«Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының қызметіндегі
бағдарламаның әзірлеушілеріне берілетін кеңестер:
● Назарға алыңыз! Бағдарлама мақсаттан, ал мақсат: «Біз неге жеткіміз
келеді?» деген сұрақтан басталады. Мақсатқа негіздеменің берілуі болжамды
орындалуының мерзімін көрсетумен байланысты белгілі әрекеттен басталуы
тиіс. Міндеттің шешімі олардың дәл қойылуынан басталауы керек.
● Бағдарламаның барлық құрамдастары мақсатқа жету идеясына
бағынады.
● Бағдарламаны әзірлеуге түрткі ретінде, әдеттегідей, құндылықты
мақсатқа бағынушылықпен өзгерістерді талап ететін балалар ұйымындағы
проблемалық жағдай шығады.
64
● Бағдарламаның мәтінінде тек бір мәнінде түсіндіруге болатын ғана
ұғымдарды қолданыңыз.
● Міндетті түрде бағдарламаға қажетті материалдық-қаржылай
салымдарды және оның материалдық-техникалық қамсыздығын ескеріңіз.
● Бағдарлама қызметінің нәтижелерін жобалағанда, әлеуметтік және
педагогикалық әсерлерді, жеке өзгерістерді бағалаңыз.
● Бағдарламаны сауатты және ұқыпты ресімдеңіз, өйткені бұл ресми құжат
және онымен міндетті түрде танысуға ниет білдіруі мүмкін.
● Бағдарламаны әзірлеуде оның қатысушыларының жеке даму деңгейін,
олардың
базалық
білімінің
деңгейін,
балалардың
жыныстық-жас
ерекшеліктерін, балалар бірлестігінің көп қырлылығы мен көпдеңгейлілігін
ескеріңіз; болжамды қызметтің басым бағыттарын, ақпараттық және танымдық
қанығуын нақты анықтаңыз.
● Бағдарламаны әзірлеу үдерісі пайдалы да, өнімді болады, егер балалар
мен ересектер бағдарламалаудың барлық кезеңдерінде оның авторластары
болса, яғни ересектердің тәжірибесі мен білімдері және оқушылардың
қызығушылығы қолданысын тапса.
● Бағдарламаны түзуге мұқият дайындалу қажет, бірақ бұл істі қара
бастың қамына айналдыруға болмайды. Бағдарлама - тек құжат қана емес! Ол
балалар мен жасөспірімдер ұйымының кешенді қызметінде нағыз демеу
көрсетуші болуы мүмкін.
● Орындалуы Бағдарламаға шынайы өмір беріп, олардың орындалуынсыз
Бағдарлама тек қағаз жүзінде ғана қалатындары - істер (нақты бағдарламалық
әрекеттердің, акциялардың және іс-шаралардың жинағы).
● Бағдарлама тек әрекеттер мен іс-шаралардың жоспары түрінде ғана
болмауы керек, Жоспардың ерекше бір түрі ретінде шығып, Бағдарламалар
дәстүрлі жоспарлардан жоспарлауға жүйелі, жобалық, бағдарламалық-мақсатты
және стратегиялық көзқарастарымен, негіздеменің болжамдылығымен,
ақпараттық- сараптамалық және болжамды негіздеменің болуымен (қысқаша
түрінде), қалаулы келешектің басты өлшемдерінің анықталуымен және (ауысу
мақсаттарының) осы келешекке қазіргі күйінен ауысу жолдарының
сипатталуымен ерекшеленеді.
Бірлестіктегі «Жас Қыран» (1-4 оқушылары) кіші буынының қызметі
мазмұнының мысалы ретінде «Қазақстан – Еуразияның жүрегі» тақырыпты
саяхат-бағдарламасын келтіреміз. Бұл бағдарлама үш жыл бойында, яғни
мектеп оқушылары 1-3 сыныптарда оқыту кезеңінде іске асырылады. Бұл
уақытта балалардың мотивтерінде әлеуметтік мәні бар ұжымдық әрекетке
қатысу қажеттілігі байқалады. Оқушылардың әрбір паралелі үшін балалардың
жас ерекшеліктерін ескеретін өз мазмұнына ие. Бастауыш мектеп балаларын
оқытып-үйретудің бірінші жылында өз бетінше әрекет етуге ынтасы айқын. Бұл
қасиет жылдан жылға дамытуға жатады.
Сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп жасаған
қоғамдық-пайдалы ұжымдық әрекеттегі қажеттіліктерді ескеру қажет, онда
мектептің төменгі буын оқушысы өзінің орнын тауып, өз мәртебесін
65
анықтағысы келеді. Ересектерге міндетті түрде бала қызметін бағалап отыру
қажет.
Осы жастағы мәнді рөл білмекке құмарлықты, танымдылық
белсенділікті, қисынды ойды, аңғарымпаздылықты, есте сақтау қабілетін және
т.б. дамытуға беріледі. Ерте жастың өзінде балалар талдау жасауға, қорытынды
шығаруға үйренеді, олардың дүниетанымы өзгереді және зияткерлік дамуының
деңгейі артады. Бұл жаста нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға ауысуы орын
алады. Төменгі сыныптағы мектеп оқушыларының мұғаліміне баланы негізгі
өмірлік құндылықтарына баулу, сонымен қатар оң қасиеттерді алып шығуына
назар аудару керек. Педагогтың әрбір сөзі мен әрекеті мектеп оқушысы үшін
еліктеуге тұрарлық үлгі және ол ақиқат ретінде қабылданады. Сол себептен де
мұғалімнің жүріс-тұрысы өзгеше рухани, эстетикалық және тәрбиелік мәніне
ие.
Мектептің төменгі буын оқушылары үшін басқа бір маңызды фактор – бұл
ата-аналарына деген сүйіспеншілік пен олармен бірлескен әрекетке ынталануы.
Ата-аналар басқаларға қарағанда, өз балаларының осал және мықты жақтарын
жақсырақ біледі. Бұл балалар бірлестігі жетекшісінің және ата-аналардың
балаға оның жақсы деген қасиеттерін сыртқа шығаруға көмектесу, оның
даралығын жетілдіру бойынша жұмысында тығыз байланыс қажет екенін
бірлдіреді.
Төменгі буын оқушыларымен жұмыс жүргізгенде есте сақтарлық және бір
ерекшелік - балалардың ойынды қажетсінуі. Балалар жарқын, эмоционалдық
әсерленулер қажет, оларды беймәлім, тылсым, ғажайып, романтикалық дүние
қызықтырады. Сондықтан бағдарлама мазмұнының негізінде ойын жатыр.
Ойын ұзақ мерзімге арналған. Ол үш кезеңімен өтеді. Ойынның бірінші
кезеңінде бірінші сынып оқушыларымен, екіншісінде – екінші сынып
оқушыларымен, үшіншісінде – үшінші сынып оқушыларымен жұмыс
ұйымдастырылады. Ойынның мазмұны мектеп оқушыларының төменгі
буынында өмірлік тәжірибесінің молаюына қарай, жылдан жылға күрделене
түседі. Ойынның жоспарлары саяхат карталары түрінде ресімделеді. Бұл
карталарда бағыттар белгіленген. Бағыттарда балаларды жыл бойында күтетін
негізгі үлкен істері белгіленген. Әр жас тобына арнап өсу сатыларды
белгіленген. Бастауыш сынып оқушысы жоғары сатыға тек оның балалар
бірлестігінде өзі үшін қажетті білімдерді, білікерді және дағдыларды алғанында
ғана көтеріле алады. Баланың өз бетінше дамуына ынтасын жарыстар мен
экспромт арқылы белсендіруге болады. Жарыс балаларды жеңістеріне қуанып,
жеңілістері мен сәтсіздіктерін сабырлықпен қабылдауға үйретеді, өткені бұл
олардың өз бетінше өмір бастағанында өте қажет. Ал экспромт болса, олардың
шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Бағдарламаны іске асырудың тағы бір маңызды шарты – әрбір топ шағын
топтарға бөлінеді. Әр қосымша топтың өзінің тапсырмасы болады.
Тапсырманың алмасуы немесе командирды қайта сайлау апта сайын жүреді.
66
БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ САЯХАТТЫҢ БАҒЫТТАУ КАРТАСЫ
1.
Бәйтерек. Бірінші сынып оқушысын балалар және жасөспірім
ұйымына қабылдаған соң, «Бәйтерек» монументінің алаңына жорық
ұйымдастырылады, онда оқушыны салтанатты қабылдау рәсімі өткізіліп,
саяхаттың бірінші кезеңінің басталуы жарияланады.
2.
«Есіл» дала өзені. Бұл жерде балалардың танымдық белсенділігін,
олардың шығармашылық қабілеттері мен қисынды ойын дамытатын зияткерлік
ойын жүргізіледі.
3.
Шеберлердің жұлдыз шоқжұлдызы. Балалар өздеріне және
қоршағандарды қуанту үшін жаңажылдық шырша ойыншықтарын өз
қолдарымен әзірлейді.
4.
«Қиял елі» мекені. Балалар ұлттық ертегілерді зерделейді,
шығармашылық қабілеттері өз бетінше ертегі құрастыру, ертегі
сарынымен балалар қойылымын жасау арқылы танытады.
5.
«Мейірімді істердің қоржыны». Балалар өзінің ата-аналары, қоршаған
әлеумет үшін игі істерді жасауы тиіс. Игілікке бейімделе отырып,
балалар картасын ресімдейді.
6.
Достық алаңшасы. Достық алаңшасында балалар «соғыс» және
«бейбітшілік», «достық», «бауырластық» және т.б. ұғымдарымен
танысады.
7.
Жақсы денсаулық бағытындағы 100 қадам. Балалар көңілді
спартакиаданың кезеңдерінен өтеді.
8.
Наурыздың құпиялары. Бұл жерде оқушылар Наурызбен байланысты
көптеген дәстүрлер туралы білім алып, оны дайындау шараларына
қатысады.
9.
Табиғат қонағында. Бірінші сынып оқушылары өзінің Қазақстан
табиғатының ең сұлу түпкірлері туралы білімдерін көрсетеді.
10.
Естелік күнделігі. Балалар өзінің отбасының, ата-балаларының тарихын
зерделейді. Туыстарының өмірінен алынған мысалдардың негізінде
балалар елінің өміріне қатысты үлкен тарихи оқиғалар туралы
білімдерін толықтырады.
11.
Достардың ортасында. Бұл жерде қорытынды ойын және
оқушылар білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының сынағы өтеді.
Оның мақсаты – саяхаттың бағыттар бойынша бірінші кезеңін
қорытындылау және жеңімпаздарды атау.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ САЯХАТТЫҢ БАҒЫТТАУ КАРТАСЫ
1.
Ізшілдер. Атыраптағы саяхаттың екінші кезеңінің басталғанын
білдіретін танымдық ойын.
2.
Данагөй үкіге саяхат. Данагөй үкі екінші сынып оқушыларын сынайды,
оның барысында оқушылар өзінің Қызыл кітапқа енген Қазақстандағы
жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін танытуы тиіс. Бұл жерде
67
балалар фотосурттерден коллаж, флористикалық суреттерді жасайды.
3.
Креатив шеберханасы. Мектеп оқушылары креативті ашық хатты
әзірлеу технологиясымен танысады – туған күнімен құттықтау,
Қазақстандағы атаулы күндермен құттықтау. Көрме.
4.
Дарындылардың
шұғыласы.
Балалар
өзінің
шығармашылық
қабілеттерімен таныстырады: ән айту, билеу, фотосуреттердің авторлық
көрмесі, өзінің шығарған өлеңдерімен таныстыру және т.б.
5.
Спорт еліндегі соқпақ жол. Бұл сүрлеу жолда екінші сынып оқушылары
үшін түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Олардың спорттық
табыстары мен жетістіктерінің көрмесі жасалады.
6.
Әдеби жағалау. Бұл ойын мектеп оқушыларына балалар әдебиеті
бойынша білімдерінің деңгейін анықтауға және олардың танымдық
белсенділігін дамытуға көмектеседі.
7.
Құпиялардың көлі. Құпиялар жиналған көлден өткенінде, екінші сынып
оқушылары күтпеген және ғажайып құбылыстармен жолығып, олардың
құпиясын ашуға тырысады.
8.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің жанында.
Төменгі сынып оқушылары ҰОС батырларына тағзым етеді.
9.
Көңілді меридиан. Бұл жерде стансалары бар саяхаттың екінші кезеңі
бойыншы қорытынды шығарылады.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ САЯХАТТЫҢ БАҒЫТТАУ КАРТАСЫ
1.Атыраптағы старттық ойын, ол үшінші сынып оқушыларынан ептілік пен
қиялық танытуды талап етеді.
2. «Қысқы ермек». Бір күндік жорық, онда көңілді спорттық жарыстар мен
сайыстар ұйымдастырылады.
3. Адамдарды қуантыңыз. Балалар ҰОС, еңбек ардагерлеріне арнап
концерттерді, акцияларды, құттықтауларды, тосын сыйларды ұйымдастырады.
4. Кәсіптердің жарысқан әлемі. Зияткерлік ойын, ол үшін алуан түрлі
ойындар туралы білімдерін көрсету қажет.
5. Пікірталастарға қатысуға, қорытынды шығаруға үйренеді. Көшбасшы
әліппесі. Бұл іскерлік ойынының барысында мектеп оқушылары мәселелер
бойынша түрлі көзқарастарын қорғауға, қорытынды шығаруға қатысуы тиіс.
6. Қазақстан табиғатының қоймасы. Төменгі сынып оқушылары қоршаған
табиғатты аялау, оған ұқыптылықпен қарау бойынша өздерінің жобаларын
ұсынады.
7. Біздің уақыттың тарихнамасы. Балалар біздің уақыттағы атаулы
оқиғалар, еліміздің мақтаныш тұтатын адамдары туралы ақпаратты жинауға
үйренеді. Мектеп газетасы ресімделеді.
8. Менің қаламдағы ескерткіштер. Бұл кезеңде балалар Отан
қорғаушыларына тағзым етіп, туған өлкесінің атын шығарғандарға құрмет
көрсетеді.
68
9. Тоғысқан жолдар. Қорытынды ойын, ол жерде тұтас саяхат бойынша
қорытынды стансалары бойынша «Өзіңнің саяхатыңды жалғастыру үшін қай
жолды таңдау керек?» деген сұраққа жауап беру керек.
ЖОҒАРЫҒА КӨТЕРЕТІН БАСПАЛДАҚ
Бір саты жоғары көтерілу үшін, төменгі сынып оқушысы белгілі білімдерді,
біліктерді және дағдыларды меңгеріп шығуы керек. Білімдердің, білікердің
және дағдылардың белгілі жиынтығын игерген баланың қазіргі заман
қоғамындағы өмір жағдайына
Достарыңызбен бөлісу: |