Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет29/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Нәтижелер (қорытындылар).
Балалар ұйымы (бірлестігі) қызметінің бағдарламасындағы қорытынды 
бөлімде міндетті түрде күтілетін нәтижелер, бағдарламаны орындаудың 
қорытындылары көрсетіледі. Міндеттер секілді, нәтижелер де балалар ұйымы 
(бірлестігі) үшін нақты және шынайы болуы тиіс. Іс жүзінде, балалар 
бірлестігінің қызметіндегі басты нәтиже ретінде баланың жеке тұлғасының 
әлеуметтенуі, оның жеке, шығармашылық әлеуетінің өсуі, белсенді патриоттық 
және азаматтық айқындамасының түзілуі болып табылады. 
Осындай дамудың көрсеткіштері ретінде шығатындар: сапалы білімнің 
деңгейі, белсенді өмірлік айқындамасы, жемісті пайдалы еңбектегі, салауатты 
өмір салтындағы қажеттілік). 
Балалар қызметіндегі қоғамдық ұйымы (бірлестігі) бағдарламаның 
нәтижелері бағдарламаның міндеттеріне, оның өзектілігіне сай келіп, оларға 
қайшы келмеуі керек. 
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне формалды көзқарастан алшақ 
тәжірибелі педагогтар осы тараумен жұмыс жасағанда өмірін жеңілдетуге 
тырысады. Бұл тарау «Мақсатты тұжырымдау» секілді, бірақ ол басқа 
сөздермен сипатталған. 
Көптеген заманауи мектептік балалар мен жасөспірімдер ұйымының 
қиыншылықтарының бірі ретінде оның тіршілігінің «санасыз», инерциялық 
жүруінде. Бұл жағдайда олардың қызметі «әдеттегідей» өткізілетін іс-
шаралардың тізбегі түрінде болады, онда «не үшін?» деген сауал өз мәнінен 
айырылады. Мақсат саналы қабылданбай, іс жүзінде «жұмыс жоспарын 
орындау» деген формалды оймен алмастырылады. Педагог балалар мен 
жастардың мүддесін қорғап әрекет етпей, алдымен білім беру мекемесіндегі 
басшылардың мүддесін қолдап отырғанын көрсетеді. 
«Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының дамуын 
бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша инновациялық үлгіде жұмыс жасау 
үшін өз жұмысына шын мәнісінде берілген балалардың және жастардың 
әлеуметтік белсенділігін ұйымдастырушыларға – аға тәлімгерлерге, педагог –
ұйымдастырушыларға, әдіскерлерге, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына 
олардың қызметінің бағдарламалар бойынша тиімділігін бағалаудың жүйесін 
қолдану қажет

Бағдарлама бойынша қызмет мазмұнының балалар ерекшеліктеріне 
сәйкестігі

Көрсеткіштері:
а) қызметтің бағыттары мен нұсқалары ұйым мүшелерінің 
қызығушылықтарына және мүдделеріне сәйкес келеді; 


58 
б) ұйым қызметінің мазмұнының, оның ұйымдастырушылық мәдениетінің 
ұйым мүшелерінің жасына сәйкестігі. 
Өлшемдері:
сауалнама (соның ішінде бірлестік мүшелері еместердің де), 
әдістемені жоспарлау, сараптамалық бағалау. 
Ұйым қызметінің балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуіне 
бағытталуы. 
Көрсеткіштері:
а) ұйым жас кезеңіндегі мәселелердің шешіміне бағыт алған; 
б) бірлестік мүшелерінің жеке өсімі орын алуда;
в) ұйым қызметінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұны заманауи 
қоғамның ерекшеліктеріне сәйкес келеді. 
Өлшемдер:
сараптамалық бағалау, сауалнама. 
Ұйым мүшелерімен оның миссиясын және құндылықтарын саналы 
қабылдауы. 
Көрсеткіштер:
а) ұйымның мүшелері бірлестік миссиясын түсінеді; 
б) ұйымның мүшелері өзінің өмірінде ұйымның құндылықтарын және онда 
қабылданған нормаларды басшылыққа алып отырады. 
Өлшемдер:
сауалнама, аяқталмаған сөйлем әдісі. 
Ұйым мүшелерінің бастаманы шығару және шешім қабылдау үдерісіне 
шығаруға қосылуы. 
Көрсеткіштер:
а) ұйымда өзін-өзі басқару ұйымы қызмет етеді; 
б) ұйымда ұжымдық жоспарлау тәжірибесі қолданылуда;
в) ұйымның мүшелері ұйым тіршілігі үшін жауапкершілікті өзіне алуға 
дайындығын танытуда. 
Өлшемдер: бақылау, сауалнама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет