балалар әндерін үйрету арқылы ән мәдениетін насихаттауда «Қазақ әндері» жобасын жүзеге асыру уақыт талабы.

Жоба аясында қазақ әнінің шығу тарихын зерттеу арқылы зерттеушілік - жобалық жұмыстарға оқушыларды баулу,дағдыландыру да аса маңызды білім беру міндеттерінің бірі. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруда жоба аясында қазақ әндерін, оның ішінде әсіресе патриоттық әндерді балаларға үйрету өз жемісін беретіндігі айғақ.

«Қазақ әндері» жобасының мақсаты:

Білім беру: қазақтың ұлттық ән дәстүрін білуге үйрету,оқушылардың өз ана тілін, қазақ тілін терең білу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, қазақ әнінің тарихын зерттеу арқылы зерттеушілік - жобалық жұмыстарға дағдыландыру;

Дамыту: оқушылардың бойында рухани - адамгершілік, музыкалық мәдениетті дамыту, өнерді сүюге баулу;

Тәрбиелеу: қазақтың ұлттық ән өнері мен ұлттық ән дәстүрі арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Жобаны білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдары:

- Әр сыныптарда, отрядтарда өз ән дәптерін бастау;

- Ән дәптеріне әннің мәтінін тек қолмен жазу (компьютерде теруге рұқсат берілмейді);

- Оқушыларға әндерді тізім бойынша ұсыну немесе оқушылардың өздеріне ұнаған әндерін алуға, өздігімен ән тізімін құру құқығын беру;

- Кез келген әр тәрбиелік шараның, әсіресе сынып сағаттарының соңынан 5-7 минут әндер айтуды дағдыға айналдыру;

- Сыныптың, отрядтың оқушысы өзіне үй тапсырмасы ретінде ұнаған әнді өзі жеке айтып үйренеді, оған сөздерін басқа балалар үшін жазып алып келу жауапкершілігі жүктеледі (өзі музыкалық аспаптада сүйемелдеуі мүмкін).


«100 кітап» жобасы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға оқуға ұсынылатын 100 кітап» атты жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Осы мақсатта Білім беру бағдарламалары орталығы 100 кітап тізімі әзірленген. Аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 - ағылшын, 20 - орыс әдебиеті қамтылған. Әр туынды өзінің түпнұсқа тілінде оқытылады.

 Жобаны жүзеге асыру жолдары:

-оқушысының бойында бірнеше дағдыларды дамытуды көздейтін әлеуметтік тәжірибелер ұйымдастыру;

-шығармалар желісімен оқушылар оқып шыққан кітабы бойынша өздері салған суреттерден электронды кітапқа иллюстрация жасау;

-оқыған шығармалардың аудио нұсқаларын дайындау;

-жоба аясында оқылатын кітаптардың электронды нұсқасын ата-аналарының поштасына салып отыру және бірлесе оқу;

-«Көркем әдебиетті оқу» күнделігін жүргізу;

- кейбір шағын шығармаларды оқушылардың өз дауысымен жазып, электронды және аудио кітаптарды www.iKitap.kz арқылы тегін тарату;

- Жоба аясында оқушылар «iBooks Author» бағдарламасын игеріп, өзі электронды кітап жасап үйренеді.

«Кітап кейіпкерінің күнін» өткізу;

- 23 сәуірде Халықаралық кітап және авторлар күнін ұйымдастыру.

Р.S. 1-2 қосымша нұсқаулықтың соңғы бетінде

БЕКІТЕМІН

ҚО ББД ОӘО директоры

____________________

Г.Ш Қожахметова

«20» мамыр 2015 ж.

VI. Жазғы демалыс уақытындағы мектеп жанындағы

алаңдардың қызметін ұйымдастыру туралы

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1.1. Мектеп жанындағы алаң балалардың демалысы мен қамтылуын ұйымдастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының базасында құрылады.

1.2. Мектеп жанындағы алаң оқушылардың жазғы демалыс уақытында спорттық, мәдени бағыттағы ұйымдардың қатысуымен құрылады.

1.3. Мектеп жанындағы алаң 3 сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Мектеп жанындағы алаңның 1 маусымының жұмыс ұзақтығы-15 күн. Мектеп жанындағы алаңдардың жұмыс бағдарламасы 6-12 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бір топтағы балалар саны 20-дан аспау керек.

1.4. Мектеп жанындағы алаңның жұмысын ұйымдастырудағы негізгі құжаттар:

- ашылу туралы білім беру ұйым басшысының бұйрығы;

- жұмыс мерзімі;

- мектеп жанындағы алаңның маусымдық жұмыс бағдарламасы;

- мектеп жанындағы алаңның күнделікті жұмыс жоспары, өткізілетін іс-шаралардың әзірлемесі;

- бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің тізімі;

- қауіпсіздік техникасының журналы;

- қатысу журналы.



1.5. Мектеп жанындағы алаңға балалар төмендегі құжаттар негізінде қабылданады:

- ата-ана өтініші;

- баланың денсаулығы туралы медициналық анықтама.

1.6. Балалардың мектеп жанындағы алаңға қатысуы жеке кесте бойынша жіберіледі.



ІІ. Негізгі мақсаттар мен міндеттер

2.1. Мектеп жанындағы алаң қызметінің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдермен мәдени, спорттық-сауықтыру, тәлімдік, әлеуметтік жұмыстарды өткізу болып табылады.

2.2. Мектеп жанындағы алаңның негізгі міндеттері:

- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын мектеп жанындағы алаңда ең төмен шығындармен ұйымдастыру;

- мәдени-эстетикалық тәлімді, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дайындығын, салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;

- сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- демалыс уақытында белсенді, эмоциялық қаныққан демалыспен қамтамасыз ету;

- мектеп жанындағы алаңда балалар және жасөспірімдермен жұмыс істеудің тиімді формаларын іздестіру және енгізу.



ІІІ. Мектеп жанындағы алаң жұмысын ұйымдастыру

3.1. Алаң қызметінің тәртібі балалардың демалысы мен еңбегінің ең қолайлы тәртібін, олардың жас ерекшеліктерін, іс-шара ерекшеліктерін, белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып жасалады.

3.2. Мектеп жанындағы алаң басшысы балалар тобымен жұмыстарды бағдарламаға сәйкес ұйымдастырады.

3.3. Мектеп жанындағы алаңдағы балалар мен жасөспірімдердің сауықтыруы мен демалысын ұйымдастыру денешынықтыру-сауықтыру тәсілдерін, ойын әрекеттерін қолданумен жүзеге асырылады.



ІV. Қызметтің негізгі бағыттары

4.1. Жұмыс бағдарламасы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асады.

4.2. Мектеп жанындағы алаңның қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

- мәдени;

- спорттық-сауықтыру;

- педагогикалық көмек (қызметтің әр түрлі түрлері арқылы әлеуметтік бейімделу: жеке және топтық; ойындық, сюжеттік-рөлдік, еңбектік, оқу)



V. Материалды-техникалық қамтамасыз ету

5.1. Мектеп жанындағы алаң спорттық құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс: қатты немесе шөпті төсемі бар футбол алаңымен, жүгіретін жолмен, гимнастикалық алаңмен.

5.2. Мектеп жанындағы алаңда балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруда спорттық жабдықтар қолданылады.

VI. Кадрлық қамтамасыз ету

6.1. Мектеп жанындағы алаңдағы балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастырумен мұғалімдер, тәрбиешілер, тәлімгерлер, спорттық жаттықтырушылар, қосымша білім берудің педагогтері айналысады.

6.2. Педагогтар мен балалар тәртіпті, күн тәртібін, жұмыс жоспарын, қауіпсіздік техникасын және жол жүру ережелерін қатаң сақтау керек.

6.3. Мектеп жанындағы алаңды ұйымдастыруға жауапты тұлға аптасына бір рет қызметкерлерге арналған қауіпсіздік техникасынан нұсқау өткізеді, ал тәрбиешілер нұсқау алушылардың жеке қолы арқылы балаларға нұсқау өткізеді.

6.4. Мектеп жанындағы алаңның жұмысы барысында тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге асырылмайды.

6.5. Сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастыру мектеп директорының (жазбаша) рұқсатымен сәйкес нұсқаулар арқылы іске асады.



VII. Ересектер мен балалардың құқықтары мен міндеттері

7.1. Мектеп жанындағы алаңдағы жұмыстың қатысушылары балалар, педагогикалық жұмысшылар, ата-аналар болып табылады.

7.2. Қатысушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастық, жеке бас құрметі, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығы негізінде құрылады.

7.3. Балалардың құқықтары заңнамада қарастырылған, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 44 сессиясында қабылданған балалардың құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес іске асырылады.

Балаларға мынадай кепілдемелер беріледі:

- өмірі мен денсаулығын сақтау;

- физикалық және психикалық қысым көрсетудің бардық түрлерінен қорғау;

- ар-намысын қорғау;

- эмоциялық-тұлғалық қарым-қатынастағы қажеттіліктерді қанағаттандыру;

- жеке даму ерекшеліктері мен жасына сәйкес физиологиялық қажеттіліктерді (демалыста т.б.) қанағаттандыру;

- оның шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту.

7.4. Ата-аналардың мынадай құқықтары бар:

- жазғы алаң жұмысының бағдарламасымен танысу;

- балалармен жұмысты жақсартуға арналған ұсыныстар енгізу;

- балалар қатысатын жасаққа қатысу;

- балалармен жұмыс туралы педагогтердің есеп беруін тыңдау;

- өтінішке сәйкес баласын уақытынан бұрын алып кету.

7.5. Оқытушының мынадай құқықтары бар:

- тәрбиелік бағдарламаларды таңдау, жетілдіру;

- педагогикалық тәжірибені тарату, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға қатысу.

7.6. Оқытушының мынадай міндеттері бар:

- ішкі тәртіп ережесін, лауазымдық нұсқауларды сақтау;

- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;

- физикалық және психикалық қысым көрсетудің барлық формаларынан баланы қорғау;

- баланы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын отбасымен бірге шешу;

- кәсіптік біліктілікке ие болу, оны үнемі жетілдіру.








VII. 2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру бойынша «Шуақты жаз – радужное лето»мақалалар мен бейнероликтер сайысы

ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Шуақты жаз – радужное лето»атты (одан әрі Байқау)2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру бойынша Қарағанды облысы білім беру ұйымдары педагогтері арасында өтетін мақалалар мен бейнероликтер сайысының мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ретін, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілейді.

1.2. Сайысты даярлауды және өткізуді «Қарағанды облысында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ҚКММ жүзеге асырады.

1.3. Сайыс педагогтерді кәсіби жетілдіру,балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату; педагогикалық жаңашылдықпен шығармашыл жұмыс жасайтын педагогтерді қолдау мақсатында ұйымдастырылады.


2. Сайысты ұйымдастыру

Сайыс 2016 жылғы 01 маусымнан - 10 тамыз аралығында өткізіледі.

Сайыс үш кезеңмен өткізіледі:

Бірінші кезең – сайысқа материалдарды берілген уақыт аралығында қабылдау-

06.06. 2016- 29.07.16 ж.

Екінші кезең – эксперттік бағалау(рецензирование) – 03.08.- 11.08.2016 жылға дейін.

Үшінші кезең – қорытынды шығару 16 тамыз 2016 ж.

Сайысты ұйымдастыру, өткізу, қорытындысын шығару және марапаттау үшін ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасы құрылады.


3. Сайыстық жұмыстарға қойылатын талаптар

3.1. Сайыс екі номинация бойынша өткізіледі: мақала және бейнеролик.

3.2. Сайыстық материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

3.3.«Жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос



уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын ұйымдастыру бойынша мақала»

номинациясындағы шығармашылық жұмыстар. Сайыстық материал

ұйымдастырукомитетіне мәтіндік терілген түрінде (файлдік папкада, мақала

мәтіні 14- кегль, Times New Roman шрифтімен терілген, аралық интервалы-1,5)

және CD-ROM дискісіне жазылған электронды нұсқасымен тапсырылады.
3.4.«Бейнеоролик» номинациясындағы шығармашылық жұмыстар avi, mpeg

форматында , CD-ROM дискісіне жазылған электронды нұсқасымен және 5-8

минуттан аспайтын ұзақтықта болу керек.

3.5. Сайысқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне қатысу туралы төмендегі деректерімен сауалнама ұсынады: сайыстың аты; білім беру ұйымының толық атауы; номинациялары; педагогтің аты-жөні; қызметтік лауазымы; телефоны; Е-mail.(1 қосымша).



3.6. Заңды авторлық құқықтарды бұзумен орындалған және электронды почтамен жіберілген материалдар қарастырылмайды.

3.7. Сайыстық материалдар «Шуақты жаз – радужное лето» белгісімен

ҚО ББД ОӘО мекенжайына 2016 жылдың 29 шілдесіне дейін жіберіледі:

Қарағанды қ., 8/2 С.Сейфуллин көшесі, ҰТИД бөлімі,3 қабат, каб. 304, телефон / факс: 8(7212) 50-61-16.



4. Қорытындылау және марапаттау

Сайыс қорытындылары арнайы хаттамамен рәсімделеді, әділ қазылар алқасы мүшелерінің қолымен расталады, бекітіледі.

Әділ қазылар алқасының шешімімен жоғары баға алған жұмыстардың авторлары I, II, III дәрежелі дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталады.

Жазға демалысты ұйымдастыру бойынша үздік мақалалар «Ізденіс» газетінде жарияланады.

Сайыстың қорытындысы БД ОӘО umckrg.gov.kz сайтында 2016 жылдың

20 тамызына дейін жарияланады.

1қосымша

2016 жылғы жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру бойынша «Шуақты жаз – радужное лето»

мақалалар мен бейнероликтер сайысына қатысуға өтінім-сауалнама


Аты-жөні

Аймақ

Білім беру ұйымы

Атқаратын лауазымы

Номинациясы

Байланыс деректері





















VIII. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау бойынша Қарағанды облысы білім басқарма басшысымен 10.02. 2016 жылы бекітілген 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Маусым – «Мемлекеттік нышандар»

1. Халықаралық балаларды қорғау күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына

арналған Республикалық акция «Нұрлы болашақ» (30мамыр-5маусым);

2. «Нышандар – елімнің мақтанышы!» тақырыбында жарыссөздер, ток-шоу, сұрақ-жауап сайысы;

3.«Мен Астананы жақсы көремін, Қазақстанды жақсы көремін» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі;

Шілде – «Астана. Отан. Жаңа қазақстандық патриотизм»

1. Акция «Астана – ару қала!»(4–10 шілде);

2.Балалар мен жастардың өлкетанушылық сәндік қолданбалы шығармашылығының «Менің елім» облыстық көрмесі;

3.Балалардың шығармашылық фестивалі «Астана – арман қала» (25–31 шілде).



Тамыз – «Ғаламдықбастамалар. Қазақстан-бейбітшіл»

1. «Елімнің 25 шыңы» туристтік-өлкетанушылық бағытта құзға шығу, тау, су және жаяу саяхат техникалары бойынша сайыстар;

2.Тәуелсіздіктің 25 жылдық мейрамы қарсаңында Білім күні шеңберінде «Тәуелсіздік шыңы» видеосабағы (29 тамыз – 4 қыркүйек).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет