61
де, өмірлік маңызы бар дағдылардың негізгі санаттарын қалыптастыру
бойынша бірқатар ұсыныстарын берді.
Өз бетінше қызмет дағдылары
. Нақты санат өз құрамына шешім
қабылдау икемдерін,
өз мақсатына жетудегі, мәселені шешу амалдарын
анықтаудағы, жауапты тапсырмаларды орындаудағы, қиыншылықтардан
асудағы табандылығын енгізеді. Осындай дағдыларға толық көлемінде ие
оқушылар өзіне өзі сенімді және өз мүдделерін қорғауға қабілетті.
Ондай
оқушылардың саны кем де кем болып шықты. Ал оқушылардың жиі кезігетін
негізгі проблемалары мына қатарда аталған:
-
өз мақсатына жете алмайды;
-
шешім қабылдауда қиыншылық көреді;
-
жауапты тапсырмалардан қашады;
-
өз мүдделерін қорғай алмайды;
-
өтініштен бас тарта алмайды.
Оқу қызметінің, сыни ойлау және ақпараттық өріспен жұмыс жасау
дағдылары.
Оқушылар мен олардың ата-аналарының осы дағдылар санатына қатысты
сұрақтарға берген жауаптарына жүргізілген зерттеу көрсеткеніндей,
ақпараттың басым санын қазіргі заман балалары, жасөспірімдері мен жастары
бұқаралық ақпарат құралдарынан және құрдастарымен араласу барысында
алады. Ақпараттың
басым санын кітаптардан, соның ішінде оқулықтардан
алатын оқушылардың пайызы өте кем (2-3 есе). Сәйкесінше, оқушылардың
басым санына ақпаратты бағалау, сыни ойлау дағдылары қажет, өйтпегенде бұл
буын ғасырлар бойында шыңдалған рухани бағдарларынан айырылып қалады
да, бос, жаңа уақыт сәнімен жүрген әсерлер
мен қызығушылықтарының
ықпалына түседі. Алайда, осының аясындағы зерттеулердің нәтижелері
қуантып отырған жоқ. Оқушылардың басым саны мына дағдылардың
шыңдалуын қажетсінеді:
-
ақпаратты сыни бағалау;
-
ақпаратты беделді қайнар көздерінің деректерімен салыстыру;
-
сұрақты қисынды дұрыс қою;
-
пікірталастарды жүргізу және өзінің көзқарасын қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: